Суббота , 5 июля 2025

Сонымен бұлар НЕ ӨЗГЕРТТІ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №9 (373) от 8 мар­та 2017 г.

Мән-жай

 


Науры­здың 6‑сы күні Қаза­қстан пар­ла­мен­ті пала­та­ла­ры­ның бір­лес­кен оты­ры­сын­да депу­тат­тар «Кон­сти­ту­ци­яға өзгерістер мен толы­қты­ру­лар енгі­зу» тура­лы заң жоба­сын қабыл­да­ды. Сөй­тіп кон­сти­ту­ци­я­лық рефор­ма­ны пар­ла­мент бар-жоғы екі-ақ күн қарады.

Заң жоба­сын депу­тат­тарға мәжіліс мүше­сі Нұр­лан Әбдіров оқып бер­ді. Оның сөзіне қараған­да, осы заң­мен Кон­сти­ту­ци­я­ның 19-бабы­на 26 өзгеріс енгізіледі. Бұл өзгерістер Қаза­қстан билік бұтақта­ры­ның ара­сын­да өкілет­тілік­тер­ді қай­та бөлуді қарас­ты­ра­ды, пар­ла­мент пен үкі­мет рөлін пре­зи­дент­тің кей­бір өкілет­тілік­терін беру арқы­лы күшей­ту­ге арналған.

 

ПАРЛАМЕНТ

Қабыл­данған заң жоба­сы бой­ын­ша, енді үкі­мет­ті жасақтау кезін­де пар­ла­мент рөлі, оның үкі­мет жұмысын бақы­лау тетік­тері кеңей­еді. Бұрын үкі­мет тек пре­зи­дент­ке ғана есеп беріп кел­се, енді­гі жер­де пре­зи­дент­пен қатар пар­ла­мент алдын­да да есеп береді. Пар­ла­мент енді депу­тат­та­ры­ның үштен екісі қол­даған жағ­дай­да пре­зи­дент­тен мини­стр­лер каби­нетінің (үкі­мет) жеке­ле­ген мүше­лерінің отстав­ка­сын талап ете алады.

Нұр­лан Әбдіро­втің сөзіне қараған­да, үкі­мет енді пре­зи­дент жаңа­дан сай­ланған­нан кей­ін емес, мәжіліс жаңа­дан сай­ланған­нан кей­ін тара­ты­ла­ды. Пар­ла­мент және пре­зи­дент келісі­мі­мен жаңа үкі­мет жасақта­ла­ды. Пре­зи­дент төрт министр – ішкі және сыр­тқы істер, қорға­ныс және әділет мини­стр­лік­терінің бас­шы­ла­рын ғана өзі дер­бес тағай­ын­дай­ды. Бұған дей­ін үкі­мет­тің бар­лық мүше­лерін пре­зи­дент жеке өзі тағай­ын­дап кел­ген. Әбдіров «бұл депу­тат­тар­дың жау­ап­кер­шілі­гін жоға­ры­ла­та­ды және сай­лау жүй­есінің пар­ти­я­лық прин­ци­пін күшей­те­ді» деп түсін­дір­ді. Қазір Қаза­қстан пар­ла­мен­тін­де «Нұр Отан» пар­ти­я­сы басым. Оппо­зи­ци­я­лық күш­тер жоқ.

Мәжіліс спи­кері Нұр­лан Нығ­ма­ту­лин Қаза­қстан­ның жер­гілік­ті БАҚ өкіл­деріне пар­ла­мент үкі­мет­ті бақы­лау жөнін­де­гі жаңа өкілет­тілік­терін «өзгерістер Кон­сти­ту­ци­яға толық енгізіліп, оған пре­зи­дент қол қой­ған­нан кей­ін» іске асы­ра бастай­ты­нын айтқан.

 

ҮКІМЕТ ПЕН ПРЕЗИДЕНТ

Заң жоба­сы бой­ын­ша, мем­ле­кет бас­шы­сы (пре­зи­дент) үкі­мет­ке мем­ле­кет­тік бюд­жет­тен қар­жы­лан­ды­ру және еңбе­кақы жүй­есін бекіту өкілет­ті­гін береді. Мұнан бөлек, мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма­лар мен жос­пар­лар жасау құзы­ры да мини­стр­лер каби­нетіне тап­сы­ры­ла­ды. Заң жоба­сын­да «ол жұмысты үкі­мет пре­зи­дент­пен кеңе­се оты­рып атқа­ра­ты­ны, бірақ мем­ле­кет бас­шы­сы үкі­мет актілерін шеге­ре алмай­ты­ны, сол арқы­лы енді үкі­мет өзінің жұмысы­на толы­ғы­мен өзі жау­ап беретіні» айтылған.

Заң жоба­сы бой­ын­ша, енді пре­зи­дент Кон­сти­ту­ци­я­лық кеңес­ке күшіне енген заң­дар­дың негіз­гі заңға сәй­кест­і­гін тек­се­ру ұсы­ны­сын жол­да­уға құқы­лы бола­ды, бұрын пре­зи­дент бұл кеңес­ке күшіне енбе­ген заң­дар­ды тек­се­ру­ге ұсы­ныс енгі­зе беретін. Жоба­да пре­зи­дент­ке пар­ла­мент қарай­тын заң­дар­дың кезе­гін аны­қтау құқы­ғы беріл­гені де жазы­лған. Пар­ла­мент қабыл­даған заң жоба­сын­да әкім­дер мен сот­тар­ды сай­лау, депу­тат­тар­дың сай­ла­ну жүй­есін өзгер­ту тура­лы айтылмаған.

Еске сала кет­сек, пар­ла­мент Кон­сти­ту­ци­яға өзгерістер енгі­зу тура­лы заң жоба­сын науры­здың 3‑і күні өткен бір­лес­кен оты­ры­сын­да мақұл­даған еді. Бұл оты­ры­сқа Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев қаты­сып, «кон­сти­ту­ци­я­лық рефор­ма жоба­сы бір ай бүкіл­ха­лы­қтық қызу талқы­ла­у­ға салын­ды. Әр адам ұсы­ныс беру құқы­ғы­на ие бол­ды… 6 мың ұсы­ныс түсті. Бүкіл кон­сти­ту­ци­я­лық рефор­ма қоға­мы­м­ы­зды бірік­ті­ре түсу­ге бағыт­та­ла­ды. Сон­ды­қтан 26-бап­ты бұры­нғы редак­ци­яда қал­ды­ру­ды ұсы­на­мын» деп мәлім­де­ген еді.

Осы күні Назар­ба­ев: «Қыру­ар қар­жы, адам ресур­сын шығын­дап, рефе­рен­дум өткі­зудің және қоғам­да сая­си про­бле­ма туды­ру­дың қажеті жоқ. Сон­ды­қтан Кон­сти­ту­ция бой­ын­ша халық сай­лаған депу­тат­тар кор­пу­сы бұл заң­дар­ды қара­уға хақы­лы. Мен екін­ші жолын таң­да­дым», – деген болатын.

Мәжіліс депу­та­ты Нұр­лан Әбдіро­втің сөзін­ше, заң жоба­сын­да Қаза­қстан­ның «аумақтық тұта­сты­ғы, уни­тар­лық құры­лы­мы, басқа­ру фор­ма­сы қан­дай жағ­дай­да бол­ма­сын, тіп­ті Кон­сти­ту­ци­яға түзе­ту­лер енгі­зу жолы­мен де өзгер­тіл­мей­тіні, ел тәу­ел­сізді­гіне қаты­сты өзгерістер жасал­май­ты­ны» жазы­лған. Бұл тура­лы Қаза­қстан пре­зи­ден­ті «Қаза­қстан пре­зи­дент басқа­ра­тын мем­ле­кет болып қала береді» деп, науры­здың 1‑і күні де ескерт­кен болатын.

 

«ПРЕЗИДЕНТТІҢ ЕРЕКШЕ ОРНЫ»

Кон­сти­ту­ци­я­лық рефор­ма тура­лы заң жоба­сы пар­ла­мент­ке науры­здың 3‑і күні келіп түс­кен бір­не­ше депу­тат қата­ры­нан Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың Қаза­қстан мен аста­на­ның дамуын­дағы «ерекше рөлін» заң жоба­сын­да көр­се­ту тура­лы ұсы­ныс жасаған еді. Мәсе­лен, сенат депу­та­ты Дар­хан Қале­та­ев аста­на мен елде­гі нысан­дар­ды тұңғыш пре­зи­дент­тің аты­мен атау ұсы­ны­сы «зама­на­уи әрі өзек­ті» екенін айт­ты. Мәжіліс депу­та­ты Павел Казан­цев бұры­нғы Цели­но­град­тың (Аста­на­ның СССР кезін­де­гі ата­уы) бай­ы­рғы тұрғы­ны ретін­де аста­на­ның ата­уын өзгер­туді қол­дай­ты­нын мәлімдеді.

Депу­тат­тар Аста­на­ның ата­уын Қаза­қстан­ның тұңғыш және әзір­ге жалғыз пре­зи­ден­тінің аты­мен ата­уды бірін­ші рет ұсы­нып оты­рған жоқ. Өткен жылы қара­ша­да мәжіліс депу­та­ты Қуа­ныш Сұл­та­нов Кон­сти­ту­ци­яда Назар­ба­ев­тың «мем­ле­кет құру­дағы ерекше үлесін» көр­се­туді және Аста­на­ны Назар­ба­ев­тың аты­мен ата­уды ұсынған.

Ол кез­де мәжіліс депу­та­ты Бақыт­гүл Хаме­но­ва аста­на­ны Елба­сы ата­уды, сенат депу­та­ты Миха­ил Борт­ник қала­ны Аста­на-Елба­сы деп ата­уды ұсы­нған. Назар­ба­ев­тың өзі ол кез­де депу­тат­тар­дың ұсы­ны­сы­на алғыс біл­діріп, Аста­на­ның атын өзгер­туді қабыл­да­маған. Назар­ба­ев өзіне өзге­лер­дің пре­зи­дент­тің «мем­ле­кет құру­дағы еңбе­гін» елеп жатқа­ны «ұнай­ты­нын» айтқан. Алай­да қабыл­данған заң жоба­сы­на Аста­на­ның есі­мін Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың құр­метіне өзгер­ту тура­лы ұсы­ныс енбеді.

Қаза­қстан­дағы кей­бір сарап­шы­лар мен Батыс елдерін­де­гі БАҚ Кон­сти­ту­ци­яға енгізіліп жатқан өзгерістер билік тран­зи­тінің ама­лы деп болжайды.

Соның ішін­де Reuters агент­ті­гі «Қаза­қстан – көмір­су­тек­ті шикі­зат пен металл экс­порт­та­у­шы ірі ел. СССР кезі­нен бұл елді бір ғана тұлға басқа­рып келеді. Ол – 78 жастағы Назар­ба­ев. Назар­ба­ев өзі­нен кей­ін билік­ке кім келетінін әлі мәлім­де­ген жоқ, әрі бұл инве­стор­лар­дың алаң­да­у­шы­лы­ғын туды­ра­ды» деп жазды.

Агент­тік «мем­ле­кет­тік билік тар­мақта­ры­ның өкілет­тілік­терін қай­та бөлу билік­ті бір тұлға­ның қолы­на шоғыр­лан­дыр­май, маңы­зды құзірет­тер­ді түр­лі меке­ме­лер ара­сын­да бөлу­ге мүм­кін­дік береді» деп болжайды.

Қаза­қстан­ның қазір­гі Кон­сти­ту­ци­я­сы 1995 жылы рефе­рен­дум арқы­лы қабыл­данған. Оған көп­те­ген өзгерістер енгізіл­ді. Соның бірі – Қаза­қстан­ның тұңғыш пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­евқа қан­ша мерзім бол­са да, сай­ла­у­ға түсе беру құқы­ғы берілді.

Azattyq.org

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн