Суббота , 5 июля 2025

ТАҢЫМЫЗ АТАДЫ ӘЛІ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №15 (379) от 20 апре­ля 2017 г.

 

«ДАТ» – 19 жыл

 


 

1998 жыл­дың жел­тоқ­са­нын­да сот шеші­мі­мен «ДАТ» газеті жабы­лып қалды…

Жеті ай бойы жалын­даған «ДАТ» өшті!..

«Өшті» – ауыр сөз. «Реани­ма­ци­яда» деп жұбат­тым өзім­ді. Осы ой өзі­ме ұнап, жүре­гім­ді қыздыр­ды. Әлі таң ата­ты­ны­на сендім…

Келер жаз шыққан­ша сен­деліс­ке түстім. Жұмыс­сыздық. «Сюр»-сергелдең…

Өмір сүру қиын­дап кетті…

Ара-тұра Ғалым­жан Мұқа­но­вқа мұңым­ды шағам…

– Жан, не жаңа­лық бар? Ермұрат­пен (Бапи) сөй­ле­стің бе? Көкең­нен (Қажы­гел­дин) не хабар бар екен?

– Бәрі де баяғы­ша. Еш «дви­же­ние» жоқ. Өзіңіз қалай?

– Жатыр­мын үйде. «Фарен­гейт­ке» жазып тұру­шы едім. Олар ақша төле­мей қал­ды. Маған 5–6 мың тең­ге қарыз. Жең­геңнің бетіне қара­уға ұят. Ол әйте­уір жұмысы­нан бір­деңе алып тұра­ды ғой. Темекі мен газет­ке ақша сұрап алам содан…

– Өй, мен газет оқу­ды қой­дым. Ақшам жоқ алатын.

– Қалай күн көріп жатыр­сы­ң­дар сен­дер, ә? Келін­ше­гің үйде, екі балаң бар. Өздерің – жатақханада…

– Қары­зға батып бол­дық әбден…

– Мықты­сың сен, ә? Былқ етпейсің…

– «ДАТ»-тың таңы ата­ды әлі, Ғалеке!..

 

«Албан – албанға алданады»

Тағы да Ғалым­жан екеуіміз.

Мол денесін бір қозғап қой­ып, қыр­лы мұр­нын сипа­лай­ды. Жүй­кесі тозған ба, тісін шықыр­ла­та береді.

– Бір-екі мың дол­лар табыл­са, үлкен еңбек­ке кірі­сер едім. Басқа жұмыстың қажеті де жоқ.

– Жыра­у­лар поэ­зи­я­сы­ның аудар­ма­сы ма?

– Иә, фран­цуз тіліне аудар­сам, үлкен еңбек болар еді. Мен соған сенім­ді­мін. Содан кей­ін өзім­нің төл дүни­е­лері­ме көшер едім…

– «Алаш» сый­лы­ғы­на ілі­ге алма­ды­ңыз-ау, ә?..

– Бұй­ыр­ма­ды ғой. «Қилы заман­ның» аудар­ма­сын ұсы­нған едім. Албан­ның-ақ тарихы. Мен де албан­мын ғой. Нұр­лан (Ора­за­лин) да албан. «Бауы­ры­на көмек­те­се ме?» деген арам ойым болып еді. Өткіз­бей тастап­ты. Басқа­ла­ры қоштап тұрған­да, оны­сы несі-ей? «Жазу­шы­лар одағы­на мүше емес екен» деп­ті. Соны 1–2 күн қалған­да біліп қалға­нын айтам да…

– «Қожа – қожаға қожаң­дай­ды» деген бар емес пе, Ғале­ке? Албан – албанға алда­на­ды да… Деген­мен, мұн­да сая­си астар бар сияқты. «ДАТ»-та жұмыс істе­ген» деген «жаман атқа» ие бол­дық қой…

– Соны мен де ойлағам. Тағы бір ойым – Нұр­лан «өз алба­ны­на көмек­те­сті» деген алып-қашпа әңгі­ме­ден қорқып, өткіз­бей таста­уы да мүмкін-ау!..

– «ДАТ»-тық «вер­сия» көбірек келеді…

– Бәрі де мүмкін…

 

Пре­зи­дент­ке Жан керек емес

Көк­тем­нің алға­шқы күн­дері Сая Иссаға жолы­ғып қалдым.

– Иә, Жан, не бол­ды? Қалай хал?

– Ойбай, Сәке, мәз емес. Жұмыс жоқ. Қыста пре­зи­дент аппа­ра­ты­ның қара­мағын­дағы шару­а­шы­лы­қтың біріне жұмысқа тұр­мақ­шы едім. Түк шықпады…

– Кім боп?

– Аула сыпы­ру­шы боп… Қызық-ай, бұры­нғы оппо­зи­ци­я­лық газет­тің біл­дей қыз­мет­кері пре­зи­дент аула­сы­ның сыпы­ру­шы­сы болуға да жарамады…

– Оны несіне күл­кі қыла­сың? Кез кел­ген жұмысқа кірісіп, жан сақта­ма­саң бол­май­ды. Бала-шағаң­ды кім асы­ра­мақ? Мына заман­да «баты­рға да жан керек»…

– Мәсе­ле сон­да ғой. Жан бәріне керек, бірақ пре­зи­дент­ке Жан керек емес екен…

 

 

«СолДАТ»-ым – махаббатым

1999 жыл­дың 2 шілдесі.

Міне, «даны­шпан­ды­ғы­ма» салып, сәу­е­гей­сіп айтқа­ным кел­ді: «ДАТ» орны­на «Сол­ДАТ» газеті дүни­е­ге келіп, «ә» деген­нен ақпа­рат кеңісті­гін жау­лап алды…

Соның бір қыз­мет­кері болып, дал­ба­лақтап мен де жүрмін…

«Сол­ДАТ» ашыл­ды» деген­ді естіп, қат­ты қуан­дым. Пре­зи­дент­ті сынау – сүй­ік­ті кәсібім емес пе? «Елі сүй­ген Елба­сы­ның» туған күніне «арнайы сый­лық» бол­ды бұл…

Алға­шқы апта­да жұмысты редак­тор­сыз-ақ баста­дық. Редак­тор етіп Марат Қабан­бай­ды «қой­ған­да», екі есе қуан­дым. Бірін­де – «өзі­ме тар­тқан ағам ғой» (жазу­шы мағы­на­сын­да) деп. Бірін­де – қыста есті­ген әңгі­мем­нің рас боп шыққа­ны­на. Сон­да жігіт­тер күл­кі қып еді. «Мәкең редак­тор бола­тын көрі­неді» дегенім үшін. Жүр­ген жерім күл­кі, әйтеуір…

Редак­ци­яда алғаш күл­кі­ге қал­ды­рған да осы Марат ағам. Жалаңа­яқты­ғым­ды айтып. «Аяғын­дағы сан­дал­дың басы­нан башай­ла­ры шығып тұра­ды, тарақан­ның мұр­тын­дай жыбыр­лап» деп еді сон­да рия­сыз күліп. «Кен­тавр» атты рома­ны­на мені де кей­іп­кер қып ала­ты­нын қоса айтты…

Алға­шқы нөмір­де «Бақай есеп» атты айдар­мен бер­ген «Мини­стр­дің кур­с­та­сы бол­маға­ны­ма өкі­не­мін» деген шым­шы­ма мақа­ла­ма да күл­ді жұрт. Қай­тей­ін, ағым­нан жары­лып едім. «ДАТ»-тың «датын» айтқым кел­ді. Ойдан құрап, жұрт­тан сұрап. Шыным да сол…

«Сол­ДА­Тым» – махаб­ба­тым» дей­мін сүйсіне.

 

Бұл қай «ДАТ»?

Газет тара­та­тын жігіт­тер сату­шы орыс әйел­ге «СолДАТ»-ты сатуға бер­ген ғой. Сөйт­се, анау: «Это быв­ший «ДАТ» па?» – деп сұрапты.

– Да, тот самый.

– «Сол» в пере­во­де – «левый»?

– Мож­но и так. Но здесь в зна­че­ние «тот самый». Тот самый «ДАТ».

– А‑а, а я поду­ма­ла, что это «левый» «ДАТ»…

– Не-ет… Какой «левый»? Мы – самый пра­вый и прав­ди­вый «ДАТ»!..

 

Ыңқыл­дат пен тыңқылдат

Бір­де редак­ци­яға Әмір­жан (Қоса­нов) келе қалды.

– Әй, Жан, «ыңқыл­да­тып жүр­сің бе?» – деп сұра­ды, жарқын жүзі жарқыл­дап. Қыран-топан күлкі…

Оның мәнісі былай болған.

«Сол­ДАТ» газеті жары­ққа шығы­сы­мен, «Ана тілі» газеті «Сөз жоқ, соның іздері» деген «детек­тив­ті» атпен титім­дей шым­шы­ма шығар­ды. «ДАТ» газеті жабы­луы сол екен, құры­л­тай­шы­лар басы­лым­ды қай­та тір­ке­ту үшін «Сол­дат» деген атты пай­да­ла­на қой­ды. «Сол­ДАТ» жабы­лып қал­са, газет атын «Ман­дат» деп қояр, бәл­кім», – деп, өзін­ше әккі тер­ге­уші­дей зерт­теп­ті. «Ана тілі» газетінің жари­я­ла­ны­ма ізін­ше мен де репли­ка тастадым.

«Ұлт гене­ра­лы­ның» «Сол­дат­ты» көз­ге ілгені үлкен ғани­бет екен. Гене­рал болу­ды ойлай­тын «Сол­дат­ты» жабы­лып қала­ды екен деп «сәу­е­гей­суі» ғана күдіктендіреді.

Ал «ДАТ» есі­мін пай­да­ла­нып, газет шығарғы­сы кел­ген­дер­ге оны сан құбы­л­туға бола­ды: АңДАТ, Шаң­ДАТ, ЫмДАТ, Тыңқыл­ДАТ, Шың­ДАТ, Былқыл­ДАТ, Ыңқыл­ДАТ…» – деп, қыр­шып алдым.

Әмір­жан­ның айтып жүр­гені сол ғой…

Әй, расын­да да, билік басын­дағы­лар­ды біраз «ыңқыл­ДАТ­тық» қой, несін айтасың…

 

Носталь­гия

2011 жыл. Астана.

Алма­ты­да жүр­ген­де демо­кра­ти­я­шыл жур­на­лист ағай­ын мені «Жан Тіле­убай­ұ­лы» деп тани­тын. Жазуы­ма қол соға­тын­дар «Қаза­қтың алғыр Қыра­ны» деп мәр­те­бе көр­се­тетін. Аста­наға көшіп, осы Отар­ба үнпа­рағы­на («Қаза­қстан темір­жол­шы­сы» газетін айтам) кел­гелі бері өзім­ді тышқан аулаған кәрі бүр­кіт­тер­дің сана­ты­на қостым, тәйірі…

Алма­ты­ға бір барған­да, Жұма­бек Жан­діл­дин деген жор­нал­шы аға­мы­зға аял­да­ма­да жолы­ғып қал­дым. Авто­бус кел­ген­ше аз-кем сөй­лесіп үлгер­дік. Жүкең маған қарап кетік тісін ақси­та көр­се­те, шиқыл­дай күлді:

– Әй, Жан, сенің баяғы­да өлті­ре жазға­ның есім­нен кет­пей­ді. Мынау ше? Тақы­ры­бы: «2030». Мәтіні: «Дігідік-дігідік, дігідік-дігідік…» Бұдан асқан қысқа­лық болар ма? Хы-хы-хы…

Со күйі кеп қалған авто­бу­сқа мініп кете бар­ды. Аңта­ры­лып мен қал­дым: «Әй, Жүкең де қызық! Атам заманғы­ны еске салып…».

Марқұм Марат Қабан­бай аға­мыз басқарған «Сол­ДАТ» газетін­де­гі қызы­қты күн­дер­дің елесі көз алдым­да көл­бең­деп сала бер­ді. Сағын­дым сізді, Марат аға!..

«ДАТ» жоба­сын­дағы «Сол­ДАТ»,

«Жұма-таймс», «Айна-плюс» газеттерінің

жор­нал­шы­сы –

Жан ТІЛЕУБАЙҰЛЫ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн