Среда , 14 мая 2025

СІЗ КІМСІЗ, БҮГІНГІ ЕЛ АҒАСЫ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №10–11 (375) от 16 мар­та 2017 г.)

 

Ойтүрт­кі

 


Әне жер-мына жер­ден естіп, оқып жүр­ген бір тақы­рып төңіре­гін­де ой қозға­мақ­пыз. «Әкім» деген сөз қаза­ққа неге «кәпір» деп естілетін болып кет­ті? Аста­рын­да не жатыр? Сіздің, тап мына Сіздің әкі­міңіз ауы­лға, елге не істе­ді? Айтып бере ала­сыз ба?

Біз айтай­ық, көңіліңіз соқ­са, Сіз де айтыңыз.

 

Қазақ тарихын­да «елім» деп еңіреп өткен ер аз бол­маған. Пәлен хан мен түген биді айт­па­сақ та, қара халық үшін бағын, барын құр­бан­ды­ққа шалған Алаш аза­мат­та­ры аз ба еді? Кей­де солар­дың естелік­терін оқып оты­рып, ол кісілер басқа бір ғалам­шар­да өмір сүр­ген­дей әсер ала­сың. Жател­дік­тер­ге Қаза­қстан­ның бар кен бай­лы­ғын түгел көр­сет­пей, жасы­рып қалған Қаныш аға­мыз (Сәт­ба­ев – Ред.) өзі­мен бір­ге «ана жаққа» жар­ты мысқал мыс алып кетіп пе? Жоқ! Арда аза­мат елін, оның бола­шағын ойлаған-ау дей­сің іштей…

Ақтө­бенің Ырғы­зы­ның Құти­көлін­де­гі Тел Жаман­мұры­нов сал­ды­рған бөгет-өткел­дер­дің ізін жоғал­тып алдық, зерт­те­дік пе соны? Зерт­те­медік! Енді су кел­се – «айғай-аттан­дап», кел­мей қал­са – «біт­тік-құры­ды­ққа» салып, қол қусы­рып оты­ра­мыз. Одан Тел-аға­ның есі­мі тит­тей де шыты­наған жоқ, қай­та жыл­дан-жылға жаңғы­рып, жарқы­рай түсу­де. Себеп біреу – Аза­мат елі үшін із қал­дыр­ды, қазір­дің өзін­де Тел сал­ды­рған бөгет­тер­дің тиім­ділі­гін айта­тын аза­мат­тар елде аз емес.

«Ырғыз» десек, Бер­діқұ­ло­втың есі­мі бұл жақтағы елдің есіне түседі. Біз кіш­кен­тай­ы­мы­здан естіп өскен аңы­зға бер­гісіз әңгі­ме – Ырғы­зды қол күші­мен бөге­гені ара­да өткен жыл­дар приз­ма­сы­нан ғана көрініп, ұмы­ты­ла бастаған бол­са, Бер­діқұ­ло­втың адам­дық жақ­сы­лы­ғын көр­ген – сти­пен­ди­я­сын алған, бүкіл өміріне Бер­діқұ­ло­втан бағ­дар алған кісілер әлі бар Ырғы­зда, облы­ста, Қаза­қстан­да. Бер­діқұ­лов фено­мені неде еді? Оның ел үшін, халық үшін қал­ды­рған ізін­де, игі істерін­де болатын.

Күні кеше ғана өмір­ден өткен ырғы­здық Лай­ық Шоқ­па­ров ше? Бүгін ырғы­зды­қтар көгіл­дір оты­нға жылы­нып, күр­піп отыр­са, осы шару­а­ны бастаған, облы­сқа таяқ тастам жер­де­гі мекен­дер­дің өзін­де газ жоқта, Аста­на асып, «аға-көке жаға­лап», ит арқа­сы қиян­дағы Ырғы­зға газ әке­лудің бар­лық қиын шаруа­сын жасап кет­кен сол – Лай­ық аға­мыз еді.

Айт­пақ­шы, сол Шоқ­па­ров сал­ды­рған мықты дема­лыс орны қай­да қазір, кім­нің «қал­та­сын­да» кет­ті? Шоқ­па­ров та газ­бен арпа­лы­спай-ақ, басқаға басын ауырт­пай-ақ, жыл­да Анта­лья мен Мал­див барып жүруді біл­ген шығар?! Жаса­ма­ды солай. Бірақ Лай­ық Шоқ­па­ров есі­мі Адам ретін­де де, Ел Аға­сы ретін­де де елдің есін­де қал­ды. Себеп сол баяғы – Аза­мат ел үшін, Абы­рой үшін өмір сүрді.

 

Енді нақты тақы­ры­бы­мы­зға көшей­ік. Осы «әкім» деген сөз лек­си­ко­ны­мы­зға енген алға­шқы жыл­да­ры бір біл­гі­ш­тер оны былай «бұтар­лап» таста­ды: «ә» – әділ, «к» – кіші­пей­іл, «і» – ізет­ті, «м» – мей­ірім­ді» деп. Айтқы­штар көп қой, анық-қаны­ғын дәлел­де­у­ге тыры­спай­мыз, бірақ…

Бірақ соңғы рет қашан әкі­міңіз­ге барып, әділ шешім, қара­пай­ым тіл­мен айт­сақ, әншей­ін бір дұрыс сөз естіп шыққа­ны­ңыз есіңіз­де бар ма? «Сен салар да, мен салар, атқа жем­ді кім салар» деп, сіз ары­зда­нып барған шару­а­ны бас мама­ны­на, бұғал­тіріне қарай ысы­рып жібер­ген жоқ па?

Қалған үш сөз «кіші­пей­іл», «ізет­ті», «мей­ірім­ді» – мағы­на­сы жағы­нан ата­лас болған­ды­қтан, бір қарас­ты­ра салай­ық. Әкім сіз­ге сәлем бере ме? Әкім­нің қабыл­да­уы­на кіру үшін, қан­ша­ма бюро­кра­ти­я­лық тек­серістер­ден өткеніңіз есіңіз­де ме? Әкі­міңіздің тек әншей­ін, көше ара­лап, қара­пай­ым елмен емен-жарқын сөй­лесіп, адам сияқты әңгі­ме айтып жүр­генін көр­діңіз бе? Неге екені бел­гісіз – көз алды­мы­зға түй­іл­ген қабақ, құлағы­мы­зға – ыңы­ранған дауыс естіледі, ә? Неге екен?

Енді қол­дан кел­ген­ше «сәбре­мен­ный» әкім­дер­дің порт­ретін жасап көрей­ік. Ол бір ауы­лға, ауданға, облы­сқа әкім болып келеді: бұры­нғы әкім тұрған үйге – өлдім тұр­май­ды. Сыңғыр­ла­тып зәулім сарай сал­ды­ра­ды, оны үш айдан соң мен­шік­теп ала­ты­ны тағы шын­дық. Сосын… коман­да жинай­ды. Ол енді қатып қалған заңға бағы­на­ды: коман­да­ның жар­ты­сы жер­гілік­ті жер­дің жан­дай­шап­та­ры да… жар­ты­сы – әйелінің бөлесінің күй­е­уінің қарын­да­сы­ның қай­ны­сы­ның досы, кла­с­та­сы, көр­шісі, «слу­жа­гы», тағы­сын тағы­лар… Әлгі әкел­ген сүй­рет­пе­лер­дің бас­па­на­сы, басқа­сы тәрізді мәсе­лені шешіп жүр­ген­де, өзі басқа­руға кел­ген елді топан су қап­тап кет­се де, басы ауыр­май­ды. Орна­ла­сып, оң-солын танып алған соң… ойын баста­ла­ды. Ол ойын­дар да сан түр­лі – «откат», «кон­верт», «қол көру», «шәй ішу», «оңа­ша жер­де кез­де­су»… деп кете береді.

Сөй­тіп жүр­ген­де, сумаң етіп жыл өте­ді – әкім есеп береді. Есеп енді – ком­му­низм! Ұзын-сонар баян­да­ма­ны кел­тіру­ге газет беті жет­пей­ді, бір сөз­бен қай­ыр­сақ – «бәрін қатыр­дым!». Амал­сыз сене­міз – сізді де, бізді де қаты­рға­ны рас қой!

 

Мәсе­ленің басын ашып алай­ық, біз ешкім­нің атын атап, түсін түсте­медік. Осы мақа­ла­ны оқып оты­рған ел аға­сы: «Мынау мен емес­пін бе?» деп ойлан­са, біз­ге сол да жет­кілік­ті. Бұл – бірінші.

Екін­шісі және ең өкіні­штісі – халы­қтың көз алдын­да осын­дай ел аға­ла­ры (?) көбей­іп кет­кен жоқ па? Қазақ ежел­ден бел­гілі бір шару­а­ның тіз­гінін ұстаған адам­ды да «ел аға­сы» санаған. Соларға қарап бой түзе­ген, арқа сүй­е­ген. Тіп­ті әрі­ден айт­сақ, сон­дай орын­тақта оты­рған адам­дарға деген құр­мет те ерекше біздің халықта.

Ал олар ше? Әкім­ге кіріп, жағ­дай айту қия­мет-қай­ым бол­са, аз-маз қыз­мет­тің құлағын ұстаған­дар әкім­нен асып кет­пе­се, кем­шін қал­май­ды. Олар да алды­мен өз жағ­дай­ын жасай­ды. Үй сала­ды, айна­ла­сы­на туы­сқан­да­рын жинай­ды. Әсіре­се елдің әле­умет­тік жағ­дай­ы­на алаң­да­уы тиіс «зве­но­дағы­лар» елді ұмы­тып қала­ды. Су мен газ дей­сіз бе, меди­ци­на мен білім сала­сы ма – көбін­де оты­рған­дар жар­ты пат­ша, жар­ты құдай. Осы жалған дей ала­сыз ба? Әрине, көп­ке топы­рақ шашу­дан аулақ­пыз, бірақ осы қазір Шоқ­па­ров, Бер­діқұ­лов тәрізді ел үшін бір із қал­ды­рған меке­ме бас­шы­сы неме­се әкім тауып бер­сеңіз, ала­у­ла­тып, жала­у­ла­тып жазуға біз дайын.

Жұмыс бабы­мен ел ара­лап, көп жүре­міз. «Ауы­лы­ңы­зға келіп жатыр едік» деп, әкім­ге кіріп шыға­мыз, «ауы­лы­ңы­здан кетіп бара­мыз, жетістік мына­дай, кем­шілік мына­дай екен» деп айту үшін, кетер­де тағы бір соға­мыз. Бір қызы­ғы – әкім­нің әңгі­месін тың­да­саң, сол ауыл­да қалып кет­кің келеді. Ал халы­қты тың­да­саң… Сөз бен іс неге алшақ дей­міз ғой…

Қазір­гі ел аға­ла­ры неге елдің жай­ын екін­ші планға қал­ды­ра береді? Елдің есін­де несі­мен, қай ісі­мен қалмақшы?

 

Мына­дай бір мықты әфса­на бар. Бір кісі о дүни­елік болып, Құдай­дан тозақ пен жұмақты көр­се­туді өтініп­ті. Алды­мен оны Құдай Тоза­ққа әкеліп­ті. Тозақ дегенің орта­сын­да тамақ толы терең қаза­ны бар, айна­ла­сы толған кілең бір иіні түс­кен, ішек­тері қарын­да­ры­на жабысқан аш, жалаңаш, ашу­лы адам­дар көрі­неді. Қол­да­рын­да сабы ұзын қасық дей­ді, қол­да­ры ауы­зда­ры­на жет­пей­ді, адам­да­ры тамақ жей алмай­тын бол­са керек.

Енді жұмаққа кел­се, мұн­да да сон­дай қазан, сон­дай ығы-жығы адам, олар­да да сон­дай сабы ұзын қасық. Бірақ адам­дар бақу­ат­ты, көңіл­ді. Құде­кең түсін­діріп­ті сон­да: «Тоза­қтағы­лар өздерінің ғана қар­нын ойлай­ды, ал жұмақтағы­лар бір-бірін тамақтан­ды­ра­ды» деп.

Мораль мынау ғой: Қасы­ғы­ңыз қан­дай? «Халық – Алла­ның бір есі­мі» деседі. Зама­на­ның талай көш-керу­ені озған­мен, халық өлмей­ді. Әкім келеді, кете­ді – халық қалады.

Тек рито­ри­ка­лық сұрақ: Сіз халы­қтың есін­де қай ісіңіз­бен қал­ды­ңыз? Өзіңіз басқарған елде қан­дай ізіңіз қал­ды? Қазір­гі ел аға­сы, Сіз кім­сіз? Өзге­лер­ден қызға­нып, өзіңіз ғана жегіңіз келіп жүр­ген­де, анау ұзын сап­ты қасық аузы­ңы­зға жет­пей қал­мас па екен бір күні? Халық бір-біріне қарай­ла­сар, ал сіз қайтесіз?

Ел аға­сы ата­нып жүр­ген әкім­дер, ойла­нып көріңізші!

Шара ЕЛЕУСІЗ,

Ақтө­бе облысы


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн