Суббота , 5 июля 2025

Талғат АЙТБАЙҰЛЫ: Желтоқсан «жыры» БІТКЕН ЖОҚ – күрес жалғаса береді

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №40 (357) от 03 нояб­ря 2016 г.

 

ДАТ!

 


 

 

• Жар­ты әлем­ді дүр сіл­кін­дір­ген Жел­тоқ­сан көтерілісінің 30 жыл­ды­ғын атап өту­ге бір жарым ғана ай қал­ды. Бұл айту­лы дата­ны мем­ле­кет­тік дең­гей­де өткізу­ге қаза­қстан­дық билік тара­пы­нан не істеліп жатыр?

Бір­ден айтай­ық – шөп­тің басын сын­ды­рған қимыл жоқ. Деген­мен, Жел­тоқ­сан көтерілісіне қаты­сқан бүгін­гі бел­сен­ді аза­мат­тар­дың мұрын­дық болуы­мен қазан айы­ның соңын­да Аста­на­да үлкен халы­қа­ра­лық кон­фе­рен­ция өтті. Осы орай­да біз «ДАТ!» айда­ры аясын­да бел­гілі жур­на­лист, «Жел­тоқ­сан жыл­на­ма­шы­сы» атанған жазу­шы Талғат АЙТБАЙҰЛЫН әңгі­ме­ге тарттық.

 

 

–Талғат мыр­за, 25 қазан күні Аста­на­да ұйым­да­сты­ры­лған «Қаза­қстан­дағы Жел­тоқ­сан (1986) көтерілісінің тари­хи және халы­қа­ра­лық маңы­зы» деп ата­ла­тын халы­қа­ра­лық ғылы­ми-прак­ти­ка­лық кон­фе­рен­ци­яға қаты­сып кел­геніңіз­ден хабар­дар­мыз. Халы­қа­ра­лық дең­гей­де өткен бұл кон­фе­рен­ци­я­ның бұған дей­ін­гі жел­тоқ­сан­ды­қтар жиы­ны­нан өзге­шелі­гі бол­ды ма?

– Бірін­ші кезек­те айта кетей­ін, Жел­тоқ­сан­ның тай­та­ла­сы әлі біт­кен жоқ. Сол бір ызғар­лы жел­тоқ­сан­нан бері отыз жылға таяу уақыт өтсе де, көтеріліс­ке бай­ла­ны­сты соңы­на жет­пей, аяқ­сыз қалған, түй­ін­де­уді қажет ететін мем­ле­кет­тік мәсе­ле­лер жабу­лы қазан жабу­лы күй­ін­де қал­ды. Сая­си-құқы­қтық баға­сы беріл­меді, ста­ту­сы айқын­дал­ма­ды. Қан төк­кен, ажал құшқан, алаң­да болға­ны үшін азап шек­кен, тағ­дыр­ла­ры тас-талқан күй­ге ұшы­раған қаһар­ман­да­ры­мы­здың ерлі­гі ескеріл­меді. Осы мәсе­лені тия­нақтай­ық деген ниет­пен қан­ша­ма кон­фе­рен­ци­я­лар өтті. Мәсе­лен, сон­дай үлкен жиын­ның әуел­гісі Жел­тоқ­сан­ның он жыл­ды­ғы кезін­де Ғылым ака­де­ми­я­сын­да ұйым­да­сты­рыл­ды. Кең ауқым­ды талқы­лау бол­ды. Басты баян­да­ма­ны сол уақыт­та мем­ле­кет­тік хат­шы қыз­метін атқарған Халық жазу­шы­сы, Қаза­қстан Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның иегері Әбіш Кекіл­ба­ев жаса­ды. «Жел­тоқ­сан – оқиға емес, көтеріліс. Бүкіл сипатта­ры соған сай келеді», – деп түй­ін­де­гені оған қаты­су­шы­лар­дың бәрінің көкей­іне қонған.

Алай­да әлі де зерт­те­уі, зер­де­ле­уі кем Жел­тоқ­сан ол тура­лы сөз еткен, мақа­ла жазған талай­лар­дың қол­да­ны­сын­да оқиға ретін­де көрініс тауып қала бер­ді. Содан кей­ін де көтерілістің 15, 20, 25 жыл­ды­ғы кезін­де ғылы­ми-прак­ти­ка­лық кон­фе­рен­ци­я­лар әр дең­гей­де ұйым­да­сты­рыл­ды. Бірақ Аста­на­да өткен «Қаза­қстан­дағы Жел­тоқ­сан (1986) көтерілісінің тари­хи және халы­қа­ра­лық маңы­зы» деп аталған соңғы ғылы­ми-прак­ти­ка­лық кон­фе­рен­ция дең­гей­іне жете алмаған. Бұл, ата­уы аңғар­тып тұрған­дай, облы­стық, рес­пуб­ли­ка­лық емес, халы­қа­ра­лық ауқы­мға иек артқан кон­фе­рен­ция бол­ды. Ол алыс шетел­дері, таяу шетел­дері бар – он елден зерт­те­уші ғалым­дар, қоғам қай­рат­кер­лері, сая­сат­кер­лер қаты­сқан айту­лы ғылы­ми шара бол­ды. Мұн­дай дең­гей­лі жиын бұған дей­ін болған емес. Қаты­су­шы елдер қата­ры бұдан да көп болар ма еді, «Әттең, тон­ның кел­тесі-ай» дей­тін жағ­дай кедер­гі, қол­бай­лау болмағанда…

 

– «Ол «қол­бай­ла­у­ы­ңыз» қар­жы деген мәсе­ле екені түсінік­ті, бұл бүгін­де мем­ле­кеті­міздің өзін тұқыр­тып тұр. Ал енді біз­ге түсініксіз­де­уі – Жел­тоқ­сан көтерілісі Алма­ты­да өткені­мен, жөн-жосы­ғы бөлек халы­қа­ра­лық кон­фе­рен­ци­я­ның айда­ла­дағы Аста­на­да өткені қалай?

– Жел­тоқ­сан – қазақ халқы­ның қаси­ет­ті тарихы. Ол соны­мен бір­ге ара­да қан­ша­ма жыл­дар өтсе де, тәу­ел­сіз елміз деп, малақай­ы­мы­зды аспанға атып, жары­ла жаз­дап жүр­сек те, әлі күн­ге дей­ін сая­си-құқы­қтық баға­сын ала алмай келе жатқан қасірет­ті тарихы­мыз; халы­қа­ра­лық кон­фе­рен­ция неге ана жер­де өтті, неге мына жер­де өтпе­ді деп сар­саңға салуға мүл­де кел­мей­тін тағ­ды­ры­мыз біздің. Бұл бәрі­нен бұрын халқы­мыз, қаза­ғы­мыз үшін керек тарих! Сон­ды­қтан Қаза­қстан­ның ғана шең­бері­мен шек­теліп қал­май, әлем­дік мән-маз­мұнға ие осын­дай басқо­су жиын­да­рын көтерілістің бесі­гі болған Алма­ты­да ғана емес, Аста­на­да, одан ары асып Абы­лай хан орда­сы болған киелі өңір­де, тіп­ті өткен жылы ғана Қазақ ханды­ғы­ның 550 жыл­ды­ғы дүр­кіретіп той­ланған Тараз төрін­де айқай­ла­тып, айбар­ла­тып өткіз­се де, әбден жара­сар еді.

Қаси­ет­ті қаза­ғы­мы­здың мәң­гілік мақтан етер Бауы­р­жа­ны (Момы­шұлын айта­мын) «Адам­дар­дың бәрі бір­дей пат­ри­от болуы мүм­кін емес, ілу­де біре­уі ғана пат­ри­от бола­ды» демей­тін бе еді? Міне, сон­дай, өмірін Жел­тоқ­санға арнаған ардақты аға­мыз ден­са­улы­ғы­ның жоқты­ғы­на, дім­кәсті­гіне қара­май, ел аузы­на ілік­кен осы кон­фе­рен­ци­я­ны өткізу­ге құл­шы­на кірісті. Ол – Сабыр Ахмет­жанұ­лы Қасы­мов деген кеше­гі Жел­тоқ­сан шын­ды­ғын ашуға барын салған заң­гер, сая­сат­та­ну ғылым­да­ры­ның кан­ди­да­ты, Кон­сти­ту­ци­я­лық сот­тың мүше­сі, одан кей­ін сена­тор болған азамат!

Бір сәт өзің де ой сара­бы­на салып көр­ші, Бақыт­гүл, мына уақыт­та мұн­дай халы­қа­ра­лық ауқым­дағы үлкен жиын емес, үйге екі кісі шақы­рып, шәй берудің өзі оңай­ға соқ­пай­ды ғой. Қым­бат­шы­лық қылқын­ды­рған қиын кезең­де тір­лік кешіп жатыр­мыз. Мем­ле­кет­ті мал­да­нып, халы­қтың ен бай­лы­ғы есебі­нен сим­по­зи­ум, форум­дар өткіз­гіш, стра­те­ги­я­лар жасағыш мыр­за­лар мен ханым­дар өз қал­та­ла­ры­нан қаза­ғы­мы­здың мәр­те­бесін өсірер осын­дай келелі басқо­су жиы­нын жасай алар ма еді?..

Сон­ды­қтан бұл секіл­ді халы­қа­ра­лық ғылы­ми-прак­ти­ка­лық кон­фе­рен­ция неге Алма­ты­дан аулақта – Аста­на­да өтті деп күмән­да­ну­дың, соған ұйтқы болған аза­мат­тар­ды кінәла­удың ешбір реті жоқ!

 

– Жөн-ақ дей­ік, бірақ біз әлдекім­ге кінә тағу­дан аулақ­пыз. Деген­мен, сол көтеріліс­ке қаты­сқан­дар­ды «ірік­теп» шақыр­ды деген әле­умет­тік желілер­де­гі пікір­ге не дер едіңіз?

– Бір­ден ашы­ғын айтай­ын, өзім әлі де ком­пью­тер­дің тілін біл­мей­тін­дік­тен, әле­умет­тік желілер­де кім­нің не деп жатқа­ны­нан бей­ха­бар­мын. Енді алма­ты­лық аза­мат­тар­ды «ірік­теп» шақыр­ды деп, бар­май қалған­да­ры­на өкпе-наз айту­шы­ларға бағы­штай­тын уәжім: Аста­на­дағы осы кон­фе­рен­ци­я­ны өткі­зудің қам-қара­кеті­мен сабы­лып, сар­сы­лып жүр­ген аза­мат­тар ешкім­ді бөле-жара шақы­рған жоқ. Мәсе­лен, Жел­тоқ­сан көтерілісіне бай­ла­ны­сты айғақ-кітап­тар­дың 8 томын шығарған, енді көтерілістің 30 жыл­ды­ғы­на дей­ін тағы да екі томын қолға тигізіп, он том­дық қомақты еңбек етіп, елге ұсы­ну­ды мақ­сат етіп, ештеңе­ге мұр­ша­сы кел­мей жүр­ген мына менің өзім де арнайы шақыр­ту қаға­зын алмадым.

Ал ақыл­да­су ретін­де үй теле­фо­ны­ма да, ұялы теле­фо­ны­ма да әлде­не­ше рет хабар­ласқан Сабыр аға­мыз: «Бауы­рым, сен көтерілістің халы­қа­ра­лық сал­мағы бар айту­лы оқиға екенін айта ала­тын, зер­де­леп жүр­ген зерт­те­уші ғалым­дар­ды, олар­дың шетел­дік әріп­те­стері­мен бай­ла­ны­ста­ры бар-жоғын білесің ғой», – деді. Жел­тоқ­сан оқиға­ла­ры­на бай­ла­ны­сты жағ­дай­ларға түп­кілік­ті баға беру жөнін­де­гі Комис­си­я­ның құра­мын­да айры­қ­ша қыз­мет еткен Алма­ты архи­тек­ту­ра-құры­лыс инсти­ту­ты­ның аға оқы­ту­шы­сы, Қаза­қстан адам пра­во­ла­ры жөнін­де­гі қоғам­дық коми­тет­тің қосар төраға­сы болған Нинель Фоки­на­ны сұра­ды. «Лите­ра­тур­ная газе­та­дағы» «Оқшан­тай­дан шыққан адам» деген мақа­ла­ның авто­ры Вла­ди­слав Яне­ле­сті, кезін­де оқыр­ман­дар қол­дан-қолға тигіз­бей оқы­ған, «Бір­ле­су» газетін­де басы­лған Д.Қонаев тура­лы «Күн­гей мен көлең­ке», А.Статенин жөнін­де­гі «Пар­тия кім­ді тәр­би­е­ле­ген» деген екі мате­ри­ал­ды жазған Нина Савиц­ка­я­ны ізде­стір­ді. Ара­да бірер күн өткен­де «Ком­со­моль­ская прав­да­да» «Жел­тоқ­сан­да, Бреж­нев алаңын­да» дей­тін мате­ри­а­лы жари­я­ланған А.Мурсалиевті тап­тым деп хабарласты.

Міне, осы­лай Қаза­қстан тарих­шы­ла­ры қауым­да­сты­ғы Шоқан Уәли­ха­нов атын­дағы Тарих және этно­ло­гия инсти­ту­ты ғалым­да­ры­мен бір­ле­се, пікір­ле­се жұмыс істеп, олар­дың шетел­дік әріп­те­стерін тап­ты. Сол кісілер­ге хабар­ла­сты, шақыр­ту қағаз­да­рын жібер­ді. Тағы бір білуім­ше, Алма­ты­дан Аста­на­дағы кон­фе­рен­ци­яға әдей­ілеп барған тарих­шы ғалым­дар Мәм­бет Қой­гел­ди­ев, Болат­бек Нәсе­нов, Талас Омар­бе­ков, жазу­шы әрі тарих­шы ғалым, Жел­тоқ­сан кезін­де қуда­лау көр­ген Бей­біт Қой­шы­ба­ев, ұлт­шыл­ды­ғы үшін бір емес, екі рет сот­талған ком­по­зи­тор, қоғам қай­рат­кері Хасен Қожах­мет, листов­ка таратқа­ны үшін үш жасар қызы­на қара­май, түр­ме торы­на тоғы­ты­лған Жан­сая Сәбитова…

Солар­дың бәрі де Аста­наға өз қар­жы­ла­ры­мен барып қайт­ты. Сол секіл­ді өз ықы­ла­ста­ры­мен сапар­лаған ұзын саны жүз­ге жуық алма­ты­лық жел­тоқ­сан­шы­лар да дәл солай етті. Жатқан қонақ үйлерінің ақы­сын өз қал­та­ла­ры­нан шығар­ды. Олар­дың дені кей­ін­гі кез­дері осын­дай шара­лар­да аса бел­сен­ділік таны­тып жүр­ген «Жел­тоқ­сан ақиқа­ты» Рес­пуб­ли­ка­лық пат­ри­от­тық қозға­лы­сы ұйы­мы­ның мүше­лері. Бұдан басқа да ұйым­дар­дан бір­ді-екілі, бәл­кім, одан да көп өкіл­дер қаты­сты. Сол себеп­ті дәл осы іспет­ті ұлт­тық, халы­қтық мүд­дені ту етіп көтер­ген жиын шара­ла­ры­на шақы­ру күт­пей, құр­мет дәмет­пей барған жөн-ау дей­мін. Біз бәрі­міз 86-ның ызғар­лы жел­тоқ­са­нын­да солай еттік емес пе?!

 

– Сон­да халы­қа­ра­лық дей­тін дәре­желі осы жиын­ды өткізу­ге, оның қар­жы­лық жағын қам­та­ма­сыз ету­ге кім­дер атсалысты?

– Кім­дер деп көбей­тудің орайы келе қой­мас. Әуелі бір-ақ аза­мат тәу­е­кел етіп, жеке басы­на бар ауырт­па­лы­қты көтер­гісі кел­ген екен. Ол – «Аста­на-жиһаз» жеке мен­шік кәсі­пор­ны­ның иесі Нұр­лан Есқа­ли­ев. Кей­ін Нұр­лан­ның өзі­мен де жеке сөй­ле­стім. Сөйт­сем, ол көтеріліс­ке қаты­су­шы­лар­дың бірі болып­ты. Қаз­МУ-дың заң факуль­тетінің үшін­ші кур­сын­да оқып жүр­ген кезі екен. Ұста­ла­ды, әрине, содан кей­ін айып­та­ла­ды. «Ком­му­нист едім, Ком­пар­тия қата­ры­нан шыға­ры­лып, оқу­дан қуыл­дым» дей­ді. Мұх­тар аға­мыз басқарған комис­си­я­ның ара­ла­суы­мен оқуы­на қай­та қабыл­да­на­ды. Сырт­тай оқып бітіреді. Міне, осы аза­мат қолға алы­нға­лы жатқан шара тура­лы естісі­мен, қол ұшын беріп, деме­ушілік жаса­уға өзі құл­шы­нып, мүм­кін­ді­гінің барын­ша атсалысады.

Енді мен осы жер­де халы­қа­ра­лық кон­фе­рен­ци­я­ның жабы­лар сәтін­де­гі Сабыр Ахмет­жанұлы­ның әңгі­месіне тоқта­лай­ын. «Мен бүгін бақыт­ты­мын. Олай дей­тінім, 30 жыл бойы осы­лай етсек екен, көтерілістің әлем­дік сипа­ты бар екенін халы­қа­ра­лық кон­фе­рен­ция өткі­зу арқы­лы бар­лық елге біл­дір­сек екен деген ізгі мақ­са­ты­ма жет­тім. Бұны ұйым­да­сты­ру­дың оңай еме­сті­гін басы-қасын­да жүр­ген бәрі­міз әбден сезін­дік. Қар­жы жағы қат­ты қина­ды. Нұр­лан інім Жел­тоқ­сан көтерілісі кезін­де ғана емес, одан кей­ін­гі уақыт­тың бәрін­де рухы­ның мықты екенін, аза­мат­тық өресінің биік екенін көр­се­те біл­ді… Енді тағы бір айта­тын нәр­се… – деп, Сабыр аға сәл кідіріп, зал толы жұр­тқа бар­лай көз сал­ды. – Алай­да осы­ны айт­сам ба екен, әлде айт­па­сам ба екен? Өйт­кені ол аза­мат­тың өзі ешкім біл­месін деп еді…».

Сол сәт зал­дан «Айты­ңыз, айты­ңыз!» деген дауы­стар бір-бірін жауып кет­ті. «Енде­ше айтай­ын. Бір күні бәрің өте жақ­сы білетін, көтерілі­стен кей­ін сот­талған тоқ­сан тоғыз жел­тоқ­сан­шы­ның бірі болып, түр­ме тоза­ғы­нан өткен сол аза­мат маған келіп: «Сабыр аға, ақша жоқ деп қиналған­ды қой­ы­ңыз. Ақша табыл­ды» деді. «Иә, ол қай­дан кел­ген мол ақша?» деп сенер-сен­бесім­ді біл­мей қуа­нып кет­тім. «Мен үйім­ді сат­тым. Абақты­дан да аман кел­дім. Үйсіз жүріп те күнелт­тім. Енді қазақ үшін, халқым үшін тағы да бірер жыл пәтер жал­дап тұруға бола­ды ғой» деді. «Не дей­сің?» деп­пін… – Ол кісі осы­лай деді де, жұты­нып, көмей­іне тас кеп­теліп қалған­дай, бір сәт сөй­лей алмай тұрып қал­ды. Көзі­нен ащы жас ақты… Зал­да сол сөзін қыбыр қақ­пай тың­даған талай­лар­дың қысты­ғып жылаға­нын көр­дім, айна­лай­ын Бақытгүл!..

 

– Ақиқа­ты да, қасіреті де ресми мой­ын­дал­маған көтеріліс­ке 30 жыл тола­ды десек, бұры­нғы КСРО елдерінің бірқа­та­рын­да (Укра­и­на, Гру­зия, Бал­тық жаға­ла­уы елдері) кеңе­стік режим­нің қол­дан жасаған қан­ды қырғын­да­ры­на баға беріп, өз халқы­ның сана­сы мен зер­десін ком­му­ни­стік зардап­тан жуып-шаю науқа­нын жүр­гізіп жатыр. Әрине, қызы­ға­тын нәр­се. Міне, осын­дай сәт­те Аста­на­да өткен кон­фе­рен­ция көтерілістің сая­си баға­сын бағам­да­уға себеп­ші бола­ды деп ойлай­сыз ба?

– Әлбет­те, дәл солай бола­ды, бұл шара­ны сон­дай мақ­сат үшін жасалған қары­шты қадам деп ойлай­мын. Бұрын Жел­тоқ­сан көтерілісі тура­лы өзі­міз ғана айтып, оның үстіне билік­тің биші­гін үйір­ген­дер де: «Сен­дер – тәу­ел­сіздік қар­лы­ға­шта­ры­сы­ң­дар. Кеңе­стер Одағын ыды­ра­туға баста­ма­шы бол­ды­ң­дар. Сол арқы­лы соци­а­ли­стік жүй­енің бір­жо­ла күй­ре­уіне ерекше үлес қосты­ң­дар», – деп, көтер­ме­лей сөй­леп, көп­шік­терін қалы­ң­да­тып қой­ып, аспан­да­тып тастай­тын. Дәл осы­лай екенін халы­қа­ра­лық кон­фе­рен­ци­яда сөз алған шетел­дік аза­мат­тар­дың бәрі де ауы­зға алды, өзі­міз айтып жүретін пікірі­мізді шеге­леп, нықтай түсті. Жел­тоқ­сан көтерілісі әлем елдері бей­несінің өзге­руіне ықпал еткенін жан-жақты тал­дап, жасаған баян­да­ма­ла­ры арқы­лы ғылы­ми ой түю­ге мүм­кін­дік жасады.

Енді бір мезет ол кісілер кім­дер еді деген­ге де келей­ін: Лат­ви­я­ның Қаза­қстан­дағы төтен­ше және өкілет­ті елшісі Юрис Погреб­някс, Вен­гри­я­ның Қаза­қстан­дағы төтен­ше және өкілет­ті елшісі Андраш Бара­ни, Б.Н.Ельцин атын­дағы Қырғыз-Ресей Сла­вян уни­вер­си­тетінің халы­қа­ра­лық қаты­на­стар кафед­рас­ы­ның мең­ге­ру­шісі, Қырғыз пар­ла­мен­тінің экс-спи­кері Зай­не­дин Кур­ма­нов, Вар­ша­ва­дағы Ази­я­ны зерт­теу инсти­ту­ты­ның дирек­то­ры Владыс­лав Соко­лов­ски, Түр­ки­я­ның Эрджи­ес уни­вер­си­тетінің про­фес­со­ры Абдул­ка­дыр Юва­лы, Москва­дағы Ресей Мем­ле­кет­тік гума­ни­тар­лық уни­вер­си­тетінің кафед­ра мең­ге­ру­шісі, пси­хо­ло­гия ғылы­мы­ның док­то­ры Вла­ди­мир Куд­ряв­цев, Ресей пре­зи­ден­ті жанын­дағы Ресей Ғылым ака­де­ми­я­сы Сібір басқа­ру инсти­ту­ты­ның сая­сат және халы­қа­ра­лық қаты­на­стар факуль­тетінің дека­ны Сер­гей Коз­лов, Баку Мем­ле­кет­тік уни­вер­си­теті түр­ко­ло­гия кафед­рас­ы­ның мең­ге­ру­шісі, фило­ло­гия ғылым­да­ры­ның док­то­ры, про­фес­сор Рамиз Аскер, Моңғо­ли­я­ның мем­ле­кет және қоғам қай­рат­кері, Моңғо­лия пар­ла­мен­тінің вице-спи­кері және Әділет экс-мини­стрі Цог Логийн, Киев уни­вер­си­тетінің про­фес­со­ры Пёт­ро Токарь, Ресей Жара­ты­лы­ста­ну ака­де­ми­я­сы­ның ака­де­ми­гі, тарих ғылым­да­ры­ның док­то­ры, про­фес­сор Зия­бек Қабыл­ди­нов. Осы кісілер­дің және басқа да толып жатқан зерт­те­уші ғалым­дар­дың, қай­рат­кер­лер­дің жасаған баян­да­ма­ла­ры, сөй­ле­ген сөз­дері халы­қа­ра­лық кон­фе­рен­ция жұмысы жөнін­де­гі арнайы жинақта жарық көреді. Ал оған дей­ін Аста­на­да өткен үлкен ғылы­ми-прак­ти­ка­лық басқо­су жиы­ны көтерілістің сая­си баға­сын аны­қта­уға себеп­ші бола ма, бол­май ма деген сау­а­лы­ңа нақты жау­ап беру үшін, кон­фе­рен­ци­яға қаты­су­шы­лар қабыл­даған қарар­ды «ДАТ»-та жари­я­лау үшін ала кел­дім (қараңыз).

 

– Ал осы кон­фе­рен­ци­яға билік тара­пы­нан қаты­сқан лау­а­зым­ды шене­унік­тер бол­ды ма? Жоқ әлде әдет­те­гі­дей «өз қотыр­ла­ры­ңы­зды өздеріңіз қасып», бос бу шыға­рып тарқа­ды­ңы­здар ма?

– Жел­тоқ­сан деген сөз естіл­се, билік­те­гілер селк ете түседі-ау дей­мін. Деген­мен, айта кетей­ін, көтерілістің бес жыл­ды­ғы нағыз халы­қтық еске алу сипа­тын­да өткені есім­де. Таңер­тең күн жауын­да­тып, одан соң қар­ла­тып кет­кеніне қара­май, алаңға кісі көп жинал­ды. Үлкен мере­ке­лер­де Димаш Ахметұ­лы бастаған үкі­мет адам­да­ры қаз­дай тізіліп, қол бұлғап тұра­тын мін­бер­де­гі бір шоғыр топ­тың орта­сын­да Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев та тұр­ды. Құдай біледі, елба­сы­мы­здың елдің ара­сы­на қоры­қ­пай-үрік­пей келіп, емін-еркін тұрған соңғы сәт­терінің бірі сол болуы керек. Содан кей­ін айна­ла­сын­да қорғағы­шта­ры көбей­ді, тіп­ті есе­леп арта бер­ді. Халы­қ­пен бет­пе-бет әңгі­ме­ден қаша­тын бол­ды. Ол кісі өзі бастап сөйт­кен соң, өзіне ұқсап елік­те­ген көшір­ме­лері де (мини­стр­лер мен әкім­дер­ді айта­мын) сон­дай түр таны­тып, мінез көр­се­тетін­ді шығар­ды. Жел­тоқ­сан­шы­лар шет­тей баста­ды. Міне, биыл 30 жыл­ды­ғы. Енді Аста­на­дағы­дай халы­қа­ра­лық дең­гей­де­гі жиын өтпей­тіні айдан ақиқат. Өкіні­штісі сол, үкі­мет үйі­нен де, Аста­на қала­лық әкім­шілі­гі­нен де ешкім қара көр­сет­пе­ді. Шір­кін­дер өтірік бол­са да, кон­фе­рен­ци­яға кел­ген­дер­ге құт­ты­қтау жол­дай салу­ды білмеді-ау!..

Енді оған кім­дер келіп, не деді десеңіз, оған да тоқта­ла кетей­ін. ҚР сена­ты­ның депу­та­ты Сәр­сен­бай Еңсе­ге­нов пен ҚР мәжілісінің депу­та­ты, Ауған соғы­сы арда­гер­лер кеңесінің төраға­сы Бақыт­бек Смағұ­лов құт­ты­қтау сөз сөй­леп, кон­фе­рен­ция жұмысы­на оң ықы­лас біл­дір­ді. Зал­дың алды­ңғы қата­рын­да ҚР пар­ла­мен­ті мәжілісінің депу­та­ты, Жел­тоқ­сан көтерілісінің қаһар­ма­ны Нұр­тай Саби­лья­нов, ҚР пар­ла­мен­ті мәжілісінің экс-депу­тат­та­ры Серік Әбдірах­ма­нов, бел­гілі сая­сат­кер Уәли­хан Қай­са­ров және басқа да халық тани­тын біраз кісілер отыр­ды. Алаң­да атой­лаған Жел­тоқ­сан батыр­ла­ры бу да, шу да шығар­май, тып-тыныш, кезе­гі­мен сөз алған шетел­дік ғалым­дар мен сая­сат­кер­лер­дің, сөй­ле­уші шешен­дер­дің ағы­нан ақта­ры­ла жасаған баян­да­ма­ла­рын, лебіз­дерін ұйып тыңдады. 

Ара­сын­да дүр­кіре­те қол соқты. Шыны керек, жел­тоқ­сан­шы­лар­дың сөз тың­дау мәде­ни­етін осы­лай әде­мі сақтап, таңер­тең­нен кеш­ке дей­ін қатар­ла­ры сеті­не­мей оты­рға­нын 30 жыл­да бір көр­меп­пін… Демек, халы­қа­ра­лық кон­фе­рен­ция бәріне ұна­ды. Көкей­лерін­де­гі тын­шу бер­мей­тін бар мәсе­ле қозғалды.

 

– Қаза­қстан­дық билік жар астын­да жасы­ры­нып тұрып, ың-шың­сыз өткіз­ген осы шараға қараған­да, бұл кон­фе­рен­ци­я­ны өткізу­ге рұқ­сат «птич­ка» қою­дың, билік үнде­мей қал­ды дегіз­бе­удің ама­лы­мен беріл­ген жоқ па?

– Тағы да шырыл­даған шын­ды­ққа жүгі­ней­ін: бұл халы­қа­ра­лық ғылы­ми-прак­ти­ка­лық кон­фе­рен­ция, оры­стар айта­тын­дай, билік­те­гілер­ге «моя хата с краю» деген сияқты тір­лік бол­ды. Сөй­тіп, өткен тарихы­мы­зды, халы­қтық тағ­ды­ры­мы­зды биік баға­лай­тын бәрі­міз үшін мақта­нып айта­тын мәр­те­белі жиы­нға айнал­ды десек, билік­те­гілер үшін «жай тір­лік» қана болған­ды­ғы менің де ішім­ді удай ашытады.

Әлем елдерінің мем­ле­кет және қоғам қай­рат­кер­лері мен әйгілі ғалым­да­ры, зерт­те­ушілері, сая­сат­кер­лері айры­қ­ша айтып, аса жоға­ры баға бер­ген Жел­тоқ­сан көтерілісінің сыр-сипа­тын бағам­дай алмай жатуы­мыз, әрине, көңіл құла­зы­та­тын өте аяны­шты жағ­дай. Бірақ осы­лай деумен ғана шек­те­ле­міз. Бүгін­гі қоғам­дық аху­а­лы­мыз осын­дай… Ұлт мәсе­лесі, қазақ халқы­ның мүд­десі деген­де билік тіз­гінін ұстаған­дар­дың тұқы­рып, тұғ­жы­ң­дап, үндері құмы­ғып шық­пай қала­ты­ны­на әбден еті­міз үйрен­ді емес пе!

Сон­ды­қтан да Ала­шор­да қозға­лы­сы­ның 100 жыл­ды­ғы, осы қозға­лы­стың ұлы көсе­мі Әли­хан Бөкей­ха­но­втың ЮНЕСКО бағ­дар­ла­ма­сы­на енгізіл­ген 150 жыл­дық мерей­тойы, 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілістің ғасыр­лық ата­у­лы тарихы өз дәре­же­сін­де ескеріл­мей, бұған дей­ін­гі сүр­леу-соқ­пағы­мен еле­усіз өтіп бара­ды. Жел­тоқ­сан көтерілісі де соның шоқ­пыт кебінін киді. Бүгін­гі­дей билік­тің пиғыл-пай­ы­мы­на сал­сақ, басқа­дай болуы әсте мүм­кін емес…

Біздің әңгі­ме­міз қазақ халқы­ның ұлт-азаттық қозға­лы­ста­ры­ның заң­ды жалға­сы секіл­ді сана­ла­тын Жел­тоқ­сан көтерілісіне қаты­сты болған­ды­қтан, бүкіл телекөре­рмен­дер­дің көз алдын­да болған, артын­ша үлкен газет­тер­де басы­лған елба­сы­мен жүр­гіз­ген сұх­батқа тоқта­ла кет­кенім де жөн шығар. Ол өткен жыл­дың соңын­да болған еді. Сон­да Жел­тоқ­сан көтерілісінің 30 жыл­ды­ғы­на бай­ла­ны­сты қой­ы­лған сау­алға Нұре­кеңнің жау­а­бы қысқа қай­ы­ры­лып: «Қай­рат Рысқұл­бе­ков­ке Халық Қаһар­ма­ны атағы беріл­ді. Оны сон­да бой көр­сет­кен жастарға мара­пат ретін­де қарас­ты­руға бола­ды. Бұл күн менің Жар­лы­ғым­мен Демо­кра­ти­я­лық жаңа­ру күні болып жари­я­лан­ды. Қаты­су­шы­лар­ды еске қал­ды­ру тұрғы­сын­да ескерт­кі­ш­тер орна­тыл­ды, көп­те­ген көше­лер Жел­тоқ­сан аты­на ие. Біздің жаста­ры­мыз пат­ри­о­тизм және өз елін қорға­уға дай­ын­дық рухын­да тәр­би­е­ле­ну­ге тиіс», – деумен түйінделді.

Ол кісі айта­рын айт­ты, ал біз қан­дай ой түй­е­міз? Әрине, әрі-сәрі күй­де қал­дық. Көтеріліс атап өтілер күн­ге ай жарым ғана уақыт қал­ды. Әзір­ге қозғау бай­қал­май­ды. Сон­да қалай, жалғыз Қай­ратқа Халық Қаһар­ма­ны атағы беріл­се, ол атақ күл­лі қан төк­кен, ажал құшқан, ата­у­сыз қалған, ауру-сырқа­у­лы болған, бүгін­де бей­ша­ра­ның күй­ін кешу­мен әзер жүр­ген сор­маң­дай жел­тоқ­сан­шы­ларға ортақ па? Үйсіз-күй­сіз, жер­сіз қалып, кісі есі­гін­де тел­міру­мен күн кешіп жүр­ген оларға не дейміз?..

Әй, ағай­ын, осы кісілік пе? Өзге­лер­ге өне­ге, үлгі бола­тын үрдіс пе? Еткен еңбек, ел үшін, елдің ертеңі үшін, ұлт мүд­десі үшін жасалған ерлік күрес мем­ле­кет тара­пы­нан баға­лан­ба­у­шы ма еді? Ол қашан бола­ды, қай кез­де бола­ды? Оны кім жүзе­ге асы­ра­ды?.. Міне, бәрі-бәрі­мізді он ойлан­ды­ра­тын, тоғыз толған­ды­ра­тын толғақты мәсе­ле! Аста­на­дағы Сабыр Қасы­мов білек сыба­на кірісіп, бәтуәлі етіп өткіз­ген халы­қа­ра­лық кон­фе­рен­ция осын­дай келелі ой қозғап қана қой­май, әде­мі нүк­тесін де қоя біл­ді. Енді­гі мін­дет жүгі – билікте!..

 

– Жел­тоқ­сан­дағы сая­си қуғын-сүр­гін тарихы­на мем­ле­кет­тік мәр­те­бе беріл­меу себебі – Ресей­ді ашу­лан­ды­рып алмаудың айла-ама­лы деп ойла­май­сыз ба?

– Біз 300 жыл­дай орыс отар­шыл­да­ры­ның қамы­тын киіп, тас қамауын­да болған халы­қ­пыз. Пат­ша­лы Ресей­дің жүр­гіз­ген зыми­ян сая­са­тын ком­му­ни­стік жүйе одан әрмен терең­дет­ті. Жап­пай оры­ста­на баста­дық. Бодан­дық езгінің уыты басы­мы­здан бақай­шағы­мы­зға дей­ін бой­лай енді, ұялап алды. Бүгін­гі билік­тің сана-сезі­мі, ой-түсіні­гінің әбден уланға­ны сон­дай, өз еркін­ді­гі­мізді алай­ы­қ­шы, ірге­міз­де­гі өзбек­тер мен қырғы­здар секіл­ді өмір сүрей­ік­ші деген халы­қтық таң­да­уы­мы­зға ден қояй­ын демей­ді. Сол себеп­ті әрбір әре­кеті­мізді, тіп­ті ауы­здан шығар әрбір сөзі­мізді әлдеқа­шан бөлек, іргелі ел болған Ресей­дің Мәс­ке­уде оты­рған пат­ша­сы­ның көңіл-күй­ін бағып, абай­лап айта­мыз. Қара­пай­ым халы­қта, қаза­қтар­ды айта­мын, олар­да кінә жоқ. Билік тіз­гінін ұстаған­дар­да ғой бар гәп! Олар кеше Ком­пар­тия тұсын­да рес­пуб­ли­ка­мы­зды басқарған еді, әлі де билік­тен қол үзбей отыр. Олар­дың үкі­мет­ке әкел­ген ізба­сар­ла­ры­ның бар­лы­ғы дер­лік бодан­дық тәр­бие тезі­нен өткен­дер. Шеті­нен орысшыл.

Сон­ды­қтан да сөз жүзін­де тәу­ел­сіз­біз дегені­міз­бен, іс жүзін­де бұры­нғы­мыз­ша Путин түш­кір­се, жан ұшы­рып «жәрәкім­ал­ла» деумен келе­міз. Олар­сыз таңы­мыз атып, күні­міз шық­пай­тын­дай… Әрине, содан кей­ін орыс пат­ша­лы­ғы­ның, одан соң кеңе­стік жыл­дар­дағы оры­стар­дың мүд­десін бәрі­нен жоға­ры қой­ған Мәс­ке­уде­гілер­дің ұста­ны­мы­на қар­сы шыққан күресі­міздің бәрі біздің орыс­шыл билік­ті үркі­те­ді, олар тура­лы айт­тыр­мауға тыры­са­ды. Бұл бүгін­гі қасіретіміз…

 

– Ал қаза­қстан­дық билік Жел­тоқ­сан көтерілісінің жас ұрпақты пат­ри­от­тық сезім­де тәр­би­е­ле­у­ге тіке­лей әсері бар сая­си мәр­те­бесін төмен­детіп, оны әле­умет­тік дең­гей­ге түсіріп таста­ды деген пікір­дің жаны бар ма?

– Жел­тоқ­сан көтерілісіне қаты­сқан қыз-жігіт­тер­дің маң­дай­ла­рын әжім тор­лап, шашта­ры бозқы­ра­у­лан­ды. Алаң­да таяқ жегені, итке таланға­ны, абақты­ға қама­лып көр­ген қор­лы­ғы, қуғын-сүр­гін­ге ұшы­ра­уы олар­дың жүрек­терін жара­ла­ды. Сон­да бекер шығып­пыз дей­тін жағ­дай­ға кел­ді. Бүгін­гі билік­тің «құр­мет-сыйы» осындай…

Десе де, мен білетін жел­тоқ­сан­шы­лар біз кеше мұз­ды алаң­да бір­ге болып едік қой, бұдан кей­ін де қата­ры­мы­зды бұз­бай­ық, мақ­сат-мүд­де­мізді бір­ге қорғай­ық, өз мәр­те­бе­міз­ге қол жет­кі­зей­ік деумен келеді. Осы оймен жүр­ген­деріне енді ай жарым­нан соң артық-кем­сіз отыз жыл тола­ды. Орда бұзар отыз жыл­да баста­ры піс­пе­ді, пісір­меді. Ақиқа­тын айтқан­да, билік ұста­ны­мы­на қолай­лы­сы осы бол­ды. Егер 86-ның жел­тоқ­сан айын­дағы­дай ұйы­сып кет­се, ол жер сатып, елдің бар бай­лы­ғын бұтар­лап бөліп алған билік­те­гілер­ге үлкен қатер туды­рар еді. Осы­ны әбден біліп алған. Билік­те­гілер­дің осы ұста­ны­мы жел­тоқ­сан­шы­лар­дың бір-бір­леріне деген қадірін қашы­руға ықпал етті. Гор­ба­чев­тің шови­ни­стік шеші­міне қар­сы жұмы­лған жұды­ры­қтай түй­іліп мінез көр­сет­кен олар­дың сегіз-тоғыз ұйы­мы бар. Бір-бір­лерін мой­ын­да­май­ды. Баста­ры қосы­ла қал­са, «сен сот­тал­маған­сың», «сен алаң­да бол­маған­сың» деп кінәла­са­ды. 30 жыл­ды­қтың қар­саңын­дағы жел­тоқ­сан­шы­лар­дың бет-бей­не­лері осындай…

Менің өкіні­шім­нің үлкені – біз Жел­тоқ­сан көтерілісі қаһар­ман­да­ры­ның қай­та­лан­бай­тын ұлы ерлі­гін жас ұрпақты ұлт­жан­ды­лық, отан­шыл­дық, мем­ле­кет­шіл­дік рухын­да тәр­би­е­лей­тін мек­теп­ке айнал­ды­ра алма­дық. Бұл бүгін­гі билік­тің үлкен кем­шілі­гі. Тамы­ры әрі­ге кет­кен осы кемістік­тің сал­да­ры­нан мақта­ны­шы­мыз болуға тиісті Жел­тоқ­сан көтерілісі күні бүгін­ге дей­ін өз дең­гей­ін­де наси­хат­та­лып, ата­лып өткен емес… Биыл да жетім қыздың той­ын­дай болып өте шығар түрі бар…

 

– Халқы­мы­здың хас баты­ры Бауы­р­жан Момы­шұ­лы: «Әділет, шын­дық, ақиқат түп­тің түбін­де жеңеді. Бір өкіні­штісі, ол сәл кеші­гіп жете­ді» деген екен. Жел­тоқ­сан көтерілісіне қаты­сты осы «кеші­гудің» себебі бір ғана ада­мға – пре­зи­дент Назар­ба­евқа ғана тіреліп тұр деген пікір­ді қалай дамы­тар едіңіз?

– Тарих­та тұлға дей­тін ұғым бар ғой. Сөз жоқ, пре­зи­ден­ті­міз – тұлға. Тұлға­лық дең­гей­ге биік­те­ме­се, мұн­ша­ма кеңістік­ті иеленіп, қисап­сыз жер үсті, жер асты бай­лы­қта­рын мен­шік­те­ген кең бай­тақ Қаза­қстан­да 30 жылға жуық уақыт билік тіз­гінін ұстап тұра алар ма еді?! Ұна­тай­ық, ұнат­пай­ық – Назар­ба­ев біздің пре­зи­ден­ті­міз. Ол кісі жеке-дара авто­ри­тар­лық билік құрып отыр. Жел­тоқ­сан көтерілісіне 30 жыл бойы өзгер­ме­ген көзқа­ра­сы енді аяқ асты­нан басқа­ша бола қала­ды деген­ге сен­бей­мін, сен­бей­мін және сенбеймін…

Алай­да дау-дамай­сыз ақиқат – ештеңе еске­русіз ұмыт қал­май­ды. Жақ­сы­лы­қтың да, жаман­ды­қтың да баға­сы беріледі. Бұл – өмір заңы.

 

– Әңгі­меңіз­ге рахмет!

 

Сұх­бат­тасқан –

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«

 

 

 

ҚАНДЫ ҚАРАР

 

«Қаза­қстан­дағы Жел­тоқ­сан (1986) көтерілісінің тари­хи және халы­қа­ра­лық маңы­зы» халы­қа­ра­лық ғылы­ми-прак­ти­ка­лық кон­фе­рен­ци­я­сы­ның Қара­ры (ықшам­да­лып жари­я­ла­нып отыр).

 

1. 1986 жылғы қазақ жаста­ры­ның Алма­ты мен Қаза­қстан­ның басқа да қала­ла­рын­да орын алған тота­ли­тар­лық режим мен әділет­сіз ұлт­тық сая­сатқа қар­сы бағыт­талған нара­зы­лы­ғы Жел­тоқ­сан көтерілісі деп аталсын;

2. Жел­тоқ­сан көтерілісіне бел­сене қаты­сқан бар­лық қаты­су­шы­ла­ры Қаза­қстан­ның бостан­ды­ғы мен тәу­ел­сізді­гі жолын­да өмірі мен тағ­ды­рын құр­бан еткен күрес­кер (Қаһар­ман) ретін­де ресми мәлімделсін;

3. Қаза­қстан­дағы 1986 жылғы көтеріліс дүни­е­жүзілік-тари­хи мәні бар оқиға болып сана­лып, КСРО-ның құла­уы мен соци­а­ли­стік лагерь­дің жой­ы­луы­на ықпал етіп, әлем­дік гео­са­я­си жағ­дай­дың өзге­руіне әкел­ді деп танылсын;

4. ҚР Пар­ла­мен­ті депу­тат­та­ры­на «Жел­тоқ­сан (1986 ж.) көтерілісіне қаты­сып, билік­тің заң­сыз әре­кет­тері­нен зардап шек­кен құр­бан­дар­дың бар­лы­ғын ақтап, мәр­те­бесін беру тура­лы» заң жоба­сын даяр­лау тапсырылсын;

5. «Жел­тоқ­сан-86» көтерілісіне 30 жыл толуы­на орай ҚР үкі­метіне, бар­лық мини­стр­лік­тер мен ведом­ство­ларға, әкім­дік­тер­ге орта­лық аппа­рат­тар­дағы секіл­ді бар­лық облы­стар­да көтеріліс­ке қаты­су­шы­ларға құр­мет көр­се­ту бел­гісі ретін­де өткізілетін іс-шара­лар жос­па­рын әзір­леу тапсырылсын;

6. Көтерілістің 30 жыл­ды­ғы­на орай Алма­ты қала­сын­да деме­ушілер есебі­нен мұрағат­тық, фото-құжат­тық, ұлт­тық руха­ни, адам­гер­шілік-пат­ри­от­тық және тағы басқа да тәр­би­елік мәні бар зал­дар мен сақтау қой­ма­ла­рын қам­ти­тын «Жел­тоқ­сан-86 тари­хи-мемо­ри­ал­дық орта­лы­ғы­ның» ірге­та­сын қалап, кешен­ді құры­лыс жұмыста­рын бастау керек. Бұл оңтүстік аста­на­мы­здағы Жел­тоқ­сан құр­бан­да­рын еске алуға қолай­лы тәр­би­елік мәні зор, наси­хат жұмыста­рын жүр­гі­зетін мінә­жат орта­лы­ғы болады;

7. ҚР Пар­ла­мен­ті мен ҚР Білім және ғылым мини­стр­лі­гіне «Жел­тоқ­сан-1986» көтерілісін жан-жақты зер­де­леп, арнайы ғылы­ми-зерт­теу бағ­дар­ла­ма­сын жүзе­ге асы­ру үшін бюж­дет­тен қар­жы бөлу тура­лы өтініш жасалсын;

8. Пре­зи­дент әкім­шілі­гіне, Мем­ле­кет­тік мара­пат­тау комис­си­я­сы­на көтерілістің 30 жыл­ды­ғы­на орай оның бел­сен­ді қаты­су­шы­ла­ры мен құр­бан­да­рын мара­пат­тау тура­лы ұсы­ны­стар­ды қол­дау өтініш етілсін;

9. Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Үкі­метіне Жел­тоқ­сан қаһар­ман­да­рын мәң­гілік есте сақтау үшін арнайы қау­лы қабыл­да­уға (Пошта мар­ка­сы, кітап сери­я­ла­ры мен естелік­тер, көтеріліс пен оған қаты­су­шы батыр­лар­дың аты­на қала көше­лерін беру, ескерт­кі­ш­тер, т.б. орна­туға) өтініш жасалсын;

10. Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Білім және ғылым мини­стр­лі­гіне, «Оқулық» орта­лы­ғы­на, мек­теп, кол­ледж және жоға­ры оқу орын­да­ры оқулы­қта­ры­ның автор­ла­ры­на «Жел­тоқ­сан-1986» көтерілісіне қаты­сты арнайы тара­у­лар енгізу­ге өтініш білдірілсін;

11. Мем­ле­кет бас­шы­сы Н.Ә.Назарбаевқа 16–17 жел­тоқ­сан­ды Жал­пы­ұлт­тық Қаһар­ман-батыр­лар­ды еске алу күні деп, ал Тәу­ел­сіздік күнін «Ала­шор­да» үкі­меті құры­лған 13 жел­тоқ­санға (1917 ж.) ауы­сты­руға өтініш білдірілсін;

12. Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Білім және ғылым мини­стр­лі­гіне, жоға­ры оқу орын­да­ры рек­тор­ла­ры­на, гума­ни­тар­лық бағыт­тағы ҒЗИ дирек­тор­ла­ры­на, рес­пуб­ли­ка­ның ғылы­ми және шығар­ма­шы­лық қоғам­да­ры­на жыл сай­ын халы­қа­ра­лық «Жел­тоқ­сан оқу­ла­рын» өткізу­ге ұсы­ныс жасалсын;

13. Жоғары оқу орын­да­ры рек­тор­ла­ры­на, маги­странт­тар мен док­то­рант­тар­дың
ғылы­ми жетек­шілеріне Жел­тоқсан көтерілісі­мен тіке­лей бай­ла­ны­сты дис­сер­та­ци­я­лық зерт­теу тақырып­та­рын таңдау еркі ұсыныл­сын.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн