Суббота , 28 июня 2025

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ мерекесін қалай тойлап жүрсіз?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №44 (408) от 30 нояб­ря 2017 г.

 

ДАТ-сау­ал­на­ма


 

«1 жел­тоқ­сан – Қаза­қстан­ның Тұңғыш пре­зи­ден­ті күні» мем­ле­кет­тік мере­ке ретін­де 2011 жылы заң­мен бекітіліп, алғаш рет 2012 жылы 1 жел­тоқ­сан­да той­лан­ды. Заң­ды қабыл­даған ҚР пар­ла­мен­тінің депу­тат­та­ры «Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың жетістік­тері Қаза­қстан халқы­ның орас­ан зор шынайы құр­меті мен сені­міне ие болға­нын», сон­ды­қтан Пре­зи­дент күні мере­кесі «аза­мат­та­ры­ның отан­шыл­дық рухын арт­ты­ра түседі», – деген еді.

Мұн­дай мере­ке тек біздің елі­міз­де ғана емес, әлем­дік тәжіри­бе­де бар үрдіс. Әлем­де­гі ең алпа­уыт елдер­дің қата­рын­дағы АҚШ-та ақпан айы­ның үшін­ші дүй­сен­бісі Пре­зи­дент күні ретін­де мере­ке­ле­неді. Атал­мыш мере­ке 1855 жыл­дан бері жал­пы­ұлт­тық дең­гей­де Аме­ри­ка­ның тұңғыш пре­зи­ден­ті Джордж Вашинг­тон­ның құр­метіне тойланады.

Ислан­дия елін­де бұл күн 14 мамыр­да той­ла­на­ды. Мем­ле­кет­тің бесін­ші әрі қазір­гі пре­зи­ден­ті Ола­ву­ра Раг­на­ра Гримс­сон­ның құр­метіне мем­ле­кет­тік дәре­же­де мерекеленеді.

Анго­ла мем­ле­кеті елдің негізін қала­у­шы пре­зи­дент­терінің құр­метіне Пре­зи­дент күнін 17 қыр­күй­ек­те мере­ке­лей­ді. Пор­ту­гал­дар­дың бодан­ды­ғы­нан Анго­лаға тәу­ел­сіздік алып беру үшін аян­бай күресіп, сол мақ­са­ты­на жет­кен Аго­шти­нью Нету 17 қыр­күй­ек­те дүни­е­ге кел­ген. Күздің алға­шқы айын­да той­ла­нуы­ның себебі де сол.

Осы мере­ке­ге қаты­сты қаза­қстан­дық қоғам өкіл­дері ара­сын­да сау­ал­на­ма жүр­гізіп, пікір­лерін біл­ген едік. Елдің көкей­ін­де жүр­ген түйт­кіл­ді ашық айтқан аза­мат­тар­дың қысқа да нұсқа пікір­лері мына­дай сұрақтар төңіре­гін­де өрбіді:

 

• Сіз «Қаза­қстан­ның Тұңғыш пре­зи­ден­ті күнін» қалай атап өтесіз?

• «Тұңғыш пре­зи­дент күні» дүй­ім ел той­лай­тын мере­ке­ге айнал­ды ма?

• Пре­зи­дент­ке айтар қан­дай даты­ңыз бар?

 

 

 

Болат ЖЕТЕКБАЙ,

ақын:

– Әрі­ге бар­май, тек ең соңғы жәйт­тер­ді ғана айт­сақ, мой­нын­дағы неси­есі еңсені езіп, бір­жо­ла тұра­ла­тып таста­уға айналған­да, өкі­мет халы­қты емес, банк­тер­ді қол­дап, мил­ли­ард дол­лар­лап ақша құй­ып жатыр. Мұнай баға­сы дүни­е­жүзілік нары­қта төмен түс­кен­де, біз­де өсіп, жаңғыр­ту мақ­са­ты­мен бір­не­ше жыл бойы жұм­салған есеп­сіз мол қара­жат­тың құр­ды­мы­на айналған өңдеу зауыт­та­ры тиісін­ше жұмыс істе­мей, жанар-жағар­май баға­сы аспан­дап ұшты. Тиын санап, титы­қтаған елдің әл-ауқа­тын ойла­у­ға тиіс елба­сы «ком­му­нал­дық төлем­дер баға­сын өсірің­дер» деп нұсқау бер­ді… Тұр­мыстық түйт­кіл­дер­ден әбден қажы­ған халы­қтың көп­шілі­гіне «рух көте­ретін» мере­ке­лер­дің теріс әсер беретіні, қай-қай­дағы ашу-ыза­сын қоз­ды­ра­ты­ны анық.

Сон­ды­қтан біз алды­мен Аста­на күні­мен сәй­кестен­діріліп атап өтілетін пре­зи­дент­тің туған күні, «тұңғыш пре­зи­дент күні» деген мере­ке­лер­дің мән-маңы­зы неде деген сұраққа толым­ды жау­ап ізде­уі­міз керек. Мүба­да, ширек ғасыр­дан асқан тұңғыш пре­зи­дент қыз­метіне бар­лық жағы­нан әділ баға беріл­ген жоқ, ол әлі де биік лау­а­зым­да қалып оты­рған­ды­қтан, бұл билік­тің ақы­ры немен біте­ді? Белгісіз.

Сон­да ертең­гі күні мем­ле­кет бас­шы­сы өзін, айна­ла­сын­дағы­лар ел бас­шы­сын алдай­тын баяғы совет­тік үрдістің нәти­же­сіне куә бол­ма­сы­мы­зға – оның аты кіта­п­ха­на­лар­дан, мек­теп­тер­ден, уни­вер­си­тет­тен алы­нып, ескерт­кі­ш­тері құла­тыл­май­ты­на кім кепіл?! Қазір осын­дай мағы­на­сыз мере­ке­лер бел­гілеп, пре­зи­дент­ті «Құдай емес, Құдай­дан былай емес» деп асы­ра мадақтап, аспан­да­тып жүр­ген шене­унік­тер мен депу­тат­тар ертең соны өз қол­да­ры­мен жой­ып, «мере­ке­мізді» тәрк етіп, халы­қты ақы­мақ қылып кетері айқын. Демек, бұл мере­ке­лер – халы­қтың рухын көте­ру мақ­са­тын көз­де­мей­ді, әлгілер­дің пре­зи­дент­ті алдау, көңілін аулау, көз­бо­яу әре­кеті ғана.

Рух­та­ну деген не? Пав­ло­дар, Пет­ро­пав­ловск, Усть-Каме­но­горск ата­у­ла­ры өзгер­тіл­се, сол күні халық рух­та­нар еді. Бұл – мерей­ле­нер, масат­та­нар, өршіл рух­ты үрлей­тін күн емес, өткен дәуір­дің өкіні­ші­мен опы­на ойла­на­тын күн шығар, бәлкім?!

Алла­дан тілер дұғам көп. Иншал­ла, береді. Пре­зи­дент­ке датым жоқ. Ол не бере алады?!

 

Нұр­лан ӘУЕСБАЕВ,

қоғам бел­сен­дісі (Аста­на):

– Жау­ап айтуға ұяла­мын, бұрын-соң­ды мұн­дай мей­рам есті­ме­ген­мін. Бірақ та мен не үшін ұялуым керек, осы заң­ды қабыл­даған жағым­паз депу­та­тар ұял­сын! Рух­тан­ды­ру тура­лы айт­сақ, бұл қина­лып жүр­ген қара­пай­ым халы­қтың ашу-ыза­сын туды­ра­ды, ал билік­те­гілер мен басқа да бай­ларға онсыз да күн­де мей­рам. Сон­ды­қтан көп­шілік үшін бұл мей­рам­ның мәні жоқ деп ойлаймын.

 

Инга ИМАНБАЙ,

жур­на­лист (Алма­ты):

– Мен бұл күн­ді мере­ке деп сана­май­мын. Менің өмірім­де ол күн­нің басқа­ша мәні бар, сол күні – сіңлім­нің туған күні. Мен үшін маңы­зды­лы­ғы сол ғана.

Ал «Пре­зи­дент күні» деген абсурд­ты мой­ын­дай алмай­мын. Мұн­дай жеке басқа табы­ну біз­ге абы­рой емес. Онсыз да жағ­дай­ы­мыз мәз емес. Жуыр­да шыққан әлем­дік рей­тинг бой­ын­ша, Қаза­қстан ең кедей мем­ле­кет­тер­дің сана­тын­да. Сөз бостан­ды­ғы бой­ын­ша рей­тинг­те де ең соңғы жиыр­ма­лы­қта – Сол­түстік Корея, Өзбек­стан мен Гон­ду­ра­с­тың көршісіміз.

Осын­дай жағ­дай­да ұял­май, аузы­мыз көпіріп, мақта­нып, пре­зи­дент­тің күнін қалай мере­ке­лей­міз?! Мере­ке­ле­се, сол пре­зи­дент­тің төңіре­гін­де­гі, осы жемқор жүй­енің арқа­сын­да шалқып жүр­ген «үкілі топ» мере­ке­лей­тін болар. Басқа дүй­ім жұрт­тың, менің­ше, ол күн­де еш шаруа­сы жоқ.

Ал пре­зи­дент­ке айтар датым көп: сая­си тұтқын­дарға бостан­дық, әділ сай­лау, сөз бостан­ды­ғы, жина­лыс, бей­біт шеру бостан­ды­ғы, яғни түбе­гей­лі сая­си реформалар.

 

Шара ТҰРМАҒАМБЕТОВА,

жур­на­лист (Ақтө­бе):

– Бәл­ки, қаза­қы сана, бәл­ки, қаза­қы тәр­бие… мен пре­зи­дент­ті жақ­сы көрем, елба­сы ретін­де. Елде жүр­гізіліп оты­рған сая­сатқа мүл­де қар­сы бол­сам да, кей­де басқа елдер­дің бас­шы­ла­ры­мен қатар көр­ген­де, бой-басын іштей салы­сты­рып… кәдім­гі­дей мақтанамын.

Бірақ бір басы­на ауы­зды­да бар бар­лық атақ-сый­ды жабыст­ы­ра беру – шек­тен шығу деп түсі­не­мін. «Айна­ла­сын­дағы­лар ғой жал­бақтап», деген пікір де көп айты­ла­ды ел ара­сын­да. Бірақ осы қап­таған «нұр» мен кенет­тен пай­да болған «новый» мере­ке­лер тура­лы пре­зи­ден­ті­міз біл­мей­ді деу – бекерлік.

Енде­ше елба­сы­ның өзі мұн­дай «нұр­ла­ну» мен «жаңғы­ру­ларға» шек қоюы керек. Ал пре­зи­дент­тің «мені мақтай бер­мең­дер» дегені Қожа­на­сыр­дың «ақша тауып алдым» деп үш рет «айқа­лаға­нын­дай» болып естіледі… Қаза­қтың «нұр» деген кере­мет сөзін құбы­жық қылып болып, енді «рух» деген сөзі­міз де сол сапқа кіріп кететін сыңайлы…

Осы 1 жел­тоқ­сан – «Тұңғыш пре­зи­дент күні» деп ата­лып өтетін болға­лы, ат шап­ты­рып, той жасап жатқан қазақ көр­генім жоқ. Әбден «нұр­ла­нып» болып, енді «жаңғы­рып» жатқан мем­ле­кет­тік меке­ме­лер ғана шырт-пырт бір­деңе өткіз­ген бола­ды, бірақ оның өзі «көңіл­сіз­ден туған» бала сияқты… кем­бағал­дау бір­деңе. Бар болға­ны – дема­лыс қана. Оның үстіне СПИД-пен күре­судің дүни­е­жүзілік күні деген­мен қабат­та­сып, қан­ша­ма анек­до­тқа арқау болға­нын айт­пай-ақ қой­сам да бола­тын шығар…

Қаза­қта «әде­мі қар­таю» деген сөз бар. Аса­рын асап (!), жаса­рын жасаған абыз қарт­та­ры­мыз өзінің орнын біліп, ақыл­ман, бата­гөй ақсақал­дарға айналған да, ел тіз­гінін жасқа бер­ген. Нұр-аға, қазақ деген еліңіз кең халық, кемеріне сый­май лық­сып тұрған сәтін­де… орны­мен, жөні­мен… ел басқа­ру­ды соңғы кез­дері жарқыл­дап көрініп жүр­ген жастар­дың біріне беріңіз! Сон­да бар абы­рой­ы­ңыз сақта­лып қала­ды. Көп кем­шілік­ті де тез ұмы­та­тын көңіл­шек халқы­ңыз бар екенін білгейсіз…

 

Мак­пал ШАДАН,

Алма­ты қала­сы­ның тұрғыны:

– Біз отба­сы­мы­з­бен күн­тіз­бе­де мере­ке күні деп бел­гі­лен­ген күн­дер­ден үше­уін ғана мой­ын­дай­мыз. Бала­лар­дың сана­сы­на сіңіру­ге тыры­су­да­мыз соны: Наурыз мере­кесін, Жеңіс күнін, Тәу­ел­сіздік күнін. Қалған мере­ке деп бел­гі­лен­ген­дер тек дема­лыс күн­нің есебін­де. Осы көзқа­ра­сы­мыз үшін кей­бір құр­да­ста­ры­мыз «орал­ман» деген мәр­те­бе беріп қойды.

 

Ербол РАХПАН,

бло­гер (Тараз):

– Атап өтпей­мін және сол күні мере­келік көңіл-күй­мен жүр­ген адам көр­ген емес­пін. Мүм­кін, менің ара­ла­са­тын ортам солай шығар. Дүй­ім ел тұр­мақ, өз еркі­мен мей­рам­дап, ырза болып жүр­ген бір­де-бір адам көр­ген емеспін.

Ал айтар дат көп қой, қай­сы­бірін айта берем?! Бірақ біре­уін айтып көрей­ін. Ең бірін­ші, халы­ққа тізесі батып бара жатқан мына сыбай­лас жемқор­лық деп ойлай­мын. Тым бол­ма­са, соны қолға алса екен. Әй, қай­дам бірақ… Одан да жар­тасқа барып айқа­лаға­ны­мыз дұрыс шығар.

Деген­мен, пре­зи­дент мыр­за­ға айта­тын бір тілек бар. Макс пен Талғат­ты және басқа да сая­си сот­талған­дар­ды түр­ме­ден босат­са екен. Соны­мен бір­ге шын­дық айтқан­дар­ды қуда­ла­уды тоқтат­са екен, тым бол­ма­са, мына елдің жағ­дай­ы­на бай­ла­ны­сты шын жағ­дай­ды айтқан адам­дарға тиіс­пе­се екен. Әйт­пе­се кез кел­ген шын­дық айтқан адам­ды қуда­лау әдет болып кетті.

 

Бекен Қай­рат,

жур­на­лист (Аста­на):

– Қазір мере­ке көп. Оның бәрін атап өту мен үшін мүм­кін емес. Ең үлкен мере­ке – елдің аман­ды­ғы, отба­сы­ның тыны­шты­ғы, адал несі­бе… Болды!

Кей­бір мере­ке­лер­дің (көбі діни-ғұрып­тық: Наурыз, Ора­за, Құр­бан айт, т.б.) мың жыл­дан артық тарихы бар. Осын­дай көне мей­рам­дар бол­ма­са, жаңа мей­рам­дар бұқа­ра үшін әлі қалып­тас­паған. Сон­ды­қтан күл­лі жұрт той­лай­ды десем, ағат­тық болар.

Елба­сы­на айта­ры­ңыз дей­сіз бе? Елде­гі жап-жақ­сы баста­ма­лар науқан­шыл­ды­ққа айна­лып кете береді. Сөй­тіп, мақ­са­ты мен құнын жоғал­тып жатыр.

 

Ардақ ӘШІМ,

бло­гер (Шым­кент):

– Өзім Жаңа жыл, Наурыз, 8 наурыз, Тәу­ел­сіздік күні мере­ке­лерін ресми мой­ын­дай­мын. Ал енді Тұңғыш пре­зи­дент деген күн­ді мой­ын­да­май­мын. Және бұл аза­мат­тар­дың отан­шыл­дық рухын өшіріп, керісін­ше, жағым­паз­ды­қты жан­дан­ды­ра­тын күн.

 

Асем­бай НАДЫРБАЕВ,

Алма­ты қала­сы­ның тұрғыны:

– Жел­тоқ­сан­ның 1‑і – күн­тіз­бенің жай бір күні. Дүй­ім ел той­лай­тын­дай мере­ке емес. Пре­зи­дент­ке айта­тын датым: жерін қорғаған батыр­ла­ры­мы­зды абақты­дан босатсын!

Ұлт­тық рух, Ұлт­тық мақ­сат тек қана жер­мен бай­ла­нуы керек. Өзін-өзі сай­лап алған ешқан­дай пре­зи­дент маған рух бере алмай­ды. Ал пре­зи­дент­тің төңіре­гін­де­гі асы­ран­ды билік сөй­лей береді.

 

Аза­мат ХАЙСИН,

ЖСДП мүше­сі (Аста­на):

– Пре­зи­дент күні – пре­зи­дент­тің жақ­та­ста­ры үшін, пре­зи­дент көзіне түсіп қалғы­сы кел­ген шене­унік­тер үшін тама­ша күн! Ал ақша­сы жет­пей, неси­ені қалай төлей­мін деп басы қатқан жұр­тқа қай­дағы мереке?!

Егер осы күні аза­мат­тар алған неси­есіне амни­стия жари­я­ла­нып, неме­се 1–2 жылға неси­ені төле­мей тұра тұруға мұр­сат бер­се, онда әңгі­ме басқа.

Мере­ке иесіне айтар тағы бір дат: бағ­зы заман­да өз елінің жағ­дай­ын білу үшін, әділ пат­ша­лар жұпы­ны киініп, жасы­рын түр­де ел ара­лап, жағ­дай­ды өз көзі­мен көреді екен. Қазір елдің жағ­дай­ын білу үшін, әле­умет­тік желілер­де, дәлірек айт­сақ, оппо­зи­ци­я­лық көзқа­рас­тағы пар­ти­я­ның, сая­сат­кер­лер­дің парақ­ша­ла­ры­на күніне, ең бол­ма­са апта­сы­на бір мезет кіріп отыр­са – жет­кілік­ті. Сон­ды­қтан осын­дай мүм­кін­дік­ті жібер­мей, әле­умет­тік желілер­де­гі ЖСДП мен оның көр­нек­ті өкіл­дерінің парақ­ша­ла­ры­на кіріп, елдің тұр­мысын біліп отыр­са, құба-құп болар еді.

 

Рол­лан МАШПИЕВ,

қоғам бел­сен­дісі

(Семей):

– Мен бұл күн­ді мере­ке деп сана­май­мын. Сон­ды­қтан атап та өтпей­мін. Ел той­ла­тын мере­ке­ге айнал­ды деп те айта алмай­мын. Бұл күні жоға­ры­дан кел­ген бұй­рық арқы­лы меке­ме­лер­де, оқу орын­да­рын­да іс-шара өткі­зеді. Менің бай­қа­уым­ша, сол шара­ларға қаты­сып жатқан адам­дар­дың өзі сол жер­де бір сөз сөй­леп тұр­са, іш жүзін­де оған өзі де сен­бей­ді және сол айтқан сөзін қол­да­май­ды да. Тыныш өмір сүру үшін, зей­нет­ке аман-есен шығу­ды арман­дап, мәж­бүр болып жүргендер.

Макс Бока­ев пен Талғат Аян­ды босат­сын! Пре­зи­дент­тің өзі айтқан: осын­дай пат­ри­от жігіт­тер бол­са, қорқа­тын ештеңе жоқ деп. Еңді сол батыр пат­ри­от жігіт­тер­ді босат­сын. Екі аза­мат­тың сотын Қаза­қстан халқы және де халы­қа­ра­лық ұйым­дар да көр­ді. Біз құқы­қтық мем­ле­кет­те тұра­мыз десек, жігіт­тер­ді боса­туы керек. Өйт­кені сот­тың дәлел­сіз, дәй­ексіз болға­нын сотқа қаты­сқан адам­дар айта­ды. Сот үкі­мі шыққа­ны­на – бір жыл, абақты­да оты­рған­да­ры­на – бір жарым жыл болды.

Сау­ал­на­ма­ны ұйымдастырған –

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн