Апта аптыгы
Девальвация дауылы
ҚР Ұлттық банкінің ішкі валюталық нарықтағы жағдайды тұрақты ұстап тұру мақсатында жасаған интервенциясының жалпы көлемі 12 күнтізбелік күнде $1 458,55 млн болды, делінген осы ретте таратылған хабарда. Ұсынылған мәліметтер бойынша, 6 қазанда Ұлттық банк «Қазақстан қор биржасында» интервенция жасауды жалғастырды. Оның жалпы көлемі сейсенбі күні $20 млн болды.
Еске салсақ, 2015 жылы 16 қыркүйекте ҚР Ұлттық банкінің интервенциясының көлемі $144 млн, 17 қыркүйекте – $270,4 млн, 18 қыркүйекте – $67,2 млн, 21 қыркүйекте – $213,1 млн, 25 қыркүйекте – $41,95 млн, 28 қыркүйекте – $58,5 млн, 29 қыркүйекте – $137,5 млн, 30 қыркүйекте – $225 млн, 1 қазанда – $119,9 млн және 2 қазанда – $106,5 млн, 5 қазанда – $54,5 млн болды.
Өз кезегінде реттеушінің сайтында 2015 жылғы 22 қыркүйектегі, 23 және 24 қыркүйекте ішкі валюталық нарыққа жасаған интервенция көлемі туралы мәліметтері жоқ.
ҚазТАГ