Воскресенье , 6 июля 2025

Соттың кесірінен «АРДАҚТЫ АНА» далада қала ма?

Жоғарғы сот­тың назарына

 

Редак­ци­я­мы­зға Алма­ты қала­сы­ның «Әйгерім» ықша­мауда­нын­да тұра­тын Медел­хан Сай­дах­ме­то­ва хабар­ла­сты. «Алтын алқа» төс­бел­гісі­мен мара­пат­талған көп бала­лы ардақты ана­ның айтуын­ша, сот шеші­мі­мен өзінің жалғыз бас­па­на­сы мен жері­нен айы­ры­лып қалға­лы тұр. Отба­сы­ның мен­ші­гіне аяқ асты­нан біреу дау­ласқан. Мәсе­ленің мән-жай­ын түсін­ді­ру үшін 15 жылға шегініс жасайық.

 

2000 жылы «Там­сан» ішкі мигрант­тар мен репа­три­ант жастар қоға­мы деп ата­ла­тын ұйым Алма­ты қала­сы әкім­ді­гінің бөл­ген жері­нен соғыс арда­гері әрі мүге­де­гі Құл­жа­бай Сай­дах­ме­тов пен оның жұбайы, «Алтын алқа­ның» иегері Медел­хан Сай­дах­ме­то­ваға «Әйгерім» ықша­мауда­ны­нан №158 нөмір­лі жер үлесін береді. Отба­сы­ның тір­нек­теп жиған қар­жы­сы­на тек 5 жыл өткен соң ғана үй тұрғы­зуға шама­ла­ры жеткен.

Бас­па­наға қол жет­кізіп, «уһ» деген жан­дар­дың қуа­ны­шы көп ұза­май су сеп­кен­дей басы­ла­ды. Жер үлесін бөл­ген әкім­дік­те­гі шене­уік­тер үй «қызыл жолақ» үстін­де тұр деген сыл­та­у­мен бас­па­на­ны заң­да­сты­ру­дан бас тар­та­ды. Ең қызы­ғы – кей­інірек Сай­дах­ме­то­втар отба­сы өздері­мен бір­ге баяғы «Там­сан» қоға­мы­нан жер телі­мін алған көр­шілерінің түгелі­мен үй-жайы мен жер­леріне мен­шік иесін айғақтай­тын құжат алға­нын біледі. Біз­ге де кезек келер деп, арқа­ны кең­ге салып жүр­ген жан­дар жер­лерін бөтен адам­ның дау­лап жүр­генін біл­ген­де, аспан­нан жай түс­кен­дей абды­рап қалады.

Ала­тау аудан­дық сотын­да Ибра­ги­мо­ва есім­ді аза­мат­ша өзіне 2004 жылы беріл­ген №108 жер телі­мінің мем­ле­кет­тік актісін көр­се­те­ді. Және сол жер­ді Сай­дах­ме­то­ва заң­сыз иеленіп отыр деп айып­тай­ды. Алай­да «Там­сан» қоға­мы­ның жер телім­дері сыз­ба­сын­да шағым­да­ну­шы­ның фами­ли­я­сы жоқ боп шыға­ды. Яғни, қоғам Ибра­ги­мо­ва есім­ді ада­мға жер телі­мін бер­ме­ген. Бұл аза­мат­ша дау­лап жүр­ген №108 жер телі­мі ешқа­шан «Там­сан­ның» иелі­гін­де бол­маға­ны да анықталды.

Сон­да бұл адам нелік­тен Медел­хан Сай­дах­ме­то­ва бала-шаға­сы­мен тұрып жатқан № 158 жер телі­міне дау­ла­са­ды деген қисын­ды сұрақ туа­ды? Оған Ала­тау аудан­дық соты заң­ның әріп­теріне сүй­ене оты­рып, әділет­ті жау­а­бын беруі тиіс еді. Алай­да судья заң­ның өзіне ғана мәлім тар­мақта­ры­на сүй­ене оты­рып, 85 жастағы Медел­хан әжей­ге бала-шаға­сы­мен бас­па­на­ла­рын бұзып, жер­ді шағым­да­ну­шы­ға беру­ге бұй­ы­ра­ды. Жау­ап беру­ші тарап адво­ка­ты­ның айтуын­ша, алға­шқы сот оты­ры­ста­рын­да жер телі­міне қаты­сты Ибра­ги­мо­ва­ның аты­на кадастр­лық істің тір­кел­ме­гені аны­қталған. Мұны айғақтай­тын құзыр­лы орган­ның хаты да бар. Ал кей­інірек әкел­ген кадастр­лық құжат­тың өрес­кел заң бұзу­шы­лы­қтар­мен тол­ты­ры­лға­ны әшке­ре­ле­неді. Дәлірек айтқан­да, жер телі­мінің шека­ра­сын аны­қта­уға көр­шілер емес бөтен адам­дар қаты­сқан дей­ді адво­кат. Ал жер­ге орна­ла­сты­ру құжат­та­ма­сы­ның жоба­сы­на Алма­ты қала­лық жер қаты­на­ста­ры басқар­ма­сы­ның басты­ғы келісім бермеген.

10 жыл­дан бері жер телі­мін ізде­ме­ген, оның салы­ғын төле­ме­ген адам­ның аяқ асты­нан өзге­лер­дің жеріне осы­лай дау­ласқа­ны таң қал­ды­ра­ды. Алай­да бәрі­нен бұрын жау­ап беру­ші тарап­ты судья­лар­дың құжат­тар­дың заң­ды­лы­ғы­мен қоса, дау болған жер­дің қай жер­де орна­ласқа­нын аны­қта­уды да қажет деп тап­паға­ны есең­гірет­ті. Ала­тау аудан­дық соты Медел­хан әжей­дің жау­ап­кер ретін­де тар­ты­лған неме­ресінің қолы­на бас­па­на­ны бұзып, жер­ді шағым­да­ну­шы­ға беру тура­лы шешім­ді ұстатады.

10 бала­ны дүни­е­ге әкеп, тәр­би­е­ле­ген «Батыр ана» 85 жасын­да дала­да қалуы мүм­кін. Тоғыз бір­дей сот оты­ры­сы­нан әділет­ті шешім көре алмаған соғыс арда­герінің жесірі енді­гі үмітін Алма­ты қала­лық соты­ның апел­ля­ци­я­лық кол­ле­ги­я­сы­на арту­да. Кеше ғана жеңістің кезек­ті мерей­той­ын­да әке­лері мен ана­ла­ры­ның ерлі­гін ұмыт­па­уға серт бер­ген шене­уік­тер аштық пен соғы­стың ащы дәмін татқан кей­у­а­на­ның бүгін­гі жанай­қай­ын естір ме екен? Естіп қана қой­май, алыс пен бері­стен гөрі қарыз бен пары­здың жүгі анағұр­лым ауыр екенін түсін­се, қәне?

Дәнен БАЙСАЛ,

Алма­ты қаласы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн