Пятница , 4 июля 2025

Үштілділік реформадан ҚАЗАҚ ТІЛІ ӨЛЕДІ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №42 (406) от 16 нояб­ря 2017 г.

 

Редак­ци­яға хат

 


Қазір қазақ мек­теп­терін­де сабақ үш тіл­де жүру­де (ағы­л­шын, орыс, қазақ тіл­дері). Мақ­са­ты – ағы­л­шын, орыс тіл­дерін үйре­ту, қазақ тілін өлтіру.

 

Өлті­ру емей немене? Био­ло­гия, мате­ма­ти­ка, химия, физи­ка – ағы­л­шын тілін­де, орыс тілі мен әде­би­еті тағы да бірер пән – орыс­ша, қаза­қ­ша тек қазақ тілі мен тарих қана оқы­ты­ла­ды. Бұл – мек­теп бітір­ген­де жаста­ры­мыз ағы­л­шын­шаға, орыс­шаға судай, негіз­гі пән­дер­ді сол тіл­де біліп, келе­шек­те ағы­л­шын тілін­де био­ло­гия, мате­ма­ти­ка, химия, физи­ка пән­дері­нен халы­қа­ра­лық дең­гей­де­гі кере­мет күшті маман болып шыға­ды деген жалған түсінік­ке негіз­дел­ген тұжы­рым­да­ма. Далбаса!

Осы­лай кете бер­сек, қазақ тілін­де­гі био­ло­гия, мате­ма­ти­ка, химия, физи­ка пән­дері бір­жо­ла өледі, ол пән­дер мен ғылым­нан қазақ тілі арыл­са, өлме­ген несі қала­ды? Өлме­се де, жүз жылға кей­ін шегі­неді. Ломо­но­со­втың орыс тілін­де­гі ғылым, ака­де­мия үшін күресін және одан шыққан нәти­жені ұмытпайық.

Екін­ші дүни­е­жүзілік соғы­ста жеңіліп, күй­ре­у­ге ұшы­рап, рухы жығы­лып, ауыр кезеңді кеш­кен жапон интел­ли­гент­тері: «Біздің түбі­міз­ге жет­кен – тілі­міз. Жапон тілін тастай­ық, мықты, жеңім­паз елдің тілі – ағы­л­шын тіліне көшей­ік», – деген. Зия­лы­лар­дың пікірін ескеріп, үкі­мет арна­у­лы комис­сия құрып, мәсе­лені жан-жақты зерт­теп: «Ағы­л­шын тіліне көшудің қажеті жоқ. Ағы­л­шын және басқа да тіл­де жари­я­ланған ғылы­ми жетістік­тер­ді қол­ма-қол жапон­шаға ауда­рып, іске қосай­ық», – деп, осы тұжы­рым­ды ұста­нып, елін дүние жүзінің алды­на шығар­ды. Біздің билік ел аман, жұрт тыны­шта халқы­мы­зды дағ­да­ры­сқа ұшы­ра­тып отыр. Қазақ рухы аман бол­са, мұн­дай билік­ті тез ауы­сты­ру қажет.

Керек бол­са, ағы­л­шын тілін, басқа тіл­дер­ді терең­де­те оқы­та­тын арна­у­лы мек­теп­тер­ді ашуға бола­ды. Әр облыс сон­дай бір мек­теп ашып ала ала­ды. Ал бар­лық мың­даған қазақ мек­тебін үш тіл­ді жасай­мын деу – бас­сыздық, бюд­жет­ке ысы­рап, қазақ мек­тебін титықтату.

Мақсұт ОРАЗАЙ

 

 

 

 

СЫҒАНДАР ҚАЙДАН КЕЛЕДІ?

 

Жуыр­да Тараз қала­сын­да сыған­дар­дың геро­ин сауда­сы­мен айна­лы­сып кел­гені жай­ын­да хабар көр­сетіл­ді («Алма­ты» ТА, 28.03.2017). Алты үйден геро­ин табы­лған. Осы іске қаты­сы бар 14 адам аны­қталған. Қыл­мыстық топ­тың бас­шы­сы 35 жасар сыған әйел екен.

 

Бұл Қаси­ет­ті Әули­е­а­та өңірін­де бұрын-соң­ды бол­маған масқа­ра жәйт. Осы орай­да бұдан бұрын бас­пасөз­де жари­я­ланған бір мақа­ла еске түсіп отыр. «Ақтө­бе сыған­да­ры бас бірік­тіріп, өздерінің диас­по­рас­ын құрғы­сы келеді. Қаза­қстан­да бұрын-соң­ды бол­маған мұн­дай этни­ка­лық бір­ле­стік­ті «Дэш» деп атау жос­пар­ла­ну­да. Бұл сыған тілі­нен аударған­да «ондық» деген мағы­на­ны біл­діреді… Ақтө­бе­де шама­мен 20 сыған отба­сы тұра­ды, ал Қаза­қстан­да олар­дың саны 4 мың­нан аса­ды». («Мега­по­лис» 25 сәуір 2011 жыл). Расын­да, басқа­лар­дың бәріне май­шел­пек болып оты­рған бүгін­гі Қаза­қстан­да 130 ұлт өкіл­дері тұрып, олар­дың мәде­ни­ет орта­лы­қта­ры шеті­нен ашы­лып жатқан­да, сыған­дар құр қалуы керек пе?

Ғалам­тор­да жал­пы сыған­дар тура­лы, олар­дың Қаза­қстан­ның қан­дай аймақта­рын­да тұра­ты­ны жай­ын­да жазы­лған деректер бар. Оның ішін­де әсіре­се Ақтө­бе сыған­да­ры­ның Қаза­қстан халқы ассам­бле­я­сы­на кіру­ге сұра­нып жүр­ген­деріне бір­не­ше жыл болған. Енді­гі жер­де өздерінің ежел­гі салт-дәстүрі бой­ын­ша өмір сүріп, еш жер­ге тұрақта­май, көшіп-қонып жүретін сыған­дар­ды 131-ші ұлт ретін­де тір­кеп, Қаза­қстан халқы ассам­бле­я­сы­на кір­гізіп, пар­ла­мент­тен орын беру жет­пей тұрған сияқты.

Жақын­да Алма­ты­ның «Тастақ» маңын­дағы Про­ко­пьев көше­сін­де тұра­тын бір досы­мы­з­бен әңгі­ме­ле­с­кен­де, ол мына­дай бір жәйт­ті айтқа­ны бар. Жал­пы көше­міз тыныш, кеш­кілік бір мезет серу­ен­де­у­ге бола­тын еді. Соңғы жыл­да­ры осын­дағы үйлер­дің бірін жалға алған сыған­дар пай­да бол­ды. Содан бері тыны­шты­қтан айрыл­дық. Айғай­ла­сып, ұрсысып-керісіп жатқан­да­ры. Әбден ығыр бол­дық. Бұл жай­ын­да учас­келік мили­ци­о­нер­ге хабар­ла­дық. Бірақ та ешқан­дай шара қол­да­ныл­май-ақ келеді деп, мұңын шақты ол.

Қай­ран, Қаза­қстан, ойдан-қыр­дан қашқан­дарға мекен болған! Олар қазақ жерін­де тыныш қана өмір сүр­се, бір сәрі ғой. Жоқ, олар тыныш жүре алмай­ды: ұрлық жасай­ды, кісі тонай­ды, нешетүр­лі қыл­мыстарға барады.

Бір жолы Алма­ты­да Сәт­ба­ев көше­сінің бой­ын­да қай­ыр сұрап жүр­ген сыған әйелі­нен: «Мұн­да сен­дер қай­дан кел­дің­дер, бұла­ры­ң­ды неге қой­май­сы­ң­дар?» – деп сұраған едім. Сон­да ол: «Қай­да бара­мыз, бұл біздің ата кәсібі­міз ғой», – дегені бар. Қазір қыс жақын­дап, суық түсе баста­ды. Қала­да сыған­дар да азай­ды. Бірақ қаза­қстан­дық аза­мат­ты­ғы жоқ сыған­дар келер көк­тем­де күн жылы­на қай­та қап­тай бастай­ды. Бұл жағ­дай сыған­дар­ды шека­ра­дан өткізіп жібе­ретін (әлбет­те, тегін емес) кеден қыз­мет­кер­лері мен шека­ра­шы­лар­ды, олар­ды тәр­тіп­ке шақы­руға мін­дет­ті құқық қорғау орган­да­рын ойлан­туға тиіс.

Ғазиз­бек ТӘШІМБАЙ,

Алма­ты қаласы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн