Суббота , 5 июля 2025

Тазабек СӘМБЕТБАЙ: Бұл сайлау бүгінгі билік үшін СОҢҒЫ МҮМКІНДІК БОЛАДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»
(про­ект «DAT» №10 (327) от 10 мар­та 2016 г.
ДАТ!
Таза­бек СӘМБЕТБАЙ:
Бұл сай­лау бүгін­гі билік үшін
СОҢҒЫ МҮМКІНДІК БОЛАДЫ

Кезек­тен тыс сай­лау науқа­ны­ның үгіт­на­си­хат шара­ла­рын ЖСДП­ның жігіт­тері Алма­ты қала­сы­ның қақ орта­сын­да, адам­дар көп жүретін көше­лер­де өткізіп жүр. Ал осы науқан­ның алды­ңғы легін­де жүр­ген Жал­пы­ұлт­тық соци­ал­де­мо­крат­тар пар­ти­я­сы Алма­ты қала­лық фили­а­лы­ның төраға­сы, «Жастар қана­ты­ның» жетек­шісі Таза­бек СӘМБЕТБАЙ – пар­ти­я­лық тізім бой­ын­ша мәжіліс депу­тат­ты­ғы­на үміт­кер аза­мат. «ДАТ!» айда­ры­на айта­ры бар деген ниет­пен сай­лау науқа­ны кезін­де­гі жастар бел­сен­ділі­гі төңіре­гін­де Таза­бек­ті сұх­батқа тарттық.

– Таза­бек, сіз бастаған бір топ қыз­жі­гіт­тер Алма­ты­да сай­ла­у­ға қаты­сты әртүр­лі тақы­рып­та флеш­моб өткізіп жүр­генін әле­умет­тік желі­ден жиі оқи­мыз. Бірақ бұл шара­лар ешбір теле­ка­нал­дан көр­сетіл­мей­ді. Оның себебі неде, әлде сіз­дер теле­ар­на­лар­дан тіл­шілер шақыр­май­сыздар ма?
– Асса­ла­у­маға­лей­кум, құр­мет­ті «ДАТ» газетінің оқыр­мандары, ел бола­шағы­на бей­жай қара­мас қауым! Алды­мен осы­лай аман­да­сып алайын…

– Бәре­кел­ді! Уәлейкүм!..
– Ал сұрағы­ңы­зға орай жау­ап бер­сем: біз теле­ар­на­лар мен бас­пасөзді әрдай­ым наза­рдан тыс қал­дыр­май, оларға шақы­ру­ла­ры­мы­зды лек­ле­гі­мен жауды­рып тұр­дық. Бір­ақ олар кел­мей­ді… Аны­ғы – келтірмейді.
Пар­ла­мент пен мас­ли­хат­тар депу­тат­та­рын сай­лау бас­талғаннан бері бай­қаға­ны­мыз – билік ескі әдеті­нен арылма­ға­нына көзі­міз жет­ті. Олай дей­тініміз, өкініш­ке қарай, ел ішін­дегі теле­ар­на­лар түгел­дей дер­лік билік сой­ы­лын соғып жүр­генінен куә болу­да­мыз. Атал­мыш науқан басы­на­нақ тір­келген жалғыз оппо­зи­ци­я­лық Жал­пы­ұлт­тық социалдемо­кра­­тиялық пар­ти­я­сы­ның ісша­ра­ла­рын көр­се­ту бары­сын­да мем­ле­кет­тік бұқа­ра­лық ақ­парат құрал­да­ры тара­пы­нан заң бұзу­шы­лық орын алу­да. Кон­сти­ту­ци­я­мыз бен Сай­лау жөнін­де­гі заң бап­та­ры­ның талап­та­ры­на қара­ма­стан, сай­ла­у­ал­ды үгіт­на­си­хат жиын­да­ры­мы­зды теле­ди­дар­дан не мүл­дем бер­мей­ді, бер­се де – бұр­ма­ла­уы көп.

– Ол қан­дай бұр­ма­лау екенін сай­ла­у­шы жұрт білер ме екен?
– Мәсе­лен, осы күн­дер ара­лығында ЖСДП Алма­ты қа­лалық фили­а­лы және ЖСДП «Жастар қана­ты» іріліұ­сақты он төрт шара өткізді. Оның алта­уы ғана атал­мыш арна­лар мен бас­пасөз бет­тері­нен кө­рі­ніп, оның өзін­де ұтым­ды жақ­тары жасы­ры­лып, сүреңсіз сюжет­тер негізін­де беріліп жат­ты. Рес­пуб­ли­ка бюд­жеті арқы­лы салық төле­ушілер­дің есебі­нен күнін көріп оты­рған ақпа­рат құрал­да­ры неге бір­жақты, би­лік­ке ұтым­ды шар­ттар­мен әре­кет ете­ді деген әділет­ті сау­ал осы жер­де туады.

– Шыны­мен де, жұрт­шылықтың бай­қа­уы бой­ын­ша, теле­жә­шік­тен ЖСДП пар­ти­я­сын сирек көр­се­те­ді екен. Егер көр­се­те қал­са, зал­дың бос тұрған жағын түсіріп, бір бұры­шта оты­рған шал­ша­уқан­ды ғана көр­се­те­ді. Сіз­дер ТВар­на­лар­да сай­ла­у­ға қаты­сты беріліп жатқан хабар­ларға қаты­сты мони­то­ринг жүр­гізіп көр­діңіз­дер ме?
– Ол рас, мәсе­лен, елдің ортақ қам­ба­сы – бюд­жет­тен қомақты қар­жы алып оты­рған «Хабар» арна­сы жина­лы­ста­ры­мыз бастал­май жатып, жар­ты­лай жиналған зал­ды түсіріп алып, артын­ша ине шан­шар жер қал­маған сәт­ті қиып алып тастап оты­рған. ЖСДП осы айты­лған фак­тілер­ді негіз­ге ала оты­рып, Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы­на арнайы мәлім­деме жаса­ды. Жал­пы алған­да, осын­дай әділет­сіздік­тер­мен басталған сай­лау дода­сы бас­қарушы жүй­енің мүд­десіне ба­ғытталып тұр. Иә, біз, оппо­зи­ция өкіл­дері, бұны жақ­сы біл­еміз. Сон­ды­қтан басы­мы­зға күл төгіп, екі қолы­мы­зды басы­мы­здан асы­ра көтеріп, Ала­та­удан ары қарай қаша­тын біз емес. Өзі­міздің мақ­сат­та­ры­мыз бен жол­да­у­ла­ры­мы­зды сайлау­шыларға жет­кі­зудің бала­ма жол­да­рын қол­да­ну­да­мыз. Олар сай­ла­у­ал­ды бағ­дар­ла­ма­мыз көр­сетілген үгіт­на­си­хат парақ­шаларымыз бен «Соци­ал­де­мо­крат» газетін тара­ту, сай­ла­у­шы­лар­мен тіке­лей кез­де­су­лер ұйым­да­сты­ру, соны­мен қатар бүгін­де үлкен маңы­зға ие болып оты­рған ғалам­тор арқы­лы әле­умет­тік желі негізін­де халық пен пар­тия ара­сын­да бай­ла­ныс орнату.

– Ал сай­лау науқа­нын әле­умет­тік желі арқы­лы жүр­гі­зу нәти­желі бола­ды деп ойлай­сыз ба? Мәсе­лен, онда «отыр­ған» адам сон­ша­лы­қты көп емес қой…
– Әлбет­те, біз желі­ге де мони­то­ринг жүр­гізіп көр­дік. Со­ның нәти­же­сін­де әле­умет­тік желілер­ді пай­да­ла­нып оты­рған қаза­қстан­ды­қтар саны аз емес екеніне көз жет­кіздік. Соңғы мәлі­мет­тер бой­ын­ша, 12 мен 54 жас ара­лы­ғын­дағы ел аза­маттарының 70 пай­ы­зы ғалам­тор қол­да­ну­шы­ла­ры екен. Яғ­ни, потен­ци­ал­ды сайлаушы­лардың басым бөлі­гі – осы­лар. Сон­ды­қтан ЖСДП сай­ла­у­ал­ды науқан­дық ісәре­кет­терінің ішін­де әле­умет­тік желілер­де­гі («Фейс­бук», «В кон­так­те», «Инс­таграм» тек­тес) жұмысы ба­сым­дыққа ие. Әр үйде бір адам желіні пай­да­ла­ну­шы бол­са, олар таратқан ақпа­рат отба­сы­на тегіс жетуі тиіс деп ойлаймыз.

– Осы науқан бары­сын­да ЖСДП­ның «Жастар қана­ты» бел­сен­ділік көр­се­ту­де. Олар өз ерік­тері­мен кел­ген­дер ме, жоқ әлде «ақы­сы төлен­ген» жастар ма?
– Оларға ақы төлей­тін­дей, біздің пар­ти­я­ның қар­жы­лық мүм­кін­ді­гі мол емес. ЖСДП­ның «Жастар қана­ты» 2013 жыл­дан бері сая­си алаң­да бел­сен­ділік таны­ут­да. Партия­мыздың 150 мың үстін­де­гі мүше­лерінің 25 пай­ы­зы жас­тар. «Жастар қана­ты» – партия­ның құры­лы­мы, ерік­тілер ода­ғы. Бұл құры­лым толы­қтай ерік­тілік прин­ци­пі негізін­де құ­рылған, яғни қан­дай да бір қар­жыландыру көзіне ие емес. Ұйым бұл мәсе­ле­де мил­лиард­таған бюд­жет­ке ие биле­уші пар­ти­я­ның «Жас Ота­ны­на» қа­рамақайшы, оның тіке­лей анто­ни­мы. Сол ЖСДП «Жастар қана­ты­ның» шын пат­ри­от бел­сенділері – Әну­ар Шот­бай, Мә­ди Болат­бек және Надеж­да Ми­рошниченко бүгін­де жастар ара­сын­да бір­ша­ма таны­лып қалды.

– Қоғам­ның қозға­у­шы күші жастар десек, Алма­ты қала­сы­ның әкі­мі Бауы­р­жан Бай­бек­тің жасы да, зама­ны да сіз­дер­мен қарай­лас. Енде­ше әкім­нің жастар сая­са­ты жөнін­де­гі қыз­метқа­ры­мы көңіліңіз­ге қона ма?
– Алма­ты қала­сы – респуб­ликамыздың ең ірі мега­по­лисі ғана емес, соны­мен бір­ге эко­номикалық әрі мәде­ни орта­лығы. Жаңа әкім, жас әкім қала бас­шы­лы­ғы­на кел­геніне көп болған жоқ. Нақты бір қоры­тын­ды шыға­рар, межелі уақы­тында баға бере­рміз. Өз басым «Бола­шақ» бағ­дар­ла­ма­сы­ның түле­гі қала­ның тұрғын­да­рын бұрында­ры қалып­та­сып қалған «тұрғы­лықты», «келім­сек» деп ала­ламай, тең өркен­де­уіне, әл­еу­меттік кемел­де­нуіне жол ашса дей­мін. Соны­мен бір­ге эко­ло­гия аху­а­лын түзе­тетін бала­ма­лы көлік түр­лерін енгізіп, шағын және орта кәсіп­кер­лік­тің дамуы­на мүм­кін­дік берер жоба­лар ен­гізсе, абзал болар еді. Ал мем­лекетіміз бен қала­ның шын кеса­па­ты­на айналған жап­пай жем­қорлық індеті­мен күр­еске қала­ның бар­ша өкілет­ті құ­рылым­дарын жұмыл­ды­ру шарт деп айтар едім. Көңілім­нің тол­маға­ны – Қазақ ханды­ғы­ның 550 жыл­ды­ғы мерей­тойы Ала­тау ете­гін­де­гі шаһар­да кең ауқым­да ата­лып өтпе­ді, еле­усіз қал­ды. Бәл­кім, алдағы Тәуел­сіздігі­міздің 25 жыл­ды­ғы, Жел­тоқсан көтерілі­сінің 30 жыл­дығы, Ә.Бөкейха­новтың 150 жыл­ды­ғы сын­ды мерей­той­лар өз деңге­йінде ата­лып өтер деген үміт бар.

– Қаза­қстан­да жастар ара­сын­дағы жұмыссыз­дық жағ­дайы жөнін­де көңіл­ге түй­ген түйткіл­деріңіз бол­са, газет оқыр­ман­да­ры­мен бөліссеңіз…
– Билік өкіл­дерінің мәлі­меті бой­ын­ша, жұмыс­сыз жастар саны 5 пай­ы­здың, өзінөзі жұ­мыспен қам­ту­шы­лар кате­го­ри­я­сы 30 пай­ы­здың ара­лы­ғын құрай­ды екен. «Нұр Отан» пар­ти­я­сы баян­дап жүр­ген өзінөзі жұмыспен қам­ту­шы­лар шын­ды­ғына кел­ген­де – сол нағыз жұмыс­сыздар­дың көр­сет­кі­ші. Өйт­кені үйін­де бір тауық ұстап оты­рған аза­мат сол кате­го­рияға жата­ды екен­міс. Бір айдың ішін­де­гі бір тауы­қтың 15 жұмыр­тқа­сы табысқа кенел­тіп, өзінөзі асы­рап отыр екен.
ЖСДП сай­ла­у­ал­ды бағдар­ла­масында жастар ара­сын­дағы жұмыс­сызды­қты шешудің жол­да­рын ұсын­ды. Нақты айт­сақ, олар: дай­ын өнім шыға­ра­тын бала­ма­лы өндірісті дамы­ту, шағын және орта кәсіп­кер­лік­ті өркен­де­ту, жас отба­сы­лар­ды бас­панамен қам­та­ма­сыз ету секіл­ді жоба­лар. Мыса­лы, қазір­гі­дей мұнай өндірісін­де бір жұмыс орны бол­са, сол мұнай­ға негіз­дел­ген дай­ын өнім шыға­ра­тын химия өн­дірі­сінде он жұмыс орны артық қам­та­ма­сыз етіледі. Егер елде мұнай өңдеу орын­да­ры дамы­ған жағ­дай­да, мың­даған жаңа жұмыс орын­да­ры­на жол ашы­лар еді.

– Ал «Диплом­мен – ауы­лға» бағ­дар­ла­ма­сы жастар ара­сын­дағы жұмыс­сызды­қты ауы­зды­қта­уға үлес қосып жатыр деп айта ала­сыз ба?
– «Диплом­мен – ауы­лға» тип­тес үкі­мет бағ­дар­ла­ма­ла­ры кезек­ті науқан­шыл­ды­қтың бей­несі іспет­тес. Бұл бағ­дар­ла­ма он жыл­дан артық жұмыс істеп келеді деп айты­лған­мен, жас­тарымыздың жап­пай ауы­лға қоны­ста­нып жатқа­нын көрме­дік. Ауы­лға маман тар­ту­дан бұрын, ол жер­де­гі бір ғана қа­ра­пайым ауыз су мәсе­лесін шешу керек. Бұл мақ­сат­тарға бюд­жет­тен қыру­ар қар­жы жұм­салған­мен, баяғы жар­тас – сол жар­тас күй­ін­де қалып отыр. Алы­сқа бар­май­ақ қоя­лық, Алма­ты­дан 30 шақы­рым жер­лер­ге шық­саңыз, не көресіз? Шұ­рықтесік жол­дар, қаңы­раған бос үйлер, лас су, тағы­сын та­ғылар. Баста­ма жақ­сы­ақ, бірақ нәти­же­сі қай­сы? Алыс ауы­лға барған маман­дарға көтер­ме ақша да демеу бол­май жатқа­ны өкіні­шті. Был­тыр Оңтүстік Қаза­қстан облы­сы­на барған дәрі­гер­лер қызметте­рінен кететіні жөнін­де мәлім­дегенін теле­ар­на­лар­дан көр­сетті. Ауыл­ды жер­ге барған маман­дар­ды құшақ жая күтіп тұрған жұмыс орын­да­ры жоқ­тың қасы, соны­мен бір­ге тұр­ғын үймен қам­ту мәсе­лесі дұ­рыс жолға қой­ыл­маған. Көтер­ме ақша алға­ны үшін мем­ле­кет­ке бере­шек болып, кері қай­тып, жұмыс­сыздар­дың қатары­на қосы­лып жатқан­да­ры қан­шама? Жер­гілік­ті жер­де білім беру және ден­са­улық сақтау сала­сы­на маман­дар жетіс­пей­ді деп даб­ыл қаққа­ны­мен, сол ма­мандарды қабыл­да­удың заң­ды теті­гі жасалмаған.

– «Нұр Отан­да» ұран­дап, «Нұр­сұл­тан – Қазақ­стан!» деп жүр­ген жастар осы пар­ти­яға өз еркі­мен, аза­мат­тық сені­мі­мен кел­ді деп ойлай­сыз ба?
– Елі­міз­де, ресми мәлі­мет бой­ын­ша, 14–30 жастың ара­лығын қам­ти­тын 5 мил­ли­онға жуық аза­мат бар. Ал осы аза­маттардың бес пай­ы­зы ресми түр­де жұмыс­сыздар деп сана­лып­ты. Тәу­ел­сіз сарапшылар­дың мәлі­метіне жүгін­сек, осы бес пай­ыз жұмыс­сыздың саны өзінөзі қам­ти­тын жастар­ды қосқан­да – 60 пай­ы­зға жетіп жығы­ла­ды екен. Өзінөзі қам­тиды деп, база­рда арба сүй­реп, ауыл­да көр­шіқо­лаң­ның малын бағып жүр­ген­дер­ді, ресми мәлі­мет бой­ын­ша, жұмыспен қам­ты­лған­дар­дың қата­ры­на қосқан билік­ке не айтар­сыз? Сон­да елі­міз­де­гі жастар­дың басым бөлі­гі жұмыс­сыздар әскерін құрап отыр десем, артық айтқан­дық болмайды.
Жастар мен сту­дент­тер ара­сын­дағы, әле­умет­тік же­лілердегі ойпікір­лер­ден бай­қағаным – «Нұр Отан­ның» жасан­ды ұран­да­ры, көзбояу­шы­лыққа негіз­дел­ген шара­ла­ры тек күл­кі туғы­за­ды. Көзі ашы­лып келе жатқан сана­лы жас аза­мат­тар билік­ке бала­ма бола ала­тын сая­си тұғыр­на­ма­ларға бас бұру­да. Оның ішін­де ЖСДП алаңы олар үшін тап­тыр­мас мүм­кін­дік екеніне күмән жоқ.

– Өзіңіз де осы билік пар­ти­я­сы қата­ры­на қосыл­саңыз, Алма­ты­ның көше­сін­де сар­сы­лып, флеш­моб ұйымдас­тырып, сай­ла­у­ға арналған парақтар­ды тара­тып жүр­мес едіңіз. «Нұр Отан­ның» тізі­міне кіріп алып, алаң­сыз шырт түкіріп жүрер едіңіз. ЖСДП пар­ти­я­сын таң­да­уы­ңы­здың себебі қандай?
– Бұл пар­тия менің мате­риалдық жағ­дай­ым­ды шешіп таста­ды деп айта алмай­мын. Бірақ таң­да­уым осы – ЖСДП бол­ды. Бұл пар­ти­я­ның қоғам­дық жұмысы­на 2007 жыл­дан бері бел­сен­ді қыз­мет­ке ара­ла­сып келе­мін. Біздің сая­си ұйым өз қағи­да­ла­ры мен ұстаным­дарынан бір сәт те ажы­раған емес. Ресми ақпа­рат­ты ақта­рып оты­рған қауым ел жаста­ры билік пар­ти­я­сы­ның маңы­на ғана топ­тасқан десе, қат­ты қа­телеседі. Сая­си алаң­да «ала­бөтен» көзқа­ра­сы бар тәу­ел­сіз жастар ЖСДП пар­ти­я­сы­ның ма­ңына топ­та­су­да. Пар­тия қата­рын­да мем­ле­кет­шіл­ді­гі­мен қатар әділет­тілік жолын­дағы күре­сті ту еткен Жар­ма­хан Тұяқ­бай, Әмір­бек Төгі­сов, Айдар Әлі­ба­ев сын­ды шын аза­мат аға­лар­мен үзең­гілес болу – мен үшін зор құрмет!
Бұл пар­ти­яда баба­ла­ры­мыз өси­ет еткен халық мүд­десі жо­лындағы ерен еңбек­ті тап­тым! Ал «Нұр Отан» сапын­да бол­сам, жалған ман­са­пқор­лы­қты көз­деуге мәж­бүр болар едім…

– Иә, тағы да сол әлеу­меттік желі­де­гі ақпарат­қа көз жүгірт­сек, ЖСДП пар­ти­я­сы­ның қата­ры­на өтіп жатқан жастар­дың легі де мол көрі­неді. Бұл үрдісті сая­си науқан­мен ғана бай­лан­сты­руға бола ма, әлде жастар­дың таң­да­уы бар­лық уақыт­та бір­дей ме?
– Сай­ла­удан тыс кезеңдер­де оппо­зи­ци­я­шыл «Жастар қа­на­ты» қыз­метін «Хабар» және «Қаза­қстан» теле­ар­на­ла­ры көр­сет­пе­се, бұл жағ­дай пар­тия­ның әре­кет­сіз оты­рға­нын біл­дір­ме­се керек. Пар­ти­я­ның жастар құры­лы­мы алға­шқы күні­нен бастап жастар ара­сын­да көп шара­лар, зерт­те­улер, үгіт­на­си­хат жұмыста­рын өт­кізді. Оның көбі пар­ти­я­ның интер­нет­сай­тын­да орын алған. Соны­мен бір­ге, әрине, сай­лау тек­тес сая­си науқан­дар­да хал­ық­тың, оның ішін­де жастар­дың қоғам­дық бел­сен­ділі­гі арта­ды. Ол заң­ды құбы­лыс. Жаңа­дан, жас мүше­лер­мен толы­ққан пар­тияның алар белесі әлі алда деп ойлай­мын. «Жас кел­се – іске!» деген бар емес пе?!

– Сай­лау науқа­ны­ның соңғы он күні ғана қал­ды: Алма­ты сияқты үлкен мега­по­лис тұр­ғындарының сай­ла­у­ға, сая­сатқа, бола­шаққа деген ынта­сын бағам­дай алды­ңы­здар ма?
– Өкініш­ке орай, алматы­лық­тардың көп­шілі­гі билік­ке сену­ден қалған. Біздің болжа­мы­м­ыз бой­ын­ша, сай­лау күні олар­дың тек 2025 пай­ы­зы дауыс беру­ге кел­мек. Ол алды­ңғы болған сай­лау бары­сын­дағы әділет­сіздік­тер мен заңсыздық­тардан, қоры­тын­ды нәти­же­сінің бұр­ма­ла­нуы­нан туын­даған. Бұ­рынғы Орта­лық сай­лау коми­с­сиясының қоры­тын­ды­ла­рын ЖСДП пар­ти­я­сы ешу­ақыт­та мо­йындаған емес. Яғни, халық та осын­дай пікір­де. Бұл – сая­си бой­кот­тың бір көрінісі дер едім.

– Сай­лау да уақыт­ша өтетін сая­си науқан – өтер де кетер: ал сай­лаудан кей­ін елде қан­дай да бір сая­си өз­ге­рістер­ден үмітіңіз бар ма?
– Үміт – тек шынайы заң­дылыққа негіз­дел­ген әділет­ті сай­лау қам­та­ма­сыз етіл­ген­де ғана туын­дай­ды. Керісін­ше бол­ған жағ­дай­да елі­міздің бұл терең сая­си­эко­но­ми­ка­лық тығы­ры­қтан шығуы екіта­лай. Бәл­кім, бұл сай­лау билік үшін қоғам­дағы тепе­теңдік­ті сақ­тау­дың тап­тыр­мас соңғы мүм­кін­ді­гі болуы ықти­мал. Бұр­малаусыз, шынайы халық таң­дауын қабыл­дай білу – үлкен ерлік болар еді!

– Рах­мет, жеңіс­ке же­тіңіздер деп тілейміз!
Кен­же НҰРМҰХАМЕДҰЛЫ,
«D»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн