Пятница , 4 июля 2025

Талғат АЙТБАЙҰЛЫ, публицист-жазушы: ҚАЗАҚ БИЛІГІ БӘРІМІЗДІ БЕЙШАРАКҮЙГЕ ТҮСІРДІ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №17 (381) от 4 мая 2017 г.)

DAT!


Бүгін­гі «ДАТ!»-тың қонағы – аза­мат­тық және шығар­ма­шы­лық бел­сен­ділі­гі­мен елге таны­лып жүр­ген бел­гілі пуб­ли­цист-жазу­шы Талғат Айт­бай­ұлын қоғам­дағы «руха­ни жаңғы­ру» деген даб­ы­раға баға беру­ге шақы­рған едік. Сон­дағы сұх­бат қоғам­ның қоя­сын қопарған үлкен әңгі­ме­ге ұла­сты. Оқып көріңіз.

– Пай­ғам­бар жасы­нан өттіңіз, енді алаң­сыз, тып-тыныш зей­нет­кер­лік­тің раха­тын көріп неге жат­пай­сыз, Тәке!

– Солай уай­ым-қай­ғы­сыз жатқым-ақ келеді. Бірақ қалып­тасқан дағ­ды сол – 63-ке дей­ін өмірім қалай бол­са, әрмен қарай да солай жалға­са­тын секіл­ді. Шүкір, бел­сен­ділі­гім бір кісідей…

– Талай кітап­тар жаз­ды­ңыз, талай қыз­мет­тің басын шал­ды­ңыз. Бірақ бәрі өзіңіз таң­дап алған маман­ды­қтың төңіре­гін­де. Әйт­кен­мен, өткен­ге есеп беру мезеті деген бар емес пе?

– Мен өзі қара басым­мен бай­лан­бай, халы­қтық істер­ге ара­ласқа­ным­ды, шама-шарқым­ша елдің сөзін сөй­ле­генім­ді бақы­ты­ма балай­мын. Он жыл шығуын тоқтатқан «Жыл – он екі ай» әде­би-таным­дық күн­па­рақ кіта­бын жур­нал ретін­де тір­кетіп, биыл он жетін­ші жыл, үзбей шыға­рып келе­мін. Бір-бірін қай­та­ла­май­тын 80 кітап жаса­дым. Сон­дай-ақ өмірім­нің жар­ты­сын арнап, «Алма­ты 1986 Жел­тоқ­сан» айғақ-кітап­та­ры­ның он томын ешқан­дай ақы-пұл­сыз құра­с­ты­рып, елге ұсын­дым. Соның әуел­гі екі томын өткен жылы, көтерілістің 30 жыл­ды­ғы қар­саңын­да «Жел­тоқ­сан көтерілісі» деген ата­у­мен шығар­дым. «Әде­би­ет­тің әле­умет­тік маңы­зды түр­лерін басып шыға­ру» бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша, мем­ле­кет­тік тап­сы­ры­спен 2000 дана тара­лым­мен жарық көрді…

– Сіз өзі ара-тұра билік­ті де сынай жүріп, сол мем­ле­кет­тің «гос­за­ка­зы­нан» да құра­лақан емес сияқтысыз…

– Тіп­ті де олай емес. Мәде­ни­ет және спорт мини­стр­лі­гі осы істі баста­уын бастап алып, арғы жақтағы мен біл­мей­тін біре­улер­дің «әй, сен­дер не бүл­дір­дің­дер?» деген сесті сөзін естіді ме, кім біл­сін, әйте­уір тез айыл­да­рын жия қой­ды. Сөй­тіп, «Дәуір» бас­па­сы жыл аяғы­на дей­ін жарық көреді деп дәме­лен­тіп ұсы­нған сегіз томы­на берілу­ге тиісті қар­жы тосын­нан қиы­лып қал­ды. «Жел­тоқ­сан тақы­ры­бын­дағы ең жүй­елі кітап екен, сіздің кітап­та­ры­ңы­зды шыға­рай­ық» деп түрт­кі болған бас­па қыз­мет­кер­лері қат­ты өкін­ді. Бірақ өз басым, шыны керек, екі томы бол­са да жарық көр­геніне қуан­дым. Өйт­кені Жел­тоқ­сан – билік үшін «жабық тақы­рып». Егер басқа­ша десе, онда өткен жылы 30 жыл­ды­ғы тәу­ел­сізді­гі­міздің 25 жыл­ды­ғы дәре­же-дең­гей­ін­де ата­лып өтпес пе еді?..

– Айт­пақ­шы, Жел­тоқ­сан – қаза­қтың абы­ройы екенін әлем­дік сая­сат­кер­лер, тарих­шы-ғалым­дар, шетел­дік мем­ле­кет бас­шы­ла­ры біледі, бірақ оны өз мем­ле­кеті­міздің билі­гі мой­ын­да­май­ды. Неге олай?

– Біздің билік – орыс­шыл. Солай болған­ды­қтан, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жыл­ды­ғы ірге­міз­де­гі Қырғыз елін­де­гі­дей ата­лып өтіл­меді. Оны ауы­зға алсақ та, Ала­шор­да өкі­меті тура­лы ауыз ашсақ та, Алаш ары­ста­ры­ның иде­я­сын қай­та көтеріп, отар­сызда­ну ұран­да­ры­мен алаң­да атой­лаған Жел­тоқ­сан көтерілісі қаһар­ман­да­ры­ның ерлі­гін ескер­сек те – оры­стар­ды үркітіп ала­мыз, ұлт араз­ды­ғын қоз­ды­ра­мыз деп қорқа­ды. Ең ақы­ры 30-жыл­дар­дағы ақсүй­ек ашты­қты жасап, қаза­қты қына­дай қырған қасірет­пен нәу­бет­ті де, билік­тің бой­ын әлгін­дей үрей биле­ген­дік­тен, маза­лай алмай­мыз. Өз алды­мы­зға тәу­ел­сіз ел екен­ді­гі­міз рас бол­са, онда неге күн­па­рағы­мы­зда қуғын-сүр­гін қасіретін еске алу күні ретін­де көр­сетіл­ген ата­у­лы күні күл­лі теле­ар­на­лар мен радио­дан аза­лы әуен­дер ойна­тып, Көк туы­мы­зды төмен түсір­мей­міз?.. Демек, біз Мәс­ке­у­ге қарап таң аты­рып, күн баты­ра­тын, Кремль­де оты­рған орыс пат­ша­сы­ның бетіне жал­тақ-жал­тақ қарай­тын, езілу­шілік қамы­ты мой­ны­нан әлі күн­ге арыл­маған елміз. «Кін­ді­гі бай­ланған» дей­ді ғой: ақиқа­тын айтқан­да, елба­сы­мы­здың кін­ді­гі бай­ланған­ды­қтан, ол кісі тәу­ел­сіз ел атанға­ны­мы­зға ширек ғасыр­дан асса да, отар­сызда­ну бағы­тын­да батыл қадам жаса­уды ойы­на алу былай тұр­сын, оны тіп­ті түсін­де де көр­гісі келмейді…

«Тіл отар бол­са, халық та отар» деген екен Алаш ары­ста­ры­ның бірі Халел Досмұ­ха­ме­дов. Сон­ды­қтан біз әлі Ресей­дің отар­лық бұға­уын­да бай­ла­нып, мата­лып отырмыз.

– Сон­да ештеңе өзгер­ген жоқ дей­сіз бе?

– Осы науры­здың басын­да өзін «Жел­тоқ­сан ақиқа­ты» РҚБ-нің жетек­шісі­мін деген Бей­сенға­зы Нүкен­ге қаты­сты Ала­тау ауда­нын­да (Алма­ты) аза­мат­тық сот оты­ры­сы өтті. Оны аудан­дық сот төраға­сы­ның өзі жүр­гізді. Ай жарым­дай уақы­тқа созы­лған бұл про­цесс Б.Нүкеннің жеңілісі­мен аяқтал­ды. Ұйым құры­л­тай­шы­ла­ры­ның бірі болған­ды­қтан, мен оған куә ретін­де қаты­сып, өз сөзім­ді айтып, жау­ап бер­дім. Сот орыс­ша өтті. Өйт­кені ары­зды Б.Нүкен мыр­за орыс­ша жазып­ты. Ара­мы­зда бөтен ұлт­тан бір ғана кісі бол­ды. Ол – Бей­сенға­зы адво­кат­ты­ққа жал­дап алған татар келіншек.

«Құр­мет­ті сот, – деп баста­дым айта­рым­ды. Аудар­ма­шы сөзім­ді іле­се ауда­рып тұр­ды. – Мен про­цес­стен тыс бір минут­тық ой айтай­ын. 1986 жыл­дың жел­тоқ­са­нын­да қазақ мәсе­лесін орта­лы­қтағы орыс көсем өзі­міз шеше­міз деп еді, аяғы қан­тө­гіс­ке ұла­сты. Шеру­ге шыққан жастар­ды күшпен басып-жан­шы­ды. Қаза­қты – қазақ жазғыр­ды. Қаза­қты – қазақ сот­та­ды. Ауыл­дан келіп, орыс тілін енді үйреніп, өз ойын жөн­деп жет­кі­зе алмай­тын бауыр­ла­ры­мыз жазы­қ­сыз жаза­лы болып кете бар­ды. Ара­да 30 жыл өтті. Сон­да алаң­да «сен кім­сің, қай­дан­сың?» деп сұра­маған қаһар­ман­дар едік, енді орыс­ша сот­та­сып жатыр­мыз. Қазақ тілі, қазақ ұлты­ның мүд­десі үшін алаңға шықтым деп, бәсін арт­ты­ру­ды жақ­сы көретін аза­мат енді өз мүд­десін орыс тілі арқы­лы қорғай­тын болып­ты. Міне, осын­дай жағ­дай­ға, осын­дай ездік­ке жет­тік, осы сор­лы­лы­ғы­мыз үшін еңіреп жылағым келеді…» – дедім.

– Иә, ондай ездік пен сор­лы­лық үсті-үстіне үдеп бара­ды-ау, өзі…

– Елі­міздің ертеңі, өркені үшін, жер үшін, тіл үшін, қазақ халқы­ның мерейі үшін өлдік-тал­дық па деген­де әзер жет­кен тәу­ел­сізді­гі­мізді қол­дан сусы­тып алмай­ық деп, жүрек әміріне жүгін­ген ардақты аза­мат­та­ры­мы­зды жер қыла­тын кер заман­да күн кешу­де­міз. Ерлік баға­лан­бай, ұрлық-қар­лық жасаған­дар­дың, ел бай­лы­ғын тонап, халық қар­жы­сын қымқы­рған қан­ды­қол қыл­мыс­кер­лер­дің жеңіс туы желбіреп тұрған дәуір бұл. Егер шын ерлік­ті, ұлты­мы­зға деген есіл ерлер­дің сүй­іспен­шілі­гін түсіне біл­сек, Мұх­тар Шаха­но­втай бір­ту­ар тұлға­мы­зды тұқыр­тып, Макс Боқа­ев, Талғат Аян мен Жан­бо­лат Мамай секіл­ді жел­кіл­деп жетіл­ген, Ота­ны­мы­здың тұта­сты­ғы, тұғыр­лы болуы, баба­лар мұраға қал­ды­рған ата­ме­кен­де халқы­мы­здың қай­ғы-мұң­сыз, бақыт­ты ғұмыр кешуі жолын­да қашан да құр­бан болуға дай­ын жаста­ры­мы­зды түр­ме тоза­ғы­на тығар ма едік?!

Ал Аты­ра­удағы Иса­тай мен Махам­бет­тің ескерт­кі­ші қой­ы­лған алаңға жер үшін жиналған мың­даған адам­дар­дың ара­сын­да асқан бел­сен­ділі­гі­мен көз­ге түс­кен Макс пен Талғат өршіл рух, өткір ойла­ры үшін «сыбаға­сыз» қал­ма­ды. Әйт­пе­се алаң­дағы бар­ша жұрт буы­рқанған, күштік құры­лым­дар тара­пы­нан сәл бір­деңе бола қал­са, жары­луға шақ тұрған дүй­ім елдің орта­сы­на гал­стук­сыз, өте қара­пай­ым кей­іп­те кел­ген облыс әкі­мі не деп еді? Ешкім­ді қамат­тыр­май­ты­нын, жазы­қ­сыз жапа шек­тір­мей­тінін айтқан. Ол – ол ма, пре­зи­ден­ті­міздің өзі қаси­ет­ті қазақ жері үшін жан беретін осын­дай жастар­дың бар­лы­ғы­на шын риза­шы­лы­ғын біл­діріп, сүй­сін­ді емес пе, Бақыт­гүл? Сон­да мұны­сы бар­ша жұрт­ты алда­у­сы­ратқан сөзі бол­ды ма?..

Әй қай­дам!.. Әркім өз сөзінің иесі болуы керек қой! Халқы­мыз екі сөзді адам­дар­дан айыл жию­шы еді. «Екі сөй­ле­ген ерден без!» дей­тін. Халы­қтың қайт­пас, қай­сар мінезін мұқал­тып, тұқыр­ту жолын­да жасалған нешетүр­лі қитұрқы қулық пен сұм­ды­қтарға куә бол­дық. Әлбет­те, билік­тің тара­пы­нан халқы­мы­зға жаса­лы­на­тын қан­дай да қар­сы қадам, ойсыз әре­кет­ке қар­сы­лық көр­сет­кен­дер­ді қуда­лау, қамау, зор­лық-зомбы­лық көр­се­ту бетін тұм­ша­лаған­дар мен оқа таққан­дар­дың, шен-шек­пен киген­дер, шірен­ген шене­унік­тер­дің тара­пы­нан «қоғам тыны­шты­ғы, ұлт араз­ды­ғын бол­дыр­мау» деген бүр­ке­мелі мақ­сат-мүд­де­мен жүзе­ге асырылуда.

Бірақ түп­тің-түбін­де ұлт­тың мерейі тап­тал­мау жолын­да жасалған ерлік­ке қар­сы сон­дай жөн­сіз іс-әре­кет­тер­дің бәрі билік­тің ұшар басын­дағы бір-ақ кісі­ге тіре­летіні ста­лин­дік сүр­гін, голо­ще­кин­дік қырғын және Жел­тоқ­сан көтерілісінің дәл осы күн­ге дей­ін шыбын жаны­мы­зды шырқы­ра­ту­мен келе жатқан жара­сы кім-кім­ге де сабақ болуы керек-ақ еді. Алай­да олай бол­май, жаңа­ша жалға­су­мен, қорған­сыз халы­ққа қару кезеп, тіп­ті қырып таста­удан тай­ын­бай­тын кес­пір­сіз қылық, дүлей түрі­мен түршіктіруде…

– Сөй­те тұра, бұл билік «халы­қтың рухын жаңғыр­та­мыз» деп жатқан жоқ па? Өзі әбден жан­шып, тап­тап тастаған рух­ты қалай жаңғырт­пақ екен?

– Иә, билік ашы­нған елмен ашық әңгі­ме­ден қаша­ды, бет­пе-бет келу­ден қорқа­ды. Өйт­кені бей-бере­кет ісі­мізді әшке­ре­лей­ді, беті­мізді осқы­лап, тыр­най­ды дей­ді. Халық – бір жақта, сол халы­ққа қорған болуға тиісті олар екін­ші қиыр­да күн кешу­де. Айна­ла-төңірек­теріне қытай қорға­нын құрған билік пен екі ара ашы­лған үстіне ашы­лып бара­ды. Осы­ған жет­кіз­ген отыз жылға жуық уақыт­тан бері озбыр­лық, өктем­дік­пен, өзім білем­дік­пен жүр­гізіліп келе жатқан билік­тің соқыр саясаты…

«Әуелі – эко­но­ми­ка, содан соң – сая­сат» деген ұста­ным­ның және бүкіл билік­ті бір адам­ның қолы­на үйіп-төгіп ұста­тып, айна­ла-төңіре­гін­де­гі үркер­дей топ­тың ықпа­лын­да кетудің ақы­ры кла­на­ра­лық қақты­ғы­сқа апа­ра­ты­нын, қара­пай­ым халы­қтың қан қақ­сап қала­ты­нын өзге­ше ойлай­тын сая­сат­кер­лер айту­дай-ақ айт­ты, жазу­дай-ақ жаз­ды. Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұлы­ның «Үштаға­нын­да» алда қан­дай қауіп-қатер, елді ойсы­ра­тып кететін зардап­ты оқиға­лар күтіп тұрға­ны сон­ша­лы­қты терең біл­гір­лік, көре­ген­дік­пен баян­дал­ды. Бірақ оны билік асқан жаулық сезім­де, ыза­лы, ызбар­лы күй­де қабылдады.

– Зәкең – Заман­бек Нұрқа­ді­ло­втің де қоғам­дағы орны опы­рай­ып, ойсы­рап қалған жоқ па? Олар момақан халы­қтың қорға­ны, шын жана­шы­ры еді.

– Айт­паңыз! Сонау бір қыспақты шақта елі­мізді эко­но­ми­ка­лық күй­зелі­стен алып шыққан Әке­жан Қажы­гел­дин­нің өзін «ит қосып» қуды ғой билік. Елде жүр­се, халы­қты соңы­нан іле­стіріп, жеке-дара билі­гі­ме кесір тигі­зеді деді. Халы­қтың қамы, Қаза­қстан­ның бола­шағы деген­ді қара бастың мүд­десі басып кет­ті. Ғалым­жан Жақи­я­но­втың сағын темір тор­да бұға­у­лап ұстап сын­ды­ра алма­ды, еркін­дік­ке шыққан соң ел ішін­де еркін жүруіне де мұр­ша бер­меді. Енді Ғале­кең секіл­ді халқым, қаза­ғым деген аза­мат­тың қай қиыр­да, не күй­де жүр­гені­нен де бейхабармыз.

Ал Мұх­тар Әбі­ля­зов ше? Оның кім екенін, қай дең­гей­де­гі эко­но­мист, бан­кир, сая­сат­кер екенін Фран­ция түр­месін­де оты­рып жазған мақа­ла­ла­ры мен бер­ген сұх­бат­та­ры­нан жақ­сы біле­міз… «Қол­да бар­да алтын­ның қадірі жоқ». Ел игілі­гі үшін осын­дай аза­мат­тың қабілет-қары­мын пай­да­ла­нуға әбден-ақ бола­тын еді-ау! Билік Мұх­тар Жәкі­шев­ті де керек қыл­ма­ды. Бас­пасөз сала­сын­да бас­шы болып жүр­ген­дер­дің кез кел­генін он орай­тын Сей­ітқа­зы Мата­ев­ты да қол­дан қыл­мыс­кер етіп шығарды.

– Сон­да бұл билік­ке кім керек? Оған жаға­тын адам қан­дай болуы керек деп ойлайсыз?

– Билік­ке Маш­ке­вич пен Шоди­ев, Ким… сияқты­лар керек. Сыбай­ласқан, ауыз жаласқан жемқор­лар керек… Елдің ен бай­лы­ғын әкесінің мүл­кін­дей бөлісіп, аран­да­ры ашы­лған қорқа­у­лар­ды көр­се де көр­мей­тін, көру құқы­нан айы­ры­лған тер­ге­уші, сот, про­ку­рор­лар керек… Қара халы­қты тұн­шы­қты­рып, езгі­де ұстай­тын­дар, сол жол­да ұлтын да, ұятын да ұмы­та­тын сұм­пай­ы­лар керек… Қаза­қты тілі­нен, діні­нен, рухы­нан, елі­нен, жері­нен айы­рып, сор­ла­тып жат­са да, билік­ті май­ын тамы­зып мақтай­тын мәй­мөң­ке жағым­паз­дар, жара­па­зан­шы­лар керек… Ойы­на кел­ген ойра­нын ойлан­бай жасай­тын, көзі түс­кен біре­удің биз­несі бол­са, рей­дер­лік­пен тар­тып ала­тын Б.Н. сын­ды, көкесіне сүй­ен­ген тең­дес­сіз мықты­лар керек… Осы керектер­дің ішіне халы­қтың есебі­нен бай­ы­ған, қымқы­рған мол ақша­ла­рын шетел­ге асы­рған­дар­дың бәрі-бәрі керек…

– Ал енді әлгі «керек еме­стер­ге» қай­та оралайықшы…

– Е, олар­дың кім екенін Жаңаө­зен қырғы­ны­нан кей­ін, қаза­қтың көзі тірі клас­си­гі Мұх­тар Маға­у­ин аға­мыз «Қаза­қ­сыз Қаза­қстан» деген мақа­ла­сын­да жеріне жет­кізіп жаз­ды. Егер біздің билік­ке бар қазақ аяу­лы, қима­сын­дай қым­бат көрін­се, Сабыр Адай жүре­гі­мен жыр­лаған­дай, «әр қазақ – менің жалғы­зым» десе, халы­ққа қыз­мет ету – асыл пары­зы екенін шын ұғын­са, өз құқын, ада­ми қаси­етін табан­дап тұрып қорғаған қару­сыз қаза­қтар­ды оқ бора­ны­ның асты­на алғы­зар ма еді?..

Әй, көкем-ау, олар – өз қаза­ғы­мыз, қан­да­сы­мыз, жан­да­сы­мыз, бауы­ры­мыз еді ғой! Бір бөтені жоқ еді! Осы жер­дің, елдің иесі емес пе еді?! Ел билі­гін­де оты­рған Н.Ә.Назарбаев қазақ жеріне, бар­ша бай­лы­ғы­на қалай қожа­лық етсе, олар да сон­дай дәре­желі иесі бола­тын. Әйт­кен­мен, ескір­мей­тін, ұрпақтан-ұрпаққа ұмы­тыл­май ұла­са­тын қасірет жүзе­ге асты.

Билік­ке «керек еме­стер» – «Жас Ала­штан» ала­ста­ты­лған Рыс­бек Сәр­сен­бай­ұ­лы, Алма­ты­ның түр­месін­де, тер­геу каме­ра­сын­да оты­рған Жан­бо­лат Мамай, жан сауға­лап Алма­ни­яға қашып кету­ге мәж­бүр болған Болат Атабаев…

– Қай­наған қия­нат­тың орта­сын­да өзіңіз де жүр­сіз ғой, қалай ойлай­сыз, сон­да билік­тің бұра тар­тқан пиғы­лы осы­лай жалға­са бере ме?

– Жо-жоқ, Бақыт­гүл, бар нәр­сенің басы, аяғы бола­ды. Бұл – табиғи заң­ды­лық. Кеше­гі ста­лин­дік, хру­щев­тік, гор­ба­чев­тік дәуір­дің өткенін­дей, Нұре­кеңнің де билік құрған дәу­рені біту­ге бей­ім­деліп келеді. Оның алдын­да Ресей халқы Путин­мен қошта­са­тын сыңай­лы. Бүгін­гі ресей­лік­тер­дің буы­рқанған қимы­лы сон­дай ойға жете­лей­ді. Халық мың­дап емес, мил­ли­он­дап көше­ге шықты. «Надо­е­ло!» деп шеруледі.

Біз­де де қара су, қара нанға қарап қалған, ұн алуға ақша таба алмай, тен­тіреп жүр­ген­дер мен қай­ыр­шы болып кет­кен­дер барған сай­ын көбейе түсу­де. Еңбек­ке қабілет­ті 8,5 млн адам­ның екі жарым мил­ли­он­дайы жұмыс­сыз, банк­тер­ге қары­здар 5,5 мил­ли­онға жуық халы­қтың 1,2 мил­ли­о­ны алған ақша­сын мүл­де қай­та­ра алмай­тын мүш­кіл хал­де екенін тая­у­да жарық көр­ген газет­тер жаз­ды. Сол секіл­ді әлем­нің әр шалғай­ын­дағы дамы­ған, дамы­м­аған елдер­дің бәрі­нен алған, алды-арты­мы­зға қара­май ала бер­ген қары­зда­ры­мы­здың шыған­дап өскені сон­дай, әрбір қаза­қстан­ды­ққа шаққан­да орта есеп­пен 9000 дол­лар­дан айна­ла­ты­нын да әлгі басы­лым­дар­дан оқып, білдік.

– Енде­ше қазір­гі қоға­мы­м­ы­здағы дүр­мек­ті әңгі­ме­ге келей­ік­ші. Мерзім­дік басы­лым­да­ры­мы­здың бәрі Нұр­сұл­тан Әбі­шұлы­ның «Бола­шаққа бағ­дар: руха­ни жаңғы­ру» дей­тін мақа­ла­сын тал­дап, талқы­ла­у­мен әлек. Өздерін халы­қтың қай­мағы санай­тын­дар­дың ішін­де шет қалға­ны шама­лы. Осы тұрғы­сын­да өзіңіз не дер едіңіз?

– Мен бе?.. Әй, Бақыт­гүл-ау, ел тіз­гінін ұстаған елба­сы­ның аузы жақ­сы-ау! Айта­ды, айтқан­да да, қаты­рып айта­ды. Мәсе­лен, пәлен жыл­дан кей­ін «Азия бары­сы бола­мыз» деді. Қан­дай ғажап сөз! Бірақ, бола алма­дық. Мем­ле­кет­ті тона­уға құры­лған топа­лаң тір­лік­пен біз мың жыл­да да Азия құр­лы­ғы емес, ТМД елдері ара­сын­да да «барыс» бола алмай­ты­ны­мы­зға көзі­міз жет­ті. Оны анық сезген билік­тің төңіре­гін­де­гілер де айқай­шыл, ұран­шыл газет­тері мен теле­ха­бар тіз­гінін ұстаған­дарға «енді бүй­тіп айта бер­мең­дер, ұят бола­ды» деген болу керек, қазір жур­на­ли­стер ол сөзді мүл­де ауы­зға алмай­тын болды.

Одан кей­ін елба­сы­мыз «Мәң­гілік ел бола­мыз» деген­ді айтуы мұң екен, депу­та­ты, депу­тат емесі бар, ғалы­мы, ғалым емесі бар, ақы­ны, ақын бола алмай арман­да қалға­ны бар, әй, бір жала­у­лат­ты-ай кеп!.. Шын­ды­ққа иілей­ік­ші: мәң­гілік Құдай ғана емес пе?! Сон­да әлгі жара­па­зан­шы­лар­ды­кі не сандырақ?..

Сөй­тіп, «Мәң­гілік ел» тақы­ры­бын­дағы жарыс әңгі­менің де соңы­на жет­кен­дей­міз. Мына руха­ни жаңғы­ру да, үш тұғыр­лы тіл мен латын алфа­ви­тін енгі­зу тура­лы тақы­рып та халы­қтың назар, ойын сая­сат­тан басқа жаққа қарай бұруға, бүгін­гі қоғам­дық сая­си, әле­умет­тік-тұр­мыстық жағ­дай­ға көңілі тол­май­тын жұрт­тың, әсіре­се қаза­қтар­дың буын шыға­руға арналған бағ­дар­лы ойын секіл­ді көрі­неді де тұрады.

– Дәл осын­дай кез­де ақын-жазу­шы­лар сая­сат­тан, халы­қтың хал-жағ­дай­ын тіл­ге тиек ету­ден тыс қал­ды ма, әйте­уір үндері шық­пай­ды ғой…

– Кеше­гі кеңе­стік заман­да және одан бер­гі бірер жыл­да Жазу­шы­лар одағы­ның еңселі ғима­ра­ты­на кіріп-шыға­тын­дар көп еді. Жер мәсе­лесін сөз еткен жиын қан­дай дүм­пу­мен өткені көз алдым­да. Одан кей­ін де Аста­на қаза­қтың еңсесін түсіретін қан­ша­ма шешім­дер­ді аян­бай шығар­са да, ондай дүр­мек­ті басқо­су болған емес. Бұл жер­де оның бәрін сана­ма­лап жату­дың өзі артық.

Ал енді ірік­теп айт­сам, соның ішін­де­гі жан­ды мәсе­ле тағы да көтеріл­ген жер жағ­дайы емес пе еді?.. Одақ болып ауыз аша алмай ит бол­дық қой, ит бол­дық!.. Жер үшін көше­ге шығып, алаңға ұмты­лған­дар­дың ара­сы­нан Тұры­с­бек Сәу­ке­тай, Кемел­бек Шама­тай мен Болат Шарахым­бай­ды ғана көр­дім. Басқа да бір­ді-екілі қалам­гер шеру­ге шық­са – шыққан шығар: әрине, ол – халық аты­нан сөй­ле­у­ге құқы­лы қалам­дас аға-әпке­лерім­нің, әріп­те­стерім­нің абы­ройы. Тіп­ті пре­зи­дент Назар­ба­ев­тың өзіне хат жазып, шырыл­да­удан бір тан­бай келе жатқан Ғаб­бас Қабы­шұ­лы, Қаб­деш Жұма­ді­лов, Мұх­тар Шаха­нов, Темір­хан Медет­бек, Софы Сма­тай, Иран-Ғай­ып… тағы кім еді?.. Қара­шы, рухы өлме­ген үркер­дей ғана топ… Басқа­лар сияқты ғой олар да. Алай­да ел мен жер мүд­десі, қазақ халқы­ның бүгін­гі ғана емес, ертеңі үшін деген­де, ол кісілер бала-шаға­сын ауы­зға алмай­ды, бас қамын ұмытады.

Ал өзге­лер ше? Қат­ты айт­ты деп кінәла­ма­сын, ол шір­кін­дер­дің көбінің есіл-дер­ті – депу­тат ата­ну, сый­лық алу, мара­патқа ұмты­лу, қала бер­ді аудан, облы­стың құр­мет­ті аза­ма­ты болу, төр­де оты­ру… Бәрі өстіп пен­де­шілік пай­ы­мға бай­лан­ды. Күста­на­лай­тын ком­му­ни­стік заман­да Ком­пар­тия көсем­дері қалам­гер­лер­ден қай­мы­ға­тын, қат­ты сана­са­тын еді. Бүгін­гі Қазақ билі­гі бар­сың ба, жоқ­сың ба демей­ді, бәрі­мізді бей­ша­ра күй­ге түсірді…

– Бар әңгі­меңізді пай­ғам­бар жасы­нан өтер­де айтар­мын деп жиып-теріп жүр­діңіз бе дей­ін десем, еркін ойлы басы­лым­дар­да талай ащы ойлы мақа­ла­ла­ры­ңыз жарық көр­ді. Оны көзі қарақты елдің бәрі оқы­ды. Енді осы сұх­ба­ты­мы­здың соңын­да кей­ін­гі кез­дері өзіңіздің көңіл­ді хош қылған оқиға жөнін­де де айта кетсеңіз.

– Айту керек. Әсіре­се әні­мен айдай әлем­ді аузы­на қаратқан, дүй­ім қаза­қтың мәр­те­бесі, мақта­ны­шы, мерейі болған Димаш Құдай­бер­ге­но­вті айту керек! Айна­лай­ын еншісі кетіп, еңсесі түс­кен, қары­зға батып, қыларға амал таба алмай қамы­ққан, қар­ны ашқан қаза­қтар­ды да, май­ға мей­міл­де­ген бай, бақу­ат ұры-қары қан­даста­ры­мы­зды да там­сан­тып кет­ті. Маған бөг­де тіл­де сөз айт­пай, қаси­ет­ті қазақ тілін­де сөй­ле­гені, ыңғайы кел­се тек қана қаза­қ­ша ән айтуға ұмты­лып, жұлқы­нып тұрған мінезі ұнады.

Шір­кін-ай, осы қаси­ет пен осын­дай бітім күл­лі қазақ елі аты­нан сөй­лей­тін пре­зи­ден­ті­міз Нұр­сұл­тан Әбі­шұлын­да болған­да ғой, онда біздің сүй­ік­ті тілі­міз, ана­мы­здың аяу­лы тілі әлдеқа­шан күр­ме­уі қиын күр­делі мәсе­ле болу­дан қалып, мәр­те­белі тұғы­рын­да тұрар еді. Бірақ «ештен кеш жақ­сы» деген де бар. Ертең­нен бастап барған елдерінің бәрін­де отар­ла­у­шы елдің тілін­де емес, мен­шік­ті мем­ле­кет­тік тілі­міз­де сөз сөй­леп, сұх­бат бер­се де, ойсы­раған тұсы­мы­здың орны толар еді. Қай тіл­ге де қақал­май, қылау түсір­мей, еркін ауда­ра­тын маман­дар жете­ді. Үкі­меті­міз түгел­ге дер­лік өз қаза­ғы­мы­здан жасақталған. Солар қаза­қ­ша жиын өткізіп, депу­тат­та­ры­мыз өзі­міздің мем­ле­кет­тік тілі­міз­де сай­рап кет­се, ой, ғажап, жүз жасаған­дай болар едім-ау, Бақыт­гүл! Ондай күн­ге жетер ме екенбіз?..

– «Үміт­сіз – шай­тан» ғана. Жете­міз, Тәке, жете­міз! Дима­шы­мыз үлкен өне­ге көр­сет­ті емес пе?! Қай сала­да жүр­гені­міз­ге қара­май, іліп әкет­сек болғаны!

Сұх­бат­тасқан –

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн