Понедельник , 7 июля 2025

Телесұхбат «ТІРІ СҰХБАТ» болмады…

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» № 47 (271) от 25 декаб­ря 2014 г.

 

 

 

Желі­де­гі жедел сөз

 

 

ТЕЛЕСУХБАТ ТИРИ СУХБАТҚР пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың елге бедел­ді деген теле­ар­на­ларға бер­ген сұх­ба­ты теле­жә­шік­ке тел­мір­ген жұрт­тың көңілі­нен шық­па­ды. Бұл – біздің редак­ци­я­лық тұжы­рым емес. Бұл интер­нет­тің әле­умет­тік желісін­де жел­дей ескен пікір­лер­дің ортақ пай­ы­мы. Сон­ды­қтан біз пре­зи­дент­тің пошым­сыз сұх­ба­тын сөз етпей, сол пікір­лер­дің бір порас­ын желі­ден көшіріп баса салдық.

 

 

Айдос САРЫМ:

– Тұңғы­шы­мыз теле­ди­дарға шығып, екі сағат бойы үнде­мей, құлағын, мұр­нын шұқы­лап, ай қарап отыр­са да: «Елба­сы­ның мына сұқ­ба­ты кере­мет бол­ды, бұры­нғы­дан мүл­дем ерекше сұқ­бат! Аса маңы­зды мәсе­ле­лер айтыл­ды», – дей­тін талай жур­на­лист бауыр­лар мен қарын­дастар бар екен арамызда.

Ертең­гі газет­тер мен теле­ха­бар­лар­дың анон­ста­рын еле­стетіп, ойла­нып отыр­мын. Жаңа жылға дей­ін кем деген­де 2–3 поло­са­дан 3–4 нөмір­ді тол­ты­ру керек газет­шілер­ге. Не деген азап жұмыс десейші!

Баяғы­да түрік­пен газет­терін оқи­ты­н­мын. Ірі жиын­дар­дағы Түрік­мен­ба­шы сөз­дерінің ара­сын­да: «Дәл осы кез­де ұлы Сар­дар сөзін бөліп, жоға­ры жаққа қара­ды да, кіш­кене уақыт ойланған­дай бол­ды», «ду қол шапа­лақтау», «осы кез­де ұлы бас­шы­мыз зал­ды мұқи­ят сүзіп шықты, оның көз алды­нан тарихы­мыз өте шыққан­дай бол­ды» деген редак­ци­я­лық қос­па­лар­ды оқып, күлетін едім. Қазір күл­мей­тін болдым.

 

Айдос ЖҰҚАНҰЛЫ:

– Өзі-өзіне сенім­ді адам бас­пасөз мәс­ли­ха­тын тіке­лей эфир­де өткі­зеді. Оған сая­си көзқа­ра­сы­на қара­ма­стан, кез кел­ген жур­на­лист қаты­са­ды һәм сұрақ қоя ала­ды. Менің Путин көкем сөйт­кен бола­тын. Алдын ала түсіріп, күзеп-түзеп, мон­таж­далған деректі фильм­ге алда­нып оты­рған аңғал халқым аман болсын!

 

Ақбе­рен ЕЛГЕЗЕК:

– Егер пре­зи­дент­тің осы сұх­бат­тағы тәу­ел­сіздік тура­лы, мем­ле­кет­тілік, тіл, діл тура­лы айтқан­да­рын үкі­мет мүше­лері, әкім-қара­лар, теле­ар­на мен бас­пасөз бас­шы­ла­ры ұран қып ұстап, бар­лық жер­ге іліп, теле­ди­дар­дан көр­сетіп, газет-сайт­тарға басып, ұлар­дай шула­ма­са, онда бұл жай ғана және кезек­ті рет халы­қты бала сияқты алдай салу деп білемін.

 

Тіле­умет СИЛАМ:

– Сұх­бат өткіз­ген болып, ел басы­мы­здың өткіз­ген қай­ран уақы­ты, оған барған тіл­ші-сымақтар­дың… қой­ған сұрақта­ры­ның түрін-ай! Ұят қой. Жал­пы не деген арсыз заман десең­ші! Осын­дай көз­бо­я­у­шы­лы­қ­пен өмірін өткізіп келе жатқан елге әбден қай­ран қала­сың! Жүй­кені құр­тқан құр әңгі­ме, қай­ран оты­рыс, зая кет­кен уақыт!.. Елба­сы­ның жау­ап қай­та­рып оты­рған әнгі­ме­лерін онсыз да ел-халық жатқа біледі емес пе, ешбір сұх­бат жүр­гіз­бей-ақ қой­са болу­шы еді мұн­дай болған­да! Мазақ, көз боя­у­шы­лы­қтың тағы бір дәлелі деп осы­ны айт!

 

Қасым АМАНЖОЛҰЛЫ:

– Үлкен қызы – пар­ла­мент­те вице-спи­кер, коми­тет төраға­сы, ортан­шы қызы – мил­ли­ар­дер, ортан­шы күй­еу бала­сы – кәсіп­кер­лер пала­та­сы­ның төраға­сы, ең үлкен банк­тің қожа­сы, т.б. Кіші қызы – алпа­уыт құры­лыс ком­па­ни­я­сы­ның иесі, бауы­ры – бар­ша ірі базар­лар­дың «құдайы», үлкен неме­ре бауы­ры – «мешіт­тер салушы», кіші неме­ре бауы­ры – ҰҚК төраға­сы­ның орын­ба­са­ры, келіні – ең ірі бас­па­ның иесі… Айт­пақ­шы, «жаңа» үлкен күй­еу бала­сы – аса ірі газ тар­ту ком­па­ни­я­сы­ның жетек­шісі, қап­таған қалған туы­ста­ры мен тоқал­да­ры – жәй әншей­ін мил­ли­о­нер­лер, сот­тар, про­ку­рор­лар… Енді жиен неме­ресі – бас қала әкі­мінің орын­ба­са­ры. (Ең қиы­ны, бұл жиен – қос бан­кир­ді өлтір­ген кез­де әкесінің қасын­да азаптау актісіне қаты­сқан деседі).

Бір отба­сы­ның жеке мен­шік мем­ле­кетінің тұрғы­ны болу­ла­ры­ңы­з­бен, бауырлар!

(«Фейс­бук» желісін­де­гі жазбалардан)

 

Мақ­сат  ІЛИЯСҰЛЫ:

– Қаза­қстан пре­зи­ден­ті жур­на­ли­стер­мен кез­десіп жатыр. Бар-жоғы 8 жур­на­лист, оның 5‑і қазақ, алтын­шы­сы қаза­қ­ша жақ­сы біледі. Бірақ Нұре­кең орыс­ша сөй­леп отыр.

Туған­дар­дың санын айтқан­да, өлген­дер­дің санын да айт­са ғой. «Жылы­на бір қала­ның тұрғы­ны өмір­ге келіп жатыр» , –деді пре­зи­дент. Ал көз жұмып жатқан­дар ше? Тек жол апа­ты­нан жыл сай­ын 3 мың­ның айна­ла­сын­да адам өледі: ана мен бала өлі­мі, рак, СПИД… толып жатыр.

Иә, пре­зи­дент­ке қоя­тын сұрақтың ең маңы­здысы махаб­бат тура­лы болуы керек. Басқа­сын қой­шы сол, сая­сат, эко­но­ми­ка, әле­умет­тік сала деген не, тәй­ірі, махаб­бат­тың қасын­да. Ел көкей­ін­де­гі негіз­гі сұрақтар­дың бәрі жау­ап­сыз қал­ды. Өкіні­шті, әрине. Пре­зи­дент­пен кез­дескен Қаза­қстан­ның май­тал­ман жур­на­ли­стерінің ең алды­ңғы сұрағы махаб­бат тура­лы бол­ды, шары­қтау шегі ән айту…

 

Ақжі­гіт ӘЛІБЕКҰЛЫ:

– Жақын­да Путин­нің пресс-кон­фе­рен­ци­я­сын көр­дік. Кеше Назар­ба­ев­тың сұх­ба­тын тама­ша­ла­дық. Айыр­ма­шы­лық жер мен көк­тей. Ресей­де­гі пре­зи­дент сұх­ба­тын­да жалғыз ресей­лік жур­на­ли­стер ғана емес, шетел­дік жур­на­ли­стер де сұрақ қой­ып отыр­ды. Мәсе­лен, Путин­нің көзіне құрт болып көрін­ген Укра­и­на­дан кел­ген «УКРОП» жур­на­ли­стің сұрағын бүкіл әлем тың­да­ды. Ал біз­де ше, ҚР пре­зи­ден­ті­мен болған сұх­бат­ты қаза­қстан­ды­қтар­дың өзі қара­маған шығар. Артық-ауыз сұрақ қоюға бол­май­ды, артық қимыл­да­уға бол­май­ды, артық адам кіру­ге бол­май­ды. Ашық пікір­та­лас, емен-жарқын сұх­бат бол­маған соң, шынын айтқан­да, тар­тым­сыз бол­ды. Алдын ала сүз­гі­ден өткен сұрақтар екені көрініп тұрды.

 

Дина ТӨЛЕКОВА:

– Қаза­қтың Лар­ри Кинг­тері қай­да? Познері қай­да? Пре­зи­дент­тен сұқ­бат алып оты­рған кім­дер? 25 пен 30 жастағы жас жур­на­ли­стер мен дик­тор­лар. Сөзіне ел сенетін, елді сен­діретін тәжіри­белі, сали­ха­лы ой айта­тын, пре­зи­дент­пен әңгі­месі жара­са кететін, жасы ең құры­ған­да елу­ден асқан мықты интел­лек­ту­ал тіл­шілер, терең ана­ли­тиктер жоқ па? Бәрі бас шұлғи қатып қалған… Жасан­ды күл­кі… Жат­тан­ды сұрақтар… Жасқанған жастар… Дис­кус­сия жоқ… Ара­ла­рын­да бай­ла­ныс бай­қал­май­ды. Себебі – пре­зи­дент пен жас тіл­шілер ара­сын­дағы алшақтық – 50 жас!!! Обшым – жасан­ды­лық көз­ге ұрып тұр.

«

 

Республиканский еженедельник онлайн