Пятница , 4 июля 2025

СОЛТҮСТІККЕ КӨШЕЙІК! Жер алып, тіршілік ете жүріп, ЕЛ ШЕТІНЕ ИЕ БОЛАЙЫҚ!

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №30 (394) от 24 авгу­ста 2017 г.

 

Гео­са­я­си гәп


 

Бұл бос ұран емес: бұл – елдің сол­түстік аймағын қаза­қтан­ды­ру қамы­на қарай­лас сөз. Осы орай­да кеше Қаза­қстан үкі­меті елдің сол­түстік облы­ста­ры­на оңтүстік­тің қаза­қта­рын қоны­стан­ды­рып, Ресей­мен ара­дағы шека­ра аймақтар­ды нығай­ту мәсе­лесін қара­ды. Қаза­қстан үкі­метіне аза­мат­тар­ды оңтүстік өңір­лер­ден сол­түстік өңір­лер­ге ерік­ті түр­де қоныс ауда­ру­да өңір­лік кво­та­лар­ды арт­ты­ру және ынта­лан­ды­ру бой­ын­ша бір айдың ішін­де ұсы­ны­стар енгізілуі керек, деп мәлім етті үкі­мет оты­ры­сын­да ҚР пре­мьер-мини­стрі Бақыт­жан Сағынтаев.

 

Аста­рын ауда­рып айтар бол­сақ, бұл жалаңаш қалған ел шетін нығай­ту­дың Ұлт­тық бағ­дар­ла­ма­сы болуы керек. Осы рет­те кеше үкі­мет оты­ры­сын­да үлкен сөз бол­ды. «Бір ай мерзім ішін­де еңбек, ұлт­тық эко­но­ми­ка, қар­жы, ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стр­лік­теріне аймақ әкім­дері­мен бір­лесіп, үкі­мет­ке оңтүстік өңір­лер­ден сол­түстік өңір­лер­ге ерік­ті түр­де қоныс ауда­ру­да өңір­лік кво­та­лар­ды арт­ты­ру және ынта­лан­ды­ру бой­ын­ша ұсы­ны­стар енгі­зуді және қажет есеп­терін дай­ын­да­уды тап­сы­ра­мын», – деді кеше үкі­мет­тің пре­мьер-мини­стрі Б. Сағын­та­ев үкі­мет отырысында.

Одан басқа, мини­стр­лер каби­нетінің бас­шы­сы ұлт­тық эко­но­ми­ка мини­стріне, ауыл шару­а­шы­лық мини­стріне әкім­дер­мен бір­лесіп бір ай ішін­де халы­қты шағын кре­дит­тер­мен қам­ту­ды кеңей­туді, оның ішін­де «Биз­нес бастау» жоба­сы бой­ын­ша стар­тап­тар­ды қар­жы­лан­ды­ру­ды кеңей­туді тапсырды.

Қаза­қстан үкі­меті «Жұмыспен қам­ту 2020 жол кар­та­сы» бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша «жұмыс күші тап­шы» сол­түстік­те­гі аймақтарға ада­мы тығыз орна­ласқан оңтүстік облы­стар­дан маман­дар­ды шақы­ру көз­дел­ген еді. Сол бағ­дар­ла­ма бой­ын­ша, шетел­ден келетін қан­дастар­ды да қосып, сол­түстік­ке қоны­стан­ды­ру бастал­ды, деп жаза­ды осы орай­да Іnformburo.kz порталы.

Жуы­қта Пав­ло­дар облы­сын­да «Ұлы дала елі» атты этно­фе­сти­валь өткен бола­тын. Осы фести­валь аясын­да Алма­ты облы­сы­нан көшіп кел­ген және көшіп келу үшін алдын ала жер қарап жүр­ген бір топ­ты облыс әкі­мі қабылдады.

«Ата­жұрт» қоғам­дық бір­ле­сті­гінің ұйым­да­сты­руы­мен кел­ген 17 отба­сы Успен­ка және Шар­бақты аудан­да­ры­на орна­ла­сты. Бұл «ата­жұрт­ты­қтар» ұйым­да­сты­рған көштің үшін­ші легі. Осы­дан екі ай бұрын Қытай­дан кел­ген 10 отба­сы Успен­ка ауда­ны­ның Вол­ги­на ауы­лы­на қоны­станған. 12 тамыз күні тағы да бес отба­сы­ның осы ауы­лға кел­гені бел­гілі бол­ды. Облыс әкі­мі Бақа­у­ов Болат­тың тап­сыр­ма­сы­мен «ата­жұрт­ты­қтарға» облыс әкі­мінің орын­ба­са­ры Беген­та­ев Мей­рам тіке­лей қамқор­лық жасайды.

Ресми деректер­ге қараған­да, Пав­ло­дар­дың кей аудан­да­рын­да 12–13 мың ғана адам тұра­ды. Мыса­лы, Май ауда­нын­да – 12 мың, Успен­ка ауда­нын­да небәрі 14 мың халық бар. Көр­ші Ресей Феде­ра­ци­я­сы­мен шека­ра­дағы кей ауыл­дар тіп­тен босап қалған.

 

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның жаңа заң актілеріне сай шека­ра­дағы ауыл­дар­ды қысқар­ту­ды шек­те­гені бел­гілі. Деген­мен, адам­сыз ауыл­дар­дың пай­да болуы да облыс әкім­шілі­гін тығы­ры­ққа тіре­ген. «Біз кез кел­ген отба­сын қабыл­да­уға дай­ын­быз. Көшіп кел­ген отба­сы өзі таң­дап, бір ауыл­дан үй сатып алуы керек. Ал біздің тарап­тан түр­лі көмек, қара­жат­тар бөлініп, жер бөліп бере­міз және жұмыспен қам­ты­ла­тын бола­ды», – дей­ді Успен­ка ауда­ны­ның әкі­мі Сала­мац­кий Сергей.

Өз кезе­гін­де Пав­ло­дар облы­сы­ның өкіл­дері оңтүстік жақта үгіт-наси­хат жұмыста­рын қарқын­ды жүр­гізіп жатыр. Екі облы­ста өкіл­дік те ашып үлгер­ген. Алдағы 28–29 тамыз күн­дерін­де Алма­ты облы­сы­на да бару қарастырылыпты.

Естеріңіз­ге сала кетей­ік, үкі­мет шеші­мі­мен 2017 жылы 2700 отба­сы­ның қоныс ауда­руы­на кво­та бекітіл­ген. Онда оңтүстік­те­гі және баты­стағы облы­стар­дан жеті өңір­ге (Ақмо­ла, Аты­рау, Шығыс Қаза­қстан, Батыс Қаза­қстан, Қоста­най, Пав­ло­дар және Сол­түстік Қаза­қстан облы­ста­ры) жұмыс күші мен орал­ман­дар­ды көші­ру тетік­тері нақты­ланған болатын.

Көшіп келу­ге ниеті бар­лар­мен кез­де­су­де облыс әкі­мі Болат Бақа­у­ов: «Біз заң шең­берін­де көшіп келем деушілер­ге бар­лық көмек­ті жасай­мыз», – деп мәлім­деді. Соны­мен бір­ге облыс бас­шы­ла­ры орал­ман­дар мен көшіп келу­шілер­дің түр­лі сұрақта­ры­на жау­ап берді.

«Біз аудан­дағы әкім­дік құзіретін­де­гі бос тұрған офи­стер­ді және басқа да орын­дар­ды төмен баға­мен жалға беріп, жеке кәсіп­пен шұғыл­да­ну­шы­ларға жағ­дай жасай­мыз», – дей­ді Шар­бақты ауда­ны­ның әкі­мі Ыбы­ра­ев Балға­бай Жұмағұлұлы.

Көшіп келу­шілер үшін жер ешқан­дай кон­курс­сыз, аук­ци­он­сыз беріледі.

Сол­түстік облы­старға көшіп келу­шілер­ге қан­дай көмек­тер жасалады?

Шар­бақты ауда­ны әкі­мінің орын­ба­са­ры Риза­гүл Неғ­ма­но­ва­ның айтуын­ша, көшу­ге суб­си­дия – әр отба­сы­на 35 есе­лен­ген айлық есеп­тік көр­сет­кіш (осы­дан былай АЕК – 2017 жылға бел­гі­лен­ген мөл­шері 2269 тең­ге) мөл­шерін­де­гі бір рет­тік төле­мақы, тұрғын үйді жал­дау бой­ын­ша шығын­дар­ды өте­у­ге суб­си­дия – әр отба­сы үшін 12 ай бойы төленеді.

Егер отба­сы мүше­сі бір адам бол­са, 20 АЕК, екі-төрт ада­мға дей­ін 25 есе­лен­ген АЕК, бес және одан көп болған­да 30 есе­лен­ген АЕК мөл­шерін­де, егер ауыл­дық мекен­дер­ге қоныс аудар­са, 12 ай ішін­де­гі үй жал­дау ақы­сы жеке-жеке, бір мүше­сі бар отба­сы­на 15 АЕК, екі-төрт мүше­сі бар отба­сы­на 18 АЕК, бес­тен артық мүше­сі бар отба­сы­на 20 АЕК мөл­шерін­де төленеді.

Әр отба­сы­ның кем деген­де бір мүше­сі жұмысқа орна­ла­сты­ры­ла­ды. Ауыл шару­а­шы­лы­ғы­мен шұғыл­да­на­тын­дарға жет­кілік­ті түр­де жер беріледі. Сатып алған үйі мен жерін қой­ып, жеке кәсіп­кер­лік үшін несие алуға да бола­ды. Ол үшін ең абза­лы өза­ра бірік­кен кәсіп­кер­лік кор­по­ра­тив­терін құру керек.

 

Сол­түстік­ке көшіп келу­шілер не ұта­ды? Ең алды­мен мем­ле­кет­тің көме­гі­мен үй ала­ды және жұмыс таба­ды. Ал одан да маңы­здысы – жер­ге ие бола­ды. Адам саны өсені­мен, жер үлкей­мей­тіні бел­гілі, жер бір­не­ше жыл­дан кей­ін беріл­мей­ді. Ал жер – әлем­де­гі ең тұрақты, әрі құны тек өсе беретін капи­тал. Ол – ұрпақтан-ұрпаққа қала­тын мұра болып қала­ды. Ал инве­сти­ци­я­лық жоба­мен келу­шілер Пав­ло­дар облы­сы­ның шека­ра­лық аудан­да­рын­да базар­лар салу арқы­лы да жұмыс орын­да­рын аша алады.

Енді, бір жағы­нан, өза­ра топ­та­сып кел­ген қан­даста­ры­мы­здың мақ­са­ты – бір­лесіп кор­по­ра­тив­тер құрып, жұмыс жасау. Осы арқы­лы ірі көлем­ді қар­жы­ны, тех­ни­ка­ны алу­да қал­таға түсер сал­мақты азай­та­ды. Екін­ші жағы­нан, облы­стың демо­гра­фи­я­сын көте­ретіні хақ. Бұл – босап қалған шека­ра­лық өңір­лер­ге жан кір­гі­зеді. Сол арқы­лы өза­ра өндіріс те өседі.

Қысқар­тып айтқан­да, «Елге ел кел­се – құт» деген ата­лы сөз бар. Басы­мыз көбей­іп, бауы­ры­мыз бүтін бол­сын десек, шека­ра­ны ада­мға тол­ты­рып, өндірісті нығай­туы­мыз керек. Ал ол – сенім­ді де сер­гек қоныс ауда­ру­шы­лар­дың да оң жам­ба­сы­на келер саясат.

 

Бет қат­та­лып жатқанда

 

ТАҒЫ 36 ОТБАСЫ

сол­түстік­ке көшті

 

Кеше Оңтүстік Қаза­қстан облы­сы­нан 36 отба­сы сол­түстік­ке жолға шықты, деп хабар­ла­ды облыс әкі­мінің ресми сай­ты. Хабар­да атап көр­сетіл­ген­дей, олар­дың ішін­де әзір­ге екі отба­сы Ақтоғай ауда­ны­на қоныс ауда­руға бар­са, қалған­да­ры ондағы жағ­дай­мен таны­сып, мүм­кін­дік­тер­ді қарас­ты­рып алмақ ниет­те. Сары­ағаш ауда­ны Абай ауы­лы­ның тұрғы­ны Сей­да­лы Әшір­ба­ев осы­дан бір ай бұрын аталған ауданға барып, ондағы тыныс-тір­шілік­ті көз­бен көріп қай­тып­ты. Тұрғын­ның айтуын­ша, аудан ауыл шару­а­шы­лы­ғын дамы­туға сұра­нып тұр. Енді­гі жер­де ол қолай­лы ауа райы мен құнар­лы жер­ді, сақа­дай сай тех­ни­ка­лар­ды пай­да­ла­нып, егін егуді жос­пар­лап отыр.

Сол­түстік­ке бет бұрған аза­мат­тар­ды облы­стық жұмыспен қам­ту­ды үйле­сті­ру және әле­умет­тік бағ­дар­ла­ма­лар басқар­ма­сы­ның бас­шы­сы Мұхит Отар­ши­ев бастаған топ шыға­рып сал­ды. Басқар­ма бас­шы­сы­ның айтуын­ша, биы­лғы жылы 113 отба­сы сол­түстік­ке көш­кен. Облыс тұрғын­да­ры елі­міздің жұмыс көзі көп аймақта­ры­на қоныс ауда­ру шара­сы аясын­да отба­сы­лар сол­түстік­тің Айыр­тау, Ақжар, Жұма­ба­ев, Есіл және Уәли­ха­нов аудан­да­ры­на барып қоны­ста­на­ды. Таң­далған Пав­ло­дар, Қоста­най, Сол­түстік және Шығыс Қаза­қстан облы­ста­ры­на көшіп барған­дар­дың ішін­де күн­гей жұр­ты­ның үлесі басым дей­ді басқар­ма маман­да­ры. Олар­дың дені сон­да ауыл шару­а­шы­лы­ғы сала­сын түлетіп отыр.

Айта кетей­ік, облы­стан сол­түстік аймаққа көшу­ге ниет біл­дір­ген­дер саны көбей­іп келеді. Салаға жау­ап­ты­лар қоныс аударған аза­мат­тар алды­мен бас­пан­амен қам­ты­лып, жұмысқа орна­ла­сты­ры­ла­ды дей­ді. Биыл қоныс аударған отба­сы­ның әрбір мүше­сіне айлық есеп­тік көле­мін­де, яғни шама­мен 80 мың тең­ге бір рет­тік көмек беріледі. Соны­мен қатар бір жылға дей­ін тұра­тын үйдің жал­дау ақы­сы мен ком­му­нал­дық төлем­дері өте­летін болады.

Қаз­ТАГ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн