«Общественная позиция»
(проект «DAT» №38 (309) от 05 ноября 2015 г.
Ойдан-қырдан
Кәсіби актер болмаса да, көрерменнің сүйіктісіне айналған «Тақиялы періштенің» тойына шашу шашып, құттықтаушылар көп болды. «Ақ жол» ат мінгізді, әкімдік шапан жапты, министрлік құттықтау жолдады. Қарапайым халық атшаптырым залға сыймай қалды. Әлімғазы ақсақал кеш бойы шүйкедей кемпірімен жымиды да отырды. Кеш бойы бір ғана сауалға жауап іздедік – оның осындай құрметке жетуінің сыры неде?
Сексенге келсе де, емендей еңселі ақсақалдың бұл құпиясын соңында түсінгендей болдық. Ол – тірі пендеге қиянат жасамаған! Ол – адамдардың барлығына күліп қарайды! Оның көңілі – әлі сәби қалпындай таза! Ол сондықтан әдемі қартайды. Біз де әдемі қартаюға тырысайықшы!
Арман Сқабылұлының «Фейсбук» парақшасынан