«ТАНЫМ» клубы тағы да ШАҚЫРАДЫ

Бір кезде Ғалымжан Жақиянов құрған «Азаматтық қоғам» қорының жанында ашылып, жұмыс істеген «ТАНЫМ» пікірсайыс клубы (жетекшісі – ақын Жұмаш Кенебай) өз жұмысын қайтадан бастады. Арада бірнеше жыл қатарынан үзіліс орын алса да, клубтың жанашырлары мен оған қызығушылардың баршылық екені байқалды.

Клуб өзінің алғашқы отырысында «Желтоқсан және Тәуелсіздік» деген тақырып бойынша сұрақ-жауап түрінде алғашқы пікіралысуын өткізді. Желтоқсан көтерілісі мен тәуелсіздік мәселесіне қатысты белгілі саясаткер, қоғам қайраткері, ғалым Серікболсын Әбділдин және Желтоқсан көтерілісінің ардагері Хасен Қожа-Ахмет өз пікірлерін ортаға салды.

Клуб жетекшісі Жұмаш ақын мәлімдегендей, қоғамдағы күрделі мәселені сөз еткісі келген саясаткерлерге, саясаттанушылар мен қоғамның белсенді азаматтарына «ТАНЫМ»-ның есігі әрдайым ашық.

Гүлмира ТОЙБОЛДИНА,

«D»

Республиканский еженедельник онлайн