Суббота , 5 июля 2025

ТІЛГЕ ТІЛ ТИГІЗБЕЙІК!

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №22 (386) от 8 июня 2017 г.

 

Пай­ым патшалығы

 


 

Біз «Адам­ды адам еткен – еңбек» деген қағи­да­мен өстік. «Адам­ның арғы тегі – май­мыл…» деген дар­вин­дік түсінік­тер­ді тың­да­дық, илан­дық. Орас­ан оқы­мысты Дар­вин­нің елу жыл бойы зерт­теп жазған «Түр­лер­дің эво­лю­ци­я­лық дамуы» атты ғылы­ми еңбе­гін оқы­дық. Бірақ ол қай­тыс болған 1882 жыл­дан бері­де, Дар­вин­сіз өткен 135 жыл бой­ын­да май­мыл­дар­дың толып жатқан түр­тұқы­мы­нан эво­лю­ция (бір­тебір­те өзгеріп даму) жолы­мен ең бол­ма­са 1 адам­ның пай­да болға­ны тура­лы ешбір мағлұ­мат жоқ. Яғни, адам – Алла адам етіп жасаған жеке жара­ты­лыс иесі. Ал тіл – Алла­ның ада­мға бер­ген сыйы. Тіл­дің ұлт­тық мән­мағы­на­лық сипа­ты сол ұлт­пен бір­ге сақта­ла­ды, одан тыс өзгерісқұ­бы­лы­сқа ұшырамайды.

«ДАТ»тың соңғы санын­да Болат Ата­ба­ев тұжы­рған­дай, қазақ ұлты­ның тілі: «кедей­кеп­шік­тің тілі» деп, неме­се «бай­бай­ші­ке­штің тілі» деп бөлу­ге көн­бей­ді. «Надан­дық» деген сөз­ге үйір Болат­тың бұл пікірі «билік қазақ тілін қажет етпей­ді­ден» туын­даған тәрізді. Жоқ, Боке, «бит­ке өкпе­леп, тоны­мы­зды отқа тастамалық».

Иә, халы­қтар­ды бір­бірі­мен салы­сты­рып, мынау артық, анау кем деп сорт­тау – әбес­тік. Әрқай­сы­ның өзіне тән жара­ты­лы­сы бар да, сол өзге­шелі­гін өрнек­тей­тін тілі бар. Ал жал­пы тіл жай­ын ескер­сек, ұлт­тық тіл­дер­дің бір­бірі­нен табиғи арты­қа­уы­сы жоқ емес. Мыса­лы, орыс тілін­де (басқа бірқа­тар тіл­де) «муж­ской род, жен­ский род, сред­ний род» делін­ген тіл­дік қалып бол­са, қазақ тілін­де (басқа бірқа­тар тіл­де) ол жоқ. Бұл сыр­тқы ерекшелік­ті тіл­дер­дің бір­бірі­нен арты­қты­ғы, кем­ді­гі деу­ге бол­мас, алай­да тіл­дер­дің кей­бір ішкі ерекшелі­гіне қараған­да, олар­дың сөздік қор­ла­рын­да бір­бірі­нен азды­көп­ті айыр­ма­шы­лы­қта­ры бар. Мәсе­лен, қазақ тілін­де­гі «аға, іні, апай, қарын­дас, бозба­ла, бой­жет­кен, келін­шек…» делін­ген жеке ата­у­лар орыс тілін­де жоқ, онда «стар­ший брат, млад­ший брат, стар­шая сест­ра, млад­шая сест­ра, моло­дой чело­век, моло­дая девуш­ка, моло­дая жен­щи­на…» делі­неді. Ал «наға­шы, жиен, қай­ы­наға, қай­ын­би­ке, жез­де, бал­дыз, бөле…» – оры­ста жасы­на қарай «дядя, тётя» деп қана ата­ла­ды. Мұны қазақ тілінің ерекшелі­гі, бай­лы­ғы деп нақты айтуға болады.

 

Болат­тың «таза қазақ», «шала қазақ», «нағыз қазақ» деушілер­ді қағы­тып, күй­і­нуі орын­ды, тек ол «аны­қта­ма­лар» «төмен­де­гілер­ді бір­біріне айдап салу­дан» шық­паған, әлдекім­дер­дің АНА ТІЛІН ардақ тұт­пай­тын шене­унік ата­улы­ны өзін­ше мұқа­ту­ла­ры­нан шыққан. Ал өз тілін өгей­сіту­шілер төмен­нен бұрын, жоға­ры­да – билік­тің басы­қа­сын­да, алды­ар­тын­да, төңіре­гін­де жүр.

«Төмен­де­гілер» бол­са, интер­нет­тің қазақ сайт­та­рын ара­кідік шолып жүр­генім­нен бай­қаға­ным: олар­дың дені дер­лік – ана тілін бірін­бірі кекеп­ша­луға, тіл­де­у­ге жұм­сап жүр­ген біре­улер. Сайт­та маңы­зды мақа­ла, ұсы­ныс сипатты пікір жари­я­ла­на­ды, тақы­ры­бы­на қызы­ғып, ашып оқи­мын, дұп­дұрыс. Ал ол ортақ мәсе­лені талқы­лау, ой қосу орны­на қай­сы­бір сайт­шыл­дар мақа­ла авто­рын, оны қол­даған­дар­ды кей­бір сөзі, сөй­ле­мі, өзін­дік пікір­ни­еті үшін бет­пақта­на мінеп, шап­ты­ға жазғы­ра­ды, тілі­міздің бай­лы­ғын рәсуә етіп, таза­лы­ғын ластайды.

«Жоға­ры­дағы­лар­дың» ашық ойла­ры «Фейс­бук­ті» маңай­ла­май­ды, әдет­те билік­тің аула­сын­дағы гәзет­тер­дің бетін­де бұл­ды­рап жүреді және пре­зи­дент Н.Назарбаевты тілін жима­стан жатып­тұрып мақта­удан олай­бұлай бұрыл­май­ды. Бұл сөзі­ме орай­ла­сты­ра айта оты­рай­ын: «ДАТ»тың соңғы санын­дағы «Жәні­бе­ков жаз­баған мәтін­нің Мыр­за­тай­ға қаты­сы хақын­да» атты мақа­ла­ның авто­ры Сәкен Елеу мыр­за­ға алғыс айтуым керек. Себебі Н.Назарбаевты аспан­да­та мақта­у­шы «мықты­лар­дың» жаз­ба сөз­дері­нен жинақ құра­с­ты­рып, «Мадақсөз май­да­ны» деп ата­мақ­шы­мын. Онда Мыр­за­тай Жол­да­с­бе­ко­втің бұрын­дағы «тәт­ті» сөз­дері­нен бірер үзін­ді бар еді, енді мына­уы­сы жинақтың тақи­я­сы бола қалған­дай екен.

Сәкен­нің «Жәні­бе­ков жаз­баған…» дегеніне мен де бей­іл­мін. Өзбекәлі­мен біраз уақыт ара­ла­сты­ғым бол­ды. Хакім Тіле­генұ­лы (Миха­ил Ива­но­вич) Есенә­ли­ев еке­уі қал­тқы­сыз достар еді, үше­уі­міз Хакеңнің сая­жай­ын­да, үйін­де ұшы­рас­ып, шүй­ір­ке­лесіп жүр­дік. Хакең маған кей­де теле­фон арқы­лы қитұрқы сұрақ қой­ып, әзіл айта­тын, кей­де (дема­лыс күн­дері) «келіп шық» деп шақы­ра­тын. Тілін алып, бара қалға­ным­да, Өзе­кең оты­ра­тын. Сон­дай сәт­тер­де­гі әңгі­ме­лер­де анық аңғарға­ным: Өзбекәлі шешен­сіп, тәт­ті сөй­ле­мей­тін, өзі­нен биік­те­гілер­дің қай­сы­на бол­сын сырт­тай бір ауыз да жал­бақай­лық сөз айт­пай­тын. Мына мақа­ла­да сөз­ба­сы болып тұрған, «Мыр­за­тай­ға беріл­ген мін­сіз мінез­де­ме» Өзе­кеңнің әрқа­шан­да сыпайы, ұстам­ды жара­ты­лы­сы­на кереғар. Өзінің лау­а­зы­мы­на өзі «көр­нек­ті» сөзін сына­лай­тын­дай, Өзе­кең марқұм өлер­мен атаққұ­мар да болған жоқ.

 

Тіл маман­да­ры­мы­здың біз­ге тәу­ел­сіздік бұй­ы­рғанға дей­ін­гі негіз­гі сөзі Ана тілі­міздің таза­лы­ғын сақтау, бай­лы­ғын иге­ре білу бол­ды (сона­уда Сәкен Сей­фул­лин аға­мыз талап ете айтқан мәсе­ле – «Қаза­қстан­да іс қағаз­да­рын мем­ле­кет­тік тіл­де, қазақ тілін­де жүр­гі­зу заман ағы­мы­м­ен «күн тәр­тібі­нен» түсіп қал­ды ғой), ал тәу­ел­сіздік­тің алға­шқы кезеңі­нен басталған сөз қазақ тілінің жаңа Кон­сти­ту­ци­я­мы­зда да жазы­лған мем­ле­кет­тік мәр­те­бесін сый­лау, құр­мет­теу, қорғау бол­ды. Амал нешік, елен­беді, әлі де еле­нер емес. 25 жыл бой­ғы «тіл тура­лы жыры­мы­здың» қашан, қалай аяқта­ла­ры бел­гісіз. Осы ыңғай­да Әзім­бай Ғали­дың орыс­шыл­дар жай­ын ашы­нып айта оты­рып: «Олар – Ресей­дің ықпал агент­тері, өз әре­кет­терін Нұре­кең­мен де келіс­пей­ді…» дегені­мен мен де келі­се алмай­мын. Назар­ба­евқа солай­ша тағы да бір көп­шік қою­дың кере­гі не еді?

Ана тілі­міздің таза­лы­ғы, мем­ле­кет­тік мәр­те­бесі хақын­да мен де көп мақа­ла жазып, билік­тің, ең алды­мен Н.Назарбаев мыр­за­ның бұл рет­те­гі білі­пбіл­мей істе­ген ағат­ты­ғын өзім­ше ашып айтып жүр­дім. Тәу­ел­сіз Қаза­қстан­ның тұңғыш пре­зи­ден­тінің шетел­дер­ге ресми сапар­мен барған­да­рын­да орыс тілін­де сөй­ле­геніне, шетел­дер­дің өзі­мен дәре­же­лес бас­шы­ла­рын Аста­на­да қабыл­даған­да да, орыс тілі­нен жаңыл­май­тын әдетіне қар­сы­лық біл­дір­дім. 1994 жылғы бір мақа­лам­да: «Қаза­қстан Ресей­дің губер­ни­я­сы емес қой?! Сіз Қаза­қстан­ның мем­ле­кет­тік тілін сый­лаңыз, құзы­ры­ңы­здағы­ларға өне­ге көр­сетіңіз. Халы­қа­ра­лық тіл­дер­ге жетік тіл­мәш қыз­жі­гіт­тері­міз, құдай­ға шүкір, жет­кілік­ті» дедім. Қай ғасыр­да, қай елде бол­сын, мем­ле­кет­тің дер­бес­тік сипа­ты – оның бас­шы­сы­ның мем­ле­кет­тік тіл­де сөй­ле­уі екенін айттым.

Одан кей­ін­гі бір мақа­лам­да Ита­ли­я­ның қазiр­гi заманғы кәсiп­керi, жиһан­кез Рена­лью Гас­пи­рин­нің: «Мен әлем­нiң 141 елiн­де болып қай­тқан адам­мын. Солар­дың iшiн­де өз мем­ле­кетiн­де, өз тiлiн­де өмiр сүре алмай оты­рған бай­ғұс халы­қты көр­дiм, ол – қаза­қтар» деген сүй­ек­тен өткен сөзін кел­тір­дім (ұмыт­па­сам, 2005 жылы). Не шықты? Пре­зи­дент­ті айт­паған­да, жоға­ры­тө­мен­нен: «Рас қой, ұят бол­ды­ау!» деген тірі жан табылсайшы!

 

Міне, осын­дай хал­де­гі халы­қты билік басын­баған­да қайт­сін?! Билік­тің тіз­гін­шыл­бы­рын әу деген­нен бір өзі ұстап оты­рған пре­зи­дент мем­ле­кет­тік тіл мәсе­лесін тия­нақты шешу­ге селқос бол­маған­да ше?! Пре­зи­дент­тің: «Қазақ қаза­қ­пен қазақ тілін­де сөй­лес­сін», «Қаза­қстан­ның бола­шағы – қазақ тілін­де» деген­дей түзу ой айтқа­ны менің де есім­де, бірақ айту бар да, оны іске асы­ру бар емес пе? Ол содан кей­ін­де, Қаза­қстан халы­қта­ры­ның ассам­бле­я­сы дей­тіні­міздің соңғы құры­л­тай­ын­да: «Қаза­қстан­да ешбір тіл­ге басым­дық беріл­мей­ді», – деді. Түсініп көр.

Назар­ба­ев мыр­за таққа оты­рға­ны­нан, мыса­лы, бес жыл­дан кей­ін, 1996 жылы: «Өкі­мет­тік, үкі­мет­тік жүй­е­де қыз­мет етіп жүр­ген өзге ұлт өкіл­дері рес­пуб­ли­ка­ның мем­ле­кет­тік тілін 2000 жылға дей­ін мең­ге­ру­ге тиіс» деп, кон­сти­ту­ци­я­лық негізді жар­лық шығар­са, Қаза­қстан­да туы­пөс­кен өзге ұлт кадр­ла­ры қар­сы­лық шеру­ге шық­пас еді, Ресей біз­де­гі оры­стар­ды қорғап шабуыл жаса­мас еді. Бал­тық бой­ын­дағы рес­пуб­ли­ка­лар өз халы­қта­ры­ның саны елді мекен­де­уші өзге жұрт­тың саны­нан аз бола тұра, әрқай­сысы іс қағаз­да­рын жер­гілік­ті ұлт тілін­де жүр­гі­зуді заң­да­стыр­ды, мем­ле­кет­тік тіл­ді біл­мей­тін­дер­ді шек­те­ді. Біз бол­сақ, орыс тіліне әуел­де «ұлта­ра­лық қары­мқа­ты­нас тілі» деп, одан соң «ресми тіл» деп үкі тақтық, яғни мем­ле­кет­тік тіл дәре­же­сіне қай­та­дан жет­кізіп қой­дық. «Ресми тіл» мем­ле­кет­тік тіл емей немене?

 

Әзім­бай Ғали­дың «ДАТ»та шыққан «Мен алда­нып­пын» мақа­ла­сы­на үңілелік. Онда: «…«ДВК» бол­ды, олар­дың да тіл мәсе­лесіне суы­қты­ғын біліп, бар­ма­дым» деген қыра­усөй­лем тұр. «ДВК»ның, қазақ тілін­де «ҚДТ»ның тарихын білетін адам Әзім­бай­дың суық сөй­ле­міне еріксіз таң­данған болар. Негіз­сіз айты­ла салған арзан сөз­ге кім ұйысын?!

Егер Әзім­бай шынын­да біл­ме­ген бол­са, бірақ «бар­ма­дым­ды» баса айтқа­ны­на қараған­да, біл­ген екен, е, мей­лі, сон­да да мына­ны есіне салай­ын (2007 жылы жари­я­ланған «Орыс тіл­ді өкі­мет қаза­қты жары­лқа­май­ды» атты мақа­лам­нан үзінді):

•«…Тіл мәсе­лесін­де бір айтар жәйт: Пав­ло­дар облы­сы­ның әкі­мі болып тағай­ын­да­лы­сы­мен біз­де ұлт­тық идео­ло­ги­я­ны қалып­та­сты­ру­дың тіре­гі – мем­ле­кет­тік тіл­ді қуат­тан­ды­ру екенін жақ­сы біл­ген Ғалым­жан Жақи­я­нов демо­кра­ти­я­лық қада­мын «Алтын тіл» бағ­дар­ла­ма­сын жаса­удан баста­ды ма? Баста­ды. Игі мақ­са­тын «Жас Алаш» гәзеті арқы­лы тарат­ты ма? Тарат­ты. Арнайы жиын өткізді ме? Өткізді. Ізгі ойын меже­сіне жет­кі­зудің алғы шар­ты облы­стық әкім­шілік­тің күн­делік­ті істерін­де қазақ тілінің үстем болуын қолға алды, бірақ мақ­са­ты­на жете алма­ды. Өздеріңіз білесіз­дер: жет­кіздір­меді!.. Мем­ле­кет­тік тілі­мізді қорғау, қол­дау ниетін­де құры­лған қозға­лы­стар, бір­ле­стік­тер, қоғам­дар барын білесіз­дер. Солар­дың жиын­да­рын­да ешкім, мыса­лы, Ғ.Жақияновтың «Алтын тіл» бағ­дар­ла­ма­сы болға­ны жөнін­де жақ ашпай­ды. Түсіне алма­дым. «Сақты­қта – қор­лық жоқ» баяғы?!».

Әлбет­те, тіл хақын­дағы әңгі­ме­де сақтық жасай­тын­дар жет­кілік­ті. Бірақ «бар­ма­дым» сияқты нем­кет­тілік одан әлдеқай­да басым болып келеді. Біз­де игі ниет, ізгі тілек қашан­да қоста­уға, көмек­ке зәру. Өкініш­ке қарай, біз осы­ны жете ескеріп жүр­ген жоқ­пыз. Сүй­ей­сал­ды, екіұ­шты сөз­ге салы­нып алдық.

Ғаб­бас ҚАБЫШҰЛЫ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн