Суббота , 5 июля 2025

ТІЛДІК НОРМА сөздіктер арқылы ҚАЛЫПТАСАДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №22 (386) от 8 июня 2017 г.

 

Пре­зи­дент­ке хат


 

Жоға­ры мәр­те­белі Елба­сы Нұр­сұл­тан Әбішұлы!

Менің эко­но­ми­ка­ның бар­лық сала­ла­ры мен құқық сала­сы бой­ын­ша сөздік түзу кәсібі­мен айна­лы­сқа­ны­ма тура 25 жыл толып­ты. 1990 жыл­дан бері бұл менің сүй­ік­ті кәсібі­ме айнал­ды. Ал зей­нет­ке шыққан­нан кей­ін, сөздік түзу­ге бір­жо­ла­та ден қой­дым. Менің соңғы құраған «Үлкен эко­но­ми­ка­лық орыс­шақа­за­қ­ша сөздік» 150 мың тер­мин­ді қамтиды.

Сөздік түзу, тер­мин жинау сияқты ине­мен құдық қазған­дай жан­ке­шті бей­нетім бел­гілі ғалым­дар мен еңбе­гім­ді қол­да­ну­шы­лар­дың тара­пы­нан жоға­ры баға­ла­нып келеді. «Бір өзі бір инсти­тут­тың жүгін көтеріп жүр­ген сөздік­ші» ата­нуым кеңе­стік дәуір­де­гі Қазақ совет энцик­ло­пе­ди­я­сын­да (он екі том­дық, арна­у­лы қосым­ша­сы­мен 13 том, басы­нан аяғы­на дей­ін қаты­стым) және еге­мен­ді елдің «Қаза­қстан» ұлт­тық энцик­ло­пе­ди­я­сын­да қыз­мет атқарған жыл­да­рым­да жинаған энцик­ло­пе­ди­я­шы­лық тәжіри­бем мен үлкен аудар­ма­шы­лық мек­теп­тен өткен тәжіри­бем­нің жемісі.

Сон­дай­ақ, «Қаза­қстан» ұлт­тық энцик­ло­пе­ди­я­сын­да эко­но­ми­ка, құқық және демо­гра­фия сала­ла­рын бір өзім жүр­гіздім. Мұн­да 500ден астам үлкен­дікі­шілі мақа­ла­ла­рым жарық көр­ді. Эко­но­ми­ка сала­ла­ры бой­ын­ша мен ұсы­нған 2500 ата­лым қысқа­ша түсін­дір­ме­лері­мен бір­ге мем­ле­кет­тік тер­мин­ком­да бекітіл­ді. Күні бүгін­ге дей­ін жарық көр­ген сөздік­терім­нің саны 20ға жетіп­ті. Жал­пы көле­мі 2 200 есеп­ті бас­па табақтан аса­ды. Оның біра­зын өз ақша­ма шығар­дым, ал қор­жы­ным­да сүр­леніп жатқан 5–6 сөздік тағы бар.

«Үлкен эко­но­ми­ка­лық орыс­шақа­за­қ­ша сөздік» пар­ла­мент­тің аудар­ма­шы­ла­ры­нан бастап, атқа­ру­шы билік құры­лым­да­ры­ның аудар­ма­шы­ла­ры­на дей­ін қол­дан түс­пей­тін сөздік­ке айнал­ды. Өйт­кені мұн­да эко­но­ми­ка­ның негіз­гі тер­мин­деріне, шет сөз­дер­ге қысқа­ша түсін­дір­ме беріл­ді. Сон­ды­қтан болар, бұл сөздік­ті Қаз­МҰУ­дың эко­но­ми­ка факуль­тетінің және Т. Рысқұ­лов атын­дағы ҚЭУдің сту­дент­тері мен оқы­ту­шы­ла­ры оқулық ретін­де пай­да­ла­нып келеді.

Құр­мет­ті Нұр­сұл­тан Әбішұлы!

Аталған екі том­дық сөздік тек өз қара­жа­ты­ма, атқарған еңбе­гім­ді көр­се­ту үшін жеке мен­шік бас­па­дан 25 дан­амен шыға­ры­лып отыр, поли­гра­фи­я­лық сапа­сы сын көтер­мей­ді. Мұқа­ба­сы да жұм­сақ. Поли­граф­ком­би­нат­тан шыға­ру үшін, кемін­де 1000 тираж­бен тап­сы­рыс беру керек, оған менің күшім жет­пе­ді. Еге­мен­ді елі­міздің эко­но­ми­ка сала­сы­ның тіл­дік нор­ма­ла­рын сақтап, тәу­ел­сіз елі­міздің тіл сая­са­тын қалып­та­сты­рып, өркен­де­ту­де ұсы­ны­лып оты­рған еңбек­тің әке­лер пай­да­сы мен абы­ройы ұшан­теңіз деп біле­мін. Бұл сөздік кемі 10 000 дан­амен басы­лып, елі­міздің бар­лық аймағы іс қағаз­да­рын бір нор­ма­тив­ті нұсқа­да жүр­гіз­се, тіл­дік нор­ма­лар­дың ауы­тқу­шы­лы­ғы­на жол беріл­мес еді. Қазақ тілінің пай­да­ла­ну нор­ма­сы сөздік­тер арқы­лы қалып­та­са­ды. Енді осы сөздік­ті мем­ле­кет­тің күшқар­жы­сы­мен шыға­ру қажет екен­ді­гін тиісті өкілет­ті орын­дар мен мини­стр­лік­тер­ге тап­сы­руы­ңы­зды сұрай­мын. Сөздік жарық көретін­дей, өзіңіз­ден жан­ке­шті еңбе­гім­нің әділ баға­сын ала­тын­дай күн тусын деп тілей­мін. Мем­ле­кет­тік тілі­міздің – ана тілі­міздің көсе­гесі көгеріп, әрқа­шан да мәр­те­бесі биік болғай!

Ізгі ниет­пен, Сүлей­мен қажы РАХЫМЖАНҰЛЫ

 

P.S. Осы өтіні­шті Сіз­ге жет­кі­зудің басқа ама­лын тап­пай, «Ашық хат» жазуы­ма тура кел­гені үшін Өзіңіз­ден ғапу өті­не­мін! Себебі бұған дей­ін Сіз­ге ресми орын­дар арқы­лы жол­даған бір­дебір хатым жет­пе­ді. Ал бұл сөздік­тер қазақ халқы үшін, оның тілі үшін және жас ұрпақтың пай­да­ла­нуы үшін ауа­дай қажет деп білемін.

Менің мекен­жай­ым: Алма­ты қ., Бұқар жырау к., 321, 18пәтер, үй т. (факс) 3950096, ұ.т. 87017529710; 87771720323; email: [email protected]

 

 

 

Біздің аны­қта­ма

 

ТОҚСАНБАЙ Сүлей­мен Рахым­жанұ­лы – Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы­ның мүше­сi, Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы сый­лы­ғы­ның иегері (2015), кәсi­пқой аудар­ма­шы, энцик­ло­пе­ди­я­шы, сөздік түзу­ші. ӘлФа­ра­би атын­дағы Қазақ ұлт­тық уни­вер­си­тетінің жур­на­ли­сти­ка факуль­тетiн 1969 жылы үздiк бiтiр­ген. Бiр­не­ше роман, пове­стер мен көр­кем әңгi­ме­лер­дi, сая­си кiтап­тар­ды, сөздiк­тер­дi, «Мәде­ни мұра» мем­ле­кет­тiк бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша 10 том­дық әлем­дiк эко­но­мист­клас­сик­тер шығар­ма­ла­ры­ның екi кiта­бын (7, 10ыншы том­да­рын) аударған.

«Рыноч­ная эко­но­ми­ка. Рус­ско­ка­зах­ский тол­ко­вый сло­варь­с­пра­воч­ник – Нары­қтық эко­но­ми­ка. Орыс­шақа­за­қ­ша аны­қта­масөздiк» (1995), «Орыс­шақа­за­қ­ша эко­но­ми­ка­лық ата­у­лар сөздi­гi» (1995), «Эко­но­ми­ка және қар­жы» (Қазақ тiлi тер­мин­дерiнiң сала­лық ғылы­ми түсiн­дiр­ме сөздi­гi, 2003), «Орыс­шақа­за­қ­ша заңи­эко­но­ми­ка­лық түсiн­дiр­ме сөздi­ка­ны­қта­ма­лық» (2006), «Қар­жы­эко­но­ми­ка сөздi­гi» (2007) автор­ла­ры­ның бiрi, «Толық эко­но­ми­ка­лық орыс­шақа­за­қ­ша сөздiк» кiта­бы­ның (1997), «Iскер адам­дарға арналған орыс­шақа­за­қ­ша тiла­шар» (2007), «Банк жүй­есiнiң қыз­мет­кер­лерiне арналған орыс­шақа­за­қ­ша аны­қта­ма­лы­қтiла­шар» (2007), «Биз­не­с­бир­жа жар­гон­да­ры­ның орыс­шақа­за­қ­ша сөздi­гi» (2008), «Қаза­қ­ша­орыс­ша­ағы­л­шын­ша эко­но­ми­ка­лық тер­мин­дер сөздi­гi» (2008) кiтап­та­ры­ның авто­ры. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Гра­мо­та­сы­мен, «Еңбек арда­герi», «Бас­па және поли­гра­фия iсiнiң қай­рат­керi» төс­бел­гілері­мен марапатталған.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн