Пятница , 4 июля 2025

Шығыс ғылымын құртқан – АРАБ БАСҚЫНШЫЛАРЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №45 (409) от 7 декаб­ря 2017 г.

 

Айт­пақ­шы

 


 

VII ғасыр­дың бас кезін­де жаңа дін – ислам діні пай­да бола­ды. Осы дін­ді тара­ту­ды сыл­тау етіп, бір қолы­на құра­нын, екін­шісіне қылы­шын ұстаған ара­б­тар бір жарым ғасыр шама­сын­да-ақ сол­түстік-батыс Үндістан­ды, Пер­си­я­ны, Орта Ази­я­ны, Мысыр­ды (Еги­пет­ті), Шам­ды (Сири­я­ны), Афри­ка­ның сол­түстік жаға­ла­у­ын, Пире­ней түбе­гін, тағы басқа да көп тер­ри­то­ри­я­ны жау­лап алды. Осы негіз­де үлкен мем­ле­кет – хали­фат құры­ла­ды. Хали­фат­тың орта­лы­ғы әуелі Мек­ке қала­сы болып, соңы­нан Мек­ке­ден – Дамас­кі­ге, кей­ін­нен Бағ­датқа келтіріледі.

 

Ғылым, мәде­ни­ет Баты­ста құл­ди­лап, орта ғасыр­лық тұй­ы­ққа тірел­ген кез­де Шығыс елдерін­де, әсіре­се Орта Ази­яда келе­шек ұрпақ үшін ғылым­ды онан әрі дамы­та түс­кен ірі ғылым қай­рат­кер­лері өмір сүр­ді. Ғылы­ми еңбек­терінің көп­шілі­гін сол кез­де Шығыс елдері үшін ортақ тіл ретін­де сана­ла­тын араб тілін­де жазған­ды­қтан, олар соңғы кез­ге дей­ін араб оқы­мысты­ла­ры­ның сана­ты­на қосы­лып кел­ді. Шын мәнісін­де араб ғылы­мы көп­те­ген халы­қтың, көп ұрпақтың бір­не­ше ғасы­рға созы­лған кол­лек­тив­тік-твор­че­ство­лық еңбе­гінің нәти­же­сін­де туып, қалып­та­сты. Біз араб ғылы­мы деген ата­уды осын­дай кең мағы­на­да түсінеміз.

Алға­шқы кез­де араб басқын­шы­ла­ры жау­лап алған елдерінің ғылы­ми және мәде­ни мұра­ла­рын бетал­ды қира­тып, талқан­дай­ды, «кәпір» білім­паз­дар­ды өлтіріп, қуғы­нға ұшы­ра­та­ды. Діни және сая­си мақ­сат­тан туған бұл қатал­дық әсіре­се Орта Ази­яда күшті бол­ды. Орта Ази­ядан шыққан ұлы ғалым Әбу­рай­хан Биру­ни (973‑1048) өзінің «Өткен ұрпақтар ескерт­кі­ш­тері» деп ата­ла­тын еңбе­гін­де былай дей­ді: «Кутей­ба (араб қол­бас­шы­сы – А.К.) Хорезм жазуын білетін, тарихын мең­гер­ген және ғылы­мын үйрене ала­тын адам­дар­ды құр­тып жібер­ді, ол тарих­тың жасы­рын, жабық қалға­ны сон­ша­лық, хорезім­дік­тер тура­лы ешнәр­сені дәл­ме-дәл білу мүм­кін емес».

(Көбе­сов А. Әл-Фара­би. «Қаза­қстан» бас­па­сы, Алма­ты, 1971. – 26–27-беттер)

 

Арман ӘУБӘКІР

 

 

 

Себебін кім біледі?

 

Қаза­қстан жаста­ры НЕГЕ елден кет­кісі келеді?

 


 

«Қаза­қстан жаста­ры­ның 40,4 пай­ы­зы басқа елдер­ге кет­кісі келеді» деп мәлім­деді өткен сәр­сен­бі­де Аста­на­да «Жастар» ғылы­ми-зерт­теу орта­лы­ғы­ның өкіл­дері. Орта­лық «Қаза­қстан жаста­ры-2017» баян­да­ма­сын дай­ын­дау үшін зерт­теу жүр­гіз­ген екен.

 

Дін істері және аза­мат­тық қоғам мини­стр­лі­гіне қарас­ты орта­лық қыз­мет­кер­лері сау­ал­на­маға жау­ап бер­ген­дер­дің 59 пай­ы­здан аста­мы «Қаза­қстан­нан көш­кім кел­мей­ді» неме­се «Қаза­қстан­нан кет­кім кел­мей­ді» деп жау­ап берген.

«Жастар» орта­лы­ғы­ның ақпа­ра­ты бой­ын­ша, Қаза­қстан­ның түр­лі аймақта­рын­дағы 14–29 жас ара­лы­ғын­дағы екі мың­нан астам адам­ды қам­ты­ған зерт­теу Білім және ғылым мини­стр­лі­гінің тап­сы­ры­сы бой­ын­ша жүр­гізіл­ген. Орта­лық зерт­теу жүр­гізу­ге жұм­салған қар­жы көле­мін айт­па­ды, бірақ «Жастар» ғылы­ми-зерт­теу орта­лы­ғы­ның қыз­метіне жыл сай­ын 200 мил­ли­он тең­ге бөлі­нетінін хабарлады.

Орта­лы­қтың бас сарап­шы­сы Фари­да Мұста­е­ва «Қаза­қстан жаста­ры-2017» баян­да­ма­сын таны­сты­ру­да жастар саны кәдім­гі­дей азай­ып бара жатқа­нын айт­ты. Оның сөзін­ше, 2014 жылы Қаза­қстан­дағы жастар саны 4 293 353 адам бол­са, 2017 жылы бұл көр­сет­кіш 3 994 464-ке кеміген.

Баян­да­ма­да 2017 жылы жастар ара­сын­да 339 өз-өзіне қол салу оқиға­сы тір­кел­гені, жол-көлік оқиға­ла­рын­да 250 жастың қаза тапқа­ны және қан айна­лы­мы жүй­е­лері ауру­ла­ры­нан 141 жастың қай­тыс болға­ны айтылды.

Ғылы­ми-зерт­теу орта­лы­ғы қыз­мет­кер­лерінің сөзін­ше, жастар тура­лы баян­да­ма тұжы­рым және ұсы­ны­ста­ры­мен бір­ге мини­стр­лік­ке жолданады.

Abai.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн