Суббота , 5 июля 2025

ТАЛҒАТ ДЕГЕН ТҰЛҒА БАР

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №37 (401) от 12 октяб­ря 2017 г.

 

Елде­гі 100 есім­нің бірі


 

Елба­сы­ның «Руха­ни жаңғы­ру» атты мақа­ла­сы­нан кей­ін үлкен қозға­лыс бастал­ды. Әрине, іштей түле­ген, руха­ни жаңғы­рған жақ­сы-ақ. Сон­ды­қтан да бұл тұрғы­дағы әңгі­ме жалға­са береді. 100 жаңа есім­ді аны­қтау бағы­тын­дағы жоба­ның да өз бере­рі бар. Олай дей­тіні­міз, ел ішін­де еңбе­гі қан­ша қомақты бол­са да, қал­та­ры­ста қалып, ешқан­дай мара­пат­сыз, мақта­у­сыз, шаруа­сын өзін­ше жасап жүр­ген­дер аз емес. Солар­дың бірі – менің кур­с­та­сым, бел­гілі пуб­ли­цист-жазу­шы Талғат Айтбайұлы.

Тәкеңнің осы еле­усіз жүр­ген жүз кісінің ара­сы­на енгеніне шүкір­шілік неге дей­сіз бе? Енде­ше осы ойым­ды таратайын…

Біз еңбек ете­міз, қыз­мет жасай­мыз. Еңбе­гі­міз бен қыз­меті­міз­ге қарай жалақы ала­мыз. Дәл осын­дай, тіп­ті біз жасап жүр­ген жұмыстар­дан да маңы­зды, ұрпақ тәр­би­есіне, халқы­мы­здың талай­лы тағ­ды­ры­на, тарихы­на бай­ла­ны­сты ғажап шару­а­ны өз ниеті, жүрек қала­у­ы­мен және ешбір еске­русіз, еле­усіз, ақы-пұл­сыз жүзе­ге асы­рып, сол қаси­ет­ті ісіне өмірін арнап жүр­ген адам­дар­дың бірі ғана емес, біре­гейі – Талғат Айт­бай­ұ­лы Айт­бай дер едім.

Енді осы аза­мат­тың былай­ғы жұрт­тың дені біле бер­мей­тін үлкен істерін ауы­зға алай­ын. Соның әуел­гісі – әйгілі Жел­тоқ­сан көтерілісіне бай­ла­ны­сты еңбек­тері. Әлі күн­ге дей­ін сая­си-құқы­қтық тұрғы­сы­нан өз баға­сын ала алмай келе жатқан, әйт­кен­мен әлем­дік мәні зор көтеріліс шежіресін жасап, оның қаһар­ман­да­ры­ның ерлік күресі жөнін­де «Алма­ты 1986 Жел­тоқ­сан» айғақ-кітап­та­рын шыға­ру­мен 1989 жыл­дан бері табан­ды­лы­қ­пен шұғыл­да­ну­да. Өткен жылы өз қар­жы­сы­на әрқай­сысы 100 дана­лық тара­лым­мен он томын елге ұсын­ды. Солар­дың алға­шқы екі томы көтерілістің 30 жыл­ды­ғы­на орай, мем­ле­кет­тік тап­сы­рыс бой­ын­ша, «Жел­тоқ­сан көтерілісі» деген атпен «Дәуір» бас­па­сы­нан жарық көр­ді. Бұл еңбек­ті білетін тарих­шы ғалым­дар мен сая­сат­кер­лер, Жел­тоқ­сан­ды зерт­те­уші аза­мат­тар «бұл тұтас бір инсти­тут атқа­ра­тын шаруа дең­гей­ін­де­гі жұмыс» деп жоға­ры баға бер­ді. Бүгін­де Талғат Айт­бай­ұ­лы айғақ-кітап­тар­дың кезек­ті он бірін­ші томын жинақтап, дай­ын­дау үстін­де. Оған да құпи­я­лы қат­па­ры мол көтеріліс зерт­те­ушілер мен жазу­шы, жур­на­ли­стер­дің мақа­ла­ла­ры, Жел­тоқ­сан батыр­ла­ры­ның аузы­нан өзі жазып алған естелік мате­ри­ал­да­ры молы­нан енбекші.

– Алаңға жалын­дап шыққан қыз-жігіт­тері­міз 50-ді еңсер­ді. Қару­лы қақты­ғы­ста алған жарақат зардап­та­ры­нан олар­дың біра­зы өмір­ден озды. Мен мүм­кін­ді­гім­ше солар­дың айтқан­да­рын дик­то­фонға жазып алып, кітап­та­ры­ма енгі­зу­мен келе­мін. Бәрі бір-бір­лерін қай­та­ла­май­тын тағ­дыр­лы оқиға­лар. Түбі осы айғақ-кітап­тар­дың негізін­де «Жел­тоқ­сан» кино­э­по­пе­я­сы жаса­ла­ты­ны­на сене­мін, – дей­ді Т.Айтбайұлы.

Талғат Айт­бай­ұлы­ның осын­дай ерлік­ке бара-бар сана­ла­тын екін­ші еңбе­гі – 1961 жыл­дан бастап 1991 жылға дей­ін 30 жыл бойы баста­уыш сынып оқу­шы­ла­ры­на арна­лып шыға­ры­лып, аға-апа­ла­ры­мы­здың және біз­ден кей­ін­гі ұрпақтар­дың да руха­ни азы­ғы­на айналған «Жыл – он екі ай» әде­би-таным­дық күн­па­рақ кітап. Нарық зама­нын­дағы ауырт­па­лық кезін­де он жыл шығуын тоқтатқан осы кітап­ты Т.Айтбайұлы екі ай сай­ын жарық көретін әде­би-таным­дық жур­налға айнал­дыр­ды. 2001 жыл­дан бері сек­сен­нен астам санын елге ұсын­ды. Рес­пуб­ли­ка көле­мін­де жазы­лым­мен тара­ла­ды. Бүгін­де өз оқыр­ман­да­ры қалып­тасқан бел­гілі басы­лым. Әр жур­нал 96 бет­тен тұра­ды. Бұры­нғы, бүгін­гі қазақ бала­лар ақын-жазу­шы­ла­ры ғана емес, оқу­шы­лар­дың өздерінің қолы­нан шыққан әңгі­ме, ерте­гі, жаңы­лт­паш, жұм­бақ, сана­мақ, өлең­дері мен таным­дық, тағы­лым­дық мәні зор мате­ри­ал­да­ры­нан тұра­тын «Жыл – он екі айды» өзі құра­с­ты­ра­ды, Бас редак­то­ры да өзі.

Сон­дай-ақ бұл басы­лым­да балғын бүл­дір­шін­дер­ге арнап қалам тер­бей­тін әлем елдері ақын-жазу­шы­ла­ры­ның шығар­ма­ла­ры­на да көп­теп орын беріледі. Әр жур­нал­ды бір-бір кітап деу­ге әбден бола­ды. «Бұл – ескір­мей­тін есті кітап, бала­лар әде­би­етінің анто­ло­ги­я­сы», – деп­ті бүгін­гі әде­би­еті­міздің ең қарт өкілі, Мем­ле­кет­тік сый­лы­қтың иегері Мұза­фар Әлім­ба­ев ағамыз.

Талғат Айт­бай­ұлы­ның қалам­гер әріп­те­стері ерекше баға­лай­тын тағы бір жұмысы – бас­па ісі­мен айна­лы­суы. 1997 жылы өзі құрған «Тоға­най Т» бас­па­сы қазір­гі кез­де елі­міз­де­гі таны­мал бас­па­лар­дың қата­рын­да. Мем­ле­кет­тік тап­сы­ры­сқа тел­мір­мей-ақ, өз кітап­та­рын шығарғы­сы кел­ген қалам­гер­лер­дің кітап­та­рын барын­ша арзан баға­мен шыға­ра­ды. Ол кітап­тар шеті­нен сау­ат­ты шыға­тын сапа­лы дүни­е­лер. Осы күн­ге дей­ін мың­нан астам автор­дың кіта­бы оқыр­ман­дар қолы­на тиіпті.

Т.Айтбайұлының айта кетер­лік енді­гі жетісті­гі – қалам­гер­лі­гі. Ол «Мың бір күн, мың бір түн» деректі рома­ны мен «Нан мен тер», «Ән әле­мінің Әбиір­бе­гі» сыр-сұх­бат кітап­та­ры­ның авто­ры. «Қаза­ғым деген біз бар­мыз» роман-эссесі де оқыр­ман­дар­дан жақ­сы баға­сын алған. Әйгілі ака­де­мик Шаһ­мар­дан Есе­нов аға­мы­здың жары Кәми­ла Есе­но­ва­ның «Тұлға­мен табысқан тағ­ды­рым» өмір­ба­ян­дық кіта­бы да Талғат­тың әде­би жаз­ба­шы­лы­ғы­мен дүни­е­ге кел­ген туынды.

Айт­пақ­шы, Тәкеңнің қазақ халқы­ның жар­ты­сы­на жуы­ғын жал­маған аза­лы аштық тура­лы орыс жазу­шы­сы Вале­рий Михай­ло­втың «Хро­ни­ка вели­ко­го джу­та» пуб­ли­ци­сти­ка­лық рома­нын қазақ тіліне «Ұлы жұт­тың жаз­ба­ла­ры» деген атпен ұсы­нға­нын да тіл­ге тиек ете кетей­ін. Ол алғаш рет 1992 жылы жұт­тың 70 жыл­ды­ғы­на орай 30 000 тара­лым­мен, өзінің қар­жы­лан­ды­руы­мен жарық көр­ген. Осы жылы аштық қасіретінің 85 жыл­ды­ғы кезін­де Алма­ты қала­лық әкім­шілі­гінің қар­жы­лан­ды­руы­мен қай­та жарық көрді.

Қараңыз­шы, қан­ша­ма жұмыстар! Талғат Айт­бай­ұ­лы өзіне аза­мат­тық парыз санаған, халы­ққа қажет деген жұмыстар­дың бәрін ешкім­нен ақша сұра­май, үкі­мет­тен мара­пат пен атақ, дәре­же дәмет­пей, жүрек әмірі­мен жүзе­ге асыр­ды, әлі де сол жұмыста­рын әрмен қарай жалға­сты­ру­мен келеді. Мерзім­дік басы­лым­дар­дағы елі­міздің бүгін­гі тыныс-тір­шілі­гіне, халқы­мы­здың талай­лы тағ­ды­ры­на бай­ла­ны­сты жур­на­ли­стік жаз­ба­ла­ры да өзін­ше бөлек әңгі­ме. Сон­ды­қтан ел ішін­де еле­усіз жүр­ген Т.А.Айтбайды кім-кім­ге де үлгі-өне­ге ету­ге, жұрт­шы­лық білу­ге тиісті жүз адам­ның қата­ры­на қосуға әбден бола­ды деп ойлаймын.

Әндір­жан МҰҚАНҒАЛИЕВ,

жур­на­лист,

Аты­рау қаласы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн