Среда , 27 августа 2025

ШЕТПЕДЕ тағы да шатақ ШЫҚТЫ

Ере­уіл­де­ген ел бар

 

Сәуір­дің 10‑ы күні Шет­пе­де­гі «Ірі­лен­діріл­ген Маңғы­стау жол дистан­ци­я­сы» меке­месінің оты­здан астам темір­жол­шы­ла­ры Маңғы­стау ауда­ны әкім­ді­гі алды­на жинал­ды. Олар жалақы­ны көбей­туді, тиісті әле­умет­тік төлем­дер­ді төле­уді және еңбек шар­тын қол­да­ры­на беруді талап етіп тұр.

Жиыр­ма жыл­дан бері темір жол жөн­де­уші болып еңбек ететін Рүстем Күшік­ба­ев­тың «Азатты­ққа» айтуын­ша, жол жөн­де­ушілер осы күн­ге дей­ін қол­да­ры­на еңбек шар­тын алмаған. «2014 жылғы еңбек табелі мен ұсталған ақша­лар­дың рас­шиф­ров­ка­сын, еңбек шар­тын қолға беруді талап етіп тұр­мыз», – деді ол.

Күшік­ба­ев­тың сөзіне қараған­да, бұған қоса жұмыс­шы­ларға кәсі­по­дақ ұйы­мын­да жоқ­сы­ң­дар деген желе­умен ауы­рған­да төле­нетін ақша мен бала туған­да берілетін жәр­де­мақы да беріл­мей отыр. «Біз қазір жұмысқа шыққан­да тек­серілетін табель­ге қол қой­дық. Бірақ жұмысқа шық­пай, аудан әкім­ді­гіне келіп тұр­мыз», – деді Рүстем Күшікбаев.

Шет­пе­лік темір­жол­шы­лар меке­месін­де­гі еңбек дауы 2013 жыл­дың жел­тоқ­са­ны­нан бері жалға­сып келеді. Жұмыс және еңбек жағ­дай­ын жақ­сар­ту­ды талап еткен «Ірі­лен­діріл­ген Маңғы­стау жол дистан­ци­я­сы» (УПЧ) меке­месін­де 100-ге жуық адам еңбек ете­ді. Бұл меке­ме 2014 жылы бұры­нғы ПЧ-13 меке­месі орны­на қай­та құрылған.

Сәния ТОЙКЕН,

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн