Пятница , 4 июля 2025

Тағы да қарызға БАТАМЫЗ БА?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №33 (397) от 14 сен­тяб­ря 2017 г.

 

Апта апты­ғы


 

Азия инфрақұры­лым­дық инве­сти­ци­я­лар бан­кі (АИИБ) энер­ге­ти­ка нысан­да­ры­ның құры­лы­сы үшін ұлт­тық валю­та­да Қаза­қстанға арзан қар­жы ұсы­нуға дай­ын, деп хабар­ла­ды Қаз­ТАГ ҚР ұлт­тық эко­но­ми­ка мини­стрі Тимур Сүлей­ме­но­втің сөзіне сіл­те­ме жасап.

 

«АИИБ біз үшін тағы бір арзан ақша көзін ұсы­нып отыр. Басқа қар­жы­лық инсти­тут­тарға қараған­да, бұл банк энер­ге­ти­ка сала­сы­на қары­здар ұсы­на­ды. Қалған­да­ры негізі­нен жаңар­ты­ла­тын энер­ге­ти­каға, ауыл шару­а­шы­лы­ғы­на береді, ал энер­ге­ти­ка­лық жоба­ларға олар­да ман­дат жоқ. Сон­ды­қтан егер біз элек­тр­стан­ци­я­сын салғы­мыз кел­се, ЕҚДБ-нен қар­жы тар­ту қиы­нға соға­ды, мыса­лы», – деді Т.Сүлейменов кеше АИИБ-дегі Қаза­қстан мүшелі­гін заң­ды тұрғы­да рет­те­у­ге бағыт­талған заң жоба­сын талқы­лау барысында.

«Азия бан­кі мұн­дай жоба­ларға ақша береді. Құры­л­тай­шы құжат­та­ры­ның өзін­де ұлт­тық валю­та­да қар­жы ұсы­ну мүм­кін­ді­гі жазы­лған, ал біздің жағ­дай­ы­мы­зда тең­ге­мен. Бұл валю­та­лық қауіп-қатер­ді барын­ша төмен­де­те­ді», – деп түсін­дір­ді ол. Министр еске салған­дай, АИИБ жарғы­лық капи­та­лы $100 млрд құрай­тын жаңа қар­жы­лық инсти­тут болып табылады.

Қаза­қстан билі­гі осы­лай­ша жер-дүни­е­ден қарыз іздеп жүр­ген кез­де ел ішін­де азық-түлік­тің баға­сы өсіп бара­ды. «Бұған негіз жоқ», деп мәлім­дей­ді ҚР ҰЭМ мини­стрі «Экс­по-2017» көр­месінің аяқта­луы­на бай­ла­ны­сты азық-түлік баға­сы­ның күрт көтерілуіне қаты­сты сыбысқа өзін­ше түсінік­те­ме жасап.

Тимур Сүлей­ме­нов жур­на­ли­стер­ге мұн­дай ақпа­ратқа назар аудар­мауға кеңес бер­ді. Оның айтуын­ша, азық-түлік себетіне кіретін азық-түлік баға­ла­ры төмендетілді.

«

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн