Пятница , 4 июля 2025

ШЫМКЕНТ МҰҒАЛІМДЕРІ әріптестерін заңсыздықпен КҮРЕСКЕ ШАҚЫРДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №30 (394) от 24 авгу­ста 2017 г.

Апта апты­ғы


 

Шым­кент­те Түр­кістан қала­сы мен Сары­ағаш ауда­ны­нан кел­ген екі мұғалім жуы­қта бас­пасөз мәс­ли­ха­тын өткізіп, мек­теп мұғалім­дерін ашық пікір айтуға, мек­теп­те­гі заң­сызды­қтарға үнсіз қал­мауға шақырды.

 

«Жемқор­лы­ққа қар­сы халы­қтық коми­тет» қоғам­дық қоры ұйым­да­сты­рған бас­пасөз мәс­ли­ха­тын­да сөз алған Сары­ағаш ауда­нын­дағы Бигел­ди­нов атын­дағы мек­теп­тің бұры­нғы мұғалі­мі Меңдіқыз Мал­ды­ба­е­ва (сурет­те оң жақта) «мек­теп­те­гі күр­делі және ағым­дағы жөн­де­у­ге мұғалім­дер­ден ақша жина­уға және жөн­деу жұмыста­ры­на мұғалім­дер­ді тар­туға қар­сы шыққан­нан соң, басы даудан арыл­маға­нын» айтты.

«Қуда­ла­удың соңы «оқу­шы­ны ұрып, ден­са­улы­ғы­на зақым кел­тір­дің» деген желе­умен әкім­шілік жаза­ға тар­ты­лып, жеті күн­ге қамау және жұмыстан боса­ту­мен аяқтал­ды. Бірақ мек­теп дирек­то­ры­ның заң­сыз әре­кет­тері тура­лы жазған шығы­мым негізін­де қыл­мыстық іс қозға­удан қар­жы поли­ци­я­сы бас тарт­ты. Оны облыс про­ку­ра­ту­ра­сы қол­да­ды. Жақын­да Бас про­ку­ра­ту­ра бұл шешім­нің күшін жой­ды. Қазір тер­геу жүріп жатыр», – дей­ді Меңдіқыз Малдыбаева.

Түр­кістан қала­сын­дағы №9 мек­теп-гим­на­зи­я­сы­ның мұғалі­мі Баян Сәб­ден (сол жақта) де мек­теп­те­гі заң­сызды­қтар мен ақша жинау, орын­сыз жұмысқа тар­туға қар­сы шыққа­ны үшін айып­ты болға­ны­на қын­жы­ла­ды. Оның айтуын­ша, бүгін­де жазы­лған арыз негізін­де емес, оны жазған адам­ды қуда­ла­у­мен жұмыс жаса­лын­ды. «Орын­сыз ақша жинау, заң­сыз жұмысқа қабыл­да­уға қар­сы шықтым. Жер­гілік­ті әкім­дік пен білім бөлі­міне ары­здан­дым. Ешбірі мек­теп дирек­то­ры­на шара қол­дан­ба­ды. Мек­теп дирек­то­ры ізі­ме түсіп, оқу­шы­лар­дың ата-ана­ла­ры­на арыз жаз­ды­рып, сотқа шағым түсір­ді. Төрт рет сот­та­стым. Бәрін­де жеңіп шықтым», – дей­ді ол.

Бас­пасөз мәс­ли­ха­ты­на облы­стық білім басқар­ма­сы, про­ку­ра­ту­ра, Сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы іс-қимыл агент­ті­гінің облыс бой­ын­ша депар­та­мен­тіне шақыр­ту жіберіл­гені­мен, ешкім қатыспады,тек үкі­мет­тік емес ұйым­дар өкіл­дері ғана келді.

Қаза­қстан­да мұғалім­дер мек­теп дирек­тор­ла­ры мен әкім­дік­тер­де­гі білім бөлім­дері шене­унік­тері­нен көретін қысым­да­рын айтып, кей­ін­гі жыл­да­ры жиі шағым­да­на бастаған. Олар педа­го­ги­ка­лық мін­дет­тері­нен тыс түр­лі қара жұмыстарға, сен­білік­тер­ге, сай­лау кезін­де­гі шара­ларға мәж­бүр­леп жұм­са­уға, мек­теп әкім­шілік­тері тара­пы­нан бола­тын түр­лі ақша жинау, мәж­бүр­леп газет-жур­налға жаз­ды­ру, билет алғы­зу сияқты жөн­сіз әре­кет­тер­ге наразы.

Кей­ін­гі жыл­да­ры мұғалім­дер ара­сы­нан осын­дай заң­сыз мәж­бүр­леу оқиға­ла­ры­на қар­сы бел­сен­ді мұғалім­дер шығып, олар өз құқы­қта­рын сот арқы­лы қорға­уға мәж­бүр болған. Бел­сен­ді мұғалім­дер әле­умет­тік желілер­де бірі­гіп, бір-бірінің құқы­ғын қорға­уға жәр­дем­де­се бастаған.

Azattyq.org


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн