Вторник , 13 мая 2025

ТИЕСІЛІ ЗЕЙНЕТАҚЫМДЫ АЛМАЙЫНШАӨЛМЕЙМІН

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №10–11 (375) от 16 мар­та 2017 г.

 

Пре­зи­дент әкім­шілі­гіне хат


 

Елде­гі келеңсіз жағ­дай­лар­дың бетін ашып, әділет­тілік­тің жолын сұрап, пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­евқа 1989 жыл­дан бері 42 хат жазып, енді­гі 43-хат­ты біре­улер­ге жаз­ды­рып оты­рған – 95 жасқа аяқ басқан қарт, мүге­дек әже деп біліңіздер.

 

Еңбек кітап­ша­ма жазы­лған мәлі­мет­тер бой­ын­ша, 41 жыл еңбек етіп­пін, кадр бөлі­мі қыз­мет­кер­лерінің салақты­ғы­нан төрт-бес жыл­дық еңбе­кақым жазыл­май қалып­ты. Өткен ғасыр­дың 60-жыл­да­ры Оңтүстік Қаза­қстан Өлкелік оқу бөлі­мін­де қыз­мет­те жүріп, көлік апа­ты­на ұшы­ра­дым. Тәш­кент, Шым­кент қала­ла­рын­дағы ауру­ха­на­лар­да айлап жатып, 1962 жылы екін­ші топ­тағы еңбек мүге­де­гі бол­дым. Зей­не­тақым­ды дұрыс алып отыр­мын. Менің көтеріп оты­рған мәсе­лем – «ВТЭК» тек­се­ру құжат­та­ры бой­ын­ша, көзім­нің көр­ме­уіне бай­ла­ны­сты, II санат­тағы еңбек мүге­де­гіне төле­нетін қосым­ша ақы­ны заң­ды түр­де құп­талған зей­не­тақы­мен бір­ге төлеу тәр­тібіне қаты­сты әділет­сіздік. Сон­дағы көзім­нің көр­ме­уіне бай­ла­ны­сты еңбек­ке жарам­сызды­ғы­ма бел­гі­лен­ген қосым­ша төлем – 1162 тең­ге. Жоға­ры­да оты­рған бас­шы­лар сол заң­ды ақым­ның төле­нуін орын­да­туға неге әлсіз? Осы жағ­дай­ды тек­серіп, әділет­тілік­ті орна­туы тиіс орган­дар менің хатым­ның басын­дағы «95 жастағы мүге­дек» деген сөзді оқи­ды да, «алжи бастаған, демек, оған зей­не­тақы­сын көбей­ту не керек» дей­ді де, үкі­мет­тің зей­нет­кер­лер­ге шығарған қау­лы-қарар­ла­рын тіз­бек­теп, парақ-парақ хат жаза­ды да, оған қанағат­тан­баған жағ­дай­да «сотқа жүгініңіз» деген жат­тан­ды жау­ап­пен аяқтайды.

Заң­гер­лер мен тек­се­ру­ші мыр­за­ның да сау­а­ты нашар екенін 95-тегі «алжы­ған әже» былай­ша түсін­дір­генін айып етпес­сіз­дер: Пре­зи­дент әкім­шілі­гі, үкі­мет бас­шы­ла­ры, Бас про­ку­ра­ту­ра менің жол­даған ары­зы­ма бер­ген жау­а­бын Шым­кент­те­гі облы­стық әле­умет­тік қам­сыздан­ды­ру депар­та­мен­тіне жіберіп отыр­ды. Еңбек мини­стрінің орын­ба­са­ры болған В.Романов пен облы­стық еңбек­ті қорғау басқар­ма­сы­ның басты­ғы Е. Маха­то­втың, ОҚО бой­ын­ша депар­та­мент­тің бұры­нғы бас­шы­ла­ры Б.Сыздықов және В. Даро­нин мыр­за­лар­дың мем­ле­кет қаулы­сы­на сүй­еніп, тек­се­ру комис­си­я­сын құрып, оның қоры­тындыс­ын және «мін­дет­ті түр­де төле­ну керек» деп қол­таң­ба соққан жау­а­бы да күні бүгін­ге дей­ін орын­далған жоқ. Отыз жылға жуық уақыт­та әділ­дік­ке қол жет­кізу­ге зары­ғу­да­мын. Менің сұрап оты­рға­ным – маң­дай терім мен табан ақым емес пе?

Тек­се­рудің қоры­тындыс­ы­ның заң­ды құжат­та­ры бой­ын­ша, 32 000 тең­ге алып жүр­сем, өткен жылы ОҚО Еңбек­ті қорғау депар­та­мен­ті «қате­лесіп, сіз­ге артық ақша төлеп­піз, енді жүз мың­ды қай­та­рып ала­мыз, әзір­ше пен­си­яңы­зды жібер­мей­міз» деп, бас бух­гал­тер қоңы­рау шал­ды. Осын­дай сұм­ды­ққа не деу­ге бола­ды? Заң­да осын­дай өрес­кел­дік бар ма? Мен ешкім­ге де артық ақша төле деп өтініш жазған жоқ­пын ғой.

Про­ку­рор мыр­за­лар, тек­се­рудің заң­ды түрі былай­ша бола­ды: екі жақты меке­менің ведо­мо­ста­рын салы­сты­ру арқы­лы тек­се­ру жасай­ды. Міне, осы жол­мен тек­сер­сеңіз­дер, екі дүни­е­де де қате­ле­с­пей­сіз­дер. Өткен жылы ОҚО Еңбек­ті қорғау депар­та­мен­тін­де маған ақша ауда­рып жүр­ген кас­сир әр ай сай­ын тиесілі ақша­ны жібе­реді. Жөнін сұра­сам, «мен қате­лесіп­пін» дей­ді. Ал қатесін түзетіп, қай­та­дан менің ақым­ды жинақтап төле­мей­ді. Тіп­ті «Қаз­по­шта» бас­шы­ла­ры­ның бірі болған Сый­ыр­ба­ев­тың өзі «кешірім сұрап», хат жібер­ді. Ол да өткін­ші ғана жау­ап болып шықты.

Жағ­дай бәрібір баяғы­ша болып жалға­са бер­ді. Мен де лаж­сыз бүгін­ге дей­ін шыда­уда­мын. Бас про­ку­рор­дан кел­ген хат­та ОҚО әкім­шілі­гін­де­гі құжат­тар архив­те сақтал­маған­ды­қтан, мәлі­мет толық бол­ма­ды деп жазып­ты. Сол құжат­тар­дың мен­де­гі түп­нұсқа­сы дәлел емес пе? Неге қапер­ге алма­ды? Демек, тек­се­рудің мәні-мағы­на­сы жоқ екен­ді­гін түсін­дім. Мен ондай архив­тер­ді тек­сер деп өтін­гем жоқ, тек қана 1989 жылғы «ВТЭК»-тің заң­ды құжа­ты бой­ын­ша төлем ақым­ды талап ету­де­мін ғой. Үкі­мет­тің шығарған қаулы­сын төмен­де­гілер түсін­бей­тін кезең­ге тап бол­дық. Қаулы­ны сотқа жол­дап, зей­не­тақы­ға қосым­ша төлем­ді дау­лау керек деген сау­ат­сызды­ққа жол беріп, пре­зи­дент қол қой­ған, пар­ла­мент мақұл­даған қау­лы сот­та қарал­май­ты­нын біл­мей­тін сау­ат­сыздарға не деу­ге болады?

Пре­зи­дент­тің халы­қтан келетін мың­даған хат­тар­ды оқуға уақы­ты аз екен­ді­гін мен жақ­сы біле­мін. Мен екі диплом­ның иесі­мін, сау­ат­ты­мын да, өзге­лер­ге де шама­лы бол­са да, сабақ бол­сын­шы деп, әрі пре­зи­дент­тің құлағы­на жет­сін деген үміт­пен енді «ДАТ» арқы­лы хат жол­дап отырмын.

Отба­сым­да 5 адам бір күн­де көлік апа­ты­нан қай­тыс бол­ды. Олар­ды жалғыз өзім жер­ледім. Маған қарай­тын жалғыз қызым Васи­лия бес қап­пен кел­ген өлік­тер­ді көріп, әсіре­се келінім Ғали­я­ның басы бөлек қап­тан ұшып түс­кен­де, жын­да­нып кетіп, қазір пси­х­дис­пан­сер­де жатыр. Маған қарай­тын адам жоқ.

Осы хат­тан кей­ін де жалғыз өтіні­шім: пре­зи­дент Назар­ба­ев зей­не­тақы­ма қосым­ша «көзі көр­мей­тіні үшін» деген 1989 жыл­дан бер­гі ақым­ды түгел төле­мей оты­рған­дар­ды тәр­тіп­ке шақы­рып, өтіні­шім­ді қанағат­тан­ды­ра­ды деген ойдамын.

Олай бол­маған күн­де менің хаты­ма жау­ап та жаз­баңы­здар, мен бүгін­гі лау­а­зым­ды бас­шы­лар­дан заң­ды­лық шешім күт­пей­мін. Басқа­ша жау­ап­та­ры­ңы­зды оқы­ғым кел­мей­ді! Мен 95-ке кел­сем де, тиесілі ақым­ды алмай­ын­ша өлмеймін.

Дәмен ҮСЕМБЕКОВА,

қарт әже Алма­ты қаласы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн