Суббота , 5 июля 2025

СУИЦИД және оның алдын алу

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №6 (370) от 16 фев­ра­ля 2017 г.

 


Әле­умет әуресі

 


 

Суи­цид сөзін латын тілі­нен аударған­да «өзін-өзі өлті­ру», «өзіне-өзі қол салу» неме­се «қасақа­на өз өмірін қию» деген мағы­на­ны біл­діреді. Қазір­гі таң­да өзіне-өзі қол салу­ды мінез-құлқы бір­жақты, ауру, ақыл-есі кем адам­ның іс-әре­кеті деп айтуға бол­май­ды. Бұл әре­кет көп жағ­дай­да есі дұрыс адам­ның мінез-құлқын­да да кез­де­сетін жағ­дай екені аны­қта­лып отыр.

 

Жасөс­пірім кезең­де суи­ци­ал­дық мінез-құлы­қтың кей­бір өзге­шелік­тері бола­ды. Мұн­дай мінез-құлық бұл жаста көп жағ­дай­да демон­стра­тив­тік неме­се бай­ба­лам­дық сипатты болып келеді. Жасөс­пірім­дер­дің 10 пай­ы­зы шынайы өлгісі келетін ниет біл­дір­се, ал 90 пай­ы­зы­ның іс-әре­кеті көмек­ке шақы­рған жан-айқайы екені дәлелденген.

Жасөс­пірім­дер ара­сын­да суи­цид оқиға­ла­ры­ның жиiле­уiне көбі­не­се отба­сы­лық және қоғам­дық тәр­би­енiң жоқты­ғы, зор­лық-зомбы­лық, есiрт­кi қол­да­ну, әртүр­лі ком­пью­тер­лік ойын­дар, атыс-шабыс, қан­тө­гіс­ке толы фильм­дер­дің тіке­лей әсері бар. Ғалым­дар бұл абы­рой­сыз өлім көбі­не­се өмір­де­гі тар­шы­лық, мате­ри­ал­дық тап­шы­лы­қтан, одан қал­са, ақыл-есі кем­дік­тен бола­ды деген болжам айтып келеді. Алай­да бақу­ат­ты, жағ­дайы жаман емес неме­се ман­сап­ты, бас­шы адам­дар­дың өзін-өзі өлтіруін қалай түсінеміз?

Соңғы жыл­да­ры мек­теп жасын­дағы оқу­шы­лар­дың өз-өзіне қол жұм­сау оқиға­сын жиі қай­та­ла­нуы­ның ден­деп кетуінің бір ұшы «пам­пер­стің» кеса­па­тын­да жатыр. Себебіне үңіл­сек: «пам­перс» киіп ержет­кен бала қай кез­де, қай жер­де, қан­дай күй­де болға­ны­на қара­ма­стан (ұйы­қтап жатып та), дәрет­ке оты­рып қояды. Өйт­кені ол бала­да дәретін уақыт пен оры­нға қарай рет­теп, ұстап жүру қабілеті жой­ы­лған. Яғни, рефлекс әлсіз неме­се қалып­тас­пай қалған. Сәби кезін­де орны­қ­пай қалған рефлекстің зардаб­ын есей­ген­де тарт­пақ. Қысқа­сы, «пам­пер­стің» сал­да­ры­нан дәрет сын­ды­ру рефлексі жой­ы­лып, «эну­рез», яғни шыжың дер­тіне ұшы­раған жасөс­пірім ақы­ры өзін-өзі мерт етіп тынады.

Шыжың дер­ті бала­бақ­ша­ны қой­ып, мек­теп­тің жоғарғы сынып оқу­шы­ла­ры ара­сын­да да көп­теп кез­де­седі. Әрі жыл сай­ын көбею үстін­де. Дәретіне ие бол­маудың ақы­ры қасірет­ті жағ­дай­ға әкеліп соға­ды. Ондай жағ­дай­ға ұшы­раған бала­ның ішкі күй­зелісін әдет­те әркім түсіне бер­мей­ді. Депрес­си­я­лық жағ­дай­ға түс­кен бала­ны ата-ана­сы, тәр­би­е­ші, мұғалім, доста­ры, жақын­да­ры бай­қаған бой­да пси­хо­лог­тің кеңесін алған­да­ры дұрыс.

Депрес­сия – қаза­қтың жабы­ғу, торы­ғу, күй­зе­лу секіл­ді ұғым­да­ры­на бала­ма ұғым. Бұл өзі нары­қтық қоғам орнаған соң ең көп қол­да­ны­ла­тын әрі ең бір «сән­ді» сөз­ге айнал­ды. Адам бой­ын­дағы стрес­стік жағ­дай­лар мен жүй­кенің шар­ша­уы депрес­си­яға жете­лей­ді, сон­ды­қтан бұл жағ­дай­дың қай­сысы қай­дан шығып жатқан­ды­ғын ол біле бер­мей­ді. Сон­да суи­цид жағ­дай­ын­да жанү­зетін­дер­дің көбі жабы­ғу­дың, торы­ғу­дың, күй­зе­лудің торы­нан құты­лу­дың жолы – өлім деп біліп, солай шешім қабыл­дай­ды деген сөз.

Депрес­си­я­лық жағ­дай­ға түс­кен адам жиі агрес­си­я­лы (ұры­сқа, қақты­ғы­сқа бей­ім) бола­ды. Соны­мен бір­ге оның агрес­си­я­сы бірін­ші кезек­те өзіне, содан соң жақы­ны­на және қор­шаған орта­сы­на бағыт­та­ла­ды. Көп жағ­дай­да жақын­да­ры неме­се қор­шаған орта­сы оның бой­ын­дағы өзгерістер­ді түсін­бей­ді де, қабыл­дай да алмай­ды. Ал бұл оны көп­те­ген тығы­ры­ққа тіреп, соңы суи­цид­ке әкеліп соғуы мүмкін.

Міне, осы жағ­дай­лар­дың бар­лы­ғын­да бірін­ші кезек­те ата-ана­сы­ның, отба­сы­ның, тәр­би­е­шінің, мұғалім­нің, мед­би­ке­лер­дің, жал­пы тәжіри­белі дәрі­гер­дің, пси­хо­лог пен пси­хи­атр­дың, доста­ры­ның көме­гі қажет. Өкініш­ке орай, жал­пы тәжіри­белі дәрі­гер­лер депрес­си­я­ны дер кезін­де аны­қтаға­ны­мен, көп­шілік пси­хо­лог пен пси­хи­атр қыз­метінің не екен­ді­гін және оның не үшін қажет­ті­гіне мән бере бер­мей­ді. Алай­да депрес­си­я­лық жағ­дай­да ада­мға көбі­не­се отба­сы мүше­лерінің шынайы қамқор­лы­ғы, жақын­ды­ғы, түсіністі­гі мен деме­уі қажет екенін ескер­ген жөн. Сіз өзіңіз­ге жақын адам­да депрес­сия басталға­нын бай­қа­саңыз, оның себеп­терін аны­қта­уға тыры­сы­ңыз. Бұл – мүм­кін бола­тын қауіп­ті жағ­дай­дың алдын алуға пай­да­сын тигі­зеді. Осы­ған орай ұсы­ны­ла­тын пси­хо­ло­ги­я­лық, меди­ци­на­лық, педа­го­ги­ка­лық кеңес:

1. Депрес­сия кезін­де өзі қызы­ға­тын жұмыспен, нәр­се­мен айна­лы­суы­на ықпал жасаңыз, көмек беріңіз. Оның бір өзін жеке қал­дыр­мауға тыры­сы­ңыз. Егер ол қар­сы­лық біл­дір­се, онда жай­ы­на қал­ды­ры­ңыз, мүм­кін, осы­лай болға­ны жақ­сы шығар, бірақ қадаға­ла­уды ұмытпаңыз.

2. Оның сіз үшін қадір­лі екен­ді­гін, жақ­сы көретініңізді, оның қан­ша­лы­қты жақын­да­ры­ңы­зға керекті­гі тура­лы көп айты­ңыз. Оның сіз­бен бір­ге болуы өте қажет екен­ді­гін көр­сетіңіз, дәлелдеңіз.

3. Күн тәр­тібін жиі өзгер­тіңіз, егер мүм­кін­дік бол­са, оның барғы­сы келіп жүр­ген жаққа неме­се оның жағым­ды естелік­тер қал­ды­рған жер­леріне барып қай­туға тыры­сы­ңыз. Бір­ге жүретін сая­хатқа, қыды­руға неме­се қонаққа бару­ды алдын ала жос­пар­лаңыз. Бұл оған көп көме­гін тигі­зеді, себебі ол жақын бола­шаққа өз жос­пар­ла­рын құра бастай­ды, сөй­тіп теріс ойлар­дан ары­луы мүмкін.

Депрес­сия адам­да жеңіл неме­се ауыр өтуі мүм­кін. Деген­мен, одан сауы­ғып кету­ге әбден бола­ды. Өзіңіз­ге жақын адам­дарға көңіл бөліңіз, олар­ды сүйе біліңіз, пси­хо­лог пен пси­хи­атр маман­дар­дан кеңес алу­дан қорықпаңыз.

Нұр­лан ЕСЕНҒАЗЫ,

Ақтө­бе меди­ци­на­лық колледжі

суи­цид­тің алдын алу коми­тетінің төрағасы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн