Понедельник , 7 июля 2025

«Тауардың еркін айналысы» ӨТІРІК БОЛЫП ШЫҚТЫ

Бәсе!

 

Аста­на­да «Меди­на-2008» ЖШС авто­са­ло­нын­да тех­ни­ка­лық регла­мент талап­та­ры­ның бұзы­луы­на бай­ла­ны­сты Ресей­де жинақталған авто­көлік­тер­ді сату уақыт­ша тоқта­тыл­ды, деп хабар­ла­ды Қаз­ТАГ ҚР Инве­сти­ция және даму мини­стр­лі­гінің тех­ни­ка­лық рет­теу және мет­ро­ло­гия коми­тетінің бас­пасөз қыз­метіне сіл­те­ме жасап.

«Доңға­лақты көлік құрал­да­ры­ның қауіп­сізді­гі тура­лы» Кеден одағы­ның тех­ни­ка­лық регла­мен­тінің бұзы­лған­ды­ғы «Меди­на-2008» ЖШС-ға ҚР Инве­сти­ция және даму мини­стр­лі­гінің Аста­на қала­сын­дағы тех­ни­ка­лық рет­теу және мет­ро­ло­гия коми­теті депар­та­мен­тінің жос­пар­дан тыс тек­серісі бары­сын­да аны­қтал­ды», – делін­ген өткен жұма­да тара­ты­лған хабарда.

Сарап­шы­лар­дың пікіріне қараған­да, бұл Қаза­қстан тара­пы­ның елді жай­лап бара жатқан Ресей тау­ар­ла­ры­на қар­сы жасалған солғын әре­кеті. Еура­зи­я­лық одақтың бір мүше­сі Бела­русь мем­ле­кеті ресей­лік тау­ар экс­пан­си­я­сы­на қар­сы мұн­дай шек­теу әре­кетін батыл және ашық жасай­ды. Ал біз Ресей мен Пут­ин­ді рен­жітіп алмай­ық деп, ел эко­но­ми­ка­сын қорғау жолын­дағы қатаң шара­лар­ды мәй­мөң­ке­леп жасаймыз.

Жоға­ры­да аталған хабар­да айты­лған­дай, аста­на­лық «Көр­ме» орта­лы­ғын­да сауда алаңын жалға алып оты­рған «Меди­на-2008» ЖШС тек­се­ру бары­сын­да «68,5 млн тең­ге сомаға Lifan, Renault, Chevrolet және басқа да мар­кілі Ресей­де шыға­ры­лған көлік­тер­ді тиісті құжат­тар­сыз сату фак­тісі аны­қталған». Енді ресей­лік авто­көлік­тер­дің импор­тын шек­теу үшін, біз осын­дай тех­ни­ка­лық регла­мент деген құжат­ты қалқан еткен жай­ы­мыз бар.

Түп­теп кел­ген­де, бұл жағ­дай Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақтың баян­сыз құры­лым екенін көр­се­те­ді. Осы құры­лы­мға қол қой­ы­лар алдын­да ҚР пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев бұл одақ бізді үшбаққа шыға­ра­ды деген сыңай­мен: «Мүше елдер ара­сын­да тау­ар еркін айна­ла­тын бола­ды», – деген-ді. Міне, эко­но­ми­ка­дан бұрын, сая­сат­тың сал­да­ры­мен Қаза­қстан­ды импе­ри­я­лық одақ қорас­ы­на қуып тыққан Назар­ба­ев­тың сол сөзі, шым­кент­шілеп айтқан­да, шылғи өтірік болып шықты.

Сырым ДАТОВ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн