Суббота , 5 июля 2025

Түркістандық 60 отбасы СОЛТҮСТІККЕ КӨШЕДІ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №27 (391) от 12 июля 2017 г.

 

Апта апты­ғы

 

Бәре­кел­ді!

 


Түр­кістан­дық 60-тан астам отба­сы Сол­түстік өңір­ге қоныс ауда­руға ниет біл­діріп отыр, – деп хабар­ла­ды ОҚО әкі­мінің ресми сайты.

 

Хабар­да айты­лған­дай, жұмыс күші мол облы­стар­дан жұмыс күші тап­шы аймақтарға жұмыс­шы тобын тар­ту мақ­са­тын­да жуыр­да сол­түстік өңір­ден арнайы деле­га­ция келіп, түр­кістан­дық тұрғын­дар­мен жеке-дара кез­де­су­лер өткізді. Нәти­же­сін­де, көшіп-қону кезін­де­гі жәр­де­мақы­лар­дың дер кезін­де төле­нетініне және жұмыспен қам­ты­лып, бас­па­на­лы бола­ты­ны­на көз жет­кіз­ген 60-тан астам отба­сы қоныс ауда­руға ниет білдірген.

Қоныс ауда­ру­шы­ларға мүм­кін­дік зор. Қыз­мет­тік тұрғын үй бол­маған жағ­дай­да, аза­мат­тың ком­му­нал­дық төлем­дері мен басқа да шығын­да­ры өте­леді. Суб­си­дия көле­мі Екі­ба­стұз қала­сы­на бара­тын­дарға 25 айлық есеп­тiк көр­сет­кi­шпен есеп­тел­се, Желе­зинск ауда­нын­да 40 мың тең­ге көле­мін­де. Арнайы келісім­ге сәй­кес, 5 жыл бойы бүкіл қажет­тілік­тер қам­та­ма­сыз етіледі.

«Осы бағ­дар­ла­ма аясын­да біз бұл отба­сы­ларға 35 айлық есеп­тiк көр­сет­кiш став­ка­сы бой­ын­ша суб­си­дия ұсы­на­мыз. Ол әр отба­сы мүше­сіне 79 000 тең­ге­ден деген сөз. Сон­дай-ақ қыз­мет­тік тұрғын орын неме­се үй беріледі», – деді Екі­ба­стұз қала­лық жұмыспен қам­ту­ды үйле­сті­ру және әле­умет­тік бағ­дар­ла­ма­лар бөлі­мі бас­шы­сы­ның орын­ба­са­ры Д.Құрымбаева.

Айта кетей­ік, Сол­түстік аймақта дәрі­гер­лер мен фельд­шер­лер тап­шы. Соны­мен қатар, педа­гог­тар мен ал ауыл шару­а­шы­лы­ғы маман­да­ры: меха­ни­за­тор, трак­то­рист сын­ды жұмыс­шы тапқа да сұра­ныс жоғары.

Қаз­ТАГ

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн