Воскресенье , 6 июля 2025

Штрафбаттағы ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ

Қала­лық оно­ма­сти­ка комис­си­я­сы­ның шеші­міне сәй­кес, тая­у­да Ақтө­бе көше­лер­дің біріне Хали­да Мама­но­ва­ның есі­мі беріл­ді. Мұн­ша­ма құр­мет­ке ие болар­лы­қтай бұл әйел кім еді?

 

Жал­пақ жұрт­шы­лық про­фес­сор, меди­ци­на ғылым­да­ры­ның док­то­ры, Ұлы Отан соғы­сы­ның арда­гері, штраф­бат құра­мын­да Бер­лин­ге дей­ін жет­кен қазақ қызы – Хали­да Есенқұлқы­зы Мама­но­ва тура­лы өте аз біледі…

Көз көр­ген­дер­дің айтуын­ша, Хали­да Мама­но­ва – орта бой­лы, сал­мақты, әде­мі әйел болып­ты. Ара­ласқан дос-жаран­да­ры­ның бір­де-бірі Хали­да­ның дауыс көтеріп, рен­жі­генін есті­меп­ті. Тағ­дыр талқы­сы мен қиын­ды­ғын «қыңқ» етпе­стен көте­ру­ге апа­мы­здың басы­нан өткер­ген, ердің ері ғана шыдай­тын «азапты мек­тебі» көп көмек бер­се керек. Қызыл импе­ри­я­ның отба­сы­на әкел­ген ойра­ны бүкіл ауырт­па­лы­қты үнсіз көте­ру­ге үйретті.

Хали­да Мама­но­ва өмір­ба­я­ны­на «Тал­ды­қорған облы­сы Ақсу ауда­ны Қара­ағаш деген жер­де, ірі мал­шы Есенқұл Мама­но­втың отба­сын­да дүни­е­ге кел­дім» деп өз қолы­мен жазып­ты. Хали­да­ның жал­пы бол­мысын ашу үшін, осы мате­ри­ал­да Мама­но­втар­дың тегі, олар­дың соңғы жүз жыл­да білім алу сала­сы­на қосқан үлесі тура­лы да сөз қозға­уды жөн деп таптық.

Бере­келі Жеті­су өңірін­де ауқат­ты, бай адам­дар өте көп тұр­ды. Бірақ кей­ін­гі ұрпақ солар­дың көп­шілі­гін есте сақтаған жоқ. Ал Маман мен оның ұлда­ры­ның аты аңы­зға айнал­ды. Маман­ның тегі – он үшін­ші ғасыр­да Баян хан­нан баста­лып, Матай Бөрі­бай батыр, Қап­тағай батыр, Қыды­рәлі би, Қалқа­бай Досетұ­лы, Тәне­ке батыр болып жалға­са­ды. Бұл ұрпақтың әрқай­сысы бола­шақ үшін жеке-жеке қол­таң­ба қалдырған.

Хали­да­ның көкесі, әкесінің туған аға­сы Тұры­с­бек Мама­нов 1872 жылы он сегіз жасын­да болыс бол­ды. Сей­іт­тал мен Есенқұл Мама­но­втар көшпен­ді кеден ұйым­да­сты­рып, Ұлы Жібек жолын­дағы керу­ен­шілер­ден алым-салық жиып тұрған. Мама­но­втар бала­лар­дың жан-жақты білім алуын қуат­тай оты­рып, ақсақал­дар­дың да көзін жет­кізу­ге тыры­сып бақты. Сөй­тіп, бала оқы­ту­дың алғы шар­тта­рын жаса­ды. Меце­нат­тық Мама­но­втар­дың жеке қар­жы­сы­на Жеті­су­да зия­лы мек­теп ашыл­ды. Алды­мен екі­жыл­дық еді. Кей­ін­нен төрт сынып­ты, одан соң сегіз сынып­ты болып кеңей­тіл­ді. Бұл мек­теп­ке мұғалім болу үшін, кәдім­гі­дей бай­қа­удан жеңіп шығу керек еді. Мұн­да – Қазан, Уфа, Орын­бор, Санкт-Петер­бург пен Ыстам­бұл­да оқу бітір­ген ұста­здар сабақ бер­ді. Білім алуға тілек біл­дір­ген бала­ның бәрі қабыл­дан­ды. Оқу тегін еді. Шәкірт­тер­ге қажет­ті нәр­сенің бәрі беріл­ді – жатын орын, тамақ, оқулық, тіп­ті киім­дер үле­стіріл­ді. Ең басты­сы – бұл кедей­лер­дің бала­ла­ры­на арналған мек­теп бола­тын. Алпыс балаға арна­лып, сол уақыт үшін кере­мет жатақ­ха­на салын­ды. Оқу – араб қар­пі негізін­де жүр­ді. «Мама­ния» мек­тебі Уфа­дағы «Ғалия» мед­ре­сесіне ұқсай­тын. Оқу меке­месін­де талап пен мей­ірім­ділік, білім­ге бас ұру ауа­ны сезіліп тұр­ды. Ұста­здар үшін кере­мет жағ­дай жасал­ды. Арнайы пан­си­он салы­нып, осы уақыт үшін де қол жет­пес үлкен жалақы тағай­ын­дал­ды. «Мұсыл­ман­дық білім берудің» өте жоға­ры дең­гей­ге қой­ы­лға­ны жөнін­де пат­ша­лық шене­унік­тер ақпар­лар жазып қалдырды.

Бұл мек­теп­те әртүр­лі кезең­де Іли­яс Жан­сү­гіров, Мұха­меджан Тыныш­ба­ев, Жұма­хан Күде­рин, Біләл Сүле­ев секіл­ді қаза­қтың бір­ту­ар аза­мат­та­ры білім алды. Мама­но­втар­дың мек­тебі – тұта­стай қазақ интел­ли­ген­ци­я­сы­ның қай­мағын түзіп шықты. Қазір­гі тіл­мен айтқан­да, Тұры­с­бек Мама­нов – аса кере­мет кәсіп­кер болған еді. Өмірін­де екі рет қажы­лы­ққа барып кел­ген. Жола­у­шы­лап жүріп, әрбір елге кел­ген­де, сол елдің тарихын, өнері мен мәде­ни­етін ықы­ласпен оқып үйрен­ген. Сауда­гер­лік іскер­лік бай­ла­ны­сы да ауқым­ды еді. Тәш­кен, Бұхар, Нәмән­ган, Жар­кент, Қызы­л­жар қала­ла­рын­да сауда үйлерін ашты.

Ал 1881 жылы Мама­но­втар­дың қар­жы­сы­мен Қапал қала­сы­ның құры­лы­сы бастал­ды. Осын­ша­ма ерен еңбе­гі үшін Тұры­с­бек Мама­нов Екін­ші Нико­лай­дың қолы­нан үшін­ші дәре­желі Қаси­ет­ті Геор­гий орденін алды. Сон­дай-ақ ол Кіші Алтын медаль­ды ием­деніп, граф деген титул ала­ды. Граф­тық титул ұрпақтан-ұрпаққа берілетін.

Қазан төң­керісі­нен соң, Мама­но­втар әулеті­нен 15 адам­ды атып таста­ды. Тағы да 36 отба­сын итжек­кен­ге айда­ды. Хали­да­ның әкесі Есенқұл­ды «атақты» 58-бап­пен сот­тап, үш жылға Қаза­қстан­нан тыс жер­ге жер аудар­ды. 1928 жылы мал-мүл­кін кәм­пес­ке­ле­ген соң, бала-шаға­сы­мен қоса, Чка­лов қала­сы­нан бір-ақ шықты. Есенқұл қара жұмыс­шы болып жұмысқа тұр­ды. Ал ана­сы фаб­ри­каға тігін­ші болып орна­ла­сты. Алты бала­ның үлкені – Хали­да ол кез­де 10 жаста еді. Айда­уда жүр­ген­де тубер­ку­лез­ден әкесі мен екі кіші інісі қай­тыс бола­ды. Отба­сы 1932 жылы әупірім­деп жүріп, Алма­ты­ға әзер орал­ды. Оқу қуу мақ­са­ты­мен Хали­да Есенқұлқы­зы қысқа кур­стар­да оқу­ды бастап, алды­мен тех­ни­ку­мға, сосын меди­ци­на инсти­ту­ты­на түседі. Бірақ ата­те­гін «фео­дал» деп таны­ған ком­му­ни­стер қар­ша­дай қызды ком­со­мол­дан, сосын оқу­дан шыға­ра­ды. Кей­ін­нен Хали­да әрең деген­де қай­та­дан оқуын жалғастырады.

Бұл жыл­да­ры үйдің бере­кесі кет­ті. Ана­сы күн сай­ын қал­ты­рап-діріл­деп, екі шаба­дан­ды ұстап, ішін­де­гі нан­ды жаңа­сы­на ауы­сты­рып отыр­ды. Ойы – қамауға алса, заты мен нанын бір­ге ала кет­пек. Осын­дай күй­мен 1958 жылға дей­ін өмір кешті.

Хали­да Мама­но­ва 1941 жыл­дың 31 жел­тоқ­са­нын­да Моло­тов атын­дағы Қазақ меди­ци­на инсти­ту­тын тәмам­дап, «емде­уші-дәрі­гер» деген ат алды. Одан соң Ғылым ака­де­ми­я­сын­да физио­ло­гия инсти­ту­ты­ның аспи­ран­ты болып, тағы да оқу­да қал­ды. Бірақ оқу­ды одан ары жалға­сты­ра алма­ды. 1942 жыл­дың ақпа­нын­да соғы­сқа шақы­рыл­ды. Меди­ци­на инсти­ту­ты­ның түле­гіне лей­те­нант шені берілуі тиіс бола­тын. Бірақ Хали­даға ондай лау­а­зым бұй­ыр­ма­ды. Тіп­ті оған мед­би­ке болуға да рұқ­сат етіл­меді. Меди­ци­на­лық қап­шы­қтың орны­на, мола мен окоп қазу үшін қолы­на күрек ұстат­ты. Өзіне тиесілі шен мен әске­ри лау­а­зы­мын ала алмаған Хали­да бір­ден Ста­лин­ге хат жаз­ды. «Егер мен халық жауы бол­сам, онда штраф­батқа жіберіңіз. Егер тірі қал­сам, менен және туы­ста­рым­нан бүкіл айып­ты алып тастаңыз!»

Қай­сар қыздың қаһар­ман­ды­ғы­на таң қал­масқа лаж жоқ. Бірақ көп өтпе­стен, Хали­да «зэк­тер» мен сая­си тұтқын­дар­дың ара­сы­нан бір-ақ шықты. Кәдім­гі штраф­бат! Кілең еркек ара­сын­дағы жалғыз қыз еді. Сот­тал­ды дегені­мен, штраф­бат­тағы жан­дар да мей­ірім­нің не екенін жақ­сы біл­ді. Қар­ша­дай қызды әрқа­шан қорға­штап, қамқор­лы­ққа алды. Немістер­дің әуе шабуы­лын­да аға­сы мен әкесін­дей болып кет­кен аға­ла­ры Хали­даға оқ тигіз­бей, денесі­мен қорғап отыр­ды. Ең өкіні­штісі сол – Хали­да штраф­бат­тағы аза­бы тура­лы жары­лып ешкім­ге тіс жара бер­мей­тін. Сон­ды­қтан біз­ге тамұқты жер­де­гі тір­шілі­гі тура­лы мәлі­мет­тер там-тұм­дап қана жетіпті.

Одан соң, Хали­да­ны авиа­ба­та­льонға уыстыр­ды. Жауын­гер­лік қыз­меті 821-бата­льон­да жалға­сып, Хали­да амбу­ла­то­ри­я­ның басты­ғы болып тағай­ын­дал­ды. Бата­льон Ста­лин­град­тың түбін­де­гі кес­кілес­кен айқасқа басы­нан аяғы­на дей­ін қаты­сты. Одан соң, 4‑Украина, 3‑Беларусь май­да­ны­ның құра­мын­да Бал­тық жаға­ла­у­ын азат етіп, 1 және 2‑Украина май­дан­да­ры­ның құра­мын­да Поль­ша, Чехо­сло­ва­кия, Гер­ма­ния, Австри­я­ны азат етті. Хали­да Есенқұлқы­зы осы­лай­ша Гер­ма­ни­яға да жет­ті. Тек 1943 жылы ғана қазақ қызы­на меди­ци­на­лық қыз­мет­тің аға лей­те­нан­ты деген шен берілді.

Хали­да Есенқұлқы­зын «Ста­лин­град­ты қорғаға­ны үшін», «1941–1945 жыл­да­ры Ұлы Отан соғы­сын­да Гер­ма­ни­я­ны жең­гені үшін» медаль­да­ры­мен және Қызыл Жұл­дыз ордені­мен мара­пат­та­ды. 1945 жылы май­дан­да жарақат алған­ды­ғы үшін еліне қай­та­рыл­ды. Ол кез­де иықта капи­тан­ның төрт жұл­ды­зы жарқы­рап тұр еді!

1946 жыл­дың ақпа­ны­нан бастап, Қазақ меди­ци­на­лық ака­де­ми­я­сын­да пато­ло­ги­я­лық физио­ло­гия кафед­рас­ы­на асси­стент қыз­меті­мен жұмысқа тұрып, 1950 жыл­дың қыр­күй­е­гін­де кан­ди­дат­тық дис­сер­та­ци­я­сы­ның тәжіри­белік кезеңін аяқта­ды. Бірақ тағы да ата-баба­сы­ның бай болған­ды­ғы Хали­да­ның жолын кесті. Ғылы­ми жұмысын қорға­уға мұр­ша бер­меді. Хали­да­ның жетек­шісі ғылы­ми еңбе­гін қорғау үшін Қырғыз­станға кету­ге кеңес бер­ді. Ақы­ры Хали­да еңбе­гін Мәс­ке­уде қорғап, меди­ци­на ғылым­да­ры­ның кан­ди­да­ты деген атақ алды.

Кей­ін­нен, бүкіл Кеңе­стер елін­де «дәрі­гер­лер ісі» басталған­да, Хали­да Есенқұлқы­зы да осы алақұй­ын­ның наза­ры­на ілік­ті. Себебі ол «халық жауы­ның» қызы еді. Жетек­шілері Хали­даға тауға кете тұру­ды, кей­ін бәрі орны­ққан соң, сақтан­ды­ру дәрі­гері болып ора­луға кеңес бер­ді. Сосын Хали­да­ны Қараған­ды қала­сын­дағы меди­ци­на инсти­ту­ты­на жіберді.

Ал 1959 жылы Ақтө­бе қала­сын­да жаңа­дан меди­ци­на инсти­ту­ты ашы­лып, рек­то­ры болып тағай­ын­далған кур­с­та­сы кафед­ра мең­ге­ру­шісі ретін­де шақыр­ды. Хали­да сол қыз­мет­те жиыр­ма жыл тап­жыл­май жұмыс істе­ді. Док­тор­лық дис­сер­та­ци­я­сын қорға­ды. Қатер­лі ісік тура­лы ғылы­ми еңбек­тері Пари­жде өткен халы­қа­ра­лық кон­гре­сте оқылды.

Хали­да­ның көп­те­ген шәкір­ті осы күні таны­мал маман, ғалым атанған. Сту­дент­тері әлі күн­ге дей­ін ұста­зын сағы­ны­шпен еске ала­ды. Док­тор­лық дис­сер­та­ци­я­сын Мәс­ке­уде қорғап, елге оралған соң, Хали­да Есенқұлқы­зы сту­дент­тер ара­сын­да халық аспап­та­ры ансам­блін құру тура­лы баста­ма көтер­ді. Сол-ақ екен, обком­нан шақыр­тып, дереу дәрі­гер­ді «ұлт­шыл» деп айып­тап, «соци­а­ли­стік ағар­ту және білім беру­ге қауіп туғы­зу­шы» ретін­де айыптады.

Әсі­ре сақ ком­му­ни­стер Хали­да­ның Мек­си­ка мен Орта­лық Аме­ри­каға жаса­мақ болған сапа­ры­ның жолын кесті. Тек соци­а­ли­стік Бол­га­ри­яға баруға ғана рұқ­сат етті. Бол­га­ри­ядағы «Алтын құм» жаға­ла­у­ы­на ақтө­белік дәрі­гер­лер­дің сапарт­о­бы аттан­ды. Бір­не­ше күн­нен кей­ін Хали­да­ның өлі денесін дема­лыс орны­нан әлдеқай­да алыс жер­ден тауып алады.

Сот-меди­ци­на­лық сарап­шы­лар «марқұм қараңғы­да суға батып өлді» деген қоры­тын­ды жасай­ды. Ал шын мәнін­де, Хали­да кеш­кілік суға түс­пе­уші еді… Денесін­де үлкен көгер­ген дақ көз­ге түсті. Бірақ сарап­шы­лар «теңіз­де шомы­лып жүріп, бетонға соғып алған болар» деп топ­шы­ла­ды. Ал әлдебіре­удің соққы­ға жығуы тура­лы болжам мүл­дем жасал­ма­ды. Туы­сқан­да­ры­ның айтуын­ша, бұл іспен Қаза­қстан мен Бол­га­ри­я­ның Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­теті айна­лы­сқан. Марқұм­ның денесін жер­ле­у­ге туы­ста­ры­на екі апта бойы бермеді…

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның 1993 жылы 14 сәуір­де шыққан «Жап­пай репрес­сия құр­бан­да­рын ақтау тура­лы» заңы­на сәй­кес, Хали­да Есенқұлқы­зы Мама­но­ва репрес­си­ядан зардап шегу­ші деп таны­лып, ақтал­ды. Бір өкіні­штісі – Хали­да апа­мыз бұл күн­ді көзі­мен көре алмай кетті.

(Жолым­бет Мәкі­штің «Фейс­бук­те­гі» парақшасынан)

Лебіз

Ұлты­мы­здың жана­шы­ры еді

Хали­да Есенқұлқы­зы­ның өмір тарихын, туып өскен орта­сын кей­ін біліп отыр­мыз. Мен Ақтө­бе меди­ци­на инсти­ту­ты­на 1957 жылы, ол ашы­лған жылы оқуға түстім. Алды­мы­зда басқа жоға­ры оқу орнын­дағы­дай, ақыл айта­тын, өне­ге тұта­тын аға кур­стар жоқ. Ақы­л­шы­мыз, тәр­би­е­ші­міз – өзі­міздің оқы­ту­шы­ла­ры­мыз, ұста­зда­ры­мыз. Біз­дер­ге, ауыл­дық жер­ден, қазақ мек­тебі­нен кел­ген жастарға орыс тілін толық мең­гер­ме­ген­ді­міз, қала орта­сы, қала мәде­ни­еті қиын­дық бол­ды. Сол кез­де Хали­да Есенқұлқы­зы Мама­но­ва (пато­фи­зио­ло­гия кафед­рас­ы­ның мең­ге­ру­шісі) әрі ұстаз, әрі шеше, әрі аға болды.

Хали­да апай­дың өз пәні­нен соңғы жетістік­тері­мен дәріс бер­геніне мен дәрі­гер болып жүр­генім­де көзім жет­ті. Алма­ты­да уро­ло­гия маман­ды­ғын мең­ге­ру оқуын­да жүр­генім­де, Ресей­дің жоға­ры орта­лық оқу орнын бітір­ген бір дәрі­гер, нев­ро­па­то­ло­гия пәнінің дәрісінде:

«Біз Сельенің стресс тео­ри­я­сы деген жаңа ғылы­ми ұғым­ды естідік», – дегені бар. Ал мен «стресс тео­ри­я­сын» одан бес жыл бұрын про­фес­сор Мама­но­ва­ның дәрісін­де естідім деген­де, әлгі дәрі­гер абы­р­жып, менің айтқа­ны­ма сенім­сіздік­пен қарады.

Кей­ін бес жыл аудан­да хирург, бас дәрі­гер қыз­метін­де жүр­генім­де, Хали­да апай­дың шәкір­ті, кафед­ра асси­стен­ті Қожан­тай Қасе­но­втен хат алдым. Ол: «Не надо­е­ло тебе опе­ри­ро­вать аппен­ди­ци­ты, Хали­да Есен­гу­лов­на про­сить тебя вер­нуть­ся на кафед­ру, занять­ся нау­кой», – деп жазыпты.

Сол ұста­зы­мы­здың сөзі қам­шы болған болуы керек, мен инсти­тут бітір­ген­нен 7 жыл­дан кей­ін (1970 ж.) Мәс­ке­у­ге аспи­ран­ту­раға түсіп, сол Ақтө­бе меди­ци­на инсти­ту­ты­ның уро­ло­гия кафед­рас­ын­да 21 жыл қыз­мет істедім.

Хали­да Есенқұлқы­зы­ның біз­ге бер­ген тәлім-тәр­би­есін, дары­тқан адам­гер­шілік, қай­ы­рым­ды­лық, ұлт­жан­ды­лық, білім­ділік қаси­ет­терін орын­дап, уағы­здап келеміз.

 

Есенғос МӘМБЕТАЛИН,

меди­ци­на ғылы­мы­ның док­то­ры, профессор

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн