Воскресенье , 6 июля 2025

ШЫҒЫСТА КҮШТІ жер сілкінісі болды

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №13 (377) от 06 апре­ля 2017 г.

 

Апта апты­ғы

Қатер қай­дан демеңіз

 


4 сәуір сағат 21.07-де Шығыс Қаза­қстан облы­сын­да қуат­ты жер сіл­кінісі тір­кел­ді, – деп хабар­лаған бола­тын Qasym.kz тіл­шісі ШҚО-дан. Кеше­ден бері елдің түк­пір-түк­пірі­нен қаза­қста­ны­қтар жер сіл­кінісі тір­кел­ген өңір­лер­де­гі туған-туы­ста­ры­на хабар­ла­сып, мән-жай­ды білген.

 

Сей­смо­ло­ги­я­лық бақы­лау және зерт­теу орта­лы­ғы­ның бас­шы­сы Әну­ар Боран­ба­ев­тың айтуын­ша, тұрғын­дар ара­сын­да түсін­ді­ру жұмыста­ры жүр­гізіліп келеді. «Бұл жағ­дай табиғи құбы­лыс ретін­де тір­кел­ді. Жер сіл­кінісі ошағы­ның тереңді­гі шама­мен 10 км бола­ды, яғни біз­де­гі мәлі­мет­тер бой­ын­ша, ол табиғи құбы­лы­спен бай­ла­ны­сты. Біз бар­лық қыз­мет өкіл­деріне ескер­ту жол­да­дық. Шығыс Қаза­қстан облы­сы­ның әр өңір­лері­нен және Өске­мен қала­сы­нан 20–30 тұрғын қоңы­рау шал­ды. Біз оларға негіз­гі дүм­пудің өтіп кет­кенін және алаң­да­уға еш негіз жоқ екенін хабар­ла­дық», – дей­ді Ә.Боранбаев.

Бұл орай­да Qasym.kz-тің ШҚО-дағы тіл­шісі жер­гілік­ті төтен­ше жағ­дай­лар қыз­метіне қоңы­рау шалған. «Бүгін 12.00-дегі ақпа­рат бой­ын­ша, халық аман-есен, мал-мүлік шығы­ны тура­лы мәлі­мет жоқ. Жаңа түс­кен ақпа­рат­ты жедел түр­де тара­та­мыз», – деді ШҚО ТЖД бас­пасөз қызметі.

Төтен­ше жағ­дай­лар қыз­меті халы­қтан дүр­бе­лең туғы­з­ба­уды сұрай­ды және әле­умет­тік желілер­де тара­ты­лып жатқан бей­не­ро­лик­тер мен сурет­тер шын­ды­ққа жана­спай­ты­нын мәлім­деді. Жер сіл­кінісінің куә­гер­лерінің айтуын­ша, сіл­кініс бір­не­ше секун­дқа созылған.

Qasym.kz

 

 

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн