Суббота , 5 июля 2025

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ТӨРТ ГЕКТАРДЫҢ ЗАҢДЫ АҚИҚАТЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №27 (391) от 12 июля 2017 г.

 

Жазы­лған жай­ға жауап


 

Жуыр­да 8‑ші мау­сым­да «Обще­ствен­ная пози­ция» газетін­де жари­я­ланған «Түр­кістан­дағы төрт гек­тар­дың жемқор­лық жыры» (автор Ордаб­ек Шаях­ме­тов) мақа­ла­сы­ның өзе­гіне айналған Түр­кістан қала­сы­на қарас­ты Сау­ран ауыл­дық окру­гінің «Қара­жон» елді мекенін­де­гі 4 гек­тар жер­дің заң­ды иесінің кім екенін біліп, ақиқа­тын аны­қтау үшін жер қаты­на­ста­ры бөлі­мінің мұраға­тын көте­руі­міз­ге тура келді.

 

Әңгі­месін әрі­ден бастаған мақа­ла авто­ры­ның өзін жер­дің «қожай­ы­ны­мын» деп айтуы­на не түрт­кі болға­ны түсініксіз. Себебі, қай уақыт­та да бол­ма­сын, жер­дің иесі заң­ды құжат­пен рәсім­де­летіні бел­гілі. Ал уақы­тын­да туып-өскен жерін көр­кейт­кісі кел­ген жомарт жан­ның осын­ша бей­нет­тен­гені рас бол­са, «сов­хоз дирек­то­ры­нан алған жер­ді құжат­тан­ды­руға неге мән бер­ме­ген?!». Яғни мұн­да мақа­ла авто­ры өз тара­пы­нан аталған 4,0 га жер телі­мін бел­гіле­ме­ген және жер­ге орна­ла­сты­ру жоба­сын жаса­тып, мем­ле­кет­тік актісін рәсім­де­ме­ген. Егер өзінің, әу-бастан, алма бауы­на деген еңбе­гі мен иесі екенін дәлел­де­гісі кел­се, заң­ды түр­де Кодекстің 167-бабы бой­ын­ша Жер дау­ла­ры, жер құқы­ғы қаты­на­ста­ры­нан туын­дай­тын дау­лар­ды қарай­тын сот тәр­тібіне жүгі­нуіне бола­тын еді.

Ал, атал­мыш жер­ге қаты­сты кон­курс мәсе­лесіне келер бол­сақ, ҚР Жер кодексінің 48-бабын­да Мем­ле­кет­тік мен­шік­те­гі жер учас­ке­леріне құқы­қтар­ды сауда-сат­ты­қта (кон­кур­стар­ды, аук­ци­он­дар­да) алу және ҚР Үкі­метінің 2003 жылғы 13 қара­ша­дағы №1140 қаулы­сы­мен бекітіл­ген Жер учас­кесін неме­се жер учас­кесін жал­дау құқы­ғын сату жөнін­де­гі сауда-сат­ты­қта (кон­кур­стар­ды, аук­ци­он­дар­ды) ұйым­да­сты­ру және өткі­зу ере­же­сі (Ере­же) негізін­де Түр­кістан қала­сы ауыл шару­а­шы­лы­ғы және жер қаты­на­ста­ры бөлі­мі тара­пы­нан Ере­женің 4 тар­мағы­на сәй­кес жер­гілік­ті «Түр­кістан» газетінің 2015 жылғы 13 ақпан­дағы №7 (9241) санын­да ауыл шару­а­шы­лы­ғы­на қаты­сты кон­курс ұйым­да­сты­ры­ла­ты­ны тура­лы хабар­лан­ды­ру жари­я­ланған. Ал, кон­курс тура­лы хабар­ла­ма шыққан­нан кей­ін 30 күн­тіз­белік күн­нен кей­ін 2015 жылы 16-науры­зда ұйым­да­сты­ры­лған кон­кур­стың жеңім­па­зы­ның тізі­мі «Түр­кістан» газетінің 30. 04. 2015 ж. №18 (9252) жари­я­ланған болатын.

Кон­курс талап­та­ры бой­ын­ша үміт­кер­лер­ден талап етілетін құжат­тар тіз­бесі фак­спен емес, «кон­кур­стық өтінім­дер ұйым­да­сты­ру­шы­ға соңғы қабыл­дау мерзі­міне дей­ін қол­ма-қол неме­се пошта арқы­лы табыс етіледі» – деп арнайы ере­женің 16-пун­кітін­де көрсетілген.

Бүгін­де сол кон­кур­стың заң­ды жеңім­па­зы, жер­дің заң­ды иесі А.Иманбеков (Түр­кістан қала­сы әкі­мінің 18. 08. 2015 жылғы №1198 қаулы­сы негізін­де 280 га жай­ы­лым­дық жер және 7 га суар­ма­лы жер 10 жыл­дық мерзім­ге жалға беріліп, мем­ле­кет­тік актісі №19–31-122‑1103 рәсім­дел­ген) өзіне тиесілі жай­ы­лым­дық жер­ге «Нұр­бек» шаруа қожа­лы­ғын құрып, шаруа­сын дөң­ге­летіп отыр­са, ал суар­ма­лы жер­ге алма бауы­ның бола­шағын қолға алып, жер­ді өңдеп, қор­ша­уын қай­та жасап, көр­кей­тіп жатыр. Яғни «Қара­жон» елді мекенін­де­гі 280 га жай­ы­лым­дық жер мен 7 га суар­ма­лы жер­дің тағ­ды­ры мен бола­шағы бүгін­де қуан­тар­лы­қтай деп толық айта аламыз.

Т. МҰСАЕВ,

Түр­кістан қала­сы әкі­мінің орынбасары,

Оңтүстік Қаза­қстан облысы 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн