Суббота , 5 июля 2025

«ҚҰСТАР ҚАЙҒЫСЫ» ҚАЛАЙ ЖЫРЛАНАДЫ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №21 (385) от 1 июня 2017 г.

 

Ойдан-қыр­дан

Бай­ға­зы


 

Өткен апта­да «Ер Жәні­бек» атын­дағы халы­қа­ра­лық қоғам­дық қоры және ҚР Ұлт­тық кіта­п­ха­на­сы­ның ұйым­да­сты­руы­мен қазақ әде­би­етінің Қытай­да туған клас­сик ақы­ны, жазу­шы, дра­ма­тург Омарға­зы Айтанұлы­ның туға­ны­на 85 жыл толуы­на орай «Құстар қай­ғы­сы» атты жыр жинағы­ның тұса­у­ке­сері өтті.

 

Алаш сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты, ақын Жәр­кен Бөде­шұ­лы, тарих ғылым­да­ры­ның док­то­ры, про­фес­сор Нәби­жан Мұхам­мед­ханұ­лы, «Ер Жәні­бек» ХҚҚ-ның пре­зи­ден­ті Жеңіс Түр­кия және ақын Мұрат Шай­ма­ран кітап­тың тұса­уын кесті. Омарға­зы Айтанұлы­ның көзін көр­ген заман­даста­ры мен соңын­да қалған інілері ақын­ның шығар­ма­шы­лы­ғы мен өмірі жай­ын­да ой-пікір­лерін бөлісіп, қызғы­лы­қты естелік­тер айт­ты. Жиналған­дар кітап­ты шыға­руға қар­жы­лай қамқор­лық қылған «Kelun-Kazpharm» серік­те­сті­гіне алғы­ста­рын біл­дір­ді. «Құстар қай­ғы­сын» қалың қаза­ққа жет­кіз­ген ұлт­жан­ды аза­мат, «Ер Жәні­бек» қоры­ның пре­зи­ден­ті Жеңіс Түр­ки­яға ақын­ның туы­ста­ры алғы­ста­рын жауды­рып, иығы­на шапан жапты.

Мұн­дағы наси­ха­ты кен­де қалған­ды­қтан, Омарға­зы ақын­ды біл­мей­тін елде­гі қаза­қтар­дың есіне салай­ық: Омарға­зы Айтанұ­лы – 1931 жылы 20 қара­ша­да бүгін­гі Қытай­дың қара­мағын­дағы, бұры­нғы қазақ жері – Тар­баға­тай аймағы, Толы ауда­ны­ның Май­лы тауын­да туған. Орта мек­теп­ті үздік бітір­ген. 1957 жылы Шын­жаң инсти­ту­ты­ның әде­би­ет факуль­тетін бітіріп шыққан талант­ты ақын «Шұғы­ла» жур­на­лы­на редак­тор болып тағайындалады.

Өкініш­ке қарай, Қытай­дағы Мәде­ни төң­керіс науқа­нын­да әсі­ре қызыл сая­сат­тың сал­да­ры­нан 20 жылға жуық – 1959 жыл­дан 1978 жылға дей­ін жер ауда­ры­лып, еңбек май­да­нын­да қатаң бақы­ла­уда болған. Кей­ін­нен еліне оралған соң, «Құс жолы», «Түйе», «Сәу­ке­ле» жыр жинақта­ры, «Аң шыды­рын оқ табар», «Тара­зы» роман­да­ры жары­ққа шыға­ды. Омарға­зы қазақ поэ­зи­я­сын­да ешкім­ге ұқса­май­тын, өзін­дік ұйқас өрі­мін қалып­та­сты­рып кет­кен ақын. Ол 1992 жылы 26 сәуір­де Үрім­жі­де қай­тыс болды.

Қазақ жыры­ның хас шебер­лерінің бірі Омарға­зы Айтан­ның «Құстар қай­ғы­сы» атты жыр жинағы­на ақын­ның әр жыл­да­ры жазы­лған ойы терең, боя­уы келісті, сары­ны өзге­ше өлең­дері мен ары­ны асау, құла­шы аса кең дастан­да­ры топ­та­сты­ры­лған. Қазақ өлеңінің кеңісті­гін таңға­жай­ып талан­ты­мен кеңей­те біл­ген ақын­ның туын­ды­ла­ры талғам­паз оқыр­ман­дарға арналған.

«

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн