Воскресенье , 6 июля 2025

Тазабек СӘМБЕТБАЙ: Форумға жиналған жастар ДӘРІС ТЫҢДАП ҚАЙТТЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №15 (286) от 16 апре­ля 2015 г.

ДАТ!

 

Кезек­тен тыс сай­лау науқа­ны бары­сын­да Аста­на қала­сын­да жастар фору­мы өтіп, «Нұр­сұл­тан – Қаза­қстан!» деген даңға­за ұран­ды ресми БАҚ даб­ы­ра етті. Біз де өз тара­пы­мы­здан Алма­ты қала­сын­да сая­си-қоғам­дық мәсе­ле­лер­дің бел орта­сын­да жүр­ген бел­сен­ді жастар­дың өкіл­дері бұл фору­мға қаты­сқан шығар деп, Жал­пы­ұлт­тық соци­ал-демо­крат­тар пар­ти­я­сы «Жастар қана­ты­ның» жетек­шісі Таза­бек СӘМБЕТБАЙДЫ ізде­ген едік. Сөйт­сек, ол жігіт Бостан­дық аудан­дық сотын­да Алма­ты қала­лық мәс­ли­ха­ты­мен сот­та­сып жүр екен.

 

–Таза­бек, мәс­ли­хат­тың мәсе­лесін «май­шам­мен» қарап бол­ды­ңы­здар ма? Сот шеші­мі кім­нің пай­да­сын көздеді?

– Қай­дан, қазақ сот­та­рын­да аза­мат­тық ерік-жігер тала­бы жеңіс­ке жету­ші ме еді?! Әділет­сіз шешім­нің кебін тағы кидік..

 

– Оқыр­манға түсінік­ті болуы үшін, сіз­дер­дің пар­тия мәс­ли­хат­ты сотқа бер­ген мәсе­ленің мән-жай­ын толы­ғы­рақ айта кетсеңіз…

– Алма­ты қала­сын­да және Алма­ты облы­сы­ның біраз аумағын­да оңтүстік аста­наға жаңа елді мекен­дер қосы­луы­на бай­ла­ны­сты жаңа­дан 43 сай­лау учас­кесі ашы­лға­ны мәлім. Сол жер­ге мәс­ли­хат депу­тат­та­ры жаңа мүше­лерін сай­ла­ды. Талғар және Қара­сай аудан­да­ры­ның кей аумақта­ры қосы­луы­на бай­ла­ны­сты қала­лық мәс­ли­хат биыл науры­здың 31‑і күні қосым­ша учас­келік және аумақтық сай­лау комис­си­я­ла­рын құру үшін сай­лау өткіз­ген. Сол күні сай­ланған 43 учас­келік сай­лау комис­си­я­сы мүшелі­гіне билік­ті қол­да­у­шы «Бір­лік», «Ақжол», «Нұр Отан», «Ауыл», Пат­ри­от­тар және Қаза­қстан халы­қтық ком­му­ни­стік пар­ти­я­сы – алты сая­си ұйым­ның өкіл­дері өткен. «Сай­лау тура­лы заң­ның» 10-бабы бой­ын­ша, сай­лау комис­си­я­ла­ры сая­си пар­ти­я­лар­дан ғана құра­луы тиіс. Қаза­қстан­да ресми тір­кел­ген жеті сая­си пар­тия бар. Сай­лау комис­си­я­ла­ры да жеті мүше­ден құра­луы тиіс. Бірақ ЖСДП ұсы­нған өкіл­дер­дің ешбірі сай­лан­ба­ды. Жеті адам­нан тұра­тын сай­лау комис­си­я­сы­на жетін­ші етіп әлдебір бел­гісіз қоғам­дық бір­ле­стік­ті қосты. Ал басым­дық сая­си пар­ти­я­ларға берілуі тиіс еді. Осы негіз­де біз пар­тия аты­нан мәс­ли­хат­ты сотқа бер­ген едік, алай­да сот шеші­мі мәс­ли­хат­тың пай­да­сы­на шешіл­ді. Біз бұл шешім­ді әділет­сіз деп санай­мыз, келесі сот инстан­ци­я­ла­ры­на шағым­да­на­мыз, қажет бол­са, бұл істі халы­қа­ра­лық сотқа дей­ін жеткіземіз.

 

– Іске сәт! Ал сіз­дер бұл жақта сот­та­сып жүр­ген­де, Аста­на­да аяқ асты­нан жастар фору­мы өтті ғой: оған шақы­ру алма­ды­ңыз ба?

– Оған бізді кім шақы­рар дей­сіз?! Оны «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­ның жаны­нан құры­лған «Жас Отан» деп ата­ла­тын ұйым өткізді. Тіп­ті, шақы­ры­лған күн­нің өзін­де, жетіп барар жай­ы­мыз жоқ. Себебі бұл жастар мәсе­лесін шешетін алқа­лы жиын емес, сай­ла­удың қамы­м­ен өткен науқан­дық қана шара ғой. Ұра­ны көп, нәти­же­сі жоқ жиы­нға қаты­суға біз де аса құлы­қты емеспіз.

 

– Сон­да бұл фору­мға кім­дер қаты­сқан – ол жағы­нан хаба­ры­ңыз бар ма?

– «Жас Отан­ның» мәлім­де­уін­ше, қата­рын­да 170 мың­нан астам мүше­сі бар-мыс ұйым­ның орта­лық кеңесін­де­гі 50-ден астам жастар осы жиын­ның құр­мет­ті қонағы болған екен. Атағын дар­дай етіп жүр­ген билік пар­ти­я­сы­ның құзы­рын­дағы жастар тобы елде­гі сая­си про­це­стер­ге ықпа­лы жоқ екені біз­ге бел­гілі: билік тар­мақта­ры­на өкілін ұсы­на алмай­ды, тіп­ті пар­ла­мент­тің пар­ти­я­лық тізі­міне де енбе­ген. Олар билік­тің сая­си науқа­нын­дағы ұран­да­у­шы топқа айналған. Пар­ла­мент­те­гі ең жас деген депут­тат­тың жасы 36-да екен, ал көр­ші Ресей­дің дума­сын­да жасы оты­зға тол­маған депу­тат­тар­дың қата­ры бар­шы­лық. Бола­шақ жастар­дың қолын­да десек, жастар бола­шақтан жырақ қал­ды. Билік пар­ти­я­сы­ның сой­ы­лын соғып жүр­ген­дер осы мәсе­ле төңіре­гін­де ойла­на­ты­ны­на күмәнім бар.

 

– Деген­мен, жастарға қаты­сты жиын болған соң, онда айты­лған жәйт­тер­дің тақы­ры­бы­нан БАҚ арқы­лы бол­сын хаба­ры­ңыз бар шығар? Мәсе­лен, аю сияқты ұйы­қтай бер­мей, қимыл­дау қажет деген ақыл­дан басқа жастарға қаты­сты қан­дай мәсе­ле сіздің көңіліңіз­ге қонды?

– Пре­зи­дент осы форум­да жастарға дәріс оқу­ды жөн санап­ты. Сай­ла­у­ал­ды сар­саң­ның сық­пы­ты ғой… Көңіл­ге қоным­ды нақты ұсы­ныс айты­лған жоқ, жастарға қажет­ті өзек­ті мәсе­ле­лер­ді шешу жол­да­рын да ести алма­дым. Тек жалын­даған ұран мен мән-мағы­на­сыз масат­танған сөз­дер­ді ғана естідік.

 

– Деген­мен, ол форум­да елде­гі жастар мәсе­лесі­нен бұрын, ақта­лу жағы басым болған сияқты: біз­де күн жылы болған­да, бай ел болар едік, өкініш­ке орай, кли­ма­ты­мыз суық болған соң, осын­дай жағ­дай­ға тап бол­дық деген сияқты. Ширек ғасы­рға жуық уақыт­тан кей­ін дәр­мен­сіздік­тен ақталған­дай сыңай таны­тқан Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың осы сөзі­нен кей­ін оның енді­гі пре­зи­дент­тік билі­гі­нен қан­дай үміт күтер едіңіз?

– Әдет­ке айналған мез­гілі­нен бұрын өтетін сай­ла­удың нәти­же­сі қалай бола­ты­ны, «жеңіс­ке» кім­нің жететіні бел­гілі. Сон­ды­қтан «атым­ның сыры маған бел­гілі» деген­дей, сая­си рефор­ма­лар қолға алы­на­ды деген­ге аса сені­мім жоқ. Жастар жаңа­лы­ққа ұмты­ла­ды, егер келе­шек­ке деген сені­мім нық деп, өзім­ді өтірік­пен алдай­тын бол­сам, мен де «Жас Отан­ның» қата­рын­да жүрер ме едім, бәл­кім?.. Бағы­ма қарай, мен демо­кра­ти­я­лық алаң­да тәу­ел­сіз көзқа­ра­сы, өзінің берік ұста­ны­мы бар пар­ти­я­ның «Жастар қана­тын­да» жүр­гені­ме мақтанамын.

Өзіңіз айтып оты­рған кли­мат­тық ерекшелік­тер­ге бай­ла­ны­сты айтқан пре­зи­дент­тің сөзін естіп оты­рған жастар тро­пи­ка­лық қоңы­р­жай елдер­ге қарай көшіп кет­кісі кел­ген шығар. Қысы қат­ты, мәсе­лен, Нор­ве­гия, Кана­да, Шве­ция елдерін қақаған аяз айна­лып өтіп жатыр ма екен? Ал аяз бен қар­ды түсін­де көретін Араб Әмір­лі­гі мен Қаза­қстан­ды салы­стыр­мақ болған пре­зи­дент­тің айтқан уәжі де көңіл­ге қоным­сыз. Аптап ыстық кли­мат­та, құм басқан шөл дала­да салы­нған ірі қала­ла­рын­дағы ғима­рат­тар­ды салқын­да­туға жұм­са­ла­тын шығын елі­міз­де­гі қала­лар­ды жылы­туға кетет­тін шығын­ды бір­не­ше есе орай­ды. Демек, рес­пуб­ли­ка­мы­здағы кли­мат­тық ерекшелік­ті көл­де­нең тар­тып, ақта­лу­дың реті жоқ сияқты.

 

– Сіз сай­ла­удан кей­ін Нұр­сұл­тан көкеңіз­ден не күтесіз: ол елге әлдебір жылы­мық әке­лер өзгерістер жасай­ды деп айта ала­сыз ба?

– Жастар­дың бола­шаққа деген сені­мі тұрғы­сын­да айтар бол­сам, жылы­мы­ққа жоралғы болар тал­пы­ны­сты бай­қай алмай отыр­мыз. Үміт­ті де үзгі­міз кел­мей­ді: егер пре­зи­дент сая­си рефор­ма­лар жаса­уға, соны­мен бір­ге отан­дық кәсі­по­рын­дар­дың дамуы­на, әле­умет­тік жағ­дай­ды рет­те­у­ге, елдің бола­шағы – жастарға жол ашы­луы­на мүм­кін­дік жаса­луы­на қарай бет бұр­са, кеш қал­дық демес едім.

 

– Сол форум­да «Нұр­сұл­тан – Қаза­қстан!» деп ұран­даған жастар елде­гі өз заман­даста­ры­ның қан­ша­сы жұмыс­сыз жүр­генін біле ме екен? Сіз осы көңіл­сіз ста­ти­сти­ка­ны олар­дың есіне сала ала­сыз ба?

– Елі­міз­де ресми мәлі­мет бой­ын­ша, 14–30 жастың ара­лы­ғын қам­ти­тын 5 мил­ли­онға жуық аза­мат бар. Ал осы аза­мат­тар­дың бес пай­ы­зы ресми түр­де жұмыс­сыздар деп сана­лып­ты. Тәу­ел­сіз сарап­шы­лар­дың мәлі­метіне жүгін­сек, осы бес пай­ыз жұмыс­сыздың саны, өзін-өзі қам­ти­тын жастар­ды қосқан­да – 60 пай­ы­зға жетіп жығы­ла­ды екен. Өзін-өзі қам­ти­ды деп, база­рда арба сүй­реп, ауыл­да көр­ші-қолаң­ның малын бағып жүр­ген­дер­ді ресми мәлі­мет бой­ын­ша жұмыспен қам­ты­лған­дар­дың қата­ры­на қосқан билік­ке не айтар­сыз? Сон­да елі­міз­де­гі жастар­дың басым бөлі­гі – жұмыс­сыздар арми­я­сын құрап отыр десем, артық айт­ты демессіз.

Осы­дан үш жыл бұрын Алма­ты­ның «Прайм-Пла­за» ойын-сауық кешенін­де­гі кон­церт­те тәр­тіп бұзған­дар­дың дені жұмыс­сыз жастар болға­ны бел­гілі. Сол жағ­дай­ға барған жастар­ды айып­та­удан аулақ­пын: жұмыс­сыздық пен бола­шаққа деген сенім­нің жоқты­ғы әртүр­лі әре­кет­тер­ге апа­рып соға­ты­нын «Жасо­тан­ды­қтар» біл­се де, біл­ме­ген кей­іп таны­тып отыр. Тіп­ті сол форум­да дауы­сы жыр­ты­ла айқай­лаған­дар ертең­гі бола­шағы­на сенім­ді ме екен – оған мен дүдәмалмын.

 

– Айт­пақ­шы, сіз «Диплом­мен – ауы­лға» бағ­дар­ла­ма­сы жастар­дың елге деген пат­ри­от­тық сезі­мін оята алды деп ойлай­сыз ба? Мәсе­лен, біздің редак­ци­яға осы тақы­рып төңіре­гін­де келетін хат­тар­дың маз­мұ­нын топ­тай­тын бол­сақ, жоға­ры оқу орнын бітір­ген жастар ауы­лға осы бағ­дар­ла­ма­ның көтер­ме ақша­сын алу үшін ғана бара­ды екен…

– Баста­ма жақ­сы-ақ, бірақ нәти­же­сі қай­сы? Алыс ауы­лға барған маман­дарға көтер­ме ақша да демеу бол­май жатқа­ны өкіні­шті. Жуыр­да Оңтүстік Қаза­қстан облы­сы­на барған дәрі­гер­лер қыз­мет­тері­нен кететіні жөнін­де мәлім­де­генін теле­ар­на­лар­дан көр­сет­ті. Ауыл­ды жер­ге барған маман­дар­ды құшақ жая күтіп тұрған жұмыс орын­да­ры жоқтың қасы, соны­мен бір­ге тұрғын үймен қам­ту мәсе­лесі дұрыс жолға қой­ыл­маған. Көтер­ме ақша алға­ны үшін мем­ле­кет­ке бере­шек болып, кері қай­тып, жұмыс­сыздар­дың қата­ры­на қосы­лып жатқан­да­ры қан­ша­ма? Жер­гілік­ті жер­де білім беру және ден­са­улық сақтау сала­сы­на маман­дар жетіс­пей­ді деп даб­ыл қаққа­ны­мен, сол маман­дар­ды қабыл­да­удың заң­ды теті­гі жасалмаған.

 

– Біз­де­гі сту­дент-жастар­дың қоғам­дық бел­сен­ділі­гі неге төмен деп ойлайсыз?

– Тәу­ел­сіздік жыл­да­рын­да жастар мәсе­лесі билік­тің наза­ры­нан тыс қалға­ны бел­гілі жәйт. Жастар сая­си науқан­да даб­ы­ра айқай көте­ретін жан­күй­ер­ге айналған. Басқа уақыт­та бар-жоғы есеп­ке алын­бай­ды. Жастарға сенім арты­лып, жау­ап­ты істер­ге жұмыл­ды­рыл­май­ды. Бүгін­гі жастар бес қаруы сай, білі­мі білі­гіне теңес­кен – тек мем­ле­кет тара­пы­нан қол­да­уға ие бола алмай отыр.

Биы­лғы ақпан айын­да «Жастар сая­са­ты тура­лы Заңға» пре­зи­дент қол қой­ған бола­тын. Жаңа заң­ның ескі заң­нан айыр­ма­шы­лы­ғы жоқ: жоға­ры­дан төмен қарай түсетін бұй­рық, нұсқа­у­лар­ды орын­да­уды жүзе­ге асы­ру­ды ғана рет­те­ген сияқты. Жастар­дың мүд­десін қорғау мақ­са­ты көз­дел­ме­ген, керісін­ше, мүм­кін­дік­тері шек­тел­ген. Біз ЖСДП пар­ти­я­сы­ның «Жастар қана­ты» болған­ды­қтан, заң­ды талқы­лау бары­сын­да өз тара­пы­мы­здан ондаған тар­мақтан тұра­тын ұсы­ны­ста­ры­мы­зды жібер­ген­біз. Әле­умет­тік қол­дау, жас кәсіп­кер­лік­ті дамы­ту, бас­па­на мәсе­лесін шешу­ге арналған ұсы­ны­ста­ры­мыз қол­дау тап­па­ды. Демек, заң жүзін­де де жастар мәсе­лесі толық қорғал­маған деп айта аламын.

 

– Бүгін­де жастар интер­нет­тің әле­умет­тік желілерін көп пай­да­ла­на­ты­нын ескер­сек, бұл вир­ту­аль­ды әлем­нің ерік-жігері ертең­гі күні лық­сып, қоғам­дық ортаға шыға ала­ды деп ойлай­сыз ба?

– Әле­умет­тік желі­де­гі бел­сен­ділік әр қилы баға­ла­на­ды. Біз білетін бел­сен­ділік баяғы сол «ас үйде­гі әңгі­ме­ден» аса алған жоқ. Тіп­ті кей­біре­улер сол бел­сен­ділер­ді «диван­дағы әскер­лер» деп те атай­ды екен. Жастар әле­умет­тік бел­сен­ділік­ке қызы­ғу­шы­лық таны­туға да ынта­лы емес сияқты. Оған себеп – Қыл­мыстық кодек­с­ке енгізіл­ген өзгерістер негізін­де әле­умет­тік желі БАҚ-пен теңе­стіріліп, шек­теу қой­ы­лған. Қоғам­дық іс-шара­лар­ды ұйым­да­сты­ру­ды мақ­сат етіп, бел­сен­ділік таны­тқы­сы келетін аза­мат­тар жау­а­пқа тар­тыл­мас үшін, аяқта­рын аңдап басуы­на тура келіп тұр. Желі­де­гі жедел жаз­ба­сы үшін күні кеше ғана екі ай бойы абақты­ға қамалған Сәкен Бай­ке­нов­ке бай­ла­ны­сты әділет­сіз сот ісі жастар­дың біра­зы­на ескер­ту болған сияқты. Деген­мен де, озық тех­но­ло­гия дамы­ған заман­да әле­умет­тік желінің жігері алаңға дей­ін жет­пей­ді деп, ешкім кепіл­дік бере алмайды.

 

– Ал осы интер­нет иірі­мін­де­гі тролль­дар арми­я­сы­на қар­сы жап­пай «соғыс жари­я­лау» науқа­нын ұйым­да­сты­ру ойы­ңы­зда жоқ па? Әлде бұл іріт­кілер­мен күре­су мүм­кін емес пе?

– Ондай тролль­дар­мен күресіп бере­ке тап­пай­мыз: олар­дың әре­кеті «жұқ­па­лы вирусқа» ұқсас – бір ошағын өшір­сең, екін­шісі пай­да бола­ды. Дер кезін­де дәлел­ді жау­ап беріп, бетін қағып тастап оты­ру – оларға қар­сы күре­стің сал­мақты жолы бол­мақ! Осы жағ­дай­дың өзі тәу­ел­сіз аза­мат­тар­дың ұста­ны­мын нықтай түсетін сияқты. Ой еркін­ді­гіне жаса­ла­тын қар­сы әре­кет­тің өзі күрес тәсілін шың­дау үшін қажет­ті бір сынақ іспетті.

 

ЖСДП пар­ти­я­сы­ның «Жастар қана­ты» қазір қан­дай шару­а­мен айна­лы­сып жатқа­нын айта ала­сыз ба?

– Ресми ақпа­рат­ты ақта­рып оты­рған қауым ел жаста­ры билік пар­ти­я­сы­ның маңы­на ғана топ­тасқан десе, қат­ты қате­ле­седі. Сая­си алаң­да «ала­бө­тен» көзқа­ра­сы бар тәу­ел­сіз жастар ЖСДП пар­ти­я­сы­ның маңы­на топ­та­су­да. Біз қызыл­ды-жасыл­ды шара­лар өткізіп, жасан­ды қой­ы­лым қоюға мүд­делі емес­піз. Әзір­ге үлкен сая­си шара­лар өткіз­бе­сек те, қай­ы­рым­ды­лық іс-шара­ла­рын өткізіп, заң кеңесіне зәру аза­мат­тарға қол­дау көр­сетіп жүр­міз. Ал үлкен сая­си шара­ның ошағын біз­ге билік­тің өзі үрлеп беріп жатыр…

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн