Понедельник , 7 июля 2025

Тәжікенов ТАНЫЛА бастады

Жөн екен!

 

Жақын­да «Turkvizyon – 2014» ән бай­қа­уын­да Жанар Дұға­ло­ва­мен өнер көр­сетіп, жеңіс туын желбіретіп қай­тқан күй­ші Нұр­жан Тәжі­ке­нов айту­лы шара­дан соң өмірін­де оң өзгерістер орын ала бастаға­нын айтты.

Ел аузын­да «Күй қар­шы­ға­сы» атанған бел­гілі музы­кант Қар­шы­ға Ахме­дь­я­ро­втың соңғы шәкір­ті – Нұр­жан­ның өнері қашан да тың­дар­ман қауым­ды бей­жай қал­ды­рған емес. «Сағы­ныш», «Күт­кен­де» атты бей­не­ба­я­нын көп­шілік­ке тар­ту еткен жас дом­бы­ра­шы­ның жұл­ды­зы осы жеңі­стен соң жарқы­рай түс­кен көрінеді.

Бақ­сақ, интер­нет бетін­де жари­я­ланған сұх­ба­тын­да Нұр­жан: «…Өмірім­де өзгерістер орын ала баста­ды. Қазір­гі таң­да бос уақыт деген мүл­дем жоқ. Күн­де түр­лі түсірілім­дер. Бір шеті­нен өзім­ді көр­се­те білуім керек шығар…» – дейді.

Осын­дай­да қара дом­бы­ра­ның құдіретін паш етіп жүр­ген бауы­ры­мы­зға: өнер­де қаққан қана­тың тал­ма­сын дей келіп, кәкір-шүкір дүни­есін қаңғыр-күң­гір әуен­ге салған кей­бір музы­кант­сы­мақтарға «Бол­саң, Нұр­жан­дай-ақ бол!» дегің келеді…

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн