Понедельник , 5 мая 2025

Сыйлаймын да, АЯЙМЫН ДА

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №44 (361) от 01 декаб­ря 2016 г.

 

Ата­лы сөз

 


 

Ел биле­ушілерін мақта­уға да, сына­уға да негіз жетіп арты­ла­ды. ҚР Пар­ла­мен­тінің Тәу­ел­сіздік­тің 25 жылы­на бай­ла­ны­сты декла­ра­ци­я­сын бір­лес­кен оты­ры­ста қабыл­даға­нын көр­ген­де, XIV ғ. фран­цуз фило­со­фы Клод Гель­ве­ций­дің көре­ген сөз­дері есі­ме түсті: «Өз биле­ушілерін бетіне басып сына­уға хұқы жоқ халы­қтар­дың мақта­уға да құқы жоқ. Құл­дар­дың мақта­уы ештеңені де білдірмейді».

 

Біздің осы пар­ла­мент пре­зи­дент­ті сынап көр­ген емес, демек, оны мақта­уға да құқы жоқ. Себебі әділ сын бар­ды – «бар» деп, жоқты – «жоқ» деп сара­лап баға береді.

Мен Қуа­ныш Сұл­та­но­вты сый­лай­мын да, аяй­мын да. Ол Д. Қона­ев­ты тақта оты­рған­да мақтап, тақтан түс­кен­де, Кол­бин­ге ұнай­мын деп сынаған­дар­дың бірі. Қаза­қстан Ком­пар­ти­я­сы Орта­лық Коми­тетінің VІІІ (1987 ж.) Пле­ну­мын­да іс пен сөздің алшақты­ғын, сая­си сенім­нің төмен­ді­гін, сая­си тәкап­пар­лық, мен­мен­дік, құр мадақ билік­тің беделін түсіретін­ді­гін айта келіп, Қ.Сұлтанов былай деген еді: «Осы тұста менің ойы­ма мына­дай сұрақ ора­ла­ды: бірін­ші бас­шы­лы­қтың атағын аспанға көтер­ген кім? Көп­те­ген бел­гілі бас­шы­лар – өздері Орта­лық Коми­тет­тің мүше­лері, жыл­дан-жылға үде­те түсті, әуелі «құр­мет­ті­ден» бастап, сонан соң не себеп­ті «аса құр­мет­ті­ге», одан кей­ін «көр­нек­ті қай­рат­кер­ге» айнал­дыр­ды? Халы­қтың ара­сын­да қан­дай пікір туғы­зды, жастарға қан­дай үлгі көр­сет­ті?» («Соци­а­ли­стік Қаза­қстан», 17 март, 1987 ж.).

Ал пре­зи­дент­ті жары­са мақтаған депу­тат­тар бүгін жастарға қан­дай үлгі көр­сетіп отыр?

«Құл­дар­дың мақтаға­ны ештеңені де біл­дір­мей­ді» деген осы емес пе?

Қаза­қстан­ды­қтар Нұр­сұл­тан Әбі­шұлы­ның еңбе­гіне шын баға­сын береді, бірақ жарам­сақтар­дың мақта­уын халық қабыл­да­май­ды. Пре­зи­дент те қабыл­да­мас дей­мін. Мақтау пси­хо­ло­ги­я­лық шегі­нен шыққан­да, мадақтаған тұлғаға да жағым­сыз пікір туды­ра­ды, «мақта­тып отыр» деген­дей ой қал­ды­ра­ды, айна­лып кел­ген­де, беделіне де көлең­ке түсіреді. Осы­дан табы­ну­сыз мәде­ни­ет бол­май­ды, ал мәде­ни­ет­сіз табы­ну­дан «қауіп» деген сөз шыққан.

Қазір­гі жастар – ақпа­рат­тық заман­ның жаста­ры, өзі­мізді өзге­мен салы­сты­рып баға­лай­ды, арзан сөз­ге алданбайды.

Тари­хи тұлға­ның беделін баға­лау мен оған табы­ну­дың ара­сын айы­ра білу сая­си мәде­ни­еті біз­ге жет­пей жатыр.

 

Аман­гел­ді АЙТАЛЫ,

фило­со­фия ғылым­да­ры­ның докторы,

про­фес­сор

Abai.kz

 

 

Жұм­бақ:

Ұйы­қ­та­са бүлдіреді,

Оян­са күлдіреді.

• Ержан Тәліп­тің ФБ-парақшасы­нан

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн