Четверг , 1 мая 2025

ШЫҢҒЫРУ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №43 (360) от 24 нояб­ря 2016 г.

 

Уақыт уыты


 

 

Бір күні керіліп жатыр едім, теле­ди­дар­дан беріліп жатқан жүгірт­пе жол­дарға көзім ілініп қал­ды. Оқы­сам: «ЭКСПО көр­месіне «Шыңғы­ру» жұмысы­на шақы­ра­мыз. Айлы­ғы ауы­здың көле­міне, шыңғы­ру­дың деци­беліне бай­ла­ны­сты!» деген мәтін­де­гі жын­ды жар­на­ма! Төсе­гім­нен тасыр-тұсыр тұра салып, «қай­да бара­сың?» деп сұраған әйелім­ді бір түй­іп, ұра салып, бағы­тым­ды ЭКС­ПО-ға бұра салып, сон­да жетіп келей­ін. Жұмысқа қабыл­да­у­шы шетел­дік құры­лыс ком­па­ни­я­сы­ның бас дирек­то­ры екен – қаза­қ­ша ағып тұр, оны­сы маған жағып тұр.

– Аузы­ңыз бұрын­нан өзіңіздікі ме? – деп сұра­ды ком­па­ния басшысы.

– Туған­нан өзім­дікі… – дедім мен.

– Күшеніп шыңғы­ра ала­сыз ба?

– Күшен­сем, кін­ді­гім­нің көле­мі кеңей­іп кетеді!

«Ойпыр­май, шыңғы­руым неге керек бол­ды екен?» деп ойлап тұрға­ным­да, бір мини-юбке киген сұлу қыз туфлиі­мен тық-тық басып кел­ді де, линей­ка­мен аузым­ды көл­де­нең өлшеп алды.

– Ал, шыңғы­рып көріңіз… – деді ком­па­ния басшысы.

– Бекер­ден бекер ме? – деп сұра­дым мен.

– Алды­ңы­зда алпыс алба­сты тұрған­дай, бір жын­ды сау­сағы­ңы­зды балға­мен ұрған­дай айқай­лап шыңғырыңыз!

Бар күшім­ді жинап, өзім­ді-өзім қинап, біреу қылғын­ды­руға келе жатқан­дай шыңғыр­дым келіп. «А‑а-а‑а! О‑о-о‑о! Е‑е-е‑е!…» деп дауы­сты дыбыст­ар­мен шыңғыр­дым келіп, шыңғыр­дым келіп. Қар­ным қақ айы­ры­лып, езуім жыр­ты­лып кете жаз­да­ды. Құлақта­рым діріл­деп кет­ті. Көзім­нен жас пар­ла­ды. Хат­шы қыз қоры­ққа­ны­нан басы­на қоқыс сала­тын пласт­мас­са шелек­ті төң­ке­ре салып, бұғып оты­ра қал­ды. Бастық «Қой­ы­ңыз, құлағым ашып кет­ті!» десе де, жұмысқа қабыл­дан­бай қала­мын ба деп, шыңғы­ра бер­дім, шыңғы­ра бер­дім. Егер оққағар­ла­ры жетіп келіп, аузы­ма бутер­брод тыға сал­маған­да, кеш­ке дей­ін шыңғы­ра беру­ге дай­ы­н­мын. Шиет­тей бала-шағам­ды асы­рау оңай дей­сіз бе? Шай­наң­дап, көз­дерім жай­наң­дап, тегін бутер­брод­ты жұта­мын деп түй­іліп те қалдым.

Бір кез­де бас­шы оққағар­ла­ры­на иек қағып еді, ат шап­ты­рым каби­нет­ке жүз шақты жұмыс­сыздар кір­ді. Бәрінің көңіл­дері көтеріңкі. Мені солар­дың қата­ры­на тұрғы­зып қой­ды. «Шыңғы­ру не үшін керек бол­ды екен? Осын­дай да жұмыс бола­ды екен-ау?» деген ойды құшақтап тұрмын.

Бір кез­де бәрі­міз: «ЭКСПО! ЭКСПО! ЭКС­ПО-о‑о!» деп шыңғы­ра беру­ге бұй­рық алдық. Сөйт­сек, күні кеше көр­менің ғима­рат­тар ара­сын­дағы жабын­ды құлап түсіп, масқа­ра болып едік қой? Тағы бір ғима­рат құлай­ын деп тұр екен. Бір ғалым­ның иір-иір инно­ва­ци­я­сы бой­ын­ша қай­та жетіл­діріліп­ті. Нысан төбесі опы­ры­лып құлай­ын деп келе жатқан­нан біз шыңғыр­сақ, дауыс толқы­ны жеңіл ғана кіш­кен­тай шарға әсер етіп, ол арнайы жол­мен дома­лап барып, құмы­ра­ны соғып, құмы­ра құлап, іші­нен су төгіліп, су ағып барып, тағы бір­деңені жыл­жы­тып, одан алып пру­жи­на­лар қозға­лы­сқа түсіп, ақы­рын­да жинал­ма­лы шатыр жоға­ры көтері­ле қала­ды екен. Дік етіп. Айқай­ла­ма­саң, алты минөт­тен кей­ін қай­та­дан құлайды…

Құдай-ай, қай­дан ғана келе қалып едім, шыңғы­ра бер­ген­нен шашым түсіп қала жаз­дап, кеңір­де­гім кер­ней бол­ды. ЭКСПО көр­месі өтіп жатқан­да, осы­лай шыңғы­рып тұра­ды екен­біз. Бір жұмыс­шы­ның жағы жабыл­май, тілі салақтап, көз­дері алақтап кетіп еді, жұмыстан шыға­рып жібер­ді. Қазір сол орын бос.

Шыңғы­рас­ыз ба?

Келіңіз!

 

Мұх­тар ШЕРІМ,

Abai.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн