Пятница , 4 июля 2025

ТЕҢГЕНІҢ ТЕҢСЕЛІСІ қоғамдық теңселіс тудырмай ма?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №30 (394) от 24 авгу­ста 2017 г.

 

Қатер қай­дан демеңіз


 

Біздің елде адам­дар, әсіре­се қаза­қтар өздерінің уақыт­ша тұр­мыстық-әле­умет­тік қажет­тілі­гі үшін көбі­не­се банк­тен несие алуға бара­ды. Олар бан­кінің жоға­ры үстем пай­ы­зы­на көніп, тәу­е­кел ретін­де қатер­ге бас тігеді. Бан­кілік неси­е­ге жүгі­ну қан­дай қажет­тілік­тен туа­ды? Халы­қты бан­кілік неси­е­ге мұқтаж етіп қою – мем­ле­кет­тік сая­сат­тың мақ­са­ты ма?

 

Әдет­те қар­жы оппе­ра­ци­я­сы бар­лық жер­де қатер­лі іс-әре­кет­пен баста­ла­ды. Қары­зға кіріп, банк­тен ақша алған қазақ ойлан­ба­стан той жасап, көлік алып, бала­сы­ның оқу ақы­сын төлеп және т.б. несие ақша­ны аса қажет­сіз шығын­дарға жұм­сай­ды. Бұл жер­де еске­ретін ең маңы­зды жәйт – бан­кілік несие ешқан­дай табыс көзі бола алмай­ды. Бұл – бір жыр­ты­қты екін­ші бір жамау­мен жасқап қою ғана. Себебі тұр­мыстық қажет­тілік­ке алы­нған несие әде­умет­тік мәсе­лені шешпей­ді, керісін­ше, ушы­қты­рып жібереді.

Өйт­кені біздің елде тең­генің құны әлсіз, ол әлем­дік құн­ды қағаз нары­ғы – АҚШ дол­ла­ры­на тәу­ел­ді түр­де құбыл­ма­лы бағыт­та өмір сүреді. Өкініш­ке орай, бүгін­гі күні тең­генің кре­дит­тік бағы­ты­на қорға­ныш бола­тын, «кепіл­дік қоғам­дық даму» орта­лы­қта­ры жоқ. Ал АҚШ дол­ла­ры­ның құдіреті, керісін­ше, – кеңістік пен уақыт жағы­нан қар­жы сая­са­тын­да бир­жа мен сауда бағы­тын өз қол­да­ры­на алған. Ал біз­де тең­ге өзі­міздікі болға­ны­мен, уақыт бөлек, оған билік жүр­гі­зе алмай­мыз. Тең­ге уақыт құр­ба­ны ретін­де құн­сызда­ну­да. Оның ертең­гі ел эко­но­ми­ка­сын бел­гілі дең­гей­де ұстап тұруы қиын.

Қазір әлем­дік сая­сат­та ақша­дан уақыт құны жоға­ры баға­ла­на­ды. Соған қарай қар­жы кеңісті­гі ақыл-ойдың ғылы­ми кибер­не­ти­ка­лық жыл­дам­дық жүй­есі­мен даму­да. Күн­делік­ті әлем­де жаса­лып жатқан қар­жы опе­ра­ци­я­ла­ры­нан басқа «ком­би­на­ци­я­лық амал­дар тұза­ғы» адам жанын түр­шік­тіреді. Оның қасын­да қағаз ақша қара­пай­ым құрал ғана, келісім бол­май тұрып, құр­бан­дық дай­ын. Соның бірі – өзінің сыңаржақ сая­са­ты сал­да­ры­нан қар­жы­лық қақ­панға түсіп, эко­но­ми­ка­лық қысы­мға ұшы­раған Ресей әлем­дік қар­жы шыңы­ра­уы­на құлаған «қара мате­рия» секілді.

Біздің елде көбіне сауда құра­лы тең­ге ғана, оны күн­делік­ті көпір­тіп сауда­лай­мыз, оның өзі де тұрақ­сыз, соған қараған­да банк­тер­дің «қар­жы қап­шы­ғы» тесіл­ген секіл­ді, одан төгіл­ген қар­жы тұты­ну­шы мен банк ара­сын­да қай­та­рым­сыз өте үлкен сома­ны құрайды.

Енді бұл жағ­дай­ға кім кінәлі: неси­ені алған ба, жоқ әлде бер­ген – банк жақ па? Бұл ара­да мой­ын­дай­тын бір жәйт бар: елі­міз­де­гі банк­тер­дің даму қарқы­ны уақыт өткен сай­ын кен­де қалып бара­ды. Ертең­гі күні банк­тер­де сер­пі­лу сая­са­ты жүр­ме­ген жағ­дай­да эко­но­ми­ка­лық бәсе­ке­ге жау­ап беруі қиын­дап, төл тең­ге баға­мы АҚШ ақша­сы­на шаққан­да 350-ден 400-ге баруы мүм­кін. Себебі сауда-сат­тық нары­ғын­да тең­генің құны тым әлсіз. Тең­ге –эко­но­ми­ка­ның негізі емес, алып-сату құра­лы – спе­ку­ля­ци­яға ұшы­ра­ды. Қауқар­сыз тең­генің өлме­уі үшін, банк­тер оны үсте­ме­мен айна­лы­мға беруде.

Ал банк­тер тең­гені жоға­ры пай­ы­з­бен қашанға дей­ін елге бере бер­мек? Бер­мес­ке тағы да бол­май­ды: табыс көзін құра­маған тең­гені бәрібір инфля­ция жеп жатыр. Инфля­ция қарқы­ны­на төтеп беру үшін жасалған бұл әре­кет тек көңіл­ді алдау шара­сы ғана. Банк­тер­дің қомағай­лы­ғы сал­да­ры­нан нары­ққа түс­кен құн­сыз ақша инфля­ци­я­ны ушы­қты­рған­нан басқа теге­урін таны­та алмауда. Үсте­ме­мен пай­да табу­дың бұл сая­са­ты түп­теп кел­ген­де эко­но­ми­ка­ның өріс жолын жап­ты. Бұл – ақы­рын­да эко­но­ми­ка­ны ғана емес, тұтас қоғам­ды апат­ты жары­лы­сқа әке­летін кері құбылыс.

Тең­гені тең­селт­кен бұл жағ­дай­дың ушы­ғуы­на АҚШ-тың Ресей­ге салған санк­ци­я­сы қосыл­ды. Тең­генің «кін­ді­гі» орыс руб­ліне бай­ла­нуы себеп­ті ол санк­ци­я­ның зардап­та­ры Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сын да шар­пып өтуі заң­ды құбы­лыс. Себебі тең­ге түгілі, біздің елдің тұта­стай сая­си-эко­но­ми­ка­лық «кін­ді­гі» Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одаққа бай­ла­нып қалған. Ал салы­нған санк­ци­я­ның әсері күшей­ген сай­ын, ЕАЭО кеңісті­гін­де­гі эко­но­ми­ка­лық дағ­да­рыс та ушы­ға түседі.

Осын­дай дағ­да­ры­сты жағ­дай­да қол­дағы бар Ұлт­тық қор мен Зей­не­тақы қоры­на жинақталған қар­жы­ны бюд­жет­тің жыр­ты­ғын жамауға жұм­сау ама­лы арта түседі. Ал ел эко­но­ми­ка­сы­на инве­сти­ция ретін­де салын­ды деген желе­умен жұм­са­ла­тын бұл қара­жат­тың қызы­ғын тұтас қоғам емес, ат төбелін­дей топ қана көреді. Өкіні­штісі сол – бұл қор­лар­дағы қар­жы­ны қоғам­мен ортақ­та­сып иге­ру – жал­пы халы­ққа бұй­ыр­май тұр. Өкініш­ке орай, қоғам­да ондай қар­жы­лық меха­низм жоқ. Егер Ұлт­тық қор­дан әр адам­ның үлесі айқын­дал­са, халық өзіне тиесілі үлесінің бір бөлі­гін ұлт­тық эко­но­ми­каға – айна­лы­мға салар еді. Әрине, екін­ші бір үлкен бөлі­гі депо­зит­тік салым­дар ретін­де тағы да банк­тер­ді бай­ы­ту құра­лы­на айна­ла­ры сөз­сіз. Бірақ бұның өзі де ел эко­но­ми­ка­сы үшін кері құбы­лыс бол­мас еді.

Түп­теп кел­ген­де, мем­ле­кет­тің солақай эко­но­ми­ка­лық сая­са­ты сал­да­ры­нан халы­қты Ұлт­тық қор­дағы үлесі арқы­лы жал­пы эко­но­ми­каға тар­ту мүм­кін­ді­гі шек­теліп отыр. Бұл – үлкен әділет­сіздік. Ұлт­тық қор­ды «бола­шақ ұрпақтың үлесі» деген жалған желе­уден құтқа­рып, оны халы­қтың қаты­суы арқы­лы басқа­руға беру керек. Одан Ұлт­тық қор жой­ы­лып кет­пей­ді, халы­қтың эко­но­ми­каға ара­ла­суы нәти­же­сін­де оның дамуы жеті­ле түседі.

Егер біз Ұлт­тық қор­ды пай­да­ла­ну тұрғы­сын­да осы талап­тарға бар­ма­сақ, ертең ол «көлең­келі эко­но­ми­ка­ның» ауқы­мын ұлғай­та түседі. Шетел­дік есеп­шот­тар­да жатқан неме­се күмән­ді инве­сти­ци­я­лық жоба­ларға салы­нған Ұлт­тық қор қар­жы­сы ел үшін ешқан­дай табыс көзін құра­май­ды. Зей­не­тақы қоры да түбін­де осы­ның аяғын құшады.

Біздің елде­гі эко­но­ми­ка­лық сая­сат неге халы­қты айна­лып өту­ге арналған? Мем­ле­кет­тің Ұлт­тық қоры, Зей­не­тақы қоры және де «Самұрық-Қазы­на» мен «Даму» қор­ла­ры – негізі «халы­қтық жал­пы капи­тал» болып есеп­те­леді. Егер осы қор­лар­дан әр ада­мға тең­дей етіп «өз үлесін» бөл­се, бұлар­дан қомақты қар­жы құра­ла­ды. Сол қар­жы­ны игеріп, жұмыс істеу жолын жасап, қоғам­ның эко­но­ми­ка­лық қаты­на­ста­ры құра­лы ретін­де пай­да­лан­сақ, елде­гі әр адам­да қар­жы көзі болар еді. Ал бұл халы­қтық капи­тал эко­но­ми­ка­ның қозға­у­шы күші ретін­де айна­лы­мға түс­се, табыс көзін құрай­ды. Одан ел бюд­жетіне пай­да түседі.

Қазір бәрі керісін­ше, нары­қтан тыс айна­лым­сыз қар­жы бюд­жет­ке салы­на­ды да, одан жемқор­лық туын­дап, қолын­да билі­гі бар­лар одан жеке пай­да тапқы­сы келеді. Ал эко­но­ми­ка­дан тысқа­ры жағ­дай­да әркім өз күнін өзі көру­де. Себебі ел эко­но­ми­ка­сын­да табыс көзі аз, ішкі бюд­жет тап­шы­лы­ғы басым, қар­жы жет­пей­ді, халы­қтық капи­тал секіл­ді ортақ жүй­е­лер іске қосылмаған.

Осы­ның бәрі халы­қты қинап бара­ды. Әле­умет­тік-тұр­мыстық про­бле­ма­сы асқы­нған жұрт­шы­лық өз про­бле­ма­сын үсте­месі үлкен бан­кілік неси­енің көме­гі­мен шеш­кісі келеді. Кей­бір деректер­ге қараған­да, елде екі мил­ли­он­нан астам халық бан­кілік неси­есін қай­та­ра алмай­тын жағ­дай­ға жет­кен. Бұл халы­қтық дәр­мен­сіздік­тің сал­да­ры банк­тер­дің про­бле­ма­сын арт­ты­ру­да. Ал айна­лып кел­ген­де, мұн­дай эко­но­ми­ка­лық және қар­жы­лық құл­ды­рау түбін­де әле­умет­тік-қоғам­дық ката­клизм туды­рып, оның соңы сая­си тең­селістер­ге тап қылуы әбден мүмкін.

Бұл кім­ге керек? Егер қоғам­да сая­си-әле­умет­тік тең­селістер туа қалған жағ­дай бол­са, одан күй­зеліс көретін – тағы да халық пен ел эко­но­ми­ка­сы. Бәл­кім, өкі­мет­тің басын­дағы әлдебір топ­тар үшін қоғам­да осын­дай жасан­ды күй­зелістің орын алуы қажет болып тұр ма?

Ержан ЖҮНІС

 

 

Біле жүріңіз

 

ҚАЙТЫС БОЛҒАН АДАМНЫҢ зей­не­тақы салы­мы қалай қайтарылады?

 


 

Зей­не­тақы жар­на­сын уақты­лы ауда­рып оты­рған кей­бір адам­дар зей­нет­ке шық­пай тұрып өмір­ден өтіп кетуі мүм­кін. Бұл жағ­дай­да жиналған сома мұра­гер­лер­ге қай­та­ры­ла ма?

 

«Жеке зей­не­тақы қорын­дағы ақша салым­шы­ның жеке мүл­кі болып табы­ла­ды және ол сома салым­шы өмір­ден өткен жағ­дай­да да мерзім­ге қара­май, БЖЗҚ-да сақта­ла­тын бола­ды. ҚР «Зей­не­тақы­мен қам­сыздан­ды­ру тура­лы» Заңы­ның 31, 32, 33-бабы­на сәй­кес, аза­мат көз жұмған жағ­дай­да жиналған сома толы­ғы­мен заң­на­ма­да көр­сетіл­ген тәр­тіп­те сәй­кес мұраға қала­ды», — деп түсін­дір­ді БЖЗҚ-ның БАҚ пен ком­му­ни­ка­ция бөлі­мінің басты­ғы Мари­на Акмаева.

Соны­мен қатар қай­ғы­лы жағ­дай орын алып жат­са да, салым­шы­лар­дың зей­не­тақы жинағы мем­ле­кет­тің мен­ші­гіне өтіп кет­пей­тінін неме­се мүл­де құрып кет­пей­тінін де БЖЗҚ-да ескер­тіп өтті. Бұған қоса мұра­гер­лік про­цесінің қалай жүзе­ге асы­ры­ла­ты­ны мен зей­не­тақы сома­сы туған-туы­стар ара­сын­да қалай бөлі­нетіні тура­лы жау­ап берілді.

Зей­не­тақы ауда­ры­мы­ның мұра­гер­лі­гі өси­ет неме­се заң бой­ын­ша жүзе­ге асы­ры­ла­ды. Егер өси­ет қал­ды­рыл­маған неме­се ол өси­ет бар­лық мұра­ны қам­ты­ма­са, бар­лы­ғы заң бой­ын­ша тара­ты­ла­ды. ҚР Аза­мат­тық кодексіне сәй­кес, құқы­қтық мирасқор­лар жеті кезек­ке бөлі­неді. Ең бірін­ші кезек­те мұра заң бой­ын­ша тең үле­спен мұраға қал­ды­ру­шы­ның бала­ла­ры­на, асы­рап алған бала­ла­ры­на, әйелі мен әке-шеше­сіне табыст­а­ла­ды. Екін­ші кезек­те мұраға қал­ды­ру­шы­ның аға-бауы­ры­на, әпке-қарын­да­сы (неме­се сіңлісі) әже­сі, ата­сы мен мұраға қал­ды­ру­шы­ның неме­ресіне беріледі.

Мұра­гер­лер заң бой­ын­ша мұраға кезек тәр­тібі бой­ын­ша шақы­ры­ла­ды. Мирасқор­лар­дың әрбіре­уі алды­ңғы мұра­гер жоқ болған жағ­дай­да мұра­ны қабыл­да­ма­са неме­се одан бас тарт­са ғана қара­жатқа ие бола ала­ды. Басқа­ша айтқан­да, егер салым­шы үйлен­бе­ген адам бол­са және оның әке-шеше­сі жоқ бол­са, онда оның зей­не­тақы ауда­ры­мы­на екін­ші кезек­те­гі туы­ста­ры (мәсе­лен, аға­сы неме­се әпкесі) ие бола­ды. Егер олар бол­маған жағ­дай­да үшін­ші кезек­те­гілер­ге беріледі және т.с.с. Ал егер мұра­гер­лер бір­не­шеу бол­са, онда қай­тыс болған адам­ның зей­не­тақы ауда­ры­мы мұра тура­лы бел­гі­лен­ген құқы­қтың неме­се мұраға қалған мүлік­тің келісім бөлі­гінің тәр­тібіне сәй­кес бол­маған жағ­дай­да сот арқы­лы бөлінеді.

Stan.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн