Воскресенье , 20 апреля 2025

Танымал-топ ОН СҰЛУ

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №09 (280) от 05 марта 2015 г.

 

Ойдан-қырдан

 

Жуықта интернет қауымдастық әлеуметтік желілерде сауалнама өткізіп, Қазақстандағы 10 танымал арудың атын атады. Топ-ондыққа іліккен бұл сұлуларда бәрі бар: жастық, талап, жетістік және, әрине, ақша. Әрқайсысы халыққа кең танымал. Олар қалыңдық пен тоқал іздеп, тоқалдан дәмесі бар қазақ қалталыларының нысанасында жүрген арулар. Сол үшін біз де  8 Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай,  Қазақстанда «жұлдыз» атанған бойдақ-бойжеткендердің үздік топ-ондығын ұсынамыз.

 

Аша Матай

Аша МатайАша ән айтумен, бимен және спортпен шұғылданады. Жетінші арнадағы «Қыздар арасында» бағдарламасының жүргізушісі.  Жақында әйгілі «Brosh» және «Malique» брендтерінің жарнамалаушысы атанды. Аша – үлкен теннис спорт шеберлігіне үміткер. «Астана – ғашықтар мекені», «Біржан сал», «Обратная сторона» көркем фильмінің басты рөлдерін сомдаған.

 

 

 

 

 

Жанар ДҰғалова

Жанар дугаловаӘйгілі  «КешYou» тобының бұрынғы әншісі Жанар Дұғалова ерекше дауысымен ғана емес, келісті келбетімен және сахнадағы өзін-өзі ұстау ерекшелігімен де тыңдарман халықты өзіне еріксіз баурап алды. Жанар ән шығарумен қатар, сол әннің сөзін де өзі жазады. «Қазақтың қыздары», «Асықпа» әндерін топқа арнап жазған. Дауыс беру нәтижесінде  «Астана Жұлдызы-2014»  ұлттық музыкалық сыйлығын иемденген. Сонымен бірге, Татарстанның Қазан қаласында өткен түркі әлемінің халықаралық «Turkvisyon-2014» ән байқауының жеңімпазы.

 

 

 

 

Мөлдір Әуелбекова

Молдир АуельбековаӘнші әрі актриса, «КешYou» тобының бұрынғы мүшесі. Бұған дейін «Ғашық жүрек» фильмінің алғашқы маусымында бағын сынаған Мөлдір аталған фильмнің 2-бөлімінде де басты рөлде ойнайды. Осы рөлден соң, әншінің жанкүйері көбейе түседі. Кейін Мөлдір тележүргізуші ретінде де өзінің бағын сынаған. Алайда бүгінде ол көбінесе әншілік  өнерді кәсіп етуге бет бұрды.

 

 

 

 

 

 

Айдана Меденова

Айдана МеденоваАйдана Меденова «КешYou» тобының тағы бір экс-мүшесі. Топта ән айтып қана қоймай, дизайнер-интерьер ілімін игерген. Айдана 5 жасынан ән айта бастаған. Бұл топқа келмес бұрын, танымал продюсер Баян Есентаеваның талабына сай келіп, кастингтен өтіп, продюсермен келісім-шартқа қол қойған. Есентаеваның сөзіне сенсек, Айдана жақын арада бойдақтықпен қош айтысуы мүмкін. Тіпті ол отбасын құру мақсатында топтан кеткен көрінеді.

 

 

Луина

ЛуинаАйрықша талантымен, өзгеше дауысымен топ жарған сұлу әнші. Болашақ әнші ата-анасынсыз тәрбиеленген. Бір қызығы, жасөспірім шағында музыка шығарып,  жеке әндерін жаздыра бастаған әнші біраз уақытқа дейін кәсіби вокалды білім алмаған. Бірақ соған қарамастан, вокалды конкурстарға қатысып, жеңімпаз атана береді.

Cosmopolitan журналының нұсқауымен 2012  жылдың аяғында Луина «Жыл әншісі – 2012» деп танылды. Сонымен қатар оған Fun Fearless Award сыйлығын табыс ете отырып, «Жыл әйелі – 2012» деген ат берген.

 

Мақпал Исабекова

Макпал ИсабековаЭстрада әншісі, ел ішіндегі жас таланттыларға арналған ән байқауы «Superstar.kz» жобасы арқылы танымал болды. Жобадан соң Исабекова Қазақстанның ең жоғарғы кәсіби продюсері  Эрик Тастамбековпен бірлесіп жұмыс атқарған. Ал қазір әнші шығармашылықпен өз бетінше айналысуда. Аз уақыттан бері Мақпал «Хабар» телеарнасында жүргізуші болып қызмет істеуде.

 

 

 

 

 

 

Әсел Садуақасова

Асел Садуакасова«Дауыс International» тобының бұрынғы мүшесі, белгілі қазақстандық әнші әрі актриса. Аяри бүркеншік атымен өнер көрсеткен. Кейіннен әнші Әселдің продюсерлік жұмысқа деген қызығушылығы артқан. Оның алғашқы продюсерлік жұмысы «Жұлдыз болғым келеді» атты тележобасынан басталды.

Өзгелерден бір артықшылығы да – Әсел ҚазҰУ-дың журналистика факультетін тәмамдаған. Яғни, «жұлдыз» атынан бөлек кәсіби журналист болуға да қақылы.

 

 

 

Құралай Анарбекова

Куралай АнарбековаАктриса, «Жау жүрек мың бала» фильміндегі Қорлан рөлінен соң танымал болған. Құралай басты кейіпкердің ер жүрек құрбысы болып ойнады. Ол актерлік карьерасын жалғастырып, түрлі жобаларда бақ сынауда.

 

 

 

 

 

 

 

Әсем Жакетаева

Асем ЖакетаеваОтандық ән байқауы «Superstar.kz» жобасына қатысқан соң, Әсем әншілік өнер жолын бастады. Әуелде Айлан деген атпен өнер көрсетті. «Вузеры» комедиялық сериалында басты рөлдердің бірінде ойнаған. Қазірде ол сериалдың 4-маусымына түсуде. Әселдің айтуына қарағанда, түсірілім аяқталған соң, әншілік өнерге қайта келуге ниетті екен.

 

 

 

 

 

 

Жания Джуринская

Жания Джуринская«Вузеры» сериалының актрисасы. Жас әрі сұлу қызды алғаш рет Баян Есентаева «Коктейль для звезды» фильмінің актрисаларын іріктеу кастингінде байқаған. Ол кезде Жанияға рөл жетпеген көрінеді. Бірақ кейіннен көп ұзамай Есентаева актрисаға «Shine» тобында ән айтуға ұсыныс білдіреді. Алайда келісім-шарт аяқталған соң, Жания әншілік дейтін әлемге қайта оралған жоқ: өзінің ең сүйікті деген актрисалық мансабымен айналысады.

 

 

 

 

 

Топ-ондықты дайындаған – Төлеу ТҰРМАН

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн