Суббота , 5 июля 2025

ТҰҢҒЫШБАЙДЫ ТАЙДЫРУҚАУЫМДАСТЫҒЫ ҚҰРЫЛДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №39 (356) от 27 октяб­ря 2016 г.

 

Солай ма?


 

Қаза­қстан­да жаңа «Қаза­қстан театр­лар ассо­ци­а­ци­я­сы» қоғам­дық бір­ле­сті­гі құрыл­ды, деп хабар­ла­ды 20 қазан­да Қаз­ТАГ ҚР Мәде­ни­ет және спорт мини­стр­лі­гінің бас­пасөз қыз­метіне сіл­те­ме жасап.

Ведом­ство сай­тын­да жари­я­ланған хабар­да айты­лған­дай, Ассо­ци­а­ци­я­ның пре­зи­ден­ті болып М.Әуезов атын­дағы Қазақ мем­ле­кет­тік ака­де­ми­я­лық дра­ма теат­ры­ның көр­кем­дік жетек­шісі, КСРО Халық әртісі Асанәлі Әші­мов сайланды.

Жаңа «Қаза­қстан театр­лар ассо­ци­а­ци­я­сы» театр қоғам­да­сты­ғы­ның құры­луы тура­лы жетек­ші қаза­қстан­дық театр­лар­дың бас­шы­ла­ры жари­я­ла­ды. Бұл шешім­ді қол­даған Қаза­қстан­ның жетек­ші театр­ла­ры­ның бас­шы­ла­ры қата­рын­да М.Әуезов атын­дағы Қазақ мем­ле­кет­тік ака­де­ми­я­лық дра­ма теат­ры, Ғ.Мүсірепов атын­дағы Қазақ мем­ле­кет­тік ака­де­ми­я­лық бала­лар мен жасөс­пірім­дер теат­ры, Н.Сац атын­дағы мем­ле­кет­тік орыс ака­де­ми­я­лық бала­лар мен жасөс­пірім­дер теат­ры, М. Лер­мон­тов атын­дағы оры­стың мем­ле­кет­тік ака­де­ми­я­лық дра­ма теат­ры, Мем­ле­кет­тік рес­пуб­ли­ка­лық кәріс музы­ка­лық коме­дия теат­ры, Мем­ле­кет­тік рес­пуб­ли­ка­лық ұйғыр музы­ка­лық коме­дия теат­ры, Рес­пуб­ли­ка­лық неміс дра­ма теат­ры және т.б. бас­шы­ла­ры бар, деп хабар­ла­ды агенттік.

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Мем­ле­кет­тік рес­пуб­ли­ка­лық театр­ла­ры құры­л­тай жина­лы­сы­ның шеші­мін­де: «Біз «Қаза­қстан театр­лар ассо­ци­а­ци­я­сы­ның» мақ­сат­та­ры мен мін­дет­тері заман тала­бы­на сай болып, Қаза­қстан театр қауым­да­сты­ғы­на қол­дау көр­се­те оты­рып, халы­қа­ра­лық дең­гей­де руха­ни бай мәде­ни­еті­мізді жан-жақты көр­се­тетінін мәлім­дей­міз», – деп жазылған.

Еске сала кет­сек, Қаза­қстан­да осын­дай мақ­сат­тар­ды жүзе­ге асы­ру үшін құры­лған «Қаза­қстан театр қай­рат­кер­лері одағы» бар еді. Оның төраға­сы – Қаза­қстан­ның Халық әртісі, Мем­ле­кет­тік сый­лы­қтың лау­ре­а­ты Тұңғыш­бай Жаманқұлов.

Енді, міне, Мәде­ни­ет және спорт мини­стр­лі­гінің мұрын­дық болуы­мен «үй іші­нен үй тік­кен» жаңа қауым­да­стық құрыл­ды. Егер министр Ары­стан­бек Мұха­ме­диұлын «жыны­стық бопса­ла­у­ға» икем­деді деген Өнер ака­де­ми­я­сы түлек­терінің жазғы­руын және бұл «секс-скан­далға» Тұңғыш­бай Жаманқұ­лов мыр­за­ның қол­дау көр­сет­кенін еске­рер бол­сақ, жаңа қауым­да­сты­қтың қан­дай мақ­сат­та құры­лға­нын жоба­ла­у­ға бола­ды. Ол жоба­ның мақ­са­ты – «Қаза­қстан театр­лар ассо­ци­а­ци­я­сын» мем­ле­кет­тік тап­сы­ры­стар қар­жы­сы­мен қол­дау арқы­лы «Қаза­қстан қай­рат­кер­лері одағын» құрту.

Әйт­пе­ген­де елде­гі ресми тір­ке­уден өткен айнал­ды­рған 55 театр үшін екі бір­дей қоғам­дық ұйым­ның қажеті қан­ша еді? Оның үстіне жаңа қауым­да­сты­қтың пре­зи­дент­ті­гіне Тұңғыш­бай мыр­за­ны сына­у­шы­лар тобын басқарған Асанәлі Әші­мов сай­ланға­нын қапер қыл­сақ, министр Ары­стан­бек Мұха­ме­диұлы­ның жоба­сы «кек алу» науқа­нын көк­сей­тінін білу­ге болады.

Әлде біздің бұл жоралғы­мыз жаң­сақ па? Ал егер бір қаза­нға қос қоғам­дық ұйым­ның жетек­шілерін тоқай­ла­сты­рған мини­стр­лік басқа уәж айтар бол­са, біздің тіл­ші­міз Арсе­кең мен Тұқаң­ды газет бетін­де тоғы­сты­руға дап-дайын.

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн