Суббота , 5 июля 2025

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ТӨРТ ГЕКТАРДЫҢ жемқорлық жыры

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №22 (386) от 8 июня 2017 г.

 

Редак­ци­яға хат


 

Осы­дан бірер ай бұрын ШҚО әкі­мінің «Шатқал» бағ­дар­ла­ма­сы қабыл­да­нып, ол облы­стың жер­жер­лерін­де жүзе­ге асы­ры­лып жатқан еді. Осы­ған орай, біз, бұл жайт Түр­кістан қала­сы әкі­міне де ой салар, кезін­де өзі­міз ектір­ген алма бауы жерін заң­сыз жол­мен иеленіп алып, мал жай­ып жібер­ген «мықты­ға» тосқа­уыл қояр, біздің бір жыл­дан бері жатқан ары­зы­мы­зға лай­ық шешім қабыл­дар деген ойда болып едік. Алай­да біз бүгін­гі таң­да атал­мыш қала әкі­мі тара­пы­нан мұн­дай ісқи­мыл­ды көр­мей отырмыз.

 

Әңгі­ме­міз түсінік­ті болу үшін, бәрін басы­нан бастайық.

Менің туған ауы­лым – «Қара­жон» – Түр­кістан ауда­ны­ның шалғай бір түк­пірін­де жатқан елді мекен. Мұн­дағы тұрғын­дар­дың негіз­гі күн көрісі мал­мен бай­ла­ны­сты. Жеміс аға­шы­нан бірекі жер­де өрік аға­шта­ры бар. Алма деген жоқтың қасы. Сол себеп­ті 1975 жылы бол­са керек, елге көрік, әрі напақа бол­сын деп, сол кез­де­гі «Май­дам­тал» сов­хо­зы­ның дирек­то­ры Қай­ып Басқо­жа­евқа барып жүріп, ауыл­дың көкөрісті, бұлақтан бастау ала­тын азы­на­у­лақ суы бар «Шаша­на» учас­кесіне 4 гек­тар алма ектір­дім. Оны қор­ша­уға қажет­ті темір тор мен цемент қада­лар­ды қасы­ма сов­хоз­дың бас агро­но­мы Әбдіра­шит Орын­бе­то­вты ертіп, әр меке­ме, кәсі­по­рын­дарға барып жүріп, өзім алып бер­дім. Бауға қара­уға ешкім шық­паған соң, қарын­да­сым Күл­зия мен күй­еу балам Көл­бай­ды қара­уыл­бағ­бан қылып қойдым.

Совет Одағы ыды­рап, сов­хоз тараған­да, сол кез­де­гі сов­хоз дирек­то­ры Мыр­зан Хандул­ла­ев жина­лыс жасап, алма бауын қарын­да­сым Күл­зи­я­ның иелі­гін­де қал­дыр­ды. Алай­да осы­дан соң «Қара­жон» бөлім­ше­сі «Ұжым­шар» бол­ды да, оның басты­ғы бауды Түр­кістан қала­сын­да тұра­тын бір ағай­ы­ны­мы­зға (бұлар­дың аты­жөнін дәл қазір біз сөз еткелі оты­рған іске онша­лық қаты­сы бол­маған­ды­қтан, көр­сет­кі­міз кел­мей отыр) сатып жібер­ді. Бұл кез­де қарын­да­сым­ның алды­мен күй­е­уі қай­тыс болып, одан соң арми­ядағы бала­сы «дедов­щи­на­ның» құр­ба­ны болып, оның үстіне өзінің де ден­са­улы­ғы бол­май жүр­ген. Кіші бала­сы әлі жас, мек­теп­ке енді барған. Сол себеп­ті алма бауын кім алса да, оған қарай ала­тын адам­ның алып, бұры­нғы­сын­ша елге көрік болып тұра бер­генін дұрыс көргем.

Сөйт­сем, қате­лесіп­пін. Оны жолым түсіп, алма бауын барып бір көр­генім­де біл­дім. Бұл жолы көр­генім – әдет­те бұған дей­ін өзім көріп жүр­ген­дей алма бауы емес, соның талан­та­ра­жы шыққан жұр­нағын ғана көр­ген­дей бол­дым. Баяғы 4 гек­тар бауды қор­шап тұрған темір тор мен цемен­тқа­да­лар­дан түк қал­маған. Ашы­қ­ша­шық. Ішін­де сиыр­лар өріп жүр.

Сөйт­сем, бауды сатып алған әлгі ағай­ы­ны­мыз осы­дан екіүш жыл бұрын Соза­қтан көшіп кел­ген інісі Аман­тай Иман­бе­ков­ке беріп­ті. Ал ол бол­са, өзі Соза­қта қалып­ты да, осы ара­дағы алма бауы суа­ры­ла­тын темір құбыр­лы бұлақ басы­на эко­ло­ги­яға қай­шы келетініне қара­ма­стан, көк кір­пі­ш­тен екі қабат­ты там сал­ды­рып, бала­сын оты­рғы­зып қой­ып­ты. Бұл жер­ді тиісті құжат («гос­ак­ті») алып, заң­ды түр­де иеле­ну жағы­мен, әлгі аға­сы секіл­ді, Иман­бе­ко­втің де ісі бол­мап­ты. Сөйт­сек, бұл алма бауы жері сов­хоз тарап, әлгі ағай­ы­ны­мы­здың иелі­гіне өткелі бері, дәлірек айтқан­да, 2015 жыл­дың 17 шіл­десіне дей­ін мем­ле­кет­тік акті бой­ын­ша тір­ке­у­ге алын­бап­ты. Бұл тура­лы біздің ары­зы­мыз бой­ын­ша осы жер­ді тек­серіп қай­тқан Облы­стық жер қаты­на­стар басқар­ма­сы­ның мама­ны Нұр­лан Әбдіра­за­қо­втың Түр­кістан жер бөлім­ше­сінің (Қ.Үсенбаев) мәлі­метіне сүй­еніп, біз­ге бер­ген аны­қта­ма­сы­нан білдік.

Осы­дан соң Әбдіра­за­қов, алма бауы мен оның жерін был­ты­рғы кез­ге дей­ін заң­сыз иеленіп кел­ген аталған екі ағай­ын­ды­ға бұл үшін айып­пұл салып, заң жүзін­де жау­а­пқа тар­тып, тиісті шара­лар қол­дан­бақ­шы болып жүр­ді де, ақы­рын­да мұның бәрін жай­ын­да қал­ды­рып, бізді енді алма бауы жерінің талап­кер­лер­ге қай­та кон­курс өткі­зу арқы­лы берілетін­ді­гі­мен хабар­дар етті. Түр­кістан әкім­ді­гінің шеші­мі осы­лай болыпты.

«Сон­да бұл кон­кур­сқа Иман­бе­ков те қаты­са ма?» – дей­міз біз.

«Қаты­са­ды».

«Ол осы­дан төрт­бес ай бұрын, дәлірек айтқан­да, 2015 жыл­дың науры­зын­да осын­дай бір кон­кур­сқа қаты­сып, жеңіс­ке жет­кен көрі­неді ғой. Енді не деп қатысады?».

«Қатыс­са, ол жолы оған «гос­ак­ті» берілмепті».

«Жеңіс­ке жет­кен бол­са, неге берілмейді?».

«Ол жағын біл­медім. Оны менен емес, Түр­кістан әкі­мі­нен сұра­саңыз болады».

Әбдіра­за­қов­пен болған бұл диа­лог маған: «Сіз­ге бұл кон­кур­сқа қаты­сқа­ны­ңы­з­бен ешқан­дай «шанс» жоқ. Мәсе­ле әлдеқа­шан Иман­бе­ко­втің пай­да­сы­на шешіліп қой­ы­лған» деген­ді аңғар­тқан­дай болды.

Әйт­се де, біз бұған қарап, алған беті­міз­ден қай­та алма­дық. Не де бол­са, қаты­сып көр­мек болып, кон­кур­стық комис­сия аты­на құжат­та­ры­мы­зды жол­дап (оны факс арқы­лы жібер­дік), «Шақы­ру хатын» күттік.

 

Сөй­тіп жүр­гені­міз­де, қолы­мы­зға «Кон­кур­сқа шақы­ру» хаты емес, Облы­стық жер басқар­ма­сы­ның басты­ғы С. Тұр­бе­ков қол қой­ған (әзір­ле­ген Н.Әбдіразақов) хат алдық. Онда, кон­курс өтіп, күт­кені­міз­дей, оның қоры­тындысы бой­ын­ша А. Иман­бе­ков «жеңім­паз» ретін­де Түр­кістан қала­сы әкі­мінің 18.08.2015 ж., № 1198 қаулы­сы негізін­де 280 гек­тар жай­ы­лым­дық жер және бұған қоса, 7 гек­тар суар­ма­лы жер 10 жыл­дық мерзім­ге жалға беріліп, мем­ле­кет­тік акті­мен (№19311221103) рәсім­деліп­ті. Бұл құжат­тар­да көр­сетіл­ген 7 гек­тар суар­ма­лы жер­дің 4 гек­та­ры – біз дау­лап оты­рған алма бауы жері.

Біздің­ше, бұл қаулы­ны онда көр­сетіл­ген елді мекен­нің («Қара­жон­ның») жай­ы­лым­дық, суар­ма­лы жерінің көле­мін, оған қажет­ті су мөл­шерін дұрыс есеп­ке алмай, әшей­ін құр дол­бар­мен жаза салған секіл­ді. Олай дей­тіні­міз: егер жай­ы­лым­дық жер­ді мұн­дағы малы­мен ғана күн көріп оты­рған жүз­ден астам «түтін­нің» әрбіріне шаға­тын бол­сақ, бұл ауыл­да, қаулы­да көр­сетіл­ген­дей, бір ада­мға ғана «Әзір асқа – тік қасық» қып, үйіп­тө­гіп бере сала­тын­дай, мұн­ша­лық (280 гек­тар­лық) жер жоқ.

Сол секіл­ді, қаулы­да Иман­бе­ков­ке беріл­ген «7 гек­тар­лық суар­ма­лы жер» тура­лы да осы­ны айтуға бола­ды. «Қара­жон­ның» бір учас­кесі есеп­ті, баса­яғы небәрі бірақ шақы­рым­дық шар­шы метр­дей ғана, бұл аядай аймақта қаулы­да көр­сетіл­ген­дей «7 гек­тар­лық суар­ма­лы жер» түгілі, әлгі мұн­дағы қазір­гі алма бауы­на әзер жететін­дей, кеше­гі сов­хоз кезі­нен қалған ескі темір құбыр­дан шығып жатқан бол­ма­шы бұлақ суы­нан басқа су да жоқ.

Қаулы­ға енді бір көңілі­міз тол­май­ты­ны – ондағы «7 гек­тар суар­ма­лы жер­ге қоса беріл­ді» деп көр­сетіл­ген, біз сөз етіп оты­рған төрт гек­тар­лық алма бауы­на қатысты.

Жарай­ды, жай­ы­лым­дық жер­ді бер­сін дей­ік. Ал алма бауы жерін­де несі бар? Бұл ара­да Иман­бе­ков­ке беретін­дей басқа жер жет­пей қалып па? Ал ондағы кезін­де қан­ша­ма уақы­ты­мы­зды бөліп жүріп, өзі­міз әзер алып бер­ген, бұл күн­дері не ұрланға­ны, не саты­лып құрға­ны бел­гісіз – темір тор мен цемент қада­лар тура­лы не айтуға бола­ды? Олар­ды енді біз кім­нен сұра­уы­мыз керек? Оның сыр­тын­дағы, Көл­бай мен Күл­зи­я­ның он бес жыл басын­да оты­рып өсір­ген алма бауы мен оның сыр­ты­нан бауға жел­ден пана болу үшін өздері еккен, бұл күн­дері қалың нуға айна­лып, бой көтеріп тұрған ағаш тал­дар ше? Оған кім жау­ап береді?

Ақы­рын­да, біз бұл мәсе­лені көтер­ген­ге дей­ін, Иман­бе­ков­ке кон­курс бой­ын­ша «жеңіс­ке» жет­се де, беріл­мей кел­ген «бұл жай­ы­лым­дық жер мен суар­ма­лы жер­ді», оған Түр­кістан әкі­мі аяқ асты­нан қау­лы шыға­рып, қалай­ша тез бере қой­ды екен?

Осы сұрақтар­дың жете­гі­мен, әлгі жау­ап хат­ты алған соң, «қабыл­дау күнін» күтіп жүріп, Облы­стық жер басқар­ма­сы­ның басты­ғы С. Тұр­бе­ков­ке кел­дік. Бұл кісінің қолай­ы­на тура кел­мей­тін келу­шіні «қабыл­дау күні» кел­сең де, қабыл­да­май­тын әдеті бар екен. Біздің де соның кебін киіп, хат­шы қыздың «бастық жоқ» дегеніне қара­ма­стан, қай­дағы бір қағазға шұқ­шия қарап, каби­нетін­де жалғыз өзі оты­рған С. Тұр­бе­ко­втың алды­на еріксіз кіруі­міз­ге тура келді.

Өткен жолы ары­зы­мыз бой­ын­ша алдын­да бір болға­ны­мы­зда С.Тұрбеков: «Бұл ағай­ын­ды екеу, Иман­бе­ков деген­дер кім­дер өзі? Бұлар қай­дан шыққан дәу­лер? Неге бұларға заң жүр­мей­ді? Неге бұлар осы кез­ге дей­ін жер­ді «гос­ак­тісіз» иеленіп кел­ген? Неге бұлар жау­ап­кер­шілік­ке тар­тыл­май­ды? Неге Иман­бе­ко­втың бір өзі ғана қай­тақай­та кон­кур­сқа түсуі керек?!» – деп орын­ба­са­ры А. Мыр­за­евқа шүй­іл­ген еді. Сөйт­сек, бұны­сы әншей­ін көз­бо­яу екен.

Енді бай­қа­сақ, ол жолғы «дүлей күш», «дөң айбат­тың» бірі де жоқ. Түк­сиіп, «қабағы­нан қар жауып» отыр. Біз нақа бір бір­деңесін бүл­діріп қой­ған сияқты.

Біз де сол «қабыл­да­уы­на» қарай, «сәлем­ді» былай қой­ып: «Мына жау­а­бы­ңы­зды қалай түсі­ну­ге бола­ды?» – дей­міз Тұр­бе­ков­ке, өзі қол қой­ған жау­ап хат­ты ұсынып.

«Сіз өзіңіз кон­кур­сқа кел­меп­сіз ғой…» – дей­ді Тұр­бе­ков біз­ге бағ­жия қарап.

«Кон­кур­стың қашан бола­ты­нын біз­ге алдын ала ешкім айт­па­са, шақыр­ма­са, қай­дан барамыз?».

«Қалай­ша шақырмайды?…».

Тұр­бе­ков бұл сұрағы­на біздің жау­а­бы­мы­зды күт­кен жоқ. Хат­шы қыз арқы­лы бөлім басты­ғы Ибра­гим Бега­сы­ло­вты шақы­рып алды да, оған қолын­дағы жаңағы біз бер­ген жау­ап хат­ты көрсетіп:

«Бұл кісі мына біздің жау­а­бы­мы­з­бен келіс­пей отыр. Бәрі өтірік дей­ді. Бұған не айта­сың?» – деді. Бега­сы­лов жуыр­да ісса­пар­мен бұл алма бауы жерін өзі де көріп қай­тқан екен. Басты­ғы­ның сұрағы­на соны алға тар­та жау­ап берді.

«Бұл кісі дұрыс айтып отыр, – деді ол. – Бұл алма бауын кезін­де осы жер­де­гі «Ұжым­шар» басты­ғы Түр­кістан­да тұра­тын бір базар басты­ғы­на сатқан. Ол бол­са, осы­дан екіүш жыл бұрын Соза­қтан көшіп кел­ген бір туы­сы­на бер­ген. Сөй­тіп, бұл ағай­ын­ды­лар 2015 жыл­дың шіл­десіне дей­ін бұл жер­ді заң­сыз иеленіп кел­ген. «Гос­ак­тісі» бол­маған. Соған қара­ма­стан, бұл үшін оларға жер­гілік­ті әкім де, қала­лық әкім де ешқан­дай шара қол­дан­баған. Заң жүзін­де жау­ап­кер­шілік­ке тарт­паған. Оның орны­на алма бауы жеріне соңғы, заң­сыз ие болған Иман­бе­ков деген­ді қай­тақай­та кон­кур­сқа қаты­сты­рып, «зад­ним чис­ло­мен» «гос­ак­ті» жасап бер­ген. Қысқа­сы, бұл жер сыбай­лас жемқор­лы­қтың ошағы­на айналған. Бұл ара­да біздің де кінә­міз жоқ емес. Мен бұл тура­лы орын­ба­са­ры­ңыз А. Мыр­за­ев пен осы сөз болып оты­рған жау­ап хат­ты дай­ын­дап, сіз­ге қол қой­ды­рған Н. Әбдіра­за­қо­вқа айтып, ескерт­тім де. Бірақ олар менің бұл сөз­дері­ме пысқы­рған да жоқ».

Бега­сы­ло­втың бұл сөз­дері Тұр­бе­ков­ке ұна­ма­ды. Ұна­маға­ны сол – одан әрі тың­дағы­сы кел­меді. Жаңағы біз­бен үзіліп қалған сөзін де қай­тып жалға­стыр­ма­ды. «Әңгі­ме осы­мен біт­ті» деген­дей, Бега­сы­лов­пен де, біз­бен де ісі бол­май, алдын­дағы манағы шұқ­шиып қарап оты­рған қаға­зы­на қай­та үңілді.

Сөйт­сек, Тұр­бе­ко­втың біз­бен бұлай­ша немқұрай­ды сөй­ле­суі тегін емес екен. Бұл оның біз­ге: «Енді бұл ары­зы­ң­ның жау­а­бын басқа адам­нан ала­сың» деген сөзі екен. Оны Тұр­бе­ко­втың көп ұза­май Облы­стық ауыл шару­а­шы­лық басқар­ма­сы­на бастық боп ауы­сып кет­кенін­де бірақ білдік.

Тұр­бе­ков – соңғы үштөрт жыл­дың ішін­де осы басқар­ма­да істе­ген төр­тін­ші бастық еді. Бұған дей­ін­гі басты­қтар­дың бәрі (Нақы­п­бе­ков, Аюбе­ков, Пан­зар­бек деген­дер) пара­мен ұста­лып, қама­лып кет­кен болатын.

 

Біздің бұл әңгі­мені Түр­кістан қала­сы­ның әкім­шілі­гін­де жалға­сты­руы­мы­зға тура кел­ді. Әлгі біздің Тұр­бе­ков­ке жазға­ны­мыз секіл­ді, үш рет жол­данған ары­зы­мыз, қалай­ша екенін біл­медік, Ә.Өсербаев мыр­за­ға «жет­пеп­ті». Сол себеп­ті ары­зы­мы­здың соңғы нұсқа­сын осы ара­да әкім­ге өз қолы­мы­з­бен табыст­а­уға тура келді.

Әлгі Иман­бе­ков­пен бір­ге кон­кур­сқа түсу үшін фак­спен жол­данған құжат­та­ры­мы­здың да қай­да қалға­нын біле алма­дық. Бұл жай­ын­да Түр­кістан қала­лық Жер қаты­на­стар бөлім­ше­сінің басты­ғы Қ.Үсенбаев та ештеңе біл­мей­тін болып шықты. Сөй­те тұра біз­ге: «Сіз өзіңіз кон­кур­сқа кел­медіңіз ғой», – деп кінә қой­ған бол­ды. Өздерінің біз­ге бұл жай­ын­да алдын ала хат арқы­лы хабар бер­ме­гені­мен неме­се теле­фон арқы­лы бір ауыз айт­паға­ны­мен ісі жоқ.

Осы ара­да әкім­нің орын­ба­са­ры Т. Мұса­ев Үсен­ба­ев­тың сөзін «тіріл­те» сөй­леп, біз­ге: «Бұл кон­курс жай­ын­да газет­те де хабар­лан­ды­ру беріл­ді ғой. Көр­медіңіз бе?» – деп қалды.

«Сіздің айтып оты­рға­ны­ңыз қай газет, қай кон­курс жай­ын­дағы хабар­лан­ды­ру? Мынау ма?» – дей­міз біз өзі­міз­бен бір­ге ала кел­ген қала­лық «Түр­кістан» газетінің 2015 жыл­дың 30 сәуір­де­гі нөмерін­де жари­я­ланған хабар­лан­ды­ру­ды көрсетіп.

«Ия, осы газет», – дей­ді Мұсаев.

«Мұн­дағы тізім бой­ын­ша Иман­бе­ков 2015 жылғы 16 науры­зда өткен кон­курс жеңім­па­зы болып отыр ғой. Олай бол­са, ол осы­дан төрт­бес ай кей­ін, дәлірек айтқан­да, біз сөз етіп оты­рған алма бауы жерінің, жоға­ры­да аталған тек­се­ру көр­сет­кен­дей, мем­ле­кет­тік акті бой­ын­ша бұрын­соң­ды тір­ке­у­ге алын­баған­ды­ғы аны­қталған 2015 жыл­дың 17 шіл­десі­нен бер­гі жер­де өткен, «біз қаты­са алмаған» кон­кур­ста қалай­ша жеңім­паз ата­нып жүр? Фак­ті­ге жүгін­сек, бұн­дай кон­курс мүл­дем өтпе­ген, өтсе, күт­пе­ген жер­ден мына­дай «тықыр» таянған соң, Иман­бе­ков­ке тез­детіп «гос­ак­ті» беру үшін, әншей­ін көз бояу қылып, фор­маль­ды түр­де өткен болып шық­пай ма?» – дей­міз біз.

Мұса­ев біздің бұл сұрағы­мы­зға жау­ап бер­ген жоқ. Үнтүн­сіз қалды.

Өсер­ба­ев, сірә, Иман­бе­ков­ке беріл­ген «гос­ак­тінің» өзін мына­дай тұй­ы­ққа тіре­рін күт­пе­се керек, «Осы айтып оты­рға­ны шын ба, өтірік пе?» – деген­дей, осы тұста біздің қолы­мы­здағы «Түр­кістан» газетінің аталған 2015 жылғы 30 сәуір­де­гі нөмеріне (№18 (9252) көз тоқта­тып, бір қарап қойды.

Алма бауы жеріне қаты­сты Түр­кістан қала­сы әкім­шілі­гі бас­шы­лы­ғы­мен болған біздің әңгі­ме­міз осы­лай аяқталған еді. Кетер кез­де әкім­ге мана­лы бері көңілі­мізді маза­лаған соңғы сұрағы­мы­зды қойдық:

«Біздің­ше, осы жер­ге қаты­сты істе кор­руп­ция орын алған секіл­ді. Сіз қалай қарай­сыз бұған?».

Өсер­ба­ев біздің бұл сұрағы­мы­зды үнсіз мақұл­дап, басын изеп жау­ап бер­ді. Сосын біз­ге: «Сіз бұл үшін алаң бол­май­ақ қой­ы­ңыз. Біз бұл мәсе­лені шеше­міз», – деді.

 

Содан бері, міне, бір жыл­дай уақыт өтті. «Шеш­кен» ештеңесі жоқ. Не жаз­ба түр­де бер­ген жау­а­бы жоқ. Не болға­нын біл­мек боп звон­да­сақ, теле­фон­ды көмек­шісі (Н.Нұртай) ала­ды да, сөзін: «Бастық жоқ еді», «Бастық жина­лыс өткізіп жатыр еді» деген секіл­ді «дежур­ный», жал­тар­ма жау­ап­тар­мен бітіреді. Әйте­уір басты­ғы орнын­да бол­май шыға­ды. Сірә, бұл Өсер­ба­ев­тың көмек­шісіне: біз сұра­сақ «осы­лай деп айт» деп қой­ған нұсқа­уы бол­са керек.

Осы­ған қараған­да, әлгі С.Тұрбеков құсап, Ә. Өсер­ба­ев мыр­за да бұл жер­ден гөрі, басқа бір құзыр­лы­лау оры­нға ауы­сып кет­келі жүрау шамасы.

Ордаб­ек ШАЯХМЕТОВ,

Қаза­қстан Журналистер

одағы­ның мүшесі,

Шым­кент қаласы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн