Пятница , 4 июля 2025

Талдықорған қант зауыттары ҚАЙТАДАН ЖАНДАНДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №35 (399) от 28 сен­тяб­ря 2017 г.

Апта апты­ғы


 

Жақ­сы хабарлар

 

Соңғы 10 жыл­дан бері тоқтап тұрған Ақсу қант зауы­ты (Тал­ды­қорған) шару­а­лар­дан қызы­л­ша қабыл­дай баста­ды. Жер­гілік­ті жер­де 100-ге жуық жұмыс орны­ның ашы­луы­на себеп­кер болған зауыт­тың қай­та­дан жан­да­нуы ақсулы­қтар­ды қуа­ны­шқа кенелт­ті. Ал зауыт толық қуа­ты­на кіріп, алға­шқы өнім­дерін бере бастаған­да, мұн­да 650 адам жұмыс істей­тін болады.

Сол сияқты қызы­л­ша­шы­лар­дың күз­гі өні­мін қабыл­дай бастаған Көк­су қант зауы­ты­на да авто­ке­ру­ен­мен алға­шқы тәт­ті түбір әкелін­ді, деп хабар­ла­ды облыс әкі­мінің ресми сай­ты. Бірін­ші болып Қап­шағай қала­сы­ның қызы­л­ша­шы­ла­ры 50 тон­на­дан астам қант қызы­л­ша­сын жет­кізді. Шару­а­лар мен өңде­ушілер­ді бұл қуа­ны­шты сәт­пен облы­стық ауыл шару­а­шы­лы­ғы басқар­ма­сы­ның бас­шы­сы Сек­сем­бай Бекі­шов құттықтады.

Басқар­ма бас­шы­сы өз сөзін­де қант қызы­л­ша­сы өні­мін қай­та өркен­де­те бастаған аймақта атқа­ры­лған тын­ды­рым­ды істің нәти­же­сін­де соңғы үш жыл­да қант қызы­л­ша­сы­ның алқа­бы едәуір ұлғай­ты­лға­нын атап өтті. Өткен жылы Алма­ты облы­сы­ның қызы­л­ша­шы­ла­ры 6,4 мың гек­тарға тәт­ті түбір өсір­се, биы­лғы жылы бұл дақыл алқа­бы­ның көле­мі 9 мың гек­тарға жетіп отыр. Соны­мен қатар өңір қызы­л­ша­шы­ла­ры­на тұқым, тыңай­тқы­штар, жанар-жағар­май, жаңа тех­ни­ка алуға, өнім жина­уға көр­сетілетін жәр­дем жалғасуда.

«

 

 

 

Azattyq.org


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн