Суббота , 5 июля 2025

ТҰҢҒЫШБАЙДАН НИДІҢ НЕСІ АРТЫҚ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №16 (380) от 27 апре­ля 2017 г.

 

Апта апты­ғы

 

Масқа­ра!

 


«Тұңғыш­бай­дың Ниден несі артық?» деген мәсе­ле қой­ып едік, жоға­ры жақтағы қола қоңы­ра­у­лар қозға­лып, қай­та-қай­та маза­ны алып, күл­кі­мізді кетіріп, ұйқы­мы­зды қашы­рып бол­ма­ды. Сосын, амал кем – алып таста­дық (интер­нет-сайт­тан – Ред.). Біздің (Abai.kz-те) әлгін­дей мәсе­ле көте­руі­міз сотқа қысым жасау болып есеп­те­леді екен. Пішту… Осы уақы­тқа дей­ін судья­лар қоғам­дық пікір­лер­ді ескеріп, шешім қабыл­дап­ты деген­ді есті­сем, мына жарғақ құлағым­ды жапы­рақтай етіп жұлып берейін.

Дау­рен Қуат­тың ФБ-парақшасынан

 

1 мил­ли­он дол­лар пара алды деп ұсталған «Қорғас» халы­қа­ра­лық орта­лы­ғы­ның бұры­нғы бас­шы­сы Васи­лий Ни қыл­мыстық жау­ап­кер­шілік­тен боса­тыл­ды. Алма­ты қала­лық соты шығарған үкім бой­ын­ша, 2016 жыл­дың 5 қыр­күй­е­гін­де ұсталған Васи­лий Нимен қоса, «Қорға­стың» инве­стор­лар­мен жұмыс бөлі­мінің бас­шы­сы Махаб­бат Сай­дул­ла­ва да ақталған деп хабар­ла­ды «31 арна­ның» жаңа­лы­қтар қызметі.

«Қорғас» орта­лы­ғы аумағы­на қым­бат қонақ үй салу үшін «Тюл­пан-Хор­гос» ком­па­ни­я­сы­нан мил­ли­он дол­лар талап еткен Васи­лий Ниді алға­шын­да екі айға қамау тура­лы шешім шыққан. Ақы­ры бұл іс тура­лы шу басы­лып, ел ұмы­та бастаған­да, Алма­ты қала­лық соты пара­мен ұсталған Ни мен қара­мағын­дағы қыз­мет­кер Сай­дул­ла­ва­ны жаза­дан боса­тып­ты. Ал аса ірі көлем­де пара алған «Қорғас» бас­шы­сы­ның боса­ты­луын депу­тат­тар дұрыс шешім дей­ді. Соның бірі «көсе­мінің» муми­а­ланған мәй­ітін қазақ жеріне әкеліп қою­ды арман­дап жүр­ген депу­тат Коса­рев болып шықты. Ол аталған арна тіл­шісіне бер­ген шағын сұхбатында:

«У нас же есть поло­же­ние, когда он вос­ста­но­вить похи­щен­ные, и они могут отпу­стить его. Это, думаю, пра­виль­но», – дей­ді. Кәрі ком­му­ни­ст­тің пікіріне сүй­ен­сек, ұрланған дүние орны­на кел­се, ұрлы­қ­шы­ға кешірім жаса­луы керек. Біздің заң­да­ры­мы­зда сон­дай мүм­кін­дік ескерілген.

Депу­тат әлгін­дей дегені­мен, білік­ті заң­гер­лер Қыл­мыстық кодекстің 65-бабы бой­ын­ша қыл­мыс­кер­лер­ді шын өкі­нуіне бай­ла­ны­сты жау­ап­кер­шілік­тен боса­туға бол­май­ды деген­ді айта­ды. «65-бап мүл­де дұрыс емес. Біздің Қыл­мыстық кодекс – қыл­мыс­кер­лер­дің өкі­нуін күт­тіретін кодекс. Ал кез кел­ген қыл­мыс­кер ұсталған­нан кей­ін өкі­неді, ұсталғанға дей­ін өкін­бей­ді», – дей­ді кәсі­би заң­гер Орын­ба­сар Тілепбергенов.

Тағы бір заң­гер Джо­хар Өте­бе­ков бол­са: «Бұрын-соң­ды аса ірі көлем­де пара­мен ұста­лып, боса­ты­лып­ты деген­ді есті­ме­ген­мін. Дәл осы қыл­мыстың жаза­сы­на 10 жыл­дан 15 жылға дей­ін бас бостан­ды­ғы­нан айы­ру жаза­сы қарас­ты­ры­лған. Бұл аса ауыр қыл­мыс сана­ла­ды», – деп, әріп­тесінің сөзін нақты­лай түседі.

«1 мил­ли­он дол­лар пара­мен ұсталған «Қорғас» орта­лы­ғы­ның бұры­нғы бас­шы­сы­на қан­ша көлем­де айып­пұл салы­нға­ны бел­гісіз. Бұл тура­лы Алма­ты қала­лық соты ешқан­дай ақпа­рат тарат­па­ды. Ал кәсі­би заң­гер­лер дәл осын­дай қыл­мыстық жау­ап­кер­шілік­тен боса­та­тын жағ­дай­дың жеке­ле­ген тұлға­ларға қаты­сты өте сирек қол­да­ны­ла­ты­нын айта­ды», – деп қор­тын­ды­лай­ды ойын «31 арна» тілшісі.

Елі­міз­де Ни, Ким, Нан дей­тін бір­не­ше алпа­уыт кәріс аза­мат­та­ры бар. Мына Ни сол Нилер­дің сой­ы­нан болуы әбден мүм­кін. Ал ең басты Ни – ұзақ жыл ҚР пре­зи­ден­тінің көмек­шісі, ақы­л­шы­сы болған Вла­ди­мир Ни еді жары­қтық. Ол дүни­е­ден қай­тқан­да (2010 жылы, қыр­күй­ек айын­да), пре­зи­дент Назар­ба­ев: «Вла­ди­мир Ни Қаза­қстан­дағы кәрістер­ді ел қата­ры­на қосып кет­ті», – деген бола­тын. Қаза­қстан­дағы кәріс диас­по­рас­ы­ның енді­гі сер­кесі Вла­ди­мир Ким ұзақ жыл­дар бой­ын­да «Қаза­қ­мыс» дирек­тор­лар кеңесінің төраға­сы бол­ды. «Фор­бос» жур­на­лы­ның дере­гіне сүй­ен­сек, Қаза­қстан­нан шыққан мил­ли­ар­дер­лер­дің көш­ба­сын­да тұрған алпа­уыт­тың бірі де сол – Ким мырза.

Қысқа­сы, 1 мил­ли­он дол­лар көле­мін­де пара алып ұсталған Васи­лий Ни абақты­дан боса­ды. Шама­сы, істе­ген ісіне ол қат­ты «өкін­се» керек. Ал өкін­ген­дер мен өтін­ген­дер­дің бәріне біз­де­гі заң орын­да­ры дәл осы­лай­ша кеңдік жасай бере­мей­ді. Әйт­се де Вәкеңдікі рахат: ұрла­ды, ұстал­ды, шықты. Романтика!

Abai.kz

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн