Суббота , 5 июля 2025

ТҰМАУДАН САҚТАНДӘРІ ҚЫМБАТТАДЫ

 

Алма­ты дәрі­ха­на­ла­рын­да тұмау мен ОРВИ кезін­де пай­да­ла­на­тын дәрілер баға­сы жыл басы­нан бері 60%-ға қым­бат­та­ды, деп хабар­ла­ды Қаз­ТАГ тілшісі.

 

Соны­мен, «Тераф­лю №10» 60%-ға қым­бат­тап, 900 тең­ге болған, ал бір ора­мы 2400 тең­ге тұра­тын «Coldrex №10» 40%-ға – сәй­кесін­ше Т600 және Т2100 бол­ды. «Инсти» шайы Т80 қым­бат­тап, Т400 бол­ды. Қаза­қстан­да шыға­ры­лған «Реман­та­дин­нің» бір ора­мы Т490 тұрады.

«Фер­векс» ора­мы Т1650-ден саты­лу­да, ал ақпан­да оның баға­сы Т1500 болған еді, «Инга­ви­рин­нің» баға­сы Т2600-ден Т2900-ға дей­ін өсті.

ҚР-дағы халы­қа­ра­лық дәрі-дәр­мек өндіру­шілер қауым­да­сты­ғы­ның атқа­ру­шы дирек­то­ры Свет­ла­на Оспа­но­ва­ның айтуын­ша, тамы­здан бері кей­бір дәрілер­дің баға­сы 30–40%-ға өскен. «Қан­ша­лы­қты құн­сызда­ну бол­са, есеп­теңіз, дәрі-дәр­мек­тің баға­сы да сон­ша­лы­қты өседі. Себебі олар­дың бар­лы­ғы сырт­тан әкелі­неді. Қайт­кен күн­де де дәрі-дәр­мек баға­сы қым­бат­тай­ды, себебі олар­ды қап­тай­тын мате­ри­ал­дар, суб­стан­ци­я­лар, қосым­ша хат­тар, олар­дың бар­лы­ғы шетел­де валю­та­мен сатып алы­на­ды», – деп түсін­дір­ді ол.

Қаз­ТАГ

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн