Суббота , 5 июля 2025

ТАЛҒАТ Үсеновке неге КҮЛДІ?

 

 

Сот төраға­сы Әділ­хан Шай­хисла­мов сот­талған­дар­дың бірі Қажы­мұрат Үсе­нов жау­ап беріп жатқан кез­де күліп оты­рған басты сот­та­лушы «Аста­на ЭКСПО-2017» ұлт­тық ком­па­ни­я­сы­ның бұры­нғы төраға­сы Талғат Ерме­ги­я­ев­ке ескер­ту жаса­ды. Бұл тура­лы «Қаза­қстан жаңа­лы­қта­ры» хабарлайды.

 

«Аста­на ЭКСПО-2017» ком­па­ни­я­сын­да ақша қара­жа­тын жымқы­ру жөнін­де­гі іс бой­ын­ша про­цес­ке төраға­лық ету­ші судья Әділ­хан Шай­хисла­мов сот­талған­дар­дың бірі Қажы­мұрат Үсе­нов жау­ап беріп жатқан кез­де күліп оты­рған басты сот­та­лушы «Аста­на ЭКСПО-2017» ұлт­тық ком­па­ни­я­сы­ның бұры­нғы төраға­сы Талғат Ерме­ги­я­ев­ке ескер­ту жасады.

«Сот­та­лушы Ерме­ги­я­ев, тұры­ңыз. Сіз­ге күл­кілі ме? Үсе­нов сұрақтарға жау­ап беріп тұр, ал сіз­ге күл­кілі. Сіз цирк­те жүр­сіз бе?» – деді сот төре­шісі Шай­хисла­мов сот­та­лушы­ға қарап.

«Жоқ, күл­кілі емес», – деді Ермегияев.

«Неге күліп отыр­сыз? Оты­ры­ңыз. Мен сіз­ге ескер­ту жасап жатыр­мын», – деп қосты төреші.

Сот­та жау­ап бер­ген Үсе­нов ақша жымқы­руға өзінің қаты­сы жоқты­ғын айт­ты. «Мен пара берілетінін біл­дім, алай­да мен бір­деңе айтуға дәр­мен­сіз адам­мын. Мен келісім-шар­ттар жаз­дым, жұмысты жаз­дым, сол үшін маған еңбе­кақы төлен­ді. Кету керек еді ком­па­ни­ядан. Бұл жер­де мен қате­ле­стім», – деді Үсенов.

Сон­дай-ақ сот алдын­да бөтен­нің сеніп тап­сы­ры­лған аса ірі көлем­де­гі мүл­кін иеле­ну және талан-тара­жға салуға күдік­тел­ген Ерме­ги­я­ев­тің екі орын­ба­са­ры – Мұрат Ома­ров және Әлі­шер Пір­ме­тов, «Аста­на ЭКСПО-2017»-нің басқа­ру­шы дирек­то­ры Сулам­бек Бар­кин­хо­ев жау­ап беруде.

20-дан астам адам істі болып жатыр. Қыл­мыстық іс 540 том­нан тұрады.

Stan.kz

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн