Воскресенье , 29 июня 2025

Тәңірдің назарындағы Димашқа ҚЫТАЙ ҚАЙРАН ҚАЛДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №3 (367) от 26 янва­ря 2017 г.

 

Ойдан-қыр­дан

 


 

Контра­те­нор. Мін­сіз фаль­це­ті аль­ти­но­мен шек­тесіп жатыр. Төмен­ді тұнық ала­ды, жоға­ры­ны ашық шырқай­ды. Шырыл­да­май­ды, шарыл­да­май­ды, шыңғыр­май­ды. Әде­мі әуезді әнші. Түрі келісті жігіт. Сахна­ны сезуі, зал­мен бай­ла­ны­сы ғала­мат әртіс. Шір­кін, бір көзі ашық про­дю­сер пай­да болып, runs & riffs тех­ни­ка­сын жетіл­ді­ре түсіріп, АҚШ-тағы, я Ұлы­бри­та­ни­ядағы додаға салар ма еді?! Шын мәнін­де бір-ақ түн­де дүние жүзіне таны­лар еді. Әйт­пе­се Қытай деген халық саны ғана көп деме­сеңіз, ман­да­рин деген тілі мен Бай­ду деген желісі Қытай қорға­ны құсап, тас бітеп қор­шап жатқан жабық мәде­ни кеңістік қой. Жас әнші­міздің жолы ашық, маң­дайы жарық, жұл­ды­зы биік болсын!

 

Ғалым БоҚа­штың ФБ-парақшасынан

 

 

Қытай елінің сын­шы­ла­ры ерекше дарын­ды қазақ бала­сын жоға­ры баға­лап, оған «Тәңір өзі наза­ры­на алған әнші» деп баға бер­ді, деп хабар­лай­ды Stan.kz. Қытай басы­лым­да­ры қаза­қтың Дима­шы тура­лы жары­са жазып жатыр. Тіп­ті жоба маман­да­ры мен қаты­су­шы­ла­ры оған «Тәңір өзі наза­ры­на алған жас әнші, ондай дауыс мен­де де бол­са деп арман­да­удың қажеті жоқ, ол оған Құдай­дың бер­ген сыйы» деп баға­сын берген.

 

Димаш ең алғаш рет спек­такль­де ойна­уы­мен таны­ла баста­ды. Бес жасын­да музы­ка­лық кол­ледж сахна­сын­да алғаш әнші ретін­де ән салған. Алты жасын­да «Айна­лай­ын» рес­пуб­ли­ка­лық бай­қа­уы­ның «Фор­те­пи­а­но» номи­на­ци­я­сын­да жеңім­паз атанған.

2010 жылы «Бай­қо­ныр­дың Әсем дауы­ста­ры» Халы­қа­ра­лық фести­валінің І жүл­де лау­ре­а­ты атан­ды. 2012 жылы «Жас қанат» Рес­пуб­ли­ка­лық жас ән орын­да­у­шы­лар бай­қа­уы­ның Гран-при жүл­десіне ие болып, осы жылы «Восточ­ный базар» Халы­қа­ра­лық бай­қа­уын­да І жүл­де лау­ре­а­ты атан­ды. 2013 жылы Димаш Құдай­бер­ген «Мей­кин Азия» І Халы­қа­ра­лық фести­валінің жеңім­па­зы бол­ды. 2015 жылы 28 қазан күні Ыстан­бұл­да Димаш Құдай­бер­ген «Abu TV» Халы­қа­ра­лық Азия-Тынық мұхит фести­валін­де Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аты­нан алғаш рет қатысты.

Димаш Құдай­бер­ген 5 жасы­нан бастап фор­те­пи­а­но­да ойна­уды үйрен­ген. Бала­лар хорын­да ән айтқан. 2014 жылы Димаш Ахмет Жұба­нов атын­дағы музы­ка­лық кол­ле­дж­де ака­де­ми­я­лық ән орын­дау сыны­бын тәмам­дап, Қазақ Ұлт­тық өнер уни­вер­си­тетінің «Эст­ра­да өнері» факуль­тетіне түсті.

Димаш серб, ита­льян, фран­цуз, ағы­л­шын, орыс, т.б. тіл­дер­де ән орындайды.

Stan.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн