Суббота , 5 июля 2025

Талас ОМАРБЕКОВ, тарихшы-ғалым:«ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫН»«сарай ғылымы» деп айтса,НАМЫСТАНБАЙМЫН

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №27 (344) от 07 июля 2016 г.

ТАЛАС ОМАРБЕКОВ КАЗАК ТАРИХЫН

Қазір «Қаза­қстан тарихы» пәні бар­лық уни­вер­си­тет­тер­ден алы­нып тастал­ды. Оның орны­на «Қазір­гі заман тарихы» деген пән енгізіл­ді. Үкі­мет­тің шеші­мі шығып қой­ды. Ол алдағы 1 қыр­күй­ек­тен баста­ла­ды. Біз тип­тік оқу бағ­дар­ла­ма­сын жасап, оны Қаза­қстан­дағы бар­лық уни­вер­си­тет­тер­ге тараттық.

Ал енді Қаза­қстан­ның қазір­гі заман тарихы қай кезең­нен бастал­ды? Ырду-дыр­ду айты­стың нәти­же­сін­де мини­стр­лік «ХХ ғасыр­дан бастаң­дар» деді. Тарих­шы­лар бір шешім­ге келе алмады.

Келе алмай­ды да. Өйт­кені бұрын біз ежел­гі дәуір­ден бері қарай бүгін­гі күн­ге дей­ін оқы­та­тын­быз. Енді жағ­дай шынын­да да қиын. Осы мәсе­лені айтып, біз, тарих­шы­лар, айқай-шу көтер­дік. Бірақ осын­да оты­рған зия­лы қауым өкіл­дері тарих­шы­лар­ды қол­даған жоқ. М.Қойгелдиев, Х.Әбжанов үше­уміз «Ұлт қорға­ны – ұлт­тық тарих» деген мақа­ла­ны «Еге­мен Қаза­қстанға» зорға шығар­дық. Біз онда «Қаза­қстан тарихын» «Қазір­гі заман тарихы» пәні­мен ауы­сты­руға бол­май­ты­нын ғылы­ми түр­де дәлел­деп айт­тық. Бірақ қол­даған ешкім болған жоқ. Ақы­рын­да өзі­міздің бас­шы­лар­дың түсін­бе­ушілі­гіне тап бол­дық. Өйт­кені мини­стр­лік жаңа пән­ді қол­дап отыр.

Неге бұлай? Кеңе­стік дәуір­де Ком­му­ни­стік пар­ти­я­ның тарихы оқы­тыл­ды. Өйт­кені пар­ти­яға адал, Кеңе­стер Одағы­на шын беріл­ген аза­мат­ты тәр­би­е­леу үшін сарай («сарай» деп оты­рға­ным – билік), яғни пар­тия – тарих­ты «сарай ғылы­мы­на» айнал­дыр­ды. Қазір де тарих – сарай ғылы­мы. «Қаза­қстан тарихы­ның» екін­ші бала­ма­сын «сарай ғылы­мы» деп айт­са, мен намыстан­бай­мын. Шынын­да да солай.

Осы жағ­дай неге орын алып отыр? Өйт­кені біздің шене­унік­тері­міз Қаза­қстан тарихын «ғылым» деп қара­май­ды. «Пән» деп қарай­ды және «идео­ло­ги­я­лық құрал» деп түсі­неді. Ал біз үшін ол – ғылым. Халы­қтың тарихы. «Қазақ тарих­сыз тұра алмай­ды. Әрбір қазақ – тарих­шы. Тарих қаза­ққа керек», – дейміз.

Ал шене­унік­тер: «Бұл – мате­ма­ти­ка, химия, физи­ка сияқты пән. Бірақ бір айыр­ма­шы­лы­ғы, ол – мем­ле­кет­тің сая­са­тын наси­хат­та­уы керек. Бұл – идео­ло­ги­я­лық пән. Сон­ды­қтан Ежел­гі дәуір­ден, Орта ғасыр­дан бастап оқы­там деген­ді қой­ы­ңы­здар», – дейді.

Біз­де қаза­қтың әрбір зия­лы­сы өзін «тарих­шы­мын» дей­ді. Бірақ шын мәнін­де біз­де тарих қалып­тас­паған. Жапо­ния, Қытай сияқты жаз­ба­ша тарихы дамы­ған елдер­ге бар­саңыз, жүз том­нан астам тарих­та­рын жазып тастаған. Біз­де тарих бес том­нан аспаға­нын жақ­сы білесіз­дер. Біз әлі ақтаң­дақтар­ды зерт­теп жатыр­мыз. Әркім өзінің руы­нан шыққан батыр­ды мақтап жазып, тарих­ты әлі құрай алмай жатыр­мыз. Шежіре­ден үкі­мет айна­лып қаша­ды. Ал қаза­қтың тарихы, білесіз­дер, – шежіре.

Әрқай­сы­мыз кем деген­де 30 жазу­шы­ның атын атап бере ала­мыз. Ал 30 тарих­шы­ның атын атай алмай­сыздар. Көп бол­са, бес-алты тарих­шы­ны ғана білесіздер.

Неге олай? Қаза­қтың тарих ғылы­мы қалып­тасқан жоқ. Ол тәй-тәй басып, жаңа­дан жүріп келе жатқан жас бала сияқты. Қазақ тарихы бір жүй­е­ге түс­кен жоқ. Көп том болып әлі жазы­лған жоқ. Соған бай­ла­ны­сты тарих­шы­лар дәр­мен­сіздік­ке ұшы­рап отыр. Маман тарих­шы­лар сау­сақ­пен санар­лы­қтай ғана. Біз кім­ге қар­сы тұра аламыз?

Мем­ле­кет­тік ұста­ным мен халы­қтық ұста­ным екі түр­лі болып отыр. Қазақ тарихы­на деген түсінік­ке, ұста­ны­мға қара­саңыз, билік­тің бағы­ты – басқа, халы­қтың бағы­ты – басқа екенін бір­ден бай­қай­сыз. Міне, осы айыр­ма­шы­лық қазақ тарихын осын­дай қай­ғы­лы жағ­дай­ға әкеп тіреді.

• «Қаза­қтың тілі мен тарихы – ұлт­тың алтын қазы­ғы» деген тақы­рып­та өткен қоғам­дық талқы­ла­уда сөй­ле­ген сөзінен.

ult.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн