Пятница , 4 июля 2025

ТАСТАН ЖАРАЛҒАНБАТЫР БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №20 (384) от 25 мая 2017 г.

 

Апта апты­ғы

 

Дөп сөз!

 

2017-ші жыл, 1017-ші емес. Таңым бар. Бір адам 18 мил­ли­он адам­ды ұстап отыр.

Ата­ты­нын – атқы­зып, қамай­ты­нын – қаматқы­зып, сата­ты­нын – сатқы­зып, ойы­на кел­генін істет­кізіп, біз отыр­мыз. Сөй­те тұра, мал­сың десе ренжиміз…

• Еділ Мәкен­нің ФБ-парақшасынан

 

 

 

Бүгін­гі қуғын-сүргін

 


 

Мамыр­дың 21‑і күні Алма­ты­да жер митин­гісін өткі­зу жолын­дағы қамау­лар мен қуда­ла­у­ларға бір жыл бол­ды. Жер­ді сатуға нара­зы­лық бел­гісі ретін­де­гі акци­я­лар­дан түсіріл­ген мына сурет (ауто­ры – жур­на­лист Ораз Әлім­бе­ков) халы­қтың қар­сы­лық сим­во­лы­на айналған еді.

 

Сон­да «ДАТ» осы сурет­ті газет­тің бірін­ші бетіне тұта­стай салып, поли­цай­лар қамауға әкетіп бара жатқан жігері жасы­маған, жана­ры жанған осы жігіт­ке іздеу салған-ды. Сол жігіт табыл­ды. Фейс­бук желісін пай­да­ла­ну­шы Ерқа­нат Тұр­сы­н­жанұ­лы өзінің парақ­ша­сын­да: «21 мамыр­дағы батыр жігіті­міз – Берік Тастан! 20 жаста! Алма­ты облы­сы­ның тума­сы! Өз елінің пат­ри­о­ты! Был­тыр ғана ЖОО бітір­ген! Намыс­шыл жігіт! Басты­сы – бола­шаққа деген сені­мі өзге­ше…» – деп жазған екен.

Иә, шынын­да да Берік­тің бола­шаққа деген сені­мі «өзге­ше» екен: бүгін­гі билік­тің бет алы­сы­нан басқа болға­ны. Ол жерін қорғау жолын­да сот­та­лып кет­кен Макс Боқа­ев пен Талғат Аян сияқты был­ты­рғы митин­гілер­дің сим­во­лы болған жігіт! Суретін біздің газет­тің тұтас бірін­ші бетіне салып, батыр жігіт­ке іздеу сал­сақ та, тап­паған едік. Тап­паға­ны­мыз – қара­пай­ым жігіт болға­ны ғой: мақтан­шақ, мара­пат­шыл біреу болған­да «Ізде­ген батыр­ла­ры­ңыз мен болам!» деп, кеуде қағып келер еді. Газет­тен де, интер­нет бет­тері­нен де өз суретін көре жүріп, «мен – мұн­да­мын» демеді. Яғни, тастай Тастан үшін өзінің жерін қорғау – қара­пай­ым ғана аза­мат­тық мін­дет болға­ны. Жарай­сың, бауырым!

Ертең қаза­қтың басы­на әлдеқан­дай күн туған бол­са, ел ішін­де жүр­ген Тастан сияқты тастай жігіт­тер атой­лап шыға­ры сөз­сіз. Тастан жаралған­дар таса­да қалмайды.

Сон­да мына сурет­те Берік­ті сүй­реп бара жатқан «мент» сор­лы­лар бұғып қала­ды. Себебі – олар билік­тің айтақта­уын ғана түсі­нетін бейшаралар…

 

Ермұрат БАПИ

 

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн