Суббота , 5 июля 2025

Солтүстіктегі сепаратизм: КҮДІК ПЕН ҮМІТ

Әлем­дік басы­лым­дар қаза­қстан­дық билік­тің кей­бір сол­түстік аудан­дар­дағы жағ­дай­ға алаң­да­уы мен елдің этни­ка­лық құра­мы­ның өзге­руі жай­лы жазды.

Бри­тан­дық ақпа­рат агент­ті­гі Reuters сай­тын­да «Укра­и­на­дан кей­ін Қаза­қстан этни­ка­лық оры­стар­дың авто­но­ми­я­сы басталға­ны­на алаң­дай­ды» деген мақа­ла жари­я­ла­ды, онда Қоста­най­дағы жағ­дай сипатталады.
Автор­дың жазуын­ша, демо­гра­фи­я­лық тұрғы­да аймақтың укра­и­на­лық Қырым түбе­гі мен Шығыс Дон­басс облы­сы­на ұқса­сты­ғы көп. Аталған жер­лер­де оры­стіл­ді топ­тар Мәс­ке­удің көме­гі­мен Киев­тің қара­мағы­нан шыққан болатын.
«Сол­түстік Қаза­қстан­да сепа­ра­ти­стік бүлік жоқ, бірақ 18 мил­ли­он халы­қтың бес­тен бірі­нен аста­мын құрай­тын этни­ка­лық оры­стар өздерін барған сай­ын сенім­сіз сезініп, Укра­и­на­дағы сепа­ра­ти­стер­ге бүй­рек­тері бұра­ды» деп жаза­ды ол.
Мақа­ла­да Мәс­ке­удің Қаза­қстан­дағы сепа­ра­тизмді қол­дай­ты­ны тура­лы ешқан­дай бел­гі жоқ екені айты­ла­ды, бірақ Ресей мем­ле­кет­ті қадаға­лап оты­рғы­сы келеді дей­ді. Reuters «қар­тай­ып бара жатқан пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың» орны­на кім келетіні әлі бел­гісіз екенін ескер­тіп, жаңа мем­ле­кет бас­шы­сы Ресей­мен жақ­сы қары­мқа­ты­на­ста қала ма, жоқ па – ол жағы бел­гісіз дей келе, Укра­и­на­ның Ресей­мен араз­да­суы сепа­ра­ти­стік бүлік­ке әкеп соққа­нын еске салады.
Қаза­қстан­дағы орыс диас­по­расы 3,7 мил­ли­он адам­ды құрай­ды және Укра­и­на­дан кей­ін­гі саны жағы­нан екін­ші орын­да тұр, ал елдің сол­түстік және шығыс аудан­да­рын­да Ресей­мен бай­ла­ны­сы зор ірі өнер­кәсіп орын­да­ры орна­ласқан. Reutersтің жазуын­ша, Қаза­қстан­ның әкім­шілік құры­лы­мы­нан Қоста­най облы­сы бар­лы­ғы­нан көп жапа шеккен.
Қоста­най тұрғын­да­ры сепа­ра­ти­стік көңіл­күй­лерін көп­шілік алдын­да біл­дір­мей­ді, ал екі маши­на­ның бірі тағып жүр­ген Геор­гий лен­та­сын (көр­некі фото­су­рет­те) Екін­ші дүни­е­жүзілік соғыс жеңісіне деген құр­мет деп түсін­діреді, оны Укра­и­на­дағы ресей­шіл сепа­ра­ти­стер­ді қол­дау бел­гісі демейді.
Жапо­ни­ядан шыға­тын Diplomat газеті «Оры­стар нелік­тен Қаза­қстан­нан кетіп жатыр?» деген сау­алға жау­ап іздей­ді. Мем­ле­кет 1991 жылы Совет Одағы­на тәу­ел­сіз болған кез­де Қаза­қстан бай­ы­рғы ұлты ел халқы­ның көп­шілі­гін құра­маған жалғыз совет­тік рес­пуб­ли­ка болға­нын айтады.
Сол кез­де қаза­қтар­дың саны тұрғын­дар­дың 40 пай­ы­зын құра­ды, бұл этни­ка­лық оры­стар­дан сәл ғана көп еді. Ширек ғасыр өткен соң, соңғы санақ бой­ын­ша, этни­ка­лық қаза­қтар­дың саны тұрғын­дар­дың 70 пай­ы­зын құра­са, этни­ка­лық оры­стар 20 пай­ыз болып шыққан.
«Бұл тосын жаңа­лық емес еді – бар­лық пост­со­вет­тік елдер­дің этни­ка­лық құра­мын­да айтар­лы­қтай өзгерістер бол­ды. Бірақ Қаза­қстан­ның жағ­дайы тіп­ті ерекше, жаңа есеп­тер­дің арқа­сын­да этни­ка­лық қаза­қтар­дың осын­дай аз уақыт ішін­де ұлт­тық құра­мын қалай өсір­генін аны­қта­дық», – деп жаза­ды Diplomat.
Astana Times газетіне сіл­те­ме жасай оты­рып, басы­лым 1992 жыл­дан бері Қаза­қстан аза­мат­ты­ғын бір мил­ли­онға жуық адам алға­нын, олар­дың 90 пай­ы­зға жуы­ғы – этни­ка­лық қаза­қтар екенін айтады.
Негізі­нен олар Қаза­қстанға Қытай, Өзбек­стан және Ресей­ден орал­ды. Соған орай Ресей­ге көш­кен этни­ка­лық оры­стар­дың саны да айты­ла­ды. «Азаттық» жақын­да Қаза­қстан аза­мат­та­ры­ның Ресей­ге «отан­дастар­ды қоны­стан­ды­ру» бағ­дар­ла­ма­сы­на қат­ты қызы­ғу­шы­лық таны­тқа­ны тура­лы жазған еді.
Этни­ка­лық оры­стар­дың аза­юын Diplomat «Аста­на үшін ара­лас бата» деп атай­ды. Газет кетіп жатқан адам­дар­дың көбі білік­ті жұмыс­шы­лар, дәрі­гер­лер, мұғалім­дер және басқа да сұра­ны­сқа ие маман­дар екенін айта­ды. «Олар­дың кетуі қаза­қстан­дық билік­тің елде­гі этни­ка­лық азшы­лы­қты ұстап қалуға барын­ша күш салып жатқа­нын, елдің бай­ы­рғы тұрғы­ны еме­стер­ге қар­сы «баяу отта қай­нап жатқан» шови­низмді тоқта­туға тыры­са­ты­нын көр­се­те­ді» деп жаза­ды Diplomat.
Газет қол­да бар ақпа­ратқа сүй­еніп, соңғы бір­не­ше жыл­да «этни­ка­лық шие­леніс барған сай­ын маңы­зды мәсе­ле болып келе жатқа­нын» және Ресей мен Қаза­қстан­дағы мак­ро­эко­но­ми­ка­лық жағ­дай­дың нашар­ла­уы кезін­де «қар­жы­лық та, этни­ка­лық та шие­леніс ушы­ға береді» деп қорытады.
Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн