Суббота , 5 июля 2025

Темірхан МЕДЕТБЕК, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №38 (402) от 19 октяб­ря 2017 г.

 

Апта апты­ғы

Алдас­пан

 


 

ҮРЕЙ

 

Өрт­тей тұтанды –

Қай­дағы-жай­дағы…

Бір елді түп-түгел

Үрей жай­ла­ды.

 

Үміт­тің

Күні тұтыл­ды.

Әлдене құтыр­ды.

Әлдене жұтыл­ды.

 

Аспан­дағы бұлттар –

О, тоба,

Ақы­рын бере гөр,

Жұрт­тың

Тас төбесін­де

Бір­де сатырлап,

Бір­де күтірлеп,

Сең­дей көшті!

Түрі де,

Түсі де сұп-сұйық

Қау­е­сет сөз біткен

Жел­дей есті:

Еліңнің

Қазы­на-бай­лы­ғын

Басып алып­ты.

Қар­сы келгендерді

Қыл­та­дан қиып,

Басын шауып­ты…

 

Сонан кей­ін-ақ

Сол елге Үрей үстіне

Үрей кір­ді.

Бір әле­мет

Дүлей жүр­ді.

 

Сол бір Дүлей

Басын

көтер­ген­дер­дің –

Басы­нан ұрады.

Жанын

Көзіне көр­сетіп,

Тізесін баты­рып,

Кеудесін сыға­ды.

 

Міне, тағы да –

Ел-жұрт­тың алдында

Біре­уді

Қамыр­дай иледі,

Біре­уді

Аға­штай сүйреді.

Үміт үзіл­ді,

Сенім күй­реді.

Ақы­рын­да

Сол елді –

Тізесін діріл­детіп,

Белін бүк­тір­ген

Бор­дай үктірген –

Ұлы мәр­те­белі

Үрей биледі!

 

… Сол ел –

Біздің ел емес пе?!

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн