Понедельник , 7 июля 2025

ШЕТТЕН КЕЛЕТІН азық-түлік импортына ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛСЫН

Қаза­қстан Ресей­ден «ерекше сезім­тал» тау­ар­лық топ­тар­дағы азық-түлік импор­ты­на уақыт­ша шек­теу қоюы керек, деп есеп­тей­ді Tengri Partners ком­па­ни­я­сы­ның басқа­ру­шы серік­тесі Әну­ар Үшба­ев. «Рубль­дің деваль­ва­ци­я­сы жүз пай­ы­здай, біз­ге жыл соңы­на қарай ондағы инфля­ция орас­ан үлкен бола­ды деп отыр.

Сон­ды­қтан рубль баға­мы­ның құл­ды­ра­уы себеп­ті олар­дың тау­ар­ла­ры бәсе­ке­ге қабілет­ті болып қала береді деу мағы­на­сыз. Ерекше сезім­тал тау­ар­лық топ­тарға уақыт­ша қар­жы­лық тетік­тер қол­да­ну керек, бәл­кім, импорт­тық кво­та ма, әлде тариф­тер, экс­порт­тық суб­си­ди­я­лар ма?» – деді Ә. Үшба­ев жұма күн­гі бас­пасөз мәслихатында.

Ә. Үшба­ев түсін­дір­ген­дей, Қаза­қстан­да ЕАЭО келісі­мі аясын­да ерекше сезім­тал тау­ар­лар тобы­на қаты­сты, егер олар біздің елде­гі тұрақты­лық пен дамуы­на ықпал ететін бол­са», бір рет­тік шек­теу енгі­зу құқы­ғы бар. «Сон­ды­қтан Ресей өзін­де­гі про­бле­ма­ның біздің нары­ққа ағып өтуіне жол бер­меу керекті­гін түсі­нуі керек – ол одақты нығай­та түседі», – деді ол.

Оның айтуын­ша, экс­порт­ты ынта­лан­ды­ра­ды деп деваль­ва­ция жүр­гі­зу «өте күмән­ді». «Себебі ол халы­қтың сатып алушы­лық қабілетін толы­ғы­мен алып қояды», – деді сарапшы.

Қаз­ТАГ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн