«ТАС» түскен жеріне АУЫР

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №30 (347) от 25 августа 2016 г.

Темірқазық

Шамасы, Қазақстанда «Мұрагер» саяси науқаны басталған сияқты. Жасы 80-ге тақаған президенттің орынын басу – Ақорданың айналасындағы талайды түнде – ұйқыдан, күндіз – күлкіден айырған аңсаған арман екені анық. Ал анық емесі – әзірге астыртын айқасқа кімдер түсетіні.

Сөз басында айта кету керек, бұл айқастың астарында қатпар-қатпар қисап бар. Біріншіден, президент Назарбаев кімге иек қақты, «сені сүйреймін» деп, кімге ым білдірді? Бұл ишарасыз ешкімнің итшілеуге иіні бұрылмасы бес енеден белгілі: «өле алмай жүрген ешкім жоқ».

Екіншіден, әне-міне басталып кетуі мүмкін науқаннан кімдерді кенде қалдырады? Ел басқаруға деген құр ынта-ықыласы ғана емес, мол мүмкіндігі болса да, «географиясы келіспейтін», руы мен жүзі жақпайтын қайсысын «қағып тастау» керек? Бұл да «Мұрагер операциясында» отырып ойланатын сұрақтардың көкесі.

Нұрсұлтан Назарбаевтың нұқуымен бұл науқанның ноқтақағар нышанын Қазақстан үкіметінің премьер-министрі Кәрім Мәсімов бастап кеткен сыңайлы. Бұрындары кеңсесінен аттап шығуға дәті бармаған, жұмған аузын ашпайтын премьердің кенеттен ел аймақтарын аралап, президенттің деңгейінде «шаруа шешкіш» боп кеткені тегін тірлік болмаса керек. «Баста» деген ишара елден бұрын Кәрім Мәсімовке бұйырған сияқты. Бірақ оның бұл науқандағы этно-тектік (этногенез) есебін екінің бірі түсіне бермесі анық: өзі – найман, нағашылары – арғын болса, бұл пиардан пайда болар-болмасы неғайбыл. Бұл да «отырып ойланатын» бөлек мәселе…

Дегенмен, менің ендігі қаужағым келері – кереғар тақырып: бұл науқаннан кімдер кенде қалады? Мұрагерліктің «тақиясына» кімнің тар келуі мүмкін?

Соңғы кездергі ақпарат ағынын аңғарар болсақ, мүмкін мұрагерді алыстан «атып тастау» науқаны да қатар басталған сыңайдың сипатын сезіну қиын болмаса керек. «Азаттық» таратқан мына ақпаратқа қараңыз: «Қорғаныс министрлігіндегі коррупциялық жаңа іс бойынша 10 айыпталушы қамауға алынды. Қорғаныс министрлігін Иманғали Тасмағамбетов басқарған 2014 жылдың күзінен бері ведомствода мұндай жанжал болған емес» (Azattyq.org).

Иә, әлбетте бұны елде «жаппай және ымырасыз жүргізіліп жатқан» (?) жемқорлыққа қарсы «күрестің» кезекті көрінісі деп бағалауға әбден болады. Елдің премьер-министрі жемқорлық жазасымен сотталып жатқан кезде, Қорғанысминдегі қапылыс қатардағы көп қылмыстың бірі болуы да мүмкін. Оның үстіне, Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Баспасөз қызметі «Азаттыққа»: «Қорғаныс министрлігіндегі жемқорлыққа қатысты іс» бойынша тергеу амалдары емес, анықтау шаралары жүргізіліп жатыр» деп хабарлаған екен.

Жөн-ақ! Бірақ сөйте тұрса да, осы ақпараттың жалғасын оқылық: «Айыптауға қатысты жайттардың егжей-тегжейі баспасөзге хабарланбады, іс құпия саналады. Бірақ кінәсіздік презумпциясы принципіне қарамастан, сотқа дейін тараған ресми хабарламаларда «пара алған», «лобби жасаған», «жымқыру фактісі бойынша» деген сияқты сөздер көп. «Қорғаныс министрлігіндегі коррупциялық іске» қатысты 10 адам айыпталған. Ертеректе ҰҚК «8 тамыз күні ҰҚК-ге қарасты әскери қарсы барлау департаменті қызметкерлері қарулы күштердің материалдық-техникалық жабдықтау бас басқармасы бастығының орынбасары подполковник Төлеміс Жұмқазиевті 20 миллион теңге (шамамен 59 мың доллар) көлемінде пара алып жатқан кезде ұстады» деп мәлімдеген. Есіл ауданының № 2 соты ішінде «бас» күдікті – арасында қорғаныс министрлігінің подполковнигі Төлеміс Жұмқазиев те бар, сегіз айыпталушыны екі айға қамауға санкция берген. Болжам бойынша, олар Астанадағы ҰҚК тергеу абақтысында отыр. Іске қатысты айыпталушылардың екеуі осы мерзімге үй қамағына алынған».

ҰҚК-нің «тергеу амалдары емес, анықтау шаралары жүргізіліп жатыр» дегені анық болса, он адамды бірдей топырлатып, торға қамаудың қисыны қайсы? Егер қажет болса, ондай «анықтауды» ел ішіндегі беделі бекем, Ақордаға атағы дардай Иманғали Тасмағамбетовтің өзі де жүргізе алар еді ғой! Тегіндегі бірінші буын ғана емес, өзі де, қызметі де тастай болған соң, биліктегілер «Тас» атап кеткен Тасмағамбетовтің министрлігін дүйім жұртқа дабыра етіп «анықтаудың» астарында не бар? Бұл – талан-тараждың тасасына «Тасты» тықпалау әрекеті емес пе?

Әлбетте, менің күлбілте күдігім кері болуы да мүмкін. Бірақ, Кәрім мен Дариға (Назарбаева) мұрагерлікті мұрындықтап жүрген кезде, таққа таласы бар «Тасқа» тас ату теп-тегін тірлік пе? Бұл да «отырып ойланатын» сұрақ…

«Отырып ойланатыны» – Қорғаныс министрлігінде кенеттен бұрқ еткен бұл іс бойынша әскерилерден бөлек, қаржы министрлігі қызметкерлері мен коммерциялық құрылым өкілдері де айыпталған көрінеді. Ал басқа былықтарды былай қойғанда, елдегі соңғы «Матаевтың ісін» еске алар болсақ, «бөлек» айыпталушылардың көмегімен кім көрінгенді суға батыру соншалықты қиын болмаса керек. Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев іске «бөлек» тартылған шенеуніктердің айтуымен «айыпты» болғаны анық. Яғни, тергеу тәжірибесінде сыналған әдіспен жазықсызды жазғыру – қазақстандық қылмыстық заңдылықтағы жаңа ноу-хоу.

Ақорда билігі мен оның мұрагерлеріне Тасмағамбетовке тас атудың тағы бір «қажеттілігін» жер дауына байланысты батыс аймақта бұрқ еткен наразылық митингілері де дәлеледеп берген сияқты. Батыстан басталған «бунт» пен биліктің ауысу кезеңі қатарлас келгенде, көш бастайтын «тентек текелерден» Ақорданың зәрезап болуы – заңдылық. Әрине, «төңкеріс жасамақ болды» деген Тоқтар Төлешевтің «текелігіне» күдік көп.

Ал ел арасындағы беделі басым «Тастың» теңдессіз «тентектігін» Назарбаевтың өзі де, өгізаяң өзгелері де жақсы біледі. Назарбаевтың «ескі гвардиясынан» іліп алар біреу қалса, ол – Тасмағамбетов. Ал Иманғалидың мұрагерліктен үміткерлігін батыстың белсенділігі үкілей түсуі – Ақорданың зәресін ұшыруы тағы мүмкін. Ол белсенділікті ел интеллигенциясы мен Назарбаевтан әбден қажыған басқа қазақ қолдай кеткен кез туса, Ақорда бүгінгі күніне зар боп қалары кәдік. Сондықтан «Тастан» туар қатердің қаупіне бірінші кезекте ишараға іліккен үміткерлер қамдана бастады. Бәлкім, «Қорғаныс министрлігіндегі жемқорлық» дабырасын дайындап қойған қағілездер де солар болуы ықтимал.

Осы орайда интернеттен қаз-қалпында алынған мына жазбаға назар аударыңыз:

• «Данный «транзит» означает формирование династической системы, так как на ключевые должности встанут близкие родственники Назарбаева. Никого из «чужаков» в эту схему уже не пустят, а из тех, кто сейчас есть в окружении Елбасы может быть уготована незавидная судьба «заговорщиков». Доказательством тому служит дело «путчистов» под руководством Тохтара Тулешева, в которое уже вовлекли чиновников второстепенного ранга и связали их как с активистами движения против продажи земли, так и с «терактами» в Актобе.

От этих «мятежников» нити могут потянуться далеко наверх в Астану, а состав обвиняемых может быть расширен. Ясно также, что данная сорванная попытка «переворота» нужна была Назарбаеву в качестве инструмента запугивания самой элиты, чтобы добиться еще большей консолидации вокруг себя и проведения новых чисток неугодных. Последние события в Турции и дружеский пример Эрдогана подсказывает Назарбаеву правильное направление «переформатирования» ненадежной верхушки.

Первым под жернова репрессий может попасть, как ни странно, «продукт президента» Имангали Тасмгамбетов, который никогда не скрывал своих амбиций на престол, убежденно верил, что он и есть тот самый «преемник». Этим он и опасен и ставит крест на своей дальнейшей карьере. Тем более, он пользуется поддержкой группировок на Западе Казахстана… Кремль также рассматривает всерьез его в качестве приемлемой фигуры на посту президента РК.

К тому же Имангали Тасмагамбетов копит свой компромат на собственного хозяина и, оказывается, вступал с ним в периодические конфликты, будучи на посту акима Алматы. Как только над «продуктом» сгущаются тучи, он сразу же начинает играть на оппозиционных нотках, грозя уйти в стан противников Елбасы. В свое время он даже заявил, что самым лучшим премьером в Казахстане был Акежан Кажегельдин. Явно, то был камешек Таса в огород ноль первому. Сейчас, не исключено, что он, затаившись, готовит новые «разоблачения» и акции против патрона. Тем более, его очень не устраивает династическая система передачи власти.

Министр обороны РК Имангали Тасмагамбетов слишком удобная мишень, находящаяся на очень подобающем месте, которого можно с легкостью обвинить в организации переворота и подготовке терактов против первых лиц государства. Его устранение будет также дополнительным и окончательным ударом по выходцам из Западного Казахстана, который сейчас всех больше бурлит и недоволен нынешним распределением национального дохода от добытой нефти. В любом случае для острастки своего окружения Елбасы понадобятся показательные казни назначенных «заговорщиков». (Түпнұсқа – http://rkrp-rpk.ru/).

Бұл жазбаның қаншасы қисынға келерін кім білсін. Бірақ «Қорғаныс министрлігіндегі жемқорлық» жария болған кезде, бұл пайымның пошымы пышпырақтан гөрі, шындыққа шектес көрінеді. Егер Ақорда мен оның ишара иеленген мұрагерлері «Тасты» басты бәсекелес санайтын болса, «сандықтағы сүйектер» («склеты в шкафу» деген мағынада) сүйретіліп, бірінен соң бірі шыға беруі де ғажап емес. Ол «сүйектердің» арасында «Тасты» таспен ұрғандай қылатын «Шаңырақ оқиғасы» да шайқалып шығуы – ертеңгі күнге дайындалған көрініс болса, таңдай қағып таңданудың реті болмайды.

Бірақ қалай болғанда да, қазақ айтпақшы, «тас – түскен жеріне ауыр». Ол ауырлықты «Тасқа» қатысты айтар болсақ, оның зіл батпан салмағы бүгінгі билікті бүк түсіруі бек мүмкін. Сондықтан «жапалақты таспен ұрсаң да, жапалақты тасқа ұрсаң да – жапалақ өледі» дегендей, «алыстан ату» амалында Ақорда анағұрлым сақ болуы тиіс шығар. Себебі, «жапалақ» де, деме – тәп-тәтті билікті уыстан шығару оңай деймісіз…

Ермұрат

БАПИ


Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн