Пятница , 4 июля 2025

ТЕРГЕУ ТОҚМАДИДЫ ТҰҚЫРТЫП ТЫНДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №33 (397) от 14 сен­тяб­ря 2017 г.

 

Апта апты­ғы

 


Бұдан бұрын бел­гілі болған­дай, Алма­ты қала­сы про­ку­ра­ту­ра­сы­ның бас­пасөз қыз­метінің хабар­ла­ма­сы бой­ын­ша, түр­лі айып­тау желе­улері­мен қамауға алы­нған «ҚазҚұры­лы­сӘй­нек» ком­па­ни­я­сы­ның бас­шы­сы Мұратхан Тоқ­ма­ди кінәсін мой­ын­дау тура­лы келісім жаса­уға ниет біл­дір­ген екен.

 

«5 қыр­күй­ек­те М.Тоқмади кінәсін мой­ын­дау тура­лы мәмі­ле түрін­де про­ку­рор­мен про­цес­су­ал­дық келісім жасау тура­лы ниет біл­дір­ді. Оның өтіні­ші про­цес­су­ал­дық про­ку­рор­мен тек­серілу­де, сосын мәмі­ле жасау мүм­кін­ді­гі тура­лы мәсе­ле қара­ла­тын бола­ды», – делін­ген сей­сен­бі­де про­ку­ра­ту­ра сай­тын­да жари­я­ланған хабарда.

Ал дәл осы хабар­дан бір күн бұрын Жәми­лә Айым­бе­то­ва-Тоқ­ма­ди «Фейс­бук» желісі арқы­лы өзінің жұбайы Мұратханды «қыл­мысын мой­ын­да­ту» әре­кет­тері жүріп жатқа­нын мәлім­де­ген еді. Жәми­лә ханым бұл бейне-мәлім­де­мені «ОБСЕ» кең­сесіне келіп, халы­қа­ра­лық ұйым­нан ара­ша сұрай­ты­нын қоса хабар­лаған болатын.

Бұған дей­ін күдік­тінің қорға­у­шы­ла­ры А.Оралбай мен Д.Өтебеков істі құпия жүр­гі­зу жөнін­де­гі құжатқа қол қою­дан бас тар­тқан­да­ры үшін қыл­мыстық-про­цес­су­ал­дық заң­на­ма талап­та­рын орын­да­ма­ды деген желе­умен адво­кат ретін­де іске ара­ла­су­дан шет­тетіл­ген еді. Міне, қорға­у­шы­ла­ры­ның көме­гі­нен айы­ры­лған М.Тоқмади ақыр соңы «өз қыл­мысын мой­ын­даған» болып шықты.

Еске сала кетей­ік, қос адво­кат істен шет­тетіл­ген сәт­тен бастап, күдік­тінің мүд­десін тер­геу тобы тағай­ын­даған адво­кат Э.Сұлтанов «қорғаған» бола­тын. Жәми­лә Айым­бе­то­ва бұған дей­ін­гі бейне-мәлім­де­ме­лерін­де айтқан­дай, қинау мен қысым көр­се­ту­лер­дің нәти­же­сін­де ақыр соңы Мұратхан Тоқ­ма­ди­ды тер­ге­ушілер­дің тұқыр­туы өз «жемісін» бер­ген сыңайлы.

Ал кеше Қаз­ТАГ хабар­лаған­дай, Мұратхан Тоқ­ма­диді қамауда ұстау мерзі­мі осы жылғы қара­ша­ның 12-сіне дей­ін ұзар­тыл­ды. Бақы­ла­у­шы­лар мен тәу­ел­сіз адво­кат­тар­дың айтуы­на қараған­да, осы мерзім ара­лы­ғын­да тер­геу тобы Тоқ­ма­дидің «мой­ын­да­уын» құжат жүзін­де рәсім­деп бітуі тиіс.

 

 

 

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн