Понедельник , 12 мая 2025

ТІЛІН ЖОҒАЛТҚАН ХАЛЫҚ тәуелсіз ұлттық мемлекет құра ала ма?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №42 (359) от 17 нояб­ря 2016 г.

 

Зей­нет­кер­лік зерделеу


Осы­дан 25 жыл бұрын әлем­де­гі 6000-нан астам ұлт­тар­дың іші­нен тәу­ел­сіз уни­тар­лы ұлт­тық мем­ле­кетін құру бақы­ты­на ие болған 149 ұлт­тың бірі – Қазақ ұлты бол­ды. Ата Заңы­мен меме­ле­кет­тік тілі етіп, қазақ тілін қабылдады.

Осы орай­да, негіз­гі мақ­са­ты­мыз – аталған кезен­де­гі қазақ тілінің қоғам­дық өмірі­міз­де­гі бүгін­гі халі және оны сақтап қалу мен дамы­ту­дың жол­да­ры жай­ын­да әртүр­лі пози­ци­ядан зей­нет­кер­лік зер­де­леу жүр­гі­зу болды.

 

1.КӨШПЕЛІ ҚАЗАҚТАР

және тарих пен табиғат

Алды­мен қазақ тарихы­ның Еуро­па­лық таным-түсінік­пен жазы­лған деректеріне сүй­ен­сек, Еуро­па­лық түсінік­те­гілер «өрке­ни­ет­ті» де, ал ол санатқа жатқы­з­баған­да­ры «жабайы», «тағы» деген. Сол жабай­лар­дың бірі – біздің қазақ халқы. Кей­нірек сыпай­лап «оты­ры­қ­шы», «көшпен­ділер» деп атаған.

Мен бұл тура­сын­да, оты­ры­қ­шы халы­қтар мен көшпе­лі қаза­қтар­дың өмір сүру салт­та­ры­ның әртүр­лілі­гін, наным-таным ерекшелік­терін және олар­дың ішікі-сыр­тқы дүни­е­та­ным айыр­ма­шы­лы­қта­рын қалып­та­сты­ра­тын, олар­ды қор­шаған орта­сы­ның әсері­нен деген пікір­ге толы­қтай қосыламын.

Өйт­кені, қара­пай­ым тіл­мен айтқан­да, көшпе­лі қаза­қтар мен оты­ры­қ­шы халы­қтар­дың өмір сүру сал­ты­ның айыр­ма­ша­лы­ғы – көшпе­лі қаза­қтар­дың ішкі және сыр­тқы дүни­е­та­ны­мы­ның тіке­лей табиғи құбы­лы­стар­мен тығыз бай­ла­ны­стар арна­сын­да қалып­та­суын­да да, ал оты­ры­қ­шы халы­қтар­да ондай мүм­кін­дік­тер­дің шек­те­улі болуын­да. Мұны неміс халқы­ның әрі қысқа, әрі нұсқа «Етік­тің қысқа­нын сол етік­ті киген кісі біледі» деген мақа­лы­мен де аңғар­туға болады.

Шын­ту­ай­тын­да, негіз­гі ақиқат-тарих­ты сақтап қалу, тарих­ты сақтап қалу – ұлт­ты сақтап қалу, ұлт­ты сақтап қалу – бола­шақ ұрпақтар­ды сақтап қалу, бола­шақ ұрпақтар­ды сақтап қалу – оның ұлт­тық тілін сақтап қалу, ұлт­тық тілін сақтап қалу – оның мәң­гілік ұлт­тық мем­ле­кет­тілі­гін сақтап қалу деген сөз.

Түй­ін­деп айтқан­да, көшпе­лі қаза­қтар­дың тұрақты үйі – табиғат аясы, дәріс алған шынайы ұста­зда­ры – қор­шаған орта­сы­мен оның құбы­лы­ста­ры, ал уни­вер­си­теті мен теат­ры – аспан асты қаза­қтың ұлан-ғай­ыр дала­сы болған.

Міне, қазақ хал­кы­ның дана­лы­ғы­ның негіз­гі бастау өзе­гі – оның тіке­лей табиғи кұбы­лы­стар мен бай­ла­ны­сын­да деп жүр­гені­міз де осы. Сон­ды­қтан қаза­қтың шынайы тарихын зерт­теу, тану тек қана қоғам­та­ну ғылым­да­ры­ның үлесін­де­гі ғана емес, басқа да дүни­е­та­ным сала­ла­ры­ның да бір­ле­се қаты­суын талап ететін инно­ва­ци­я­лық дүние деп түсін­ген абзал.

Шынайы тарих­тың жазы­луы үлгісін табиғат­тың өзі көр­сетіп оты­рған­дай. Мыса­лы, қаза­қтың ғасыр­лар бойы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан Ана тілі, ұлт­тық нәсіл­дік бел­гілері, ұлт­тық бол­мыстық тек­тілік қаси­ет­тері қаза­қтың жазы­лып қой­ған тарихы емес деп кім айта ала­ды? Неме­се, қазір­гі айға, мар­сқа, ғары­шқа ұшып барып-келіп жатқа­ны­мыз да, жара­ты­лы­стың уақыт, қашы­қты­қтық, жыл­дам­дық деген өлшем­дерін аса дәл­дік­пен тасқа басқан­дай етіп, тарихқа жазып қой­мауы­нан деп, қане кім күмән кел­ті­ре алады?

Жоқ әлде, қазір­гі әлем ғалым­да­ры түгел­дей мой­ын­дап оты­рған, гене­ти­ка­лық код – ДНК арқы­лы адам ғұмы­рын­дағы жүз жыл­дық па, мың жыл­дық па – туы­стық, қан­да­стық жақын­ды­ғын аны­қтап беріле­уіне жазы­лып, сақта­лып қалған тарих емес деп кім, қане тала­са алады?

Сон­дай-ақ, қаза­қтың фольк­ло­ры, ауыз әде­би­еті, тари­хи өмір­лік тағы­лым­да­ры, төл мәди­е­неті мен сал-дәстүр­лері де т.б. ұлт­тық құн­ды­лы­қта­ры әлі де жан-жақты зер­де­леніп, қазыл­маған тари­хи-руха­ни инно­ва­ци­я­лық көм­бе деп те ата­уға лай­ық дүни­е­лер деу­ге әбден болды.

Қоры­та айтқан­да, біз өткен тарихы­мы­здың әле­уетін қазір­гі зама­на­уи тіл­ге ауда­ру­дың жаңа бір тари­хи кезеңінін баста­уын­да тұр­мыз деп ойлай­мын. Бұл орай­да: «кеше­гісіз бүгін жоқ, бүгін­гісіз ертең жоқ» деген қағи­да­ны әру­ақыт­та есте сақтап, ал қазір­гі зама­на­уи тіл­ге ауда­ру деген­ді – кеше­гің­мен ертеңіңді бүгін­гі басы­ң­дағы мүд­делік мақ­са­ты­ң­мен бай­ла­ны­сты­ра сара­лап, қазір­гі сыр­тқы талап­тарға сәй­кес өрке­ни­ет­ке қадам басу деп түсінемін.

Жоға­ры­да көшпе­лі қаза­қтар­дың басқа­лар­дан бір­ден-бір ерекшілі­гі – олар­дың қор­шаған табиғи орта­мен тығыз бай­ла­ны­сын­да дедік. Енді сол қор­шаған табиғи орта деген­де, адам­заттың эво­лю­ци­я­лық даму тео­ри­я­сы­на соқ­пай кете алмай­мыз. Бұл тұрғы­да ғылым­да негізі­нен екі көзқа­рас бар.

Бірін­шісі, 1810 жылғы фран­цуз ғалы­мы Ж. Ломарк­тың – тір­шілік иелерінің эво­лю­ци­я­лық дамуы жай­ын­дағы қор­шаған орта­ның ықпа­лы жөнін­де­гі көзқа­ра­сы да, екін­шісі, 1859 жылы Ч.Дарвинның эво­лю­ци­я­лық даму тео­ри­я­сы. Бірақ, ғылым­да да, өмір­де де, қоғам­дық қаты­ны­стар­да да Дар­вин­дік ілім үстем­дік алып, ал екін­ші бағыт тек қана соңғы 30 шақты жыл­дар кезеңін­де­гі жүр­гізіл­ген ғылы­ми зерт­те­улер нәти­же­сін­де био­ло­гия ғылым­да­ры­ның жаңа сала­сы – эпи­ге­не­ти­ка­ның пай­да болуы­на себеп­кер бол­ды (эпи – жоға­ры). Біздің де қазақ тілі тура­лы зей­нет­кер­лік зер­те­улері­міз негізін­де осы бағыт­та жүргізіледі.

Енді көшпе­лі қаза­қтар­дың осы қор­шаған орта жай­ын­да қан­дай дүни­е­та­ным ұғым­да­ры­мен тағы­лым­да­ры болған екен десек, олар­дың сол сан ғасыр­лар бұрын айтқан қағи­дат­та­ры­мен, өмірін­де игілік­ті нәти­же­лерін­де қол­данған әдісте­ме­леріне әлі де қол жет­кі­зе алмай оты­рға­ны­мы­зды айт­са да бола­ды. Оған дәлел ретін­де қор­шаған орта­ның табиғи көрінісі деп абыз баба­лар­дың: «Әркім­ге өмір сүр­ген туған жерінің шөбі де, ауа­сы да, суы да, топы­рағы да дауа» деген сөзін ғалым­дар тәжіре­бе жасап, зерт­теп көр­ген. Яғни олар мик­ро­ор­га­низмдер­ге сол қор­шаған орта­сы­ның пара­метр­лерін (ауа,су, топы­рақ, тем­пе­ра­ту­ра т.б.) бұзып, тәжіри­бе жасаған­да, олар­дың ауруға шал­ды­ғып, жап­пай қыры­ла бастаға­нын бай­қап, керісін­ше сол мик­ро­ор­га­низмдер­ге бұры­нғы қор­шаған орта­сы­ның қалып­ты жағ­дай­ын туғы­зған­да, олар дәрі-дәр­мексіз-ақ, ауру­ла­ры­нан айы­ғып, өлім-жіті­мі толы­қтай тоқтап, бұры­нғы­дай қалып­ты сау-сала­мат күй­ін­де өмір сүре бастаған.

Тағы да бір факт. Топы­рақты ластаған мұнай қал­ды­қта­ры­нан тазар­туға арнайы мик­ро­ор­га­низмдер­ді пай­да­ла­на­ды. Аты­ра­удың мұнай­ы­мен ластанған топы­рақты сол жер­гілік­ті Аты­рау аймағы­ның мик­ро­ор­га­низмдері ғана тазар­тат­тын көрі­неді. Дәл сон­дай мик­ро­ор­га­низмдер­ді басқа аймақтар­дан әкеліп пай­да­лан­бақ­шы болған­да, олар­дың бір­де-біре­уі аты­ра­улық әріп­тесі құсап, тазарт­пақ түгілі, тіп­ті жола­май­тын көрі­неді. Міне, бұл да олар­дың өздерінің өсіп-өнген орта­сы­на толы­қтай қалып­тасқан­ды­қтан, түгел­дей дер­лік сол өз орта­сы­ның үрдісін сақтай­тын­ды­ғы­мен деп түсі­ну­ге болады.

 

Сон­дай-ақ, көшпе­лі қаза­қтар әлім­сақтан өнер бол­сын т.б., руха­ни құн­ды­лы­қтар бол­сын, сол жер­дің ауа­сы­мен, шөбі­мен, тауы­мен, бұлағы­мен, желі­мен, ауа-рай­ы­мен, тіп­ті кей­бір тұр­мыс-сал­ты­мен, түсіні­гі­мен бай­ла­ны­ста бола­ды деген. Айт­са айтқан­дай, қаза­қтың ұлан-ғай­ыр Алтын дала­сы­ның баты­сы бар, шығы­сы бар, Арқа­сы бар, Жеті­суы бар, Сыр елі бар, Қара­та­уы бар қан­ша­лы­қты өздеріне ғана тән жара­сым­ды ән-күй­лері, әуен­дері, жыр­ла­ры, қалып­тасқан, тіп­ті ойын-сауық, әзіл­дерін­де де өзін­дік нышан білініп тұрады.

Енді қысқа­ша, қор­шаған сыр­тқы ортаға қалып­та­су­дың эко­но­ми­ка­лық көрінісі ретін­де 70-ші жыл­дар­дағы Балқаш көліне басқа аймақтан әкелініп, жер­сін­діріл­ген көк­сер­кенің нары­қтық баға бой­ын­ша жыл­дық үлесінің 10 млрд. тең­ге­ден асқа­нын және көл­дің балық өні­мін екі есе­ге көбейт­кенін айтуға болады.

Соны­мен бір­ге, қан­ша­ма жыл өтсе де, бұл балы­ққа деген шетел­дік сұра­ны­стар әлі де бәсең­де­ген жоқ. Сол кезең­дер­де, әлем­де­гі ауланған бұл балы­қтың 50 пай­ы­здан аста­мы Қаза­қстан­ның ішкі сула­ры­нан өндіріл­ді. Демек, бұл да жара­ты­лы­стың мол ішкі бай­лы­ққа жете­лей­тін сара жолын сіл­теп, көр­сетіп оты­рған тағы­лым­ның бірі емес пе? Өйт­кені, біздің алды­мен ойлан­бай, тара­зы­ла­май-ақ басқаға елік­теп, солар­дан көшіріп-ақ жаһан­да­ну көшіне іле­се­міз деп, ада­суы­мы­здың ең негіз­гі қауіп­ті тұсы – ол егер де сол әре­кет­тер жер­гілік­ті ортаға бай­ла­ны­стағы талап­пен, мүд­де­мен, сұра­ны­спен, өтіні­шпен, ішкі табиғи инно­ва­ци­я­лық әле­уеті­міз­бен тік­ке­лей үйлесіп, қалып­та­са алма­са, онан тия­нақты ештеңе де шық­пай­ты­ны қоғам­дық өмірі­міз­де де көрініс тауып оты­рған жоқ па?

Мыса­лы, мұны елі­міз­де­гі жер­гілік­ті халық пен билік­тің ара-жігінің алшақтап, бүгін­гі­дей ішкі тоқы­ра­уға ұры­нып оты­рға­ны­мы­здың басты себебі деп те есеп­те­у­ге бол­ды ғой. Осы орай­да, жоқ олай емес деп, кім кепіл­дік бере алады?

Жал­пы табиғи қора­шаған орта деген­ді қалай түсін­дік, қалай қабыл­да­дық? Мыса­лы, кеше­гі кеңе­стік кезең­де мек­теп­тер­дің жара­ты­лыс тану оқулы­ғын­да «егер табиғат бер­ме­се, одан тар­тып алуы­мыз керек» деп үйрет­ті. Әлі есім­де, 1960 жыл­дың басын­да сту­дент­тік кезі­міз­де қор­шаған орта тура­лы эво­лю­ци­я­лық көзқа­рас­ты ғылы­мға жат ұғым деп оқытты.

Ал, өрке­ни­ет­ті ел деп жүр­ген АҚШ-тың өзі де қор­шаған орта тура­лы Заңын алғаш 1970 жылы ғана қабыл­да­ды. Ал, біз­дер бұл жыл­да­ры басқа бай­лы­қтар­ды айт­паған­ның өзін­де, әлем­ге әйгілі, жылы­на 50 мың тон­на­дан астам құн­ды балы­қтар беретін Арал теңізінің көзін жой­ған едік. Бұл ақуыз (белок) мөл­шері бой­ын­ша, жылы­на 500 мың ірі қара мал­ды сой­ы­сқа түсіретін табыс көзі еді деген сөз.

 

Сөз соңын­да, қазақ тарихы жай­ын­дағы өз пікірім­ді біл­ді­ре кет­кім келеді.

Бірін­ші­ден, тарихы­мы­зды гене­ти­ка­лық тұрғы­дағы бай­ла­ны­ста зерт­теп жүр­ген тарих­шы-архео­лог-антро­по­лог­тар­дың мәлім­де­уі бой­ын­ша, қазір­гі Қаза­қстан тер­ри­то­ри­я­сын­да біздің эра­мы­зға дей­ін де әртүр­лі мем­ле­кет­тер болға­нын, олар­ды мекен­де­ген тұрғын­да­ры­ның ген­дағы ДНК-ның бүгін­гі заман қаза­қта­ры­на да қаты­сы бар екені айтылған.

Екін­ші­ден, қазір­гі әлем­де­гі 6000-нан астам ұлт­тар­дың ішін­де, қаза­қтың сөздік қоры бой­ын­ша 3‑ші орын­ды иеле­нуі­де кез­дей­соқтық емес, оны эти­мо­ло­ги­я­лық тұрғы­дан зер­де­ле­сек, әр сөздің шығуы, пай­да болу, қол­да­ны­сқа ену уақыт­та­ры қысқа мерзім­мен өлше­неді деп айта алмайсың.

Үшін­ші­ден, қазақ тілін­де­гі кей­бір ұлтарға қараған­да диа­лек­тісінің айтар­лы­қтай жоқты­ғы да, олар­дың көшпе­лі өмір сүру сал­ты­на лай­ы­қта­лаған ұлт­тық идео­ло­ги­я­сы­ның ықпа­лы емес пе екен деген түсінік­ке сай келеді. (Кей­інірек қысқа­ша тоқталамыз).

Төр­тін­ші­ден, табиғат­пен тіке­лей тіл­десіп, Еуро­па мен Шығы­стың ара­сын жалғап ғұмыр кеш­кен қаза­қтар­дың ішкі-сыр­тқы дүни­е­та­ны­мы­ның аса терең­де жатқа­ны­ны­ның бір бел­гісі – қазір­гі зама­на­уи ғылым­да жари­я­ланған жаңа­лы­қтар­ды сан ғасыр­лар бұрын бай­қап, түсініп, олар­ды өмір­лік тәжіри­бе­лерін­де де қол­да­на білуі. Сөзі­міз дәлел­ді болу үшін қысқа­ша кей­бір нақты фак­тілер­ге жүгінейік.

1. Жара­ты­лы­стың тұқы­мқу­а­ла­у­шы­лық құдіреті­нен бастау ала­тын, био­ло­гия ғылым­да­ры­ның сала­сы – гене­ти­ка мен селек­ция (тео­ри­а­лық база­сы гене­ти­ка) деген­де, сол бай­ла­ны­стағы гене­ти­ка­лық тұқы­мқу­а­ла­у­шы­лық заң­ды­лы­ғы ғылы­мға 1865 жылы ғана бел­гілі бол­са, және экс­пе­ри­мен­таль­дық гене­ти­ка арнайы ғылым болып, 1910 жылы жасақтал­са, ал қаза­қтар санға­сыр­лар бұрын әр рудың өзіне тән (Адай, Най­ман, Шек­ті т.б.) жылқы тұқым­да­рын шыға­ра біл­ген. Тіп­ті, шөл­ге де, суы­ққа да, жай­ы­лы­мға да төзім­ді қаза­қы қой­лар­ды айт­паған­ның өзін­де, кей­бір жеке­лен­ген бай­лар өзін­дік біры­ңғай түсті жылқы­лар түрін де ұстаған көрінеді.

2. Қаза­қтың рулық жүй­е­ден баста­ла­тын шежі­ре-тарихы да этно­стың табиғи селек­ци­я­лық жүй­есі ролін атқа­рып, ұлты­ның гено­фон­дық таза­лы­ғын сақтап қалға­нын, әлем­де­гі ең қаны таза ұлт (1‑ші орын) екенін қазір­гі зер­те­улер де рас­тап отыр.

3. Көшпе­лі қаза­қтар ғылым­да 1953 жылы ғана ашы­лған гене­ти­ка­лық код – ДНК-ның роліне (функ­ция) – «әр адам­ның өткен кезен­дері, бола­шақ тағ­ды­ры пеше­несін­де жазу­лы бола­ды» деп, оған нақты аны­қта­ма беріп, әлде­не­ше ғасыр­лар бұрын оны «жаз­мы­штан – озы­мыш жоқ» деп түй­сін­ген. Бұл қағи­да құран хадисін­де де айты­лған көрінеді.

Егер қазақ халқы­ның өткен тари­хи мұра­ла­ры мен табиғат­тан түй­ін­де­ген дүни­е­та­ным тағ­лым­да­рын жүй­елі түр­де әр қыры­нан (әртүр­лі ғылым сала­ла­ры) зерт­тел­се, қазір­гі зама­на­уи шешім­дері табыл­май жүр­ген көп­те­ген про­бле­ма­лар­дың ақиқа­тын аны­қтай­тын деректер­ді, фак­тілер­ді табуға мол мүм­кін­дік ашы­лған болар еді деп ойлаймын.

Тарих ұлт­тың тәр­бие көзі екенін­де естен шығар­мауы­мыз керек деп есептеймін.

 

Төле­ген АЛМАХАНОВ

 

(Жалғасы бар)

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн